«ӨРКЕНИЕТ» МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ
Пән: Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар
СӨЖ
Тақырып: Медицина қызметкерлерінің қоғамдағы рөлі мен жауапкершілігі.
Мамандығы: 0910300 «Емдеу ісі»
Біліктілігі: 4S0910301-«Фельдшер»
Орындаған: 2 курс, 29 топ студенті Рахымбек Айжұлдыз
Қабылдаған оқытушы: Тәнібаева Жұлдызай Жорабекқызы
Қызылорда 2021
Жоспары:
Жауапкершілігі
Міндеттері
Рөлі.
Қазіргі таңда мейірбикелерді дайындаудың көп деңгейлі жүйесі біржолата ұйымдастырылған. Денсаулық сақтау жүйелерінде жоғары мейірбикелік сала білімі бар мамандардың саны біртіндеп ұлғаюда. Біршамасы «мейірбикелік істің менеджері» біліктілігі бар мамандарды денсаулық сақтау саласының тәжірибесінде қолданудың басқа әдістерін көреді.
Педагогикалық менеджмент жоғары білімді бикелерді оқытатын факультеттердің бітірушілер үшін жұмыс көзі бағытының бірі болып табылады. Кейбір мамандар орта буынды медицина қызметкерлерін даярлауда медициналық колледждерде, ЖОО-ның медицина кафедрасында оқытушылық қызметпен айналыса отырып, белсене жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, мейірбике ісінің менеджерлері әр түрлі қырындағы «Емделушілер мектебінің» жұмыс басқаруды жүзеге асыра отырып, санитарлық – ағарту және алдын ала емделу мекемелерінің білім беретін қызметімен белсене жұмысы жүргізілуі керек.
Ұйымның басқару стратегиясында қабылданған өмірлік жетістіктер мен өңдеулердің негізгі жауапкершілігін тікелей менеджер алып жүреді. Ол – жоспарды құратын, қашан және нені істеді ғана емес, сонымен қатар берілген тапсырмаларды кім және қалай орындайтынын, басқару циклының барлық кезеңдеріне қатысты жұмыс процедураларын анықтайтын бақылауды іске асыратын маман.
Мақсаттарды анықтау мен оның жетістіктерінің тәсілдерін таңдау, кәсіпорын жұмысындағы міндеттердің басымдылығын анықтау менеджердің міндетіне кіреді. Ол ұйымның даму стратегиясының өңдеуіне, өз кәсіпорының жағдайының динамикасының талдауына және болжамына жауап береді. Ол оқиғаны болжауы, жоспарлауда икемділік көрсетуі керек.
Менджердің басты міндеттерінің бірі, ол қол астындағыларының жұмысты тиімді ұйымдастыруында. Жетекшінің шеберлігі, қол астындағыларды жұмысқа бағыттап, тәртіпке келтіруінде ғана емес, өкілеттілігінде өз жауапкершілігін сезіне отырып, қол астындағыларды бағылауға ала отырып жеке пікірін айтуға құқық беру. Менджердің алдына пайда болатын 80 пайызға дейін мәселелер адам факторымен байланысты. Ол ұжымда жұмыс істей отырып, дерек беру қызметін, дәлелдеуді, тәрбие жүргізу және бақылау жасауды үнемі орындауы керек. Кәсіби қызметтердің табысты іске асуы менеджердің жеке қасиеттерін көрсетеді.
Осылардың ішіндегі өте маңыздысы менеджерлердің кәсіби психологиялық таңдау кезеңіне көңіл бөле отырып қолданғанын қарастырайық.
Ол стратегиялық ойлауға икемді, сезгіштік ойлау дағдыларына ие, жеткіліксіз мәлімет жағдайында жылдам және дұрыс шешімдер қабылдай білуі тиіс. Бұған кең ой өрісі, мықты кәсіби білімі болмай, өздігінен үйрену және табиғи сөйлеу рөлін түсінбей қол жеткізу мүмкін емес.
Сонымен қатар маңыздысы сол, түсітен мәліметтерді жылдам қайта өңдеп, басқалары елемеген ең маңыздысын көріп және ерекшелеп, алға қойылған мақсатты тиімді және өте аз шығындармен іске асыру, күрделі мәселелердің қарапайым шешімін таба білуге қабілеттігінің болуы.
Менеджердің қол астындағылардың арасында мәртебесі көбінесе өз қызметінің кәсіби парызы мен жауапкершілігін сезіне алуы, өзі басқаруда қаншалықты қабілетті екенін, оларға айтылған сөзінен шығып, уәдесінде тұруына негізделген. Олармен жұмыс жасау үшін менеджер ерікті потеницалға ие болуы тиіс, мақсатты және де өз тарапынан жұмсалған күш-жігерді талап ете алуы тиіс. Менеджердің әзілқойлық сезімі топтағы психологиялық ахуалға оң ықпалы тиіп, өндірістік қатынастарды жақсартуға көмектеседі. Соңғы кезде менеджердің жеке басына, оның адамгершілік сенімділігіне деген қызығушылық елеулі түрде өсті. Барлығы қазіргі менеджерлердің психологиялық келбетіне өзіндік намыс, адалдық және ұқыптылық болуы керек деген пікірді жиірек айтуда. Енді менеджерлерді кәсіби даярлаудың ерекшеліктеріне тоқталайық.
Американдық бизнес мектептеріндегі менеджер сертификатын алушы үміткер келесі тақырыптық аймақтарда өзінің біліктілігін көрсетуі тиіс:
• басқару процесінің табиғатын түсіну, негізгі ұжымдық құрылымдарды, қызметтік міндеттер мен менеджер жұмысының стилін білу;
• менеджердің жауапкершілігі туралы нақты ой, басқару деңгейі бойынша жауапкершілікті реттеу;
• басқарудың тиімділігін жоғарылату тәсілдері;
• қызметкерлерді басқару үшін қажетті ақпараттық технологиялар мен байланыс тәсілдерін білу, өз ойын жазбаша және ауызша білдіре алу;
• адамдарды басқарудағы, мамандарды таңдау мен әзірлеудегі біліктілік, жетекшілікке қабілеттілік және қол астындағылармен жеке арақатынастардың болуы;
• фирма мен тұтынушылардың арасындағы арақатынастардың ерекшеліктерін білу;
• үміткердің қорларды басқару қабілеттілігі;
• есептеуші техника құралдарын қолданып, фирманың қызметін жоспарлап, болжауға қабілеттілік;
• өз қызметінде өзін-өзі бақылауға өзіне баға беруге қабілеттілік, қазіргі талаптар мен болашақтағы күтілетін өзгерістерді ескере отырып дұрыс қорытындылар жасай білу және біліктілігін жоғарылату.
Белсенді оқыту әдістері кең қолданылады: әлеуметтік-психологиялық тренинг, іскер және рөлдік ойындар, түрлі ахуалдарды талдау, кәсіби қызметті үлгілеу. Психологиялық әзірлеу менеджерлерді даярлаудың және қайта даярлаудың барлық деңгейлерінде көрсетілген. Кәсіби даярлауда фирма мен маркетингтің стратегиялық жоспарының дамуына көбірек көңіл бөлінеді.
Бұл жұмыстың мақсаты – бас мейірбике-менеджер жұмысының ерекшеліктерін, қызметін, мінездемесін үйрену.
Бикелік қызметті басқарудағы оның атқаратын міндеттері:
- осы мәселе бойынша ғылыми жариялауларды, әдебиеттерді талқылап, талдау;
- неврологиялық бөлімшенің медицина қызметкерінің санитарлық-гигиеналық бағасын жүргізу;
- өз қызметінің тұрғыдан орындалу себебін талқылау.
Зерттеудің әдістері:
- оқу және анықтамалық әдебиетті талдау;
- алған мәліметтердің синтезі;
- аурухананың бөлімшелерінде тәжірибеге алынған теориялық мәліметтердің пратикада қолданылуы;
- аурухананың бөлімшелерінде басқарудың стилін және мейірбикелік менеджердің рөлдік қызметін зерттеу.
Мейірбике жұмысын ұйымдастырудағы мейірбикенің рөлі.
Мейірбикелік мамандықтың барлық мамандықтар сяиқты қоғам алдында этикалық міндеттері болады, сондай-ақ қоғамның да мамандық алдында этикалық принциптері бар. Дәрігер науқасты емдейді, ал мейірбике науқасты күтеді.
Қоғамның мейрібикеге деген көзқарастан адамзатқа деген көзқарас деп санауға болады. Қоғамның мейірбике алдындағы міндеті – анық регламенті сақталған, заңды актілер көмегімен әлеуметтік қорғанысты қамтамасы ету, мейірбикенің кәсіптік мансап пен кәсіптік дәрежеге жету мүмкіншілігін тудыру.
Мейірбикенің басты міндеті – адамдардың, отбасылардың, халықтың физикалық, психикалық, әлеуметтік потенициалын жүзеге асыруға үйрету.
Мейірбике ісі тәжірибесінің төрт негізгі деңгейін немесе «Жаңа мейірбике концепциясы» білу керек.
1.Денсаулықты нығайту;
2. Жарақат пен аурулардың алдын алу;
3. Жойылған функцияларды қалпына келтіру;
4.Азап шегуді жеңілдету;
Медициналық мейірбике мына рөлдерді атқарады:
- науқастың күтімін ұйымдастырушы;
- науқастың күтімін орындаушы;
- науқастың ықыласын қорғаушы;
- педагог;
- зерттеуші;
- лидер;
- медициналық бригаданың белсенді мүшесі.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Лекциялар жинағы .
Достарыңызбен бөлісу: |