Тренинг өткізу бойынша нұсқаулық: аитв-дан немесе басқа да созылмалы



жүктеу 5,3 Mb.
Pdf просмотр
бет4/40
Дата27.12.2019
өлшемі5,3 Mb.
#25174
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40

12
беуі үшін, «адам емес, пікірге күмән келтіру» қағидатын қамтитын пікірталастың басынан 
бастап нақты негізгі ережелерді белгілеу маңызды).
Ой-талқы
 – топта креативті ойлауды ынталандырудың ең танымал әдістерінің бірі. Ой-
талқы (ағылшын тілінде «brain storming» деп аталады) – бұл мәселені шұғыл шешу әдісі. 
Ой-талқы  арнайы  талқылау  ережелерін  қолдану  арқылы  күрделі  мәселелердің  шешімін 
табуға ықпал етеді. Көптеген ұйымдарда алуан түрлі мәселелердің шешімін дәстүрлі емес 
жолмен іздеу үшін көптеген ұйымдарда кеңінен қолданылады.  
Ой-талқы өткізу үшін:
1.  Мәселені немесе сұрақты тұжырымдаңыз немесе жазып алыңыз.
2.  Төмендегі ережелер сақталуы тиіс:
• 
Жүргізуші немесе басқа бір тағайындалған адам барлық идеяларды біреуін де 
қалдырмай флипчартқа жазады. Идея көп болуы тиіс: барлық қатысушылардан 
мейлінше көп идея ұсыну сұралады;
• 

Айтылатын идеяларға сын айтуға және кез-келген (тіпті оң) баға беруге 
тыйым  салынады.  Интерактивтік  топтарда  жұмыс  жасайтындар  ұсынған 
идеяларына қарай баға беріледі деген қорқыныштан азат болуы тиіс;
• 
Қиялға  ерік  беру  құпталады:  адамдар  ой-қиялын  мейлінше  еркіне  жіберуге  
тырысуы керек;
• 
Кез-келген идеяларды біріктіру және жетілдіру құпталады.
3.  Идеяларды  топтастыруға,  іріктеуге  және  бағалауға  болады.  Сарапшылардың 
бағалауларына сүйене отырып, үздік шешім таңдалып алынады. Ой-талқы шешімді 
біріге отырып іздеу  барысында болмыстары әртүрлі адамдарды біріктіруге мүмкіндік 
береді. 
Топтық жұмыс
 – бұл белгілі бір тапсырманы орындау үшін адамдардың шағын топ-
тарда (6-12 бастап 25-30 адамға дейін) бірге жұмыс жасауы, топтар өз бетінше немесе тре-
нердің көмегімен тілдесу және өзара қарым-қатынас нормаларын белгілейді, мақсаттарға 
жету құралдарын таңдайды. 
Топтардың  құрамын анықтау  кездейсоқ немесе жетекшінің таңдауы бойынша жүр-
гізіледі.  Тренер  топтық  жұмыстың  тапсырмасын  және  мақсатын  айқын  тұжырымдауы 
және топтық жұмыс уақытын белгілеуі қажет. Жұмыс барысында тренер топтардың жұ-
мысын қадағалауы, әр топтың жанына кезек-кезек барып, немен жұмыс жасап жатқан-
дарын түсінетініне көз жеткізуі және өз көмегі мен қолдауын ұсынуы қажет. Тапсырманы 
орындау барысында қосымша материалдар (қағаз, фломастар, қайшы, желім және т.б.) 
қажет болуы мүмкін, тренер жоспарланған топтар санын және тапсырма сипатын ескере 
отырып, сол материалдарды алдын-ала дайындап қоюы тиіс.
Жұмыс  аяқталған  соң,  әр  топ  топтық  жұмыс  нәтижелерімен  таныстыратын  жетек-
шісін  таңдайды,  тренер  мен  қалған  қатысушылар  топтың  жұмыс  нәтижелеріне  баға  бе-
реді. Әртүрлі пікірлерді есту үшін бүкіл тренинг бойы топтық жұмыс нәтижелерін әртүрлі 
адамдар таныстыруын қамтамасыз ету қажет.
Практикалық жаттығу немесе «интерактивті оқыту»
 - бұл адамдарды тақырыпты то-
лық түйсінуге және сезінуге итермелеу тәсілі. Түсініктеме берудің, дағдыларды бекітудің 
және кәсіби мамандарға практикалық тәжірибе берудің тамаша жолы, содан кейін қаты-
сушы оны жұмыста қолдана алады. Науқастың басынан өтуі мүмкін сан қилы сезімдерді 
бастан кешіру арқылы эмпатия (ортақтастық) сезімін дамытуға көмектеседі. Тренер шын-
дыққа жақын жағдаяттық тапсырмалар құрастырады. 
Жаттығуды жеке-жеке, жұптасып немесе топтасып орындауға болады. Практикалық 
жаттығулар  теориялық  материалды  және  әдістемені  жақсырақ  меңгеруге  мүмкіндік  бе-
реді, алған білімді іс жүзінде қолдануға көмектеседі. Тапсырма орындалғаннан кейін қа-
тысушыларға (бақылаушыларға)   атқарылған жұмыс және алған білім туралы ойлануға 
мүмкіндік беру керек.


13
Рөлдік ойын
 - интерактивтік оқыту әдісі, ол адамдарды шындыққа мейлінше жақын 
жағдайларға қояды және ықтимал әрекеттерді орындауға, қателесуге және дағдыларын 
дамытуға мүмкіндік береді. Рөлдік ойын сценарийлері стратегияларды, білім және тәжіри-
бені тексеру мақсатында  шын өмірде бір-бірінен алшақ оқиғаларды біріктіреді. Мамандар-
дың есіне өздері жұмыс жасайтын адамдар өздеріне тән сезімдері мен қорқыныштары 
бар көп қырлы тұлғалар екенін салады. 
Сюжеттік-рөлдік ойын
 – әр түрлі жағдайларды жаңғырту, сондай-ақ оларды кейінгі тал-
дауды қарастыратын оқытудың динамикалық әдісі. Белгілі бір сахналық рөлді ойнау және 
өзін соған теңеу (ұқсату) тренингке қатысушыға көмектеседі:
• 
жеке тұлға және кәсіпқой маман үшін маңызды жағдайларда басқа адамдармен 
эмоциялық тұрғыда қарым-қатынас жасауда тәжірибе жинауға;
• 
өзінің  сезімдерін,  әрі  тілдесетін  тараптың  сезімдерін  талдау  негізінде  өз  мі-
нез-құлқы және оның салдары арасында байланыс орнатуға;
• 
тақылеттес  жағдайларда  жаңа  мінез-құлық  түрлерін  сынап  көру  тәуекеліне  ба-
руға мүмкіндік береді.
Осылайша,  рөлдік  ойын  оқу  барысын  шығармашылыққа  толы  өз  бетінше  білім  алу 
зертханасына айналдырады.
Сюжеттік-рөлдік ойынға үйретуді жаттықтырушы ұйымдастырады және мүмкін мақ-
саттардың бірін немесе бірнешеуін көздейді:
• 
жағдайды ішкі жағынан көрсету және бейнелеу – басқа біреудің кейпіне еніп көр-
ген қатысушы сол тұлғаны жақсырақ түсіне бастайды;
• 
әдіс-тәсілге үйрету – рөлдік ойын іс жүзінде бірнеше іс-әрекетті, мысалы, күрделі   
клиентпен ынтымақтастық орнату жолын жаң-жақты шыңдау үшін қажет; 
• 
дағдыны машықтау – осы мақсатты орындау кезінде белгілі бір дағдылар қалып-
тасады, мысалы, уәждемелі консультация;
• 
сенсибилизация – белгілі бір жағдайға сезімталдықты арттыру.
Тренер  міндеттеріне  ойынды  ұйымдастыру  және  қолдау  көрсетуден  бөлек,  ереже-
лердің  сақталуын  қадағалау,  топтарды  ақпаратпен  қамтамасыз  ету,  оқыс  жағдайларды 
реттеу де кіреді.
Осы шара барысында тағы да ойлануға және талдау жасауға мүмкіндік беру маңызды 
мәнге ие: жағдай адамдарды қандай сезімдерге бөледі, олар нені білді, енді әлдебір әре-
кеттерді басқаша жасай ала ма.
Тренингтің жалпы ережелері: тренинг басталғанда  5-10 минут бойы алдыңғы күні өт-
кен  тақырыптарға  және  ағымдағы  күнге  жоспарланған  жұмысқа  шолу  жасаған  дұрыс. 
Тренингтің аяқталуына біршама уақыт қалғанда міндетті түрде өткен тақырыптарға шолу 
жасау және әр қатысушыдан оқу күні барысында түсінген ең маңызды мәселелер тура-
лы пікірін білу керек
1
. Мүмкіндігінше тренерлер қатысушылар айтқан мәселелер бойынша 
қандай-да бір шара қабылдауы қажет.  Егер қатысушылар өз жұмыстарына қатысты бір 
саланы ерекше атап өтсе, бірақ ол сала тренингте қарастырылмаса, бағдарлама бағытына 
және мазмұнына шамалы өзгерістер енгізу  қажет болуы мүмкін. 

https://studbooks.net/513708/pedagogika/_mozgovoy_shturm_kak_odin_iz_naibolee_effektivnyh_metodov_
interaktivnogo_obucheniya


жүктеу 5,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау