Тренинг өткізу бойынша нұсқаулық: аитв-дан немесе басқа да созылмалы



жүктеу 5,3 Mb.
Pdf просмотр
бет7/40
Дата27.12.2019
өлшемі5,3 Mb.
#25174
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40

20
Стандарттар балалардың қажетті медициналық көмек көлемінен тыс қажеттілік-
терін анықтауға, айқындауға және қанағаттандыруға, сонымен бірге, балалардың пси-
хологиялық, танымдық, әлеуметтік, эмоциялық және білімге қатысты қажеттіліктерін 
қанағаттандыратын лайықты дербес қызметтер топтамасын дайындауға арналған.
Стандарттарды төменде көрсетілген тұлғалар пайдалана алады:
• 
АИТВ-мен өмір сүретін балаларға және жастарға босануға дейінгі бақылаудан 
бастап,  ересектерге  қызмет  көрсету  жүйесіне  көшкенге  дейін  медициналық 
көмек  көрсетуге  қандай  да  болмасын  жолмен  қатысатын  қызмет  көрсе-
тушілер;
• 
Қызмет  көрсетушілерден  қандай  қызметтер  ала  алатынын,  тегін  қызметтер 
қандай  уақыт  аралығында  көрсетілетінін,  қызмет  көрсету  циклын  ұзартқан 
жағдайда қызметтер құны қандай болатынын түсінуі үшін ата-аналар/қамқор-
шылар, отбасылар және балалардың өздері.
Баламен  және  оның  ата-анасымен  жұмыс  жасауды  бастар  алдында  баламен/
жасөспіріммен  АИТВ-жұқпасы,  оның  таралу  жолдары,  сексуалдық  денсаулық  және 
т.б. бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуге ата-анасының/қамқоршысының жаз-
баша келісімін алу керек.
1.3 БАЛАҒА АИТВ-СТАТУСЫН ЖАРИЯ ЕТУ 
Балаларға АИТВ-мәртебесі туралы хабарлау АИТВ індеті басталған уақыттан бері 
жаһандық  дәрежедегі мәселеге айналды. Бастапқыда балаға сырқаты туралы айтпа-
удың себебі  АИТВ індетінің алғашқы күндерінен-ақ АИТВ-н жұқтырған науқастардың 
өмір сүру ұзақтығы тек бір немесе екі жыл деп болжануына байланысты болды. Меди-
цина саласындағы жетістіктер айрықша болғанына қарамастан, балаларға айтпау, ол 
немесе ата-аналар/қамқоршылар «дайын болғанша» (демек, бала жасөспірім болуы 
тиіс дегенді білдіреді) күту сақталып келеді.
Тренингтің осы бөлімі өмірлік маңызға ие және қатысушылар үшін аса қиын болуы 
мүмкін.
Тренингтің осы тарауында қамтылатын мәселелер:
• 
2-стандарт : АИТВ туралы оқыту және жария ету.
Оқыту мақсаттары:
• 
Балаға АИТВ-статусын жария етумен байланысты мәселелерді талқылау;
• 
Балаларға АИТВ-статусын жария ету оқиғаларын қарастыру;
• 
Балаға  АИТВ-статусын  жария  ету  аясында  балалардың  құқықтарын  қара-
стыру;
• 
Ата-аналарға/қамқоршыларға осы тақырып бойынша ақпарат беру әдістерін 
қарастыру;
• 
2 стандарт  аясында не қарастырылады, оны іс жүзінде жүзеге асыруда кел-
тірілетін кедергілер және шешімдер.


21
I. Жаттығу: 
 Келісу, келіспеу
Бөлменің әр бөлігіне «Келісемін», «Келіспеймін» және «Білмеймін» деген үш плакат 
ілу қажет.
Артынша  тренер  белгілі  бір  пікірді  дауыстап  оқиды,  ал  қатысушылар  бөлменің 
ішінде өздеріне мейлінше жақын жауап жазылған плакатқа барады. Тренер әр топқа 
өз таңдауын қорғау үшін бір-екі уәж келтіруді ұсынады.
Көбінесе практик мамандарда істеп жатқан істі не үшін істеп жатқанын ойлануға 
уақыт жоқ. Осы интерактивтік жаттығу келесі дағдыларды жетілдіруге  бағытталған:
• 
Қатысушылар арасында пікірталас бастау;
• 
Қатысушыларды бөлме ішінде жүргізу;
• 
АИТВ  туралы  балалармен  және  отбасылармен  сөйлесуге  қатысты 
көзқарасты, білімді және тәжірибені зерттеу.
Оқылатын пікірлерді 5-ҚОСЫМШАДАН қараңыз.
Тренерге арналған ескертпелер:
• 
Қатысушылардың  барлығының  пікірталасқа  қатысып  отырғанына    және 
ешкім үстемдік құрып жатпағанына көз жеткізіңіз.
• 
Жауаптар  бермеңіз.  Бұл  жаттығу  қатысушылардың  балаға  АИТВ  туралы 
Уақыт
Атауы
Өткізу түрі
30 мин
Келісу, келіспеу
Пікірталас
15 мин
Презентация: Балалармен АИТВ туралы сөйлесу
Презентация
30 мин
Сценарийлер: Балалармен АИТВ туралы сөйлесу - 
кедергілерді анықтау
40 мин
Отбасылармен жұмыс жасау: балаға АИТВ-мәртебесін 
жария етуге ата-анасының/қамқоршысының 
ақпараттық келісімін алу
Рөлдік ойын
10 мин
Балаға АИТВ-мәртебесін  жария ету сатылары
Презентация/
Баяндама
Нәтижелер
Сессия аяқталғаннан кейін қатысушылар:
• 
Қазіргі уақытта балаға АИТВ-мәртебесін  қалай жария ететінін қарастырады;
• 
Балалармен  және  ата-аналармен/қамқоршылармен  қарым-қатынасты  қа-
лай жақсартуды қарастырады;
• 
Балаларға АИТВ-н  жұқтырғанын айтуға тосқауыл болатын кедергілерді еңсе-
руде сенімділікке ие болады;
• 
2- стандартты жүзеге асыруда сенімділікке ие болады;
• 
Балаға  АИТВ-статусын  жария  етуге  ата-анасының/қамқоршысының  ақпа-
раттық келісімін алуды үйренеді.
Тарау ұзақтығы: 2:05 сағ. (125 мин). 


22
хабарлауға қатысты өз көзқарастарын және тәжірибесін зерттеуге арналған. 
Әрі қарай презентация барлық сұрақтарға жауап береді.
• 
Қатысушылардың бір-бірінің пікіріне күмән келтіруін қолпаштаңыз.
• 
Егер  ешкім  «келісемін»  де  демесе,  «келіспеймін»  де  демесе,  тренерлердің 
біреуінің  жанына барып, пікірталас тең жүргізілуі үшін мәселені талқылауды 
(егер тіпті келіспесе де) өтініңіз.
• 
Пікірталас барысында БҚК-на оралып, қатысушылардан сұраңыз: «Олардың 
не  айтатынына  кім  ықпал  етеді?»  Бұл  «баланың  мүдделерін  барынша 
қамтамасыз ету ме», әлде ата-ананың наным-сеніміне сәйкес пе? 
II. Презентация: 
 
Балалармен және отбасылармен АИТВ туралы сөйлесу
Бұл  –  балалармен  АИТВ  туралы  сөйлесуге,  халықаралық  ұсынымдарға  және 
тәжірибеге, 2-cтандартқа арналған қысқа презентация. Презентация келесі мәлімет-
терді қамтуы тиіс: 
Бірінші слайд:  
Тарихы
АИТВ індетінің алғашқы күндері түсірілген суреттерді қосыңыз.
Балаларға АТИВ жұқтырғанын ешкім айтпаған, барлығы сол балалардың көз жұма-
тынына сенімді болған, осы себепті оларды қорғағысы келген. 
Екінші слайд:  
ДДСҰ ұсынымдары
• 
Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымы  2011  жылы  нұсқаушы  қағидалар 
әзірлеген болатын, онда балаларға АИТВ шалдыққаны туралы мектеп жасы-
на жеткенде (6-12 жас аралығында) айтуға кеңес береді. 
• 
Осы  нұсқаушы  қағидалар  3  жыл  бойы  қарқынды  жүрген  жұмыс  негізін-
де  әзірленген,  аталмыш  жұмыс  барысында  қағидаларда  келтірілген  ұсы-
нымдарды дайындау мақсатында дәлелдерді зерттеу үшін әдебиет құралда-
рына ауқымды шолу жасалған.
• 
Аталмыш қағидалар, сондай-ақ, АИТВ-мәртебесін жасыру күйзелісті, мазасы-
здықты және басқа да, баланың емделуіне кедергі келтіруі және отбасылық 
өміріне, атап айтқанда, оның тәрбиесіне, әрі әлеуметтік және мектептегі өмірі-
не, мысалы, мектептегі үлгеріміне әсер етуі мүмкін психикалық денсаулыққа 
қатысы бар жағымсыз салдарды тудыруы немесе өршітуі мүмкін екенін көр-
сететін зерттеулерге сілтеме жасайды. 
Екінші слайд:  
Швециялық модель
Стокгольмдегі Каролин университетінің ауруханасындағы АИТВ мамандары бала-
ларға  АИТВ-мәртебесін  жариялау  мәселесінде  өзгеше  әдістеме  қолданатын  болып 
шықты: 
• 
2009  жылдан  бастап  барлық  АИТВ-на  жаңадан  шалдыққан  емделушілер-
мен бала жасына қарамастан АИТВ туралы әңгіме ашық жүргізіледі. Клини-
када АИТВ туралы әрбір кеңес беру кезінде  баламен және ата-аналармен / 
қамқоршылармен ашық сұхбаттасулар өтеді.
• 
Осы  модельдің  басты  мақсаттары  –  АИТВ-мен  өмір  сүретін  балалардың 


жүктеу 5,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау