4) Иллюстрациялы материалдар: карта
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақстанға әкімшлік реформаларды енгізуде Ресейдің қандай мақсаттары болды?
2. Патшалықтың қоныс аудару саясатының мақсаттары неде?
3. Қазақстанда аграрлық саясаттың ерекшеліктері неде?
4. 1905-1907 жж. орыс революциясы Қазақстанға қалай әсерін тигізді?
5. Халықтың жағдайына бірінші дүниежүзілік соғыс қандай әсерін тигізді?
6. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ерекшеліктері, сипаты мен себептері неде?
КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТАРИХИ БАСТАУЛАРЫ: ҚАЗАҚТАНДЫРУ ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫ (1917-1924 ЖЖ)
Құзыреттіліктер - Қазан революциясына баға беру, оның Қазақстандағы саяси оқиғаларға әсерін көрсету. Азамат соғыс жылдарында Қазақстанның ролін, Қазақ Кеңестік мемлекеттіліктің құрылуы және Қазақстандағы «әскери коммунизм» саясаты туралы мәліметтерді игеру.
1. Қазан революциясы, оның алғышарттары және Қазақстанда Кеңес өкіметінің
орнауының ерекшеліктері.
2. Кеңестер, Алашорда үкіметі және Қоқан Автономиясының.
3. Қазақстан азамат соғыс жылдарында.
4. Қазақ АКСР-ның құрылуы.
5. Қазақстан жаңа экономикалық саясат кезеңінде және оның қорытындысы.
1917 ж. ақпанда буржуазиялық - демократиялық төңкерісі жеңіп, патша өкіметі құлатылды. Петроградтағы оқиғалар туралы хабарды Қазақстан халқы, ұлттық - демократиялык қозғалыстың басшылары қуанышпен қарсы алды . Олар ұлттық автономия кұратын, жалпы ұлттық мәселелерді шешетін сәт туды деп есептеді.
1917 ж. наурыз-сәуір айларында бүкіл елдегідей, Қазақстанда да қос өкімет орнады. Уақытша Өкіметтің Қазақстандағы жергілікті органдары құрылып облыстардың басына бұрынғы патшаның шенеуніктері, сондай - ақ қазақтардың ұлттық интеллегенциясының жекелеген өкілдері қойылды . Мысалы , Ә . Бөкейханов Уақытша өкіметтің Торғай облысындағы, М. Тынышбаев Жетісу облысындағы комиссарлары болып тағайындалды . Жер - жерде Уақытша үкіметпен қатар, екінші өкімет - жұмысшы, солдат және шаруалар депутаттарының Кеңестері құрылды.
Олармен қатар, қазақ интеллигенциясы басқарған облыстық, уездік съездер шақырылып, онда қазақтардың облыстық және уездік комитеттері кұрылды. Олардың көпшілігін қоғамдық - саяси қызметте тәжірибесі бар Р. Марсеков, Ж. Досмүхамедов, И. Жайнақов, С. Сейфуллин, М. Айтенов, X. Досмұхамедов, Ж. Алдоңғаров, М. Шоқай сияқты көрнекті қайраткерлер басқарды. Қазақ комитеттері Қытайдан қайтып оралған босқындарды орналастыру және әлеуметтік мәселелерді шешуге тырысты. Олармен қатар қазақ жастарды мәдени - ағарту істерімен шұғылданатын жастар үйірмелерін, ұйымдарын құрды.
Патша өкіметі құлағаннан соң, Қазақстан большевиктері де астыртын жағдайдан шығып , олар уақытша үкіметтің саясатының мәнін халыққа ашып, жұмысшылар мен шаруаларды жаңа революцияға шақырды.
Осы тұста Орынбор қаласындағы қазақ зиялылары кезек күттірмейтін ұлттық мәселелерге байланысты бір тұжырымға келу үшін жалпы қазақ съезін шақыру туралы шешім қабылдап, «Қазақ» газеті аркылы казак халқына арнайы үндеу жариялады. Бірінші жалпы казақтық съезд 1917 ж. 21-26- шілдеде Орынбор қаласында өтті. Съезд мемлекеттік басқару нысанын, қазақ облыста-
рының автономиясын, жер мәселесін, халықтық милиция ұйымдастыру, земство, халыққа білім беру, сот, рухани - діни, әйелдер, Құрылтай жиналысын шақыру, қазақ облыстарында оның сайлауына әзірлік және т.б. мәселелерді қарады. Съезд қазақтың саяси « Алаш» партиясын құру туралы мәселе қарап, оның бағдарламасын жасауға шешім қабылдады. Мемлекеттік басқару жүйесі туралы қазақ облыстары демократиялық федерациялық парламенттік Ресей республикасының құрамында облыстық ұлттық-аймақтық автономия алуы тиіс деп шешті.
1917 ж. басында Ресейге төңкерістік жаңа толқын көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды.
1917 ж. 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық-демократиялық революция жеңіске жетті. Патша үкіметі құлатылып, қос өкімет орнады. Бүкіл Ресейдегі секілді Қазақстанда да уақытша үкімет пен жұмысшы, солдат депутаттарының кеңестерінің билігі орнады. Буржуазиялық-демократиялық ақпан революциясының жеңіске жетуі өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды. Уақытша үкіметтің жергілікті органдары құрылды. Облыстар мен уездерге бұрыңғы патша үкіметінің чиновниктерінен, әсерлерден, меньшевиктерден және буржуазиялық ұлтшылдардан Уақытша өкі-
метінің комиссарлары тағайындалды. Әлихан Бөкейханов Торғайдың, М. Тынышбаев Жетісудың комиссарлары болып тағайындалды. Қазақстанда 1917 ж. наурыз-мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Оралда, Түркістан өлке сінде және т.б. өлкеде құрыла бастады. Жұмысшы тобы мен солдат депутаттарының ізінше сәуір-мамыр айларында шаруа депутаттарының кеңестері құрылды.
Патша үкімет құлатылған соң, Қазақстан большевиктері астыртын жағдайдан шығып, өз жұмыстарын жандандырды.
Бұл кездегі империя көлемін қамтыған саяси тұрақсыздық жағдайында Орынбор қаласында шоғырланған қазақ оқығандары өзара кеңесіп, кезек күттірмейтін ұлттық мәселелеріне байланысты бір ұжырымға келу үшін жалпы қазақ съезін шақыру туралы шешім қабылдады. 1917 ж. 21-26 шілдеде Орынборда болған Бүкіл қазақтық съезде Алаш партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оған Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Е. Омаров, М.Шоқаев, М. Тынышбаев, X. Досмухамедов, Ж. Досмухамедов, X. Ғаббасов, т.б. кірді.
Сол жылы 5-13 (18-26) желтоқсанда Орынборда өткен екінші съезінде Қазақтың автономиясы-Алашордада өткен екінші съезінде Қзақстанның автономиясы-Алашорда үкіметі Ұлт Кеңесі құрылды. Петроградта 1917 жылғы қазан айында Ленин бастаған революциялық күштер жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігі кеңестердің қолына көшкені туралы хабар бүкіл Ресейді ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды. Бұл оқиға бүкіл елде, Ресейдің орталық аудандарында оның шет аймақтарында кеңес өкіметің құру, нығайтумен ұштасты. Ол көп жерлерде орталық аудандардың ықпалымен қан төгіссіз іске асты.
Төңкеріс бүкіл билікті жұмысшы, солдат, шаруа депутаттары кеңесінің қолына беру арқылы халықтың әр түрлі топтары мен әр түрлі ұлттардың, хал ықтардың келешектегі тағдырына байланысты әр түрлі үмітте болуға жол ашты. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан төңкерісінен кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деген үмітте болды. ;
Ал Ленин бастаған большевиктер зауыт, фабрикаларды жұмысшыға, жер ІІІ шаруаға бебітшілік- бүкіл халыққа деген ұран көре отырып, Ресейге тәуелді болып келген халықтар жөнінде өз бағыттарын белгіледі. Олар барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды төңкеріс туының астынан кетпеуге шақырды.
Қазан төңкерісінен кейін көп уақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Бұл тұста Қазақстанда Кеңес өкіметі орнап болған жоқ еді. Биліктің Кеңестердің қолына өтуі мұнда кейінірек жүзеге асты. Оның бір себебі мұнда саналы, жақсы ұйымдасқан саны мол жұмысшы тобы болған жоқ. Екіншіден, шет аймақтарда билікті кімнің алатыны жөнінде тап-тұйнақтай шешіліп жатқан, жұрт қолдайтын бірыңғай пікір де болмады.
Кейбір жерлерде автономия жарияланып, олардың Ресей құрамында болатын, болмайтыны жөніндегі мәселе ашық тұрды. Мәселен, осы тұста құрылған Башқұрт, Түркістан, "Онтүстік шығыс одағы" деген атпен Сібірде пайда болған автономиялар қазақ зиялыларын ұлттық өз иелігін құруга құлшындырды. Сөйтіп, 1917 ж. ж. желтоқсанда Алашорда үкіметі пайда болды. Сонымен бірге қазақ даласында Кеңес өкіметін орнату жолындағы күресте жүріп жатты. Соның нәтижесінде 1917 ж. қазаннан 1918 жылғы наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында кеңес өкіметі орнады.
1918 ж. майдың аяғында Антанта елдерінің көмегімен Сібірдегі Чехословак корпусының офицерлік бүлігімен елде азамат соғысы басталды. Оларға ак гвардияшылар мен бірге әсерлер, меньшевиктер және Алашордашылар дем берді. Сонда да Қазақстанның біраз жерінде кеңес үкіметі сақталып қалды. Ақ гвардияшылардың тылында партизан қозғалыстары да жанданды.
1919 жылы 10 шілде РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі "Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет туралы» жарлық қабылдады.
1920 ж. 30 сәуірде РК(б)П Орталық Комитеті Қырғыз (Қазақ) облыстық бюросы құрылғаннан кейін өлкеде Кеңес өкіметіменмемлекеттік құрылысты одан әрі нығайту жұмысы жүргізіле бастады. Сол жылғы 17 тамызда РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз республикасы туралы Декрет жобасын мақұлдады. 26тамызда ВОАК пен РСФСР Халком Кеңесі РСФСР құрамында "Қырғыз (Қазақ) кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасын құру туралы" жарлық қабылдады. Орынбор қаласы Қазақ АКСР-інің алғашқы астанасы болды.
1920 ж. 4-12 қазанда Орынборда алғашқы Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезінде Орталық Атқару Комитеті (төрағасы С.М. Меңдешев) және Халком Кеңесі (төрағасы В.Радус-Зенькович) сайланды. Съезд "Қырғыз (Қазак) АССР-і еңбекшілері құқықтырының декларациясын" қабылдады. Онда Қазақ АССР-і РСФСР-дың автономиялық бірлігіне жататын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалардың, қазақтардың және қызыл әскер депутаттары кеңестерінің Республикасы болып құрылғанын мәлімдеді. Декларация Кеңестердің топтық мәнін белгілеп берді. Ол Ұлттық езушілік пен құлдыққа ұстау саясатынан батыл қол үзетінін жариялады.
Съезд Республика құрамына енетін барлық ұлттар мен ұлыстардың бейбіт өмірі үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлді. «Әрбір ұлттың,-деп жарияланды - барлық мемлекеттік мекемелер мен мектептерде ана тілін пайдалануға бірдей құқығы бар және олардың әрқайсысына ұлттық еркін дамуға құқық беріледі және сондай құқық пен толық мүмкіндік қамтамасыз етілуге тиіс».
Қазақтың кеңестік ұлттық мемлекеттігінің жариялануының орасан зор тарихи маңызы болды. Қазақ халқы бұл актіні өзінің ғасырлар бойғы арманының орындалуы, отаршылдыққа қарсы сан ғасырлық күрестің нәтижесі, ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам деп қабыддады.
ЖЭС жылдарындағы Қазақстан.
«Күйзеліс, жоқшылық, қайыршылану»- В.И. Ленин азамат соғысы аяқталғаннан кейінгі Кеңестер елінің жағдайын міне осылай бейнелеп суреттеді.
Империалистік соғыс пен азамат соғысы Ресейдің басқа халықтары сияқты, қазақ халқын да күйзеліске ұшыратты.
Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты жерді жалға беру мен алуға, жалдама еңбекті қолдануға рұқсат етілді, ауылшаруашылық, несие және тұтыну кооперациясын дамыту көтермеленді. «Әскери коммунизм» тұсында енгізілген еңбек міндеткерлігі мен еңбекке жұмылдыру жойылды. Ұсақ кәсіпорындар жеке адамдарға немесе кооперативтерге жалға берілді. Темір жол және автомобиль тасымалының, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптің кәсіпорындары шаруашылық есепке көшірілді.
Өлкенің 28.мың коммунисінен өкіл болып, Орынборда (1921 ж. маусымда) өткен облыстық бірінші құрылтай партия конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады. 1921 жылғы наурыз-сәуір айларында республикада азық-түлік салғырты азық-түлік салығымен алмастырылды. Машиналарды жалға беретін алғашқы пунктер пайда болды, базарлар ашылып, кедейлер егістікті бірлесіп жырту үшін бірікті.
Сонымен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталып, ол әсіресе большевиктердің өлкелік партия ұйымының басшысы Ф.И. Голощекин болған кезде күшейе түсті.
4) Иллюстрациялы материалдар: карта
Бақылау сұрақтары:
1. Қазан революциясының тарихи маңызын қалай түсінесіз?
2. Азамат соғыс жылдарындағы қарама-қарсы тұрудың көлемі қандай болды?
3. «Әскери коммунизм» ұғымының мәні неде?
4. Межелеуден кейін өлкенің аймақтық-әкімшілік жағдайын көрсетіңіз?
5. «Алаш» партиясының негізгі мақсаттарын атаңыз?
6. Ұлттық интеллигенцияның дүниетанымын көрсетіңіз?
КЕҢЕСТІК ТОТАЛИТАРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ: СИПАТЫ, ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ САЛДАРЫ. (1925-1940)
Құзыреттіліктер- Қазақстанда тоталитарлық жүйенің қалыптасу жөнінде объективті тарихи білім беру, дәстүрлік құрылымның құлауын және оның зардабын көрсету. Саяси және идеялық оппозицияны жәбіллеу және идеологиялық пен саяси террордың үдейе түсуі.
1 Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
2. Қазақстандағы индустриализация.
3. Қоғамдық-саяси жағдай.
4. Соғыс алдындағы әлеуметтік-экономикалық жағдай.
5. Мәдени құрылыс.
Республикадағы индустрияландыру бағыты.«Қазіргі техника базасын өнеркәсіпке, тасымалға, ауыл шаруашылығына бейімдеу» ретіндегі неғұрлым кең мағынадағы индустрияландыру ісі Қазақстанда елдің басқа аудандарына қарағанда біршама кешірек басталып, уақыты жағынан КСРО халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928-1932жж.)тұтас келді, бірақ ол мейлінше қиын жағдайда өтті.
Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған еді, тұтас алғанда өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61 процентіне ғана жетті. Өнеркәсіптен Орал-Ембі ауданындағы бірнеше мұнай кәсіпшіліктері, Орталық Қазақстандағы көмір өндіретін шағын шахталар және Алтайдағы қуаты шамалы түсті металлургия кәсіпорындары ғана бар еді. Республика өнеркәсібі дамуының төмен деңгейде болуын оның жер қойнауының әлі де толық зерттелмегендігімен түсіндіруге болады. Қазақстанның байлыққа толы кең-байтақ өлкесі туралы революцияға дейін жинақталған ғылыми білім көп емес-ті. Ал ең бастысы-олар өлкенің өндіргіш күштерін дамыту, халық бұқарасының тұрмысын жақсарту үшін іс жүзінде пайдаланылмады деуге болады. Байланыс және тасымал құралдары нашар дамыған еді. Жер аумағының мың километріне шаққанда бір километірдей ғана темір жол болды. Жұмысшы табының саны аз еді, ал ұлттық инженер-техник саусақпен санарлықтай болды.
Қазақстан экономикасында бұынғысынша ауыл шаруашылығы басым болатын, оның үлесіне бүкіл жалпы өнімнің 84,4 пайызы тиетін, халықтың 90 пайызы ауылды жерлерде тұратын.
Иесіз қалдырылған шахталар мен кәсіпшіліктер қайтадан қатарға қосылды, кооперативтік өндіріс жанданды. 1926 жылы ол Қазақстандағы өнеркәсіп өнімінің үштен бірін берді. Сауда жандана түсті. Шаруашылық есепті, өзін-өзі өтеуді, өзін-өзі қаржыландыруды енгізу және басқа шаралар өнеркәсіптің жаңа экономикалық саясат арнасында дамуына игі әсер етті.
Индустрияландыру жағдайында республика еңбекшілерінің қиын міндеттерді шешуіне, ең алдымен техникалық экономикалық жағынан артта қалуын жою қажет болды. Осы міндетті шешу үшін Қазақстан елді индустрияландырудың жалпы одақтық бас жоспарына енгізілді. Социалистік әдіс бойынша индустрияландыруды жүзеге асыру ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларын, ең алдымен машина жасау саласын дамытуды, шахталар мен кеніштердің, жергілікті ресурстарды пайдалануға негіздескен барлық өнеркәсіп салалары кәсіпорындарының ескілерін қалпына келтіріп, жаңаларын салуды, халық шаруашылығының мұхтаждығына қажетті темір жолдар мен техникалық байланыс құралдарын орнықтыру, бірінші кезекте байырғы халық өкілдерін кеңінен тарту жолымен жұмысшы табы мен өндірістік-техникалық зиялылар кадрларын қалыптастыру талап етілді.
Өлкені бұрын отарлық жағдайда болуына байланысты экономикалық жағынан да, мәдени жағынан да мешеулігі туғызған қиындықтарды жаңа экономикалық саясаттың тоқтатылып, «әскери коммунизм» кезеңіндегі күрес әдістерінің жаңғыртылуы, халық билігінің жеке диктатурамен алмастырылуы, әміршілдік-төрешілдік басшылық әдісінің енгізілуі асқындыра түсті.Қазақстанда социализмнің бұлайша бұрмалануы 1925-1933 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф.И, Голощекиннің есімімен және қызметімен тікелей байланысты болды. Бұрынғы кәсіби-революционер ол капиталистік емес даму жағдайындағы социализмнің теоретигі рөлін атқаруға тырысып, Сталиннің қатаң бағыты, аймақтық көсемшілдік идеясын жақтады. Ол ауыл «Қазан лебін сезінген жоқ», «1925 жылдың күзіне дейін бізде Қазақстан мен оның партия ұйымы болған да жоқ» деп дәлелдеп бақты, сөйтіп «Кіші Қазан» төңкерісін өткізу идеясын ұстанды. Голощекиннің бағыты елеулі қарсылыққа ұшырады, сол жағдайда ол И.В. Сталинге хат жазып, онда Өлкелік партия комитеті бюросы бағытының өңін айналдыра баяндап берді, И.В. Сталин қысқа әрі мейлінше айқын жауап қайтарды, онда былай делінген еді: «Голощекин жолдас! Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда бірден-бір дұрыс саясат деп ойламаймын. И. Сталин».
Голощекин «Кіші Қазан» бағытына сәйкес индустрияландыру идеясын қорғап, былай деп жазды: «Өнеркәсіп саласында ең негізгісі ірілендіру емес, қайта оны жергілікті ұсақ және орташа (жарма тартатын, жүн жуатын, май шайқайтын орындар, жөндеу шеберханалары және т.б.) деңгейде, яғни бәрін ауыл шаруашылығына байланысты және оны неғұрлым рентабельді ететін деңгейде ұстау». Бұл бағытты ол 1927 жылы ұсынып, 1930 жылы VII Өлкелік партия конференциясының мінберінен тағы да нақтылай түсті. Ф. Голощекин жарияланған бағыт Саяси бюро мүшелігіне кандидат А.А. Андреев тарапынан көрініп қолдау тапты, ол Бүкіл қазақтық VI партия конференциясының мінберінен: «Біз КСРО-дағы индустрияландыру мәселесіне әрбір республиканың өз ауыр индустриясын құру, әрбір республиканы бас-басына индустрияландыру жолымен жүрмейміз», - деп мәлімдеді.
Қазақстандағы индустрияландыру жолдары туралы пікір сайыс барысында кереғар көзқарастар аңғарылады. Біреулер «түйеден социализмге» өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен заводтар салу «шамадан тыс нәрсе» болып табылды, «ұлттық өзіндік ерекшелікті» жояды деп пайымдайды, басқа біреулер «қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді», қазақтармен «өнеркәсіп-қаржы жоспарын орындай алмайсың» және т.б. деп санады.
Жергілікті партия, кеңес, шаруашылық кадрларының индустрияландыруды жүзеге асыру барысында өлке экономикасының ең алдымен өнеркәсіпте сақталып отырған отаршылдық құрылымын қайта қарау қажеттігі туралы парасатты сөздерін (С. Сәдуақасов, Ж. Мыңбаев және басқалар) Голощекин, I. Құрамысов және олардың сыбайластары жергілікті үлтшылдық көріністері деп, ал жоспарлаушы органдардағы кейбір экономистердің өндіргіш күштердің даму деңгейіне, еңбек ресурстарының дәрежесіне сәйкес келетін индустрияландыру қарқыны туралы шақыруларын ұлы державалық шовинизм көрінісі деп есептеді. Теориядағы субъективизм мен практикадағы әміршіл-ырықсыз әдістер республиканың социализмге бет алуының балама жолын зерттеу мүмкіндігін жоққа шығарды.
Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
Коммунистік партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Осылайша «өркениетті кооператорлар қоғамын» құру идеясы КСРО-дағы социализм құрылысының құрамдас бір бөлігіне айналды.
Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру идеясы әуел бастан-ақ мейлінше қатаң жаппай қуғындау мен террорға негізделді. Ұжымдастыру алдын ала даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен, көбінесе әкімшілік-күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді. Көшпенді ауылдарда жаппай ұжымдастырудың жеделдетілуі Қазақ өлкелік партия комитетінің көптеген құжаттарынан көрініс тапты; мысалы, 1929 жылғы желтоқсан айында мынадай нұсқаулар берілді: «Мал шаруашылығын ұжымдастыру астық шаруашылығындағы шеңберде ынталандырылсын», «.. .кедей және орташа мал шаруашылықтарының жаппай ұжымдастырылуы жеделдетілсін», «халықты бір жыл ішінде толық қамту есебімен ұжымдастыру қарқыны белгіленсін...»және басқалар.
Ақтөбе және Павлодар округтерінде кедейлерді ұрып-соғу, оларды суық су құйып азаптау, қыс кезінде суық қамбалар мен қоймаларға күзетпен қамап қою, кулактардың үйлерінде жаназа рәсімін өткізу орын алды. Республикада жазалау шараларының кең көлемде жүргізілгенін мына факт дәлелдейді: ОГПУ-дің ерекше мақсаттағы Қазақстандағы лагерьлері Қазақ басқармасының өтініші бойынша республика Үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін 1930 жылғы 13 мамырда Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз және тегін пайдалануға 110000 га жер алқабын бөлді.
Сол арқылы өркениетті кооператорлар қоғамын құру идеясының беделі едәуір түсірілді. 1932 жылдың ақпанына қарай Қазақстанда колхозшылар шаруашылықтарының 87 пайызы және жетекшілердің 51,8 пайызы өз малынан мүлде айырылды.
1932-1933жж ашаршылық.
1930-1932 жылдарда аштық етек алды.
1930 жылы аштықтан 313 мыңнан астам адам өлді, 1931 жылы оңдай өлім 755 мыңға жетті. 1932 жылы 769 мыңнан астам адам өлді немесе көшіп кетті. Аштық, індет және басқа жоқшылықтар салдарынан толық емес деректер бойынша 1750 мың қазақ немесе ауыл халқының 40 проценті тікелей шығынға ұшырады.
Жаппай жазалау мен аштық халықтың орныққан жерін тастап, жаппай көшіп кетуін туғызды. Тек 1930 жылғы қаңтардан 1931 жылғы маусым аралығындағы уақыт ішінде ғана 280 мыңнан астам қожалық-1 миллион 70 мыңдай адам көшіп кетті.
Қазақстан село халқы санының динамикасы.
ЖылдарСело халқының саны
1930ж. 1 маусым 5.873 мың
1931ж. -//- 5.114 мың
1933ж. -//- 2.493,5 мың
1934ж. -//- 2.681,8 мың
Бір миллионнан астам көшпенді республикадан тыс жерге көшіп кетті, оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ, ал 414 мыңы кейіннен Қазақстанға оралды.
1926-1939 жылғы санақтар аралығындағы кезеңде көшіп барушылар есебінен қазақтар саны: РКФСР-де 2,3 есе, Өзбекстанда-1,7 есе, Түркістанда-6 есе, Тәжікстанда-7 есе, Қырғызстанда 10 есе көбейді. Қазақстанда қазақтардың ғана емес, басқа ұлттар өкілдерінің де саны азайды: украиндар-859,4 мыңнан 658,1 мыңға дейін, өзбектер-228,2 мыңнан 103,6 мыңға дейін кеміді. Бұл халықтардың өкілдері азық-түлік жөнінен неғұрлым қолайлы аудандарға-Сібірге, Өзбекстанға, Қырғызтанға және басқаларына көшіп кетуге мәжбүр болды.
Республиканың 6,2 миллион тұрғынының 1931-1933 жылдары аштықтан 2,1 миллионы қырылды, оның ішінде келімсек халықтың шығыны 0,4 миллион адам. Қазақтардың бұрынғы саны 40 жылдай уақыт өткеннен кейін, 1969 жылы ғана қалпына келді. Геноцид саясатының салдарынан халық осындай қасіретке ұшырады.
Елдің шығысындағы мал шаруашылығының ірі базасы саналатын өлке содан бастап ұзақ жылдар бойы екінші дәрежелі аймақтар қатарына шығып қалды. Ұжымдастыру қарсаңында 40,5 миллион мал болса, 1933 жылғы 1 қаңтарда республикада небәрі 4,5 миллион ғана мал қалған еді.
Сталин мен-.оның төңірегіндегілер Қазақстанда (Украинада, Еділ бойында, Солтүстік Кавказда болғаны сияқты) болған аштық жайында біліп отырды. 1932 жлғы 1 ақпанда саяси жер аударылғандардың бір тобы Павлодар қаласынан КСРО Орталық Атқару Комитетінің Төралқасына былай деп жазды: «...Жекелеген фактілер келтірмей-ақ, жалпы сипатта алғанда, ауылдар мен поселкелерде барлық сұмдық оқиғаларымен қоса аштықтың ауыр көрінісі барынша кең көлемде етек алған. Ит, мысық және алуан түрлі өлекселер желініп жатыр (ал кей жерлерде қазірдің өзінде жеп тауысқан). Халық аштықтан ісініп, өлуде. Өлім-жітім өте көп, ал тірі қалғандардың аштықтан әлсірегені сонша, өліктерде жерлеуге де шамасы келмеуде: өліктер шашылып жатыр...»
1932 жылғы шілде айында республика қайраткерлерінің бір тобы: Ғ. Мүсірепов, М. Гатауллин, М. Дәулетқалиев, Алтынбеков, Қ.
Қуанышев аштық туралы, апаттың себептері туралы БК (б) П өлкелік комитетіне, тікелей Ф.И. Голощекинге ашық хат жазды («Бесеудің хаты»). Хатта былай деп атап көрсетілді: «Біз 1929 жылдан бастап колхоз қозғалысында орын алған бұрмалаушылық пен Лениндік еріктілік принципінің бұзылуына, ауыл ерекшеліктерін ескермеуден, тіпті байлармен қосып, орташаларды жоюдан қалыптасқан «солақайлық» асыра сілтеуді толық түзете алмадық...
Осының салдарынан «солшыл» уклон Қазақстан партия ұйымында өз ісін одан әрі жалғастырып, оңшыл зардаптарға ұрындырды:
а)орташаларға байлармен бірдей соққы берілді;
ә) сондықтан орташа-кедей топтардың бір бөлігі көптеген реттерде байлар жағына шығып кетті;
б)байлар малды қырып тастауға тырысты;
в)жалған колхоздарды ұйымдастыру осы кезге дейін жалғастырылды;
г)осының бәрі бірқатар аудандарда аштыққа әкеп соқты.
Ел басшылығының жағдайды біліп отырғанына Т. Рысқұловтың Сталинге жазған хаты айқын айғақ болып табылады. Оның белгілі хаттарының біріне 1933 жылғы наурыз айы деп белгі соғылған және ол РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары ретінде Рысқұловтың қазақ жерінің әр бүрышы мен әр түрлі мәлімет көздерінен алуы мүмкін болған хабарлар негізінде жазылған. Хат Сталиннің өзіне (көшірмелері: БК(б) ІІ Орталық Комитетінің Ауыл щаруашылығы бөлімі-Кагановичке КСРО Халық Комиссар
лары Кеңесі — Молотовқа) жолданған. Азаматтық ерлігі жоғары және принц-
ипшіл адал адам болған Рысқұлов етек алған қасірет туралы шындықты ашып көрсетуден тайсақтамады. «Сізден осы жазбамен танысып шығып, бұл іске араласуды және сол арқылы аштан өлуге душар болған көптеген адамдардың өмірін құтқарып қалуды өтінемін». Одан әрі үдей түскен қасіретті ашып көрсе-
тетін беттер келеді, солардың бір бөлігін келтіріп те отырмыз: «Қазақстанмен көршілес өлкелерге көшіп барғандардың жерлерінен шамамен алынған соңғы деректер бойынша қазір: Орта Еділде — 40 мың, Қырғызстанда-100 мың, Батыс Сібірде — 50 мың, Қарақалпақстанда-20 мың, Орта Азияда-30 мың қазақтар бар. Көшіп кетушілер тіпті Қалмыкия, Тәжікстан, Солтүстік өлке және басқалар сияқты алыс жерлерге де барған. Байлар бастаған халықтың бір бөлігі Батыс Қытайға көшіп кеткен...Бұл әдетте жазды күні жақын жерлерге және мал бар кезде болатын жай көшу емес, едәуір дәрежеде аш адамдардың тамақ іздеп босуы».
Хатта 1932 жылғы наурыз айында Ақтөбе облысында қызмет еткен Москва Қызыл Крест отрядының баяндамасынан Торғай сияқты аудандардың халқын аштық пен індет жайлағаны жөніндегі деректер келтірілген. Мысалы, 1930 жылы Ақтөбе облысында 1012500 адам тұрған болса, 1932 жылы 725800 адамға, яғни 71% кеміген. Қызылордаауылдық кеңестерінің көпшілігінде халықтың 15-20 проценті ғана қалған. Балқаш ауданында сол жылдары (жергілікті ОГПУ деректері бойынша) 60 мың адам қоныстанған, оның 12 мыңы аштықтан біржола ауа көшкен, 36 мыңы қырылып, небәрі 12 мың адам ғана қалған.
Зұлмат ауқымының зор болғаны сонша, 1930-1932 жылдардағы аштық тарихқа «ұлы жұт», қазақ халқының аса зор қасіретті жылдары ретінде енді.
Достарыңызбен бөлісу: |