Томанова Марал Сериковна Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ



жүктеу 91,68 Kb.
Дата25.11.2017
өлшемі91,68 Kb.
#1808

Томанова Марал Сериковна

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

Журналистика және саясаттану факультеті

Саясаттану кафедрасы

II курс PhD докторанты

Нұртазина Роза Ауталиповна

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

Журналистика және саясаттану факультеті

Саясаттану кафедрасы

С.ғ.д., профессор

Астана қаласы
МЕМЛЕКЕТ ИМИДЖІНДЕГІ МАҢЫЗДЫ ЭЛЕМЕНТ АСТАНАНЫҢ ӘЛЕУМЕТІ ҺӘМ ӘЛЕУЕТІ
Мемлекетіміз Елбасының «Қазақстан-2030» стратегиясын бағдарға алып, алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді ойдағыдай жүзеге асырып келеді. Өткен онжылдықта аталған бағдарлама бойынша алға қойылған мақсат пен міндеттердің біршамасы орындалып, бүгінгі таңда әрбір азамат соның жетістіктерін көріп, бағалауда. Сондай жетістіктеріміздің бірі де бірегейі, мемлекетіміздің тарихындағы ұтқыр жоба – еліміздің бас қаласы Астана.

Елордасы Астананың 10 жылдық мерейтойында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Әр елдің болашақ тағдырын айқындайтын тарихи кезеңдері болады. Сондай кезең – біз үшін астанамыздың Сарыарқа төріне көшірілуі екенін уақыттың өзі дәлелдеп отыр»,- деген болатын. Шынында, 1997 жылдың 20 қазанында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан астанасын Ақмолаға көшіру туралы тарихи Жарлыққа қол қойған сәттен бастап тәуелсіз Қазақстан өмірінде іркілістен ілгерілеуге нық қадам жасалғандай. Бүгінгі күнде Елордамыз экономикалық, саяси, әлеуметтік тұрғыдан алып қарағанда тұрақты дамып келе жатқан, қазіргі заманның өмір салты мен талаптарын қанағаттандыра отырып, өнеркәсіптің жаңа үлгісі және әлемдік мәдениет алмасуының тәсілі үйлескен әсем қала.

Әлем және дәстүрлі дін басыларының съезі, Қазақстан халқы ассамблеясының сессиялары, басқа да халықаралық маңызды жиындар еліміздің бас қаласында тұрақты өткізіліп тұрады. Өткен жылы Астанада өткен Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық жөніндегі ұйым саммиті 11 жыл бұрын өткен Ыстамбұл конференциясы секілді «Астана саммиті» ретінде тарихта қалды. «Қарт құрлықтағы» мемлекеттерге төрелік етіп, Еуропалық ұйым тізгінін қолға алған қазақ елінің төрағалығы мемлекетіміздің әлемдік саясат сахнасындағы қарымы мен беделін шарықтата түсті. Қытай, КХДР, Гонконг, Иордания, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Кувейт, Қырғызстан, Ливан, Малайзия, Монғолия, Непала, Филиппин, Катар, Сингапур, Тәжікстан, Таиланд, Иран, БАӘ, Өзбекстан, Жапония, Палестина, Бахрейн, Ауғанстан, Қытай Тайпасы, Үндістан, Индонезия, барлығы 27 елдің құрамасы қатысқан «Азиада – 2011» 7-ші Қысқы ойындары жарысын да жаңа құрылыстар мен стадиондарымен қарсы алған Астанада жоғары деңгейде өткіздік деп мақтанышпен айтамыз. Мұның барлығы елордамыздың келбетіне оң әсерін тигізіп, өркениетті де мәдениетті қала имиджін қалыптастыруда.

Дегенмен, жаңа қаланың өзіне ғана тән жаңа әлеуметтік-экономикалық проблемалары туындағаны да белгілі. Білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту сияқты салалардың қай-қайсысында болмасын қиыншылықтар туындады. Осы құрамдас бөліктердің бірі дер кезінде шешілмеген жағдайда, жаңа қаланың тиімді жүйесі бірден істен шыға бастар еді. Енді олардың кейбіріне жеке-жеке тоқталып, соларды сараптап көрелік.

Астана - жаңа мүмкіндіктер қаласы, сондықтан мұнда жаңа жұмыс орындарын іздеп жас мамандар, шағын және орта бизнестің жаңа көздерін іздеп кәсіпкерлер, т.с.с. көптеп келді. Еліміздің түкпір-түкпірінен жаһандық қаржылық дағдарыс пен құрылыс объектілерінің тоқтап тұруына қарамастан ағылып келіп жатқан адам саны толассыз. Мысалы, Астана халқының жалпы саны ресми статистика бойынша 2001 ж. 440,2 мың адамға жетті. 2002 ж. тұрғындар саны 493,1 мың адамға өсті, 2003 ж. Астана жарты миллион халқы бар қалаға айналып, адамдар саны 502 мыңға жетті. 2004 ж. - 510,5 мың адам, 2005 ж. - 529,3 мың адам, 2006 ж. – 550,4 мың адам, 2007 ж. – 574,4 мың адам болды [1]. Тұрғындардың 2009 жылдағы орта жылдық саны - 661,6 мың адам, ал 2010 жылдың 1 қаңтарында - 684,0 мың адамға жеткен [2]. (таблица 1) Яғни, қала тұрғындарының саны аз ғана уақыт ішінде 250 мыңға көбейген. Бұл тенденция осылай жалғаса бермек. Кез-келген елде халық санының өсуі немесе азаюы, көші-қон, сәбидің дүниеге келуі немесе шетінеу тенденциялары әлеуметтік трансформацияларға, экономикалық өзгерістерге елеулі әсер етеді. Сондықтан да бір мемлекеттің, қаланың немесе өңірдің тұрғындарының жалпы саны, олардың сапалық құрамы оның жағдайы мен дамуын сипаттау көрсеткіші болып табылады. Мәселен, жоғарыда көрсетілген тұрақты демографиялық өсу жағымды жаңалық болғанымен, медальдің екі беті болатындай, астаналықтардың ең өзекті де өткір мәселелерінің бірі - мектептер, балабақшалар, тұрғын-үйлердің жетіспеушілігін тудырды. Көптеген қала тұрғындары пәтер жалдап, саяжайларда тұруға мәжбүр болды. Бір пәтерде бірнеше отбасы жалдап тұрып, еңбек ету, жасырын жатақханалар ашу мысалдары көптеп кездеседі.

Халық даналығы «Тәрбие – тал бесіктен басталады»-дейді. Психологтардың пайымдауынша, балабақшада тәрбиеленген балалар алғыр, білімге құштар, әрі оқуға да тез бейімделеді екен. Дегенмен, мектепке дейінгі балаларды салауатты өмір салтына бейімдеп, ой-өресінің дамуына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына, әлеуметтенуіне сүбелі үлес қосатын осындай ұйымдардың тапшылығы бүгінгі таңда айқын байқалады. Тоғыз жолдың торабы болып отырған Астанада қала әкімі И.Тасмағамбетовтың 2009 жылғы қала тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері бойынша жасаған есебіне сәйкес мектепке дейінгі білім беретін 66 мекеме бар екен. Оның ішінде 2-ден 6 жасқа дейін балалар тәрбиелейтін 39 мемлекеттік балабақша, 5 мемлекеттік «Мектеп-балабақша» кешені және мемлекеттік емес нысандағы 22 балабақша[3]. Бірақ, 2009 жылда тұрғындар саны 661,6 мың адамды құраған мегаполис үшін 66 мекеме «жыртыққа жамау» бола алмасы белгілі. Еліміздің өзге өңірлерінде де осындай жағдай орын алып отыр. Нәресте туыла сала балабақшадан орын алуға кезекке тұрып, ол балақай мектепке барғанша сол орынға жете алмайтын ата-аналар қаншама. Бұл жағдай демографиялық өсуді едәуір тежейді, жас отбасылардың жұмыстағы белсендігін төмендетіп, еңбек әлеуетін толығымен пайдалануына кедергі жасап, орын алған қиыншылықтардан түрлі жолдар іздеуге итермеледі. Нәтижесінде балабақшалардың міндетін атқаратын, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай емес, салық төлеуден жалтарған жекеменшік мекемелер белең алды. Осы іспеттес күрмеулі мәселелерді жылдамдатып шешу қажеттілігі туындады. 2011 жылдың 11 ақпанында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов елорда тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізіп, өз сөзінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен іске қосылған «Балапан» бағдарламасының аясында тағы да қосымша 50-ге жуық мектепке дейінгі білім беретін ұйымдар пайдалануға берілгендігін алға тартты. «100 мектеп» жобасы аясында 3 мектеп және жобадан тыс №66 мектеп ашылған екен[2]. Бұл іс-шаралар жоғарыда аталған мәселені шешуге айтарлықтай үлес, дегенмен, бұл мәселе әлі де болса өз өзектілігін жоғалта қойған жоқ.


Таблица 1. Астана халық саны көрсеткіштерінің өзгеруі (мың)

Жылдар

Адам саны

Жылдар

Адам саны

1997 ж.

275,1

2003 ж.

502,0

1998 ж.

275,3

2004 ж.

510,5

1999 ж.

326,9

2005 ж.

529,3

2000 ж.

381,0

2006 ж.

550,4

2001 ж.

446,2

2007 ж.

574,4

2002 ж.

493,1

1 қаңтар 2010 ж.

684,0

Екінші мәселе – қаланың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері. «Астана-Зерттеу» қоғамдық қорының жүргізген сауалнамасына сәйкес, Астанаға көшіп келгендердің көпшілігі (респонденттердің 68 пайызы) елордада 15 жылға жетер-жетпес өмір сүріп жатыр және олардың басым бөлігі Алматы қ., Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарынан келгендер көрінеді [4]. «Қалалықтар» мен «ауылдықтарға», «оңтүстіктіктер» мен «солтүстіктерге» бөліну бас қалаға жараспас мінез болғанымен, бұл қалыптасып үлгерген жағдай. Қалаға аймақтардан көшіп келгендерге деген тұрғылықты қала тұрғындарының негативті көзқарасы олардың қоғамдық тәртіпке кері әсерін тигізіп жатыр деген пікірден туындаған болар. Сонымен қатар бұл жағдай жұмыссыздықтың етек жаюына да әкеліп соқты. Себебі қалаға көшіп келіп жатқан азаматтардың барлығын бірдей жұмыс орнымен қамтамасыз ету мүмкін емес. Және соңғы жылдарда әлемді шарпып өткен дағдарыс онсыз да аяғына енді тұрған жас мемлекетімізге қиын түсті. Осы уақытта бұрын естімеген әрі біздің нарыққа беймәлім мамандықтар пайда болды, олар риэлторлар, трейдерлер, брокерлер, мерчендайзерлер, сауда менеджерлері, т.б. Сұраныс бар жерде ұсыныс та болады, сондықтан бұл мамандықтардың пайда болуы заман талабы.

Халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламалар басқармасының дәйектеріне сәйкес 2008 жылы жұмыспен қамтуға көмек сұрай тіркелгендердің саны 11 130 адам болса, 2009 жылы 26 мың адамға көбейген. Бұл жұмыссыздар санының 2 есеге көбейген екендігін білдірмейді. Мұның мәні қала саясатының шұғыл әрі тиянақты ұйымдастырылуының арқасында халық өздеріне тиесілі мемлекет тарапынан көрсетілетін кепілді көмектер туралы хабардар болғандығында. Бос орындар жәрмеңкесі, қала газеттерінің беттерінде тұрақты жарияланып тұрған жарнамалар, қала әкімі И.Н. Тасмағамбетовтың нұсқауымен ашылған жаңа Жұмыспен қамту орталығы да мәселенің тиімді шешілуіне септігін тигізді.

Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының тапсырысы бойынша әзірленген 2009 жылдың еліміздегі Адамның дамуы туралы ұлттық есепте көрсетілген мәліметтерге назар аударсақ, «...елдің 5-24 жастағы халқын оқытумен жиынтық қамтуда (барлық деңгейдегі оқу орындарында оқитындардың жалпы көрсеткіші) Қазақстан ТМД елдерінің ішінде (93,8%) бірінші орында тұр. Бізден кейін Ресей (88,9%) мен Беларусь (88,7%), сондай-ақ Украина (86,5%) келеді» [5]. Бұл - жоғары көрсеткіш, яғни, білім саласында жүргізіліп жатқан саясат өз жемістерін беруде. Сонымен қатар, халықтың өзі де орта-кәсіби және жоғары білім алуға мүдделі. Әр отбасындағы ата-аналардың балаларына жоғары білім алып, өмірден өз орнын алуға бар күшін сарп ететіндігі әрбірімізге белгілі құбылыс. Сол жоғары оқу орнын енді ғана тәмәмдап, еңбек өтілін жинап үлгермеген жастар үшін ұйымдастырылған «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы да өз жемістерін берді. Сонымен қатар үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жастарымызға бағытталған «Дипломмен ауылға» бағдарламасының белсенді жұмыс істеуін де атап кету керек. Ауылға бет бұрған бұл жастарға тиісінше қаржылай көмек, баспаналы болуға айтарлықтай қамқорлық көрсетілді. Жас мамандарға зәру болып отырған ауыл да көркейіп, жанданып шыға келді.

Қорытындылай келе, елордасы Астана қаласында жалпы елімізге тән, сонымен қатар өзіндік ерекшеліктері бар әлеуметтік-экономикалық проблемалар жетерлік екендігіне көзіміз жетті. Жоғарыда атап өткен өзекті мәселелер солтүстік астанамызда орын алған проблемалардың барлығын толық қамтымаған, бұл тек кейбір өзектілері ғана. Елбасының сындарлы саясаты бұл мәселелерді өршітпей, дер кезінде шешімін табуына, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған. Елордамыз Астананың дамуына қарап бүкіл мемлекетіміздің дамуы туралы ой түюге болады. Олай болса, әрқайсысымыз өзімізге жүктелген міндеттерге аса жауапкершілікпен қарап, бас қаламыздың, демек еліміздің көркеюіне өз үлесімізді қосу – азаматтық парызымыз.


Әдебиеттер:


  1. Астана: Энциклопедия. –«Атамұра», 2008. -576 бет. Түрлі-түсті басылым. 29 б.

  2. Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің елорда тұрғындарымен есеп беру кездесуінде сөйлеген сөзі

URL: http://www.astana.kz/

  1. Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

URL: http://www.astana.kz/

  1. Миграционные процессы Астаны: Сборник материалов. Астана: Елорда, 2010. -231 с.

  2. Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының тапсырысы бойынша дайындалған 2009 жылғы Адамның дамуы туралы ұлттық есеп. – Астана: «Агроиздат», 2009. -171 б.


Summary

Tomanova M.S., Nurtazina R.A. The population and potential of Astana as an important element of the country`s image

This article examines trends in the socio-economic, political and demographic development of the capital of the Republic of Kazakhstan. Now the capitalis a kind of face and brand of the Kazakhstan. That’s why exploring the city with by using different points is actual.


Резюме

Томанова М.С., Нуртазина Р.А.

Население и потенциал Астаны как важный элемент имиджа страны

В статье рассматриваются тенденции социально-экономического, политического, демографического развития столицы Республики Казахстан. В настоящее время столица является своего рода визитной карточкой, брендом РК, поэтому исследование города с разных точек зрения является актуальной для создания наиболее положительного имиджа страны.
жүктеу 91,68 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау