Педагогикалық-психологиялық қызметтің 2015-2016 оқу жылында жасалған жұмыстарға жылдық есебі
2015-2016 оқу жылында педагогикалық-психологиялық қызметте жоспар бойынша жұмыс жасалды. Балалармен қыркүйек, қазан, сәуір және мамыр айларында балаларды диагностикалап қараша-наурыз айлары аралығында коррекциялық түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді. Кеңес беру қызметі қажет етілген уақытта берілді. Ағартушылық жұмыс айлық жоспар негізінде жұмыстар жүргізілді.
Педагогикалық-психологиялық қызметтің мақсаты:
Білім беру барысында балалардың дамуы үшін психологиялық көмек көрсету арқылы, балалардың жеке тұлға ретінде қалыптасып, дамуына ықпал жасау.
Міндеттері:
Балалардың жасерекшеліктері мен жеке дамуын ескеріп, әр балаға сай психологиялық тұрғыдан жағдай жасау;
Білім беру саласында әр балаға дер кезінде психологиялық көмек көрсету және алдын-алу жұмыстарын жүргізу;
Педагог кадрлар мен ата-аналарға психологиялық көмек беру арқылы психологиялық білімдерін кеңейту.
Жұмыстың негізгі бағыттары:
1. Психодиагностикалық жұмыс
2. Коррекциялық түзету-дамыту жұмыстары
3.Ағартушылық жұмыс
4. Кеңес беру жұмысы
5. Ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс
Педагогикалық-психологиялық қызметтің диагностика бағыты бойынша келесідей жұмыстар атқарылды:
2015-2016 оқу жылының қыркүйек айында «Алғашқы қадам» және «Зерек бала» топ ата-аналары арасында «Отбасының әлеуметтік жағдайын анықтауға» арналған сауалнама алынды. Балалардың отбасы туралы толық мағлұмат алу мақсатында жүргізілді. Сауалнамаға 38 ата-ана қатысты. Толық отбасы 38, толық емес отбасы, ажырасқан, сәтсіз отбасылар жоқ. (Сауалнаманың жалпы қорытындысын №1 хаттамадан көруге болады).
Қыркүйек, қазан және сәуір, мамыр айларында «Алғашқы қадам» топ балаларына «Бине-Симон шкаласы» әдістемесі жүргізілді. Әдістеме мақсаты: балалардың таным процестерін жалпы анықтау. Әдістеме қорытындысы бойынша балалар берілген сұрақтарға толығымен жауап бере алды. (хаттама №2)
Балалардың зейінінің шоғырлану деңгейін анықтауға барысында «Не өзгерді?» әдістемесі алынды. ( хаттама №4, №13)
Балалардың заттарды толық қабылдау қабілеттерін анықтауға арналған «Не жоғалды?» әдістемесі алынды. ( хаттама № 6, 15)
Есте сақтау қабілеттерін және ақпаратты дыбыстап айтуын анықтау мақсатында «Суреттерді есіңде сақта» әдістемесі жүргізілді. (хаттама №8,17)
Балалардың образды-логикалық ойлау, ақыл-ой операциясын талдауы мен біріктіруі қабілеттерін анықтау мақсатында «Төртінші артық» әдістемесі жүргізілді. ( хаттама 10, 19)
Достарыңызбен бөлісу: |