Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне



жүктеу 2,53 Mb.
бет1/14
Дата14.05.2018
өлшемі2,53 Mb.
#13038
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына

САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ


р/с

Түзету енгізілетін құрылымдық бөлімі

Қолданыстағы редакциясы

Ұсынылып отырған редакция

Түзетулерді енгізу негіздемесі

1

2

3

4

5

1. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі



108 баптың

8-1 тармағы




108 бабы. Тұтынушы кооперативі
8-1. Болған жоқ

108 бабы. Тұтынушы кооперативі
8-1. Көппәтерлі тұрғын үйді салу және пайдаланумен байланысты қатынастар, тұрғын үй заңнамасымен реттеледі.

Тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің қызметін тек қана «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңымен реттеу мақсатында.

2. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексі (Ерекше бөлімі)



2.

740 баптың 1 тармағы үшінші бөлімінің 2-1) тармақшасы



740-бап. Банктегі ақшаға билік етуді шектеу
Мүлікке билік етуге уақытша шектеу, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауға шектеулер белгілеуге, мыналарға:

2-1) тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған жинақтаушы құрылыс банктік есеп-шоттарында құрылыс жинақтық салымдары түріндегі тұрғын үй алымдарын пайдалану есебіндегі банктік шоттардағы ақшаға;



740-бап. Банктегі ақшаға билік етуді шектеу
Мүлікке билік етуге уақытша шектеу, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауға шектеулер белгілеуге, мыналарға:

2-1) тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жиналған және кондоминиум объектілеріне күрделі жөндеу жұмысына үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жинаған қаржы құралдары есебінен тұрғын үй құрылыс төлемдері түрінде жинақтаушы құрылыс банктік есеп-шоттарында жатқан ақшаға;




Күрделі жөндеу жұмысына пәтерлер иелерінің жинақтары түпкілікті мақсатқа қол жеткізу үшін барлық ұсынылған тетіктің – ТКШ жаңғырту үшін заңнамалық акті деңгейінде регламенттелген, қол сұғылмаушылық кепілдігін талап етеді.


  1. 3

741 баптың

2-2) екінші бөлімінің 2-1) тармақшалары

741-бап. Клиенттің келісімінсіз ақшаны алып қою

 Мыналарға:

2-1) тұрғын үй құрылыс жинақтарында тұрғын үй төлемдерін жинаудың есебінен жиналған құрылыс жинақтаушы банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға;


2-2) болған жоқ

741-бап. Клиенттің келісімінсіз ақшаны алып қою

Мыналарға:

2-1) тұрғын үй құрылыс жинақтарында тұрғын үй төлемдерін жинаудың есебінен жиналған құрылыс жинақтаушы банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға және кондоминиум объектілерінде күрделі жөндеуге үй-жайлардың (пәтерлер) иелерінің қаржы құралдары;



2-2) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» Заңымен қарастырылған жағдайлардан басқа, тұрғын үй құрылыс жинақтары түріндегі тұрғын үй құрылыс жинауқтаушы банктерінің шоттарындағы ақша;




3. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі



9 баптың 3 тармағы 1) тармақшасы


9 бап. Жерге арналған төлемдер

3. Жер учаскелерiн мемлекеттiк меншiктен жеке меншiкке өтеулі негізде сату, өзінің жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің шешiмi бойынша ақысы бiрден төленiп не төлеу мерзімі ұзартылып жүзеге асырылады, бұған:

1) Қазақстан Республикасының азаматтарына - тұрғын үй-жайлардың меншiк иелерiне кондоминиум объектiлерiндегi мiнсiз үлесi ретiнде;


9 бап. Жерге арналған төлемдер

3. Жер учаскелерін мемлекеттік меншіктен жеке меншікке өтеулі негізде сату, өзінің жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің шешiмi бойынша ақысы бiрден төленiп не төлеу мерзімі ұзартылып жүзеге асырылады, жер учаскесі жеке меншікке өтеулі негізде мына жағдайларда ұсынылады:

1. кондиминиум объектілеріндегі мінсіз үлесі ретінде көппәтерлі тұрғын үйлердің пәтерлер және тұрғын үй емес үй-жайлар иелеріне;

КТҮ пәтерлер және тұрғын үй емес үй-жайлар меншік иелерінің құқықтары тең






12 баптың

32) тармақшасы



12 бап. Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

     32) кондоминиум - жылжымайтын мүлікке меншіктің (өзге де құқықтың) ерекше нысаны, бұл ретте жылжымайтын мүліктің жекелеген бөліктері жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бөлек (дербес) меншігінде (өзге де құқықта) болады, ал жылжымайтын мүліктің бөлекменшікке жатпайтын бөліктері, оның ішінде жер учаскесі де оларға ортақ үлестік меншік құқығымен (өзге де ортақ құқықпен) тиесілі болады және бөлек (дербес) меншігіндегі (өзге де құқықтағы) жылжымайтын мүлік бөліктеріне құқықтардан ажыратылмайды;


12 бап. Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

     Осы Кодексте мына негізгі ұғымдар пайдаланылады:
32) кондоминиум – оны орналастыруға, пайдалануға және күтіп-ұстауға арналған жер учаскесін қоса алғанда, үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың (оларды орналастыру), мемлекеттің дара (бөлек) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда, жылжымайтын мүлікке меншіктің нысаны;



«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес келтіру





12 баптың 32-1) тармақшасы

12 бап. Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

   Осы Кодексте мына негізгі ұғымдар пайдаланылады:

32-1) болған жоқ;

12 бап. Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Кодексте мына негізгі ұғымдар пайдаланылады:

32-1) кондоминиум объектісі – оны орналастыруға, пайдалануға және күтіп-ұстауға арналған жер учаскесін қоса алғанда, жеке және заңды тұлғалардың (оларды орналастыру), мемлекеттің дара (бөлек) меншігіндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардан және оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;


«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның редакциясына сәйкес келтіру




34 баптың 1 тармағы 1) тармақшасы


34 бап. Тұрақты жер пайдалану құқығы

1. Жер учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен мынадай мемлекеттiк жер пайдаланушыларға:



1) кондоминиум объектiлерiндегi үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды), үй-жайларды шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетiн заңды тұлғаларға; 

34 бап. Тұрақты жер пайдалану құқығы

1. Жер учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен мынадай мемлекеттiк жер пайдаланушыларға:



1) алынып тасталсын

Мінсіз үлесі үй-жайға және меншік иесінің мәртебесіне бекітіледі, ол кондоминиум объектісінде көрсетілмеуі тиіс



48 баптың 1 тармағы 6) тармақшасы

48-бап. Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алу

  1. Мемлекеттік меншіктегі және жерді пайдалануға ұсынылмаған жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға беру құқығы сауда-саттықта жүзеге асырылады (конкурстар, аукциондар), мына жағдайларды қоспағанда, егерде жер учаскесі немесе жер учаскесін жалға алу құқығы беріледі:

6) кондоминиум объектісін пайдалану және ұстау үшін кондоминиумға қатысушыларға;



48 бап. Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта сатып алу (конкурстарда, аукциондарда)

1. Мемлекеттік меншіктегі және жерді пайдалануға ұсынылмаған жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға беру құқығы сауда-саттықта жүзеге асырылады (конкурстар, аукциондар), мына жағдайларды қоспағанда, егерде жер учаскесі немесе жер учаскесін жалға алу құқығы беріледі:



6) алынып тасталсын

Пәтерлер және көппәтерлі тұрғын үй емес меншік иелеріне кондоминиум объектілерінде жер учаскесі мінсіз үлесі ретінде өтеусіз негізде жеке меншікке беріледі.




62 бап


 62 бап. Бiрнеше пәтерi және (немесе) кiсi тұрмайтын үй-жайлары бар үйдiң жанындағы және кондоминиумның басқа да объектiлерiндегi жер учаскесiне құқық

 1. Көппәтерлi үйдi немесе кондоминиумның өзге де объектiсiн орналастыру, пайдалану, күтiп-ұстау үшiн қажеттi жер учаскесi кондоминиум объектiсiнiң құрамындағы үй-жайлардың меншiк иелерiнiң ортақ үлестiк меншiгiне белгiленген тәртiппен өтедi.

      Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, өздерiне үй-жайлар шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен тиесiлi болатын кондоминиум қатысушылары - мемлекеттiк жер пайдаланушылар жер учаскелерiне ортақ тұрақты жер пайдалану құқығын белгiленген тәртiппен алады.

      Қазақстан Республикасының аумағында жер учаскелерi меншiк құқығымен немесе тұрақты жер пайдалану құқығымен тиесiлi бола алмайтын кондоминиум қатысушыларының жер учаскесiне құқығы осы Кодекстiң 6-бабының 7-тармағына сәйкес айқындалады.

     Кондоминиум объектiсiнiң құрамына кiретiн жер учаскесiн бөлiсуге кондоминиумға барлық қатысушылардың жазбаша келiсiмiмен, санитарлық-гигиеналық, экологиялық, өртке қарсы, құрылыс және басқа да нормалар сақталған жағдайда жол берiледi.

      2. Үй-жайдың әрбiр меншiк иесiнiң (өзге де құқық иесiнiң) ортақ мүлiктегi үлесi оған тиесiлi үй-жайға бөлек (дербес) меншiктен (өзге де заттық құқықтан) ажыратылмайды. Егер кондоминиум қатысушыларының келiсiмiнде өзгеше белгiленбесе, үлестiң мөлшерi бөлек (дербес) меншiктегi (өзге де заттық құқықтағы) тұрғын үй-жайдың пайдалы алаңы мен тұрғын емес үй-жай алаңының осы кондоминиум объектiсiндегi барлық тұрғын үй-жайлардың пайдалы көлемiнiң және барлық кiсi тұрмайтын үй-жайлар алаңдарының жиынтығына қатынасымен айқындалады. Мұндай үлестi нақтылы бөлiп шығаруға болмайды (мiнсiз үлес).

      Үйдiң iргетасынан тыс (шегiнен тыс) орналасқан жер учаскесiн пайдалану тәртiбi кондоминиум қатысушыларының келiсiмiмен, қоғамдық мүдделердi, санитарлық-гигиеналық, экологиялық, өртке қарсы, қала құрылысы және басқа да нормаларының сақталуы шартымен айқындалады.

    3. Yй (құрылыс, ғимарат) жанындағы жер учаскесi, бұл жер учаскесi үйдiң (құрылыстың, ғимараттың) қаңқасынан тыс орналасатын және оны пайдалану кондоминиум объектiсiнiң құрамына кiретiн жер учаскесiн пайдалану талаптарына, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық, экологиялық, өртке қарсы, құрылыс және басқа нормаларға қайшы келмейтiн жағдайларда, кiсi тұрмайтын үй-жайлардың жұмыс iстеуiнiң технологиялық қажеттерiн қамтамасыз ету керек болған кездерде кондоминиум қатысушыларының бөлек меншiгiне берiлуi мүмкiн.

    4. Пәтерге (үй-жайға) меншiк құқығының басқа тұлғаға ауысуы жер учаскесiне (жер учаскелерiне) құқықтағы тиiстi үлестiң пәтердi (үй-жайды) алушыға ауысуына ұласады.

     5. Ортақ меншiктi басқару және оны пайдалану, бүкiл үйдi (үй-жайды, құрылысты, ғимаратты) және үй жанындағы жер учаскесiн (жер учаскелерiн) тиiсiнше күтiп-ұстау үшiн кондоминиумға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кондоминиум объектiсiн басқару нысанын таңдап алады.

     6.Кондоминиумға қатысушылардың ортақ меншiгiндегi (ортақ жер пайдалануындағы) жер учаскесiне құқықты сату, сондай-ақ жер үшiн ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырылады.

7. Гараж, саяжай және басқа тұтыну кооперативтерiнде қатысушылардың ортақ меншiктегi жер учаскелерiне құқықтарына кондоминиум туралы нормалар қолданылады.




62 бап. Бiрнеше пәтерi және (немесе) кiсi тұрмайтын үй-жайлары бар үйдiң жанындағы және кондоминиумның басқа да объектiлерiндегi жер учаскесiне құқық


  1. Елді мекеннің (ауданның) жергілікті атқарушы органы (әкімдік) кондоминиум объектісін тіркеуден өткізу кезі, әкімдік немесе көппәтерлі тұрғын үйлердің, сатуға арналған пәтерлердің меншік иелері немесе әкімдікке тәуелсіз жүргізеді, кондоминиум объектісінде мінсіз үлесі ретінде кондоминиум объектісін орналастыру, пайдалану және күтіп-ұстау үшін қажетті жер учаскесінің ортақ мүлкінің құрамына қосуды қамтамасыз етеді.

Жер учаскесі бөлінбейтін кондоминиум объектісі болып табылады.


2. Пәтердің немесе үй-жайдың әрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесi оған тиесiлi пәтерге немесе үй-жайға бөлек меншiктен ажыратылмайды. Белгілі бір кондоминиум объектісіндегі пәтерлердің барлық пайдалы алаңы немесе үй-жайлардың барлық пайдалы алаңы үлесінің сомасына, бөлек (дербес) меншiктегi пәтерлердің және тұрғын үй-жайдың пайдалы алаңының үлес мөлшері тұрғын емес үй-жайлар пайдалы алаңдарының қатынасымен айқындалады. Мұндай үлестi нақтылы бөлiп шығаруға болмайды (мiнсiз үлес).

Кондоминиум объектісіне қатысушылардың жиналысы шешімімен кондоминиум ортақ мүлкінің бөлігі жалға беру келісімшарты бойынша шектеулі пайдалануға берілуі мүмкін.

Пәтерлердің және тұрғын үй емес үй-жайлардың барлық меншік иелері – кондоминиумға қатысушылар санитарлық-гигиеналық, экологиялық, өртке қарсы, қала құрылысы және басқа да нормаларды сақтау шартымен немесе осы Заңмен ортақ мүлікті, жер учаскесін қоса алғанда тең құқықта пайдалана алады.

3. Көппәтерлі тұрғын үй (құрылыс, ғимарат) жанындағы жер учаскесi, бұл жер учаскесi үйдiң (құрылыстың, ғимараттың) қаңқасынан тыс орналасатын және оны пайдалану кондоминиум объектiсiнiң құрамына кiретiн жер учаскесiн пайдалану талаптарына, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық, экологиялық, өртке қарсы, құрылыс және басқа нормаларға қайшы келмейтiн жағдайларда, кiсi тұрмайтын үй-жайлардың жұмыс iстеуiнiң технологиялық қажеттерiн қамтамасыз ету керек болған кездерде кондоминиумның тұрғын үй-жайы иелігінің бөлек меншiгiне берiлуi мүмкiн. Егерде тұрғын үй емес үй-жайды пайдалануға тек қана тұрғын үй емес ғимараты пайдаланумен байланысты ортақ үйдің жарты бөлігі пайдаланылса (басқа жерге кіруді қамтамасыз ететін арналған жер учаскесі, қоршаулар, уақытша құрылғылар және т.б. қойылған), онда жер салығын төлеуді қоса алғанда осы мүлікті күтіп-ұстау шығыстарына осындай үй-жайлардың меншік иелеріне жауапкершілік жеке жүктеледі.

4. Пәтерге және тұрғын үй емес ғимаратқа меншiк құқығының басқа тұлғаға ауысуы жер учаскесiн пайдалану құқығын қоса алғанда, ортақ мүліктегі тиiстi үлестi сатып алушы басқа тұлғаға ауысыуына әкеледі.

5. Үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, кондоминиум объектісін басқару үшін оны күтіп-ұстауды қаржыландыру және оны сақтауды қамтамасыз етуге бір көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлердің және тұрғын үй емес үй-жайлардың меншік иелерінің айрықша нысандағы коммерциялық емес заңды тұлғаны – мүліктердің меншік иелерінің бірлестігін (ММБ) құруға міндетті.

Егерде көппәтерлі тұрғын үйде, пәтерлердің және тұрғын үй емес үй-жайлардың саны оннан аспаса заңды тұлғаны құрмай-ақ, барлық кондоминиумға қатысушылардың кондоминиум объектісін бірлесе басқаруға тікелей қатысуына жол беріледі (қарапайым бірлестік).
6. Кондоминиумға қатысушылардың ортақ меншiгiндегi (ортақ жер пайдалануындағы) жер учаскесiне құқықты сатуға, үшінші тұлғаларға рұқсат берілмейді. Кондоминиум құрамына енгізілген жерге төленетін төлем, Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіп пен шарттарда жүзеге асырылады,

7. Гараж, саяжай және басқа тұтыну кооперативтерiнде қатысушылардың құқықтарына ортақ меншiктегi жер учаскелерiне құқықтарына кондоминиум туралы нормалар қолданылады.



Қолданыстағы редакцияны барлық кондоминиум қатысушыларының мүддесінде нақтылау



62-1 бап

62-1 бап. Болған жоқ

62-1 бап. Кондоминиум объектісінің құрамына кірмеген үй жанындағы жер учаскелерінің құқықтық тәртібі

1. Үй жанындағы учаскесі кондоминиум объектісін орналастыруға, пайдалану және күтіп ұстау үшін қажетті және оның құрамына кіретін жобалық құжаттамада қарастырылған абаттандыру бөліміндегі элементтер орналасқан жердегі ашық спорт алаңдарын, тротуарды, көппәтерлі тұрғын үй жанындағы төсеніштерді, үй жанындағы өсімдіктерді, гүлзарлар, гүлдер бақшасын, шағын сәулет нысандар және үй жанында іргелес жатқан аумақты қоршауларды қарастырады.

2. Егерде осы баптың 1 тармағында көрсетілген элементтер орналасқан жер учаскелері кондоминиумның құрамы болып табылмаған жағдайда, олар тек қана мемлекеттік меншікте орналасқан елді мекендерде жалпыға бірдей пайдалануда болып табылады, олар кондоминиум объектісіне қатысушыларды қоспағанда, жеке меншікке беріле алмайды.

3. Кондоминиум объектісінің құрамына енбеген жалпы жұрт пайдаланатын үй жанындағы жер учаскелерін күтіп-ұстау және абаттандыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Оларды жалға беруге, уақытша пайдалануға тыйым салынады. Кондоминиум қатысушыларына мемлекеттік жерді өтеусіз қызмет көрсету бойынша міндеттерді қоюға тыйым салынады.

Қазақстанның барлық аумағында

үй жанындағы аймақты пайдаланудың біркелкі талаптарды қамтамасыз ету үшін




107 бап 3 тармағы 6) тармақшасы


107-бап. Елдi мекендер жерi ұғымы мен оның құрамы

Өзге аймақтарға:

6) алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, парктер, гүлзарлар, opмaн парктерi, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және тұрғындардың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылыту құбырлары, тазарту құрылыстары және ортақ пайдаланылатын басқа да инженерлiк жүйелер, сондай-ақ ортақ пайдаланалатын жылу желілері мен инженерлік жүйелердің күзет аймақтары) алып жатқан және оларды орналастыруға арналған ортақ пайдаланылатын жер;


107-бап. Елдi мекендер жерi ұғымы мен оның құрамы
Өзге аймақтарға:
6) алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, кондоминиум құрамына енбеген үй жанындағы аймақтар, жолдар, жағалаулар, парктер, гүлзарлар, opмaн парктерi, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және тұрғындардың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылыту құбырлары, тазарту құрылыстары және ортақ пайдаланылатын басқа да инженерлiк жүйелер, сондай-ақ ортақ пайдаланалатын жылу желілері мен инженерлік жүйелердің күзет аймақтары) алып жатқан және оларды орналастыруға арналған ортақ пайдаланылатын жер;


62-1 баптағы өзгерістермен үйлестіру үшін

4. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының

2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексі (Салық кодексі)



134 баптың

1,2 тармақтары



134-бап. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу

1. Осы Кодекстiң мақсаты үшiн акционерлiк қоғамдарды, мекемелердi және пәтерлер (үй-жайлар) иелерi кооперативтерiнен басқа тұтыну кооперативтерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында коммерциялық емес ұйым үшін белгіленген нысанда тіркелген ұйым қызметiн қоғамдық мүдденi көздеп жүзеге асыратын және мынадай талаптарға сай келетiн:

1) осындай қызметiне орай табыс алу мақсаты жоқ;

2) алынған таза табысты немесе мүлiктi қатысушылар арасында бөлмейтiн ұйым коммерциялық емес ұйым деп танылады.

2. Коммерциялық емес ұйымның мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша, депозиттер бойынша сыйақы, грант, кiру жарналары және мүшелiк жарналар, кондоминиумға қатысушылардың жарналары, қайырымдылық көмек, өтеусiз алынған мүлiк, өтеусiз негiздегі аударымдар мен қайырмалдық түрiндегі табысы, осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттар сақталған жағдайда, салық салуға жатпайды.

Осы тармақтың мақсаты үшін:

ортақ мүлікті күтіп-ұстау және пайдалану бойынша ортақ шығыстарды жабуға бағытталған үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің міндетті төлемдері;

тұтастай үйді қажетті пайдалануға міндетті және қамтамасыз ету қатарына жатпайтын, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне олардың келісімімен жүктелген қосымша шығыстарды жабуға бағытталған үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің төлемдері;

үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері міндетті төлемдер мерзімін өткізіп алған кезде ортақ шығыстар шотына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде есептелген өсімпұл кондоминиумға қатысушылардың жарналары болып танылады.

Кондоминиумға қатысушылар жарналарының мөлшері және оларды енгізу тәртібі Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативі мүшелерінің жалпы жиналысында бекітіледі.

134-бап. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу

1. Осы Кодекстiң мақсаты үшiн акционерлiк қоғамдарды, мекемелердi және пәтерлер (үй-жайлар) иелерi кооперативтерiнен басқа тұтыну кооперативтерiн, сонымен бірге меншік иелерінің бірлестіктерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында коммерциялық емес ұйым үшін белгіленген нысанда тіркелген ұйым қызметiн қоғамдық мүдденi көздеп жүзеге асыратын және мынадай талаптарға сай келетiн:
1) осындай қызметiне орай табыс алу мақсаты жоқ;
2) алынған таза табысты немесе мүлiктi қатысушылар арасында алынған таза табысты бөлмейді.
2. Коммерциялық емес ұйымның мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша, депозиттер бойынша сыйақы, грант, кiру жарналары және мүшелiк жарналар, кондоминиумға қатысушылардың жарналары, қайырымдылық көмек, өтеусiз алынған мүлiк, өтеусiз негiздегі аударымдар мен қайырмалдық түрiндегі табысы, осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттар сақталған жағдайда, салық салуға жатпайды.
Осы тармақтың мақсаты үшін кондоминиум қатысушылары салымдарына мыналара жатады:
ортақ мүлікті күтіп-ұстау және пайдалану бойынша ортақ шығыстарды жабуға бағытталған пәтерлер және тұрғын үй емес үй-жайлар меншік иелерінің міндетті төлемдері;
пәтер иелерінің және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері қосымша шығыстарды жабуға міндетті емес қосымша шығыстарды жабуға және пәтер иелеріне және тұрғын емес үй-жайларға олардың келісімімен берілген үйдің қажетті жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған төлемдері;
пәтерлердің және тұрғын үй емес үй-жайлардың меншік иелері міндетті төлемдер мерзімін өткізіп алған кезде ортақ шығыстар шотына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде есептелген өсімпұл кондоминиумға қатысушылардың жарналары болып танылады.

Кондоминиумға қатысушылар жарналарының мөлшері және оларды енгізу тәртібі Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен мүліктер меншік иелерінің бірлестікке қатысушылардың жалпы жиналысында бекітіледі.


«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірде енгізілетін өзгерістерге сәйкес келтіру


жүктеу 2,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау