34
қатарластардың қолдау топтарының шаралары және т.с.с. түрлі шаралар туралы
v. Кері байланыс:
Практикалық демонстрациялық
көрсетілім
Әр топқа өз тізімін тез (есептеулі 3 минут) талқылау үшін 10 минут беріледі,
қалған уақытта жоспарлаған шараны көрсетулері тиіс
.
Тренерге арналған ескертпелер
АИТВ жұқтырғанын білетінін жасөспірімдермен бірнеше рет әңгімелесуден кейін
біз оларға «қорықпа» деп айтқан ұнамайтынын анықтадық. Оларға «қорықпа» де-
ген сайын көбірек қорқа бастайтынын айтты.
Баланың АИТВ-статусы туралы «басқаларға айтпа» дей отырып, «ешкімге айтпа»
демеген жөн. Бұл АИТВ қадағалауға болатын, қорқатын ештеңесі жоқ денсаулық
күйі екені туралы мәліметке кереғар болады.
Одан да айтуға тұрарлық сөздер:
• Көп адамдардың денсаулығында кінарат бар, біз оларды құпия сақтайық деп
шештік.
• Себебі, денсаулық – жеке бас ісі, әрі кейде адамдар сіз және денсаулығыңыз ту-
ралы бірдеңе біліп қалса, сізге басқаша көзқараспен қарауы мүмкін.
• Сіздің АИТВ-ы туралы түсінігіңізді дұрыс қалыптастыру үшін біз осы тақырыпты
бірлесіп зерттегелі отырмыз.
• Сіз толығымен түсінгеннен кейін, басқаларға айтқыңыз келетінін -келмейтінін
Уақыт
Тапсырмалар
10 мин Флипчарт парағына осы жас тобы білуі
тиіс барлық ақпарат тізімін
жазыңыздар.
10 мин
Тізімге қарама-қарсы сіздер интерактивтік жаттығу өткізе
алатын әр сала үшін бір идеядан жазыңыздар.
Олардан төмендегі
мәселерді қарастыруды өтініңіз:
•
Осы жас тобы қандай ақпаратты білуі тиіс?
•
Сол ақпаратты қызықты интерактивтік түрде
қалай ұсына
аласыз?
•
Білім қалай бағаланады?
20 мин
Идеялардың біреуін таңдап, бір шара жоспарлаңыздар, оны
басқа топтарға семинардағыдай көрсетесіздер.
Материалдар
әзірлеңіздер, пайдаланатын
тілді ойластырыңыздар, оны
пайдалануға машықтаныңыздар.
iv. Жаттығу
:
Баланың жасына қарай АИТВ туралы оқыту бағдарламасын әзірлеу:
тақырыптар, оқыту әдістері, білімді бағалау
Разделите участников на 5 групп:
1-ші топ – 4-6 жасар балалар;
2-ші топ – 7-9 жасар балалар;
3-ші топ – 10-12 жасар балалар;
4-ші топ – 13 және одан
жоғары жастағы балалар;
5-ші топ – ата-аналар/қамқоршылар.
Қатысушыларға келесі тапсырмаларды беріңіз:
35
Уақыт
Тапсырмалар
10 мин Флипчарт парағына осы жас тобы білуі тиіс барлық ақпарат тізімін
жазыңыздар.
10 мин
Тізімге қарама-қарсы сіздер интерактивтік жаттығу өткізе
алатын әр сала үшін бір идеядан жазыңыздар. Олардан төмендегі
мәселерді қарастыруды өтініңіз:
•
Осы жас тобы қандай ақпаратты білуі тиіс?
•
Сол ақпаратты қызықты интерактивтік түрде қалай ұсына
аласыз?
•
Білім қалай бағаланады?
20 мин
Идеялардың біреуін таңдап, бір шара жоспарлаңыздар, оны
басқа топтарға семинардағыдай көрсетесіздер. Материалдар
әзірлеңіздер, пайдаланатын тілді ойластырыңыздар, оны
пайдалануға машықтаныңыздар.
анықтаймыз. Оны бірге жасаймыз.
• Қазіргі уақытта сіздің АИТВ-мәртебеңіз туралы білетін адамдар - [білетін
адамдарды атаңыз], сондықтан, қандай да бір сұрақтарыңыз болса немесе осы
туралы сөйлескіңіз келсе, қысылмай сөйлесіңіз.
4 жасқа толмаған балаларға АИТВ туралы ақпаратты түсіну әдетте қиын болады,
олардың вирус кесірінен дәрі-дәрмекті қабылдауға мұқтаж екенін түсіну жеткілікті.
Вирусты –
вирус деп атау маңызды, себебі бұл – білу үдерісінің бастамасы.
Түрлі жас кезеңдеріндегі ақпарат
Балалардың болмыстары әртүрлі, когнитивтік дамуы да әрқалай. Төменде
қалыпты когнитивтік дамуды қарастыратын жалпы түйіндеме келтірілген.
4-6 жасар балалар
Бұл жаста бала бұрын-соңды АИТВ туралы естуі екіталай. Егер балаға АИТВ
туралы айтылмаса, дені сау болуы үшін не істеу керек екеніне назар аударту керек –
дәрігерге бару керек, қан талдамасын тапсыру керек, ағза қаншалықты сау екенін
тексеру керек, емдәм, гигиена, режим сақтау керек, дәріні уақытылы қабылдау
керек.
Балаға денсаулығын сақтап тұратын, демек, олар ойнай, жүгіре және сүйікті
істерімен айналысуға көмектесетін не екенін түсінуі үшін иммундық жүйе туралы
айтып беру кезінде ең қарапайым ойындарды пайдаланыңыз.
7-11 жасар балалар
Балалар осы жаста өте білімқұмар келеді, олар бәріне, соның ішінде өз тәніне
қызығушылық танытады. Балалар нақты сұрақтар қоюы мүмкін. Жұқпалар,
олардың таралу жолдары, вирустар ағзада не істейді, жыныстық жетілу, ағзадағы
өзгерістер және отбасындағы түрлі қарым-қатынастар (отбасы, достар, мұғалімдер,
шіркеу және т.б.) туралы нақты, негізгі ақпаратты беріңіз. Оларға гормондар
есебінен жыныстық жетілу кезеңінде барлығымыз бастан кешіретін эмоциялық
өзгерістер де жатады.
Түсінікті, дұрыс медициналық тілді пайдаланыңыз. Осы жаста балаға вирустың
атауын айтқан жөн, олар оның АИТВ деп аталатынын және олар қалыпты, салауатты
өмір сүре алуы және сүйікті істерімен айналыса алуы үшін вирусты ағзаларында
ұйықтатуға мәжбүрлейтін дәрілер қабылдайтынын білуі тиіс.
Есіңізде болсын, осы жастағы көптеген балалар қазіргі күні үйден смартфон
арқылы Ғаламторға шыға алады.
12-15 жасар балалар
Осы жасқа дейін бала АИТВ жұқтырғанын білуі тиіс. Сіз олар білетін ақпаратқа
сүйенесіз және олардың назарын АИТВ таралу жолдарына, стигманы түсінуге
және бәрін еңсеру үшін өміршеңдікті арттыруға аударыңыз. Балаларды ата-
анасының қалай вирус жұқтырғаны қызықтыруы мүмкін, әрі қалай жұқтырғанына
байланысты реакциясы да әртүрлі болуы мүмкін.
Әр бала ата-анасының қолдауына мұқтаж. Жасөспірімдік жаста түрлі мінез-
құлықты байқап көру табиғатымызға тән, сондықтан алдын алу және қауіпті мінез-
құлық туралы тиісінше ақпарат беру маңызды. Тыйым салуға емес, жасөспірімді өз
бетінше және жауапты түрде дұрыс және негізді шешім қабылдауға үйретуге көңіл
бөлген абзал. Осы жаста қатарластармен қарым-қатынас бірінші орынға шығады,
сондықтан, сексуалдық денсаулық туралы ақпарат беру маңызды.