*Примечания: 1. Способ испытания засоленных грунтов [4]
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
1. Москвин В.М. Коррозия бетона. М.: Стройиздат, 1952. 344 с.
2. СНиП 2.03.11-85 Защита строительных конструкций от коррозии / Госстрой СССР-М,: ЦИТП. Госстрой СССР, 1986. 48 с.
3. Соколов Д.Е. Основные условия карста. М.: Госгеолтехиздат, 1962.
4. Способ испытания засоленных грунтов. Патент РК №12-2/657 от 20.03.2009 / Унайбаев Б.Ж., Арсенин В.А., Ищанова А.Ш. и др.
5. ГОСТ 25583. Грунты. Метод лабораторных определений суффозионной сжимаемости. Госкомитет СССР по делам строительства. М., 1983. 15 с.
6. Петрухин В.П. Строительные свойства засоленных и загипсованных грунтов. М.: Стройиздат, 1980. 118 с.
7. Унайбаев Б.Ж. Изыскание, проектирование и строительство на засоленных грунтах. Караганда: КарГТУ, 2001. 303 с.
8. СНиП 2.02.01-83 Основания зданий и сооружений. М., 1984.
9. СНиП 1.02.07-87 Инженерные изыскания для строительства. М.: Стройиздат, 1988. 103 с.
УДК 621.879.064
|
|
А.С. НҰРМАҒАНБЕТОВ,
Ж.Ж. ЖҮНҮСБЕКОВА
| Жер қазатын машинаның жұмыс мүшесін сазды ерітіндіде жүктелуін орнату |
Құрылыстың заманауи жағдайында жұмыстың нөлдік циклы қалалық немесе өнеркәсіптік құрылысында, жұмыс істеп тұрған өндірісті тоқтатпай, қажетті су қоймалары мен сілемдерін экологиялық қорғай отырып іске асырылады. Қаданы қатар тұрған ғимараттардың қасына тұрғызу құрылыс нормаларымен тыйым салынады, қазаншұңқырларды қазу топырақтардың қозғалуына және апатқа әкелуі мүмкін. Осы жағдайда жерасты үймереттердің құрылысында «топырақтағы қабырға» ең тиімді тәсіл болып табылады. Оның мәні сазды ерітінді қабаты астында жіңішке және терең орларды қазу, қазған орды бетонмен немесе темірбетонды элементтермен толтыру болып табылады. Технологиялық үрдіс келесі операциялардан тұрады: ордың өтуі; бағыттаушы құбырларды орларға орнату; арматуралық қаңқаны орнату; ұңғыманы бетондау; құбырды алу.
Технологиялық үрдістің басты операциясы орды қазу болып табылады. Позициялы, үздіксіз, циклдық әрекеттегі машиналар қолданылады.
Сазды ерітіндінің тығыздығы 2 т/м3 құрайды. Ол жұмыс мүшесінің қозғалу кедергісіне айрықша әсер етеді. Алайда бар машиналарды жобалағанда жер қазатын машиналардың жұмыс мүшелерінің (ЖҚМЖМ) қозғалыс кедергілері ескерілмеген. Осыған байланысты кедергілерді және ЖҚМЖМ сазды ерітіндіде қозғалыс кедергілерінің өзгеру заңын ескеру маңызды болып саналады.
ЖҚМЖМ сазды ерітіндіде қозғалуы кезінде жүктелуін орнату бойынша теориялық зерттеу жүргізілді. Алдымен жазық табақша мен тегіс цилиндрдің сазды ерітіндіде әртүрлі ағын тәртібіндегі қозғалысының кедергі күштері анықталған. Өлшемдері шексіз аз шамаға ұмтылатын табақша мен цилиндр элементтеріне үйкеліс күші Т, гидродинамикалық бүйір кедергісі Ргд, итеруші күш Рв, ауырлық күші Р (1 сурет) әсер етеді (1).
(1)
Табақша үшін қалыңдығы шексіз аз шама болғандықтан, цилиндр үшін ілгерілмелі қозғалыс болмағандықтан табақша мен цилиндрдің элементтері қозғалысының кедергі күштерін анықтағанда гидродинамикалық бүйір кедергісі мен итеруші күштері алынбаған. Осы күштер қозғалыстың әртүрлі тәртібінде ЖҚМЖМ әсер ететін кедергі күштерін анықтағанда ескерілген.
1-сурет. Табақша мен цилиндрдің элементтеріне әсер ететін күштердің сұлбасы Достарыңызбен бөлісу: |