ТК 4.01-07-2012
10
мынадай құрамдағы бригада орындайды:
- 7 разряд роботтехникалық кешенінің операторы (Ок) – 1 адам;
- 5 разряд роботтехникалық кешені операторының көмекшісі (ПО) – 1 адам;
- 3 разряд (С1, С2, С3) авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының (АКЖ) слесарі –
3 адам.
Электр құрал-саймандарымен жəне электр жабдықтарымен жұмыс істейтіндерде электр
қауіпсіздігі бойынша 1 біліктілік тобы бар болуы тиіс.
Іштен жанатын қозғалтқышы, автономды сорғысы бар жылжымалы электр станциясына,
сондай-ақ өзге де механикалық жабдықтарына қамтамасыз ету үшін жұмыс кешенінде 4 разряд
электр станциясының машинисті қатысады (Мэ) – 1 адам.
5.1.4 Құбыржолдарының телевизиялық инспекциясы бойынша жұмыстарды орындау
кезінде жұмыс орнын ұйымдастыру схемасы 8, 9-cуреттерде келтірілген.
1 – инспекцияланған құбыр жолдары;
2 – роботы бар катамаран;
3 – жүкарба (таль);
4 – қоректендіруші кабелі бар барабан;
5 – автофургон;
6 – телевизиялық кабелі бар барабан;
7 – жылжымалы электр станциясы;
8 – басқару бекетінің жабдықтары;
ПО, Ок, Мэ, С1, С2,С3 – жұмысшылар мен машинисттердің орналасу орны
8-cурет - Тербелмелі модуль базасындағы құбыржолдарының телеинспекциясы кезінде
жұмыс орнын ұйымдастыру схемасы
ТК 4.01-07-2012
11
1 – инспекцияланған құбыр жолдары;
2 – роботы бар өздігінен жүретін арба;
3 – жүкарба (таль);
4 – қоректендіруші кабелі бар барабан;
5 – автофургон;
6 – автономды сорғы;
7 – телевизиялық кабелі бар барабан;
8 – жылжымалы электр станциясы;
9 – басқару бекетінің жабдықтары;
ПО, Ок, Мэ, С1, С2,С3 – жұмысшылар мен машинисттердің орналасу орны
9-сурет – Өздігінен жүретін робот кешенінің көмегімен құбыржолдарының
телеинспекциясы кезінде жұмыс орындарын ұйымдастыру схемасы
5.2 Жұмыс жүргізу технологиясы
Құбыржолдарын телевизиялық тексеру бойынша жұмыстары мынадай технологиялық
бірізділікпен орындалады:
а) дайындық жұмыстары;
б) негізгі жəне қосымша жұмыстар:
- телеинспекциялық жабдықтарды дайындау;
- итерілетін жүйенің көмегімен құбыржолдарының телеинспекциясы;
-
өздігінен жүретін роботтехникалық кешенінің көмегімен құбыржолдарының
телеинспекциясы;
- тербелмелі теледиагностикалық модуль базасындағы телеинспекциясы;
- телеинспекциялық жабдықтарды бөлшектеу;
в) қорытынды жұмыстар.
5.2.1 Дайындық жұмыстары
Техникалық персоналдан нұсқау алып, қауіпсіздік техникасы жəне еңбекті қорғау
ТК 4.01-07-2012
12
бойынша нұсқаулық өтіп, жобалық құжаттамамен, ЖЖЖ жəне осы технологиялық картамен
танысып,
жұмысшылар
қажетті
аспаптар,
құрал-саймандар,
материалдар
алады,
механизмдердің жинақтылығын жəне дұрыстығын тексереді.
Құбыржолдарын телевизиялық тексеру көршілес қарау құдықтарының арасында жеке
бөлінген учаскелер бойынша орындалады.
Тексеруге жататын құбыр жолдары учаскелерінде жұмысты бастамас бұрын (кəріз
желілерінің құдықтарында газдың болуын тексереді, құдықтарды көзбен шолу, естілмейтін
қондырғыларды жəне т.б. орнату) қаруға дайындау қажет.
5.2.2.1 Телеинспекциялық жабдықтарды жұмысқа дайындау
Автофургон құбыр жолындағы (қарау құдығы) роботы бар (итерілетін жүйедегі
тербелмелі модуль) өздігінен жүретін арбаны жүргізу орнынан жақын жерде орналастырылады
жəне жабдықтарды түсіруді орындайды. Автофургонды жайғастыру ЖЖЖ талаптарына сəйкес
орындалуы тиіс. Роботтехникалық кешенінің барлық негізгі жəне қосымша құрауыштары
қолмен тиеледі. Жылжымалы электр станциясынан электрлік кабельдер басқару бекетіне жəне
барабанға (жүкарбаға) жалғанады. Барабандардан қоректендіруші жəне телевизиялық кабельдер
роботы бар өздігінен жүретін арбаға (итерілетін жүйедегі тербелмелі модуль) жалғанады. Қарау
құдығынан суды айдау қажет болған жағдайда автономды сорғы орнатылады. Суды түсіру
алдын ала түсіру нүктесін келісе отырып, таяуда пайдалануға берілген кəріздік құдықтарда
орындалуы тиіс.
Жылжымалы электр станциясы отынмен толтырылады жəне роботтехникалық кешенінің
жабдықтарын сынамалық іске қосу (тестілеу) жүргізіледі. Рототтехникасы кешенді бастапқы
құдыққа түсіруді жүкарбаның көмегімен немесе қолмен орындау қажет. Жүкарбада орындауға
байланысты автофургонның немесе стационардың рамасында жөнделген электрлік немесе қол
жетегі бар болуы қажет.
5.2.2.2 Құбыржолының телеинспекциясы
- Телеинспекция итерілетін жүйесінің көмегімен құбыржолының телеинспекциясы.
Бейне камерасы бар кабель бастапқы құдыққа түсіріледі жəне құбыржолына кіре берісінде
орналастырылады. Механикалық итерудің көмегімен қолмен басқарылатын оператор бекетінен
екі жақты рация арқылы құбыржолының тексерілетін учаскесінің қарсы бетіндегі қабылдаушы
құдықтағы шығу тесігіне құбырмен итеріледі. Бір мезетте мониторда камерасы бар бейне
дабылдың бейнесі көрінеді.
-
Өздігінен
жүретін
роботтехникалық
кешенінің
көмегімен
құбыржолының
телеинспекциясы. Құбыржолының телеинспекциясы нəтижелерді біруақытта жазумен
(цифрлық жəне баспа түрінде) орындалады. Инспекцияланушы құбыр жолдары бойынша
роботы бар өздігінен жүретін арбаны ауыстыру бір мезетте мониторда камерасы бар бейне
дабылдың бейнесі көрінетін, автофургон операторының бөлігінде орналасқан қашықтықтан
басқару пульті арқылы орындалады.
- Тербелмелі модуль базасындағы құбыр жолының телеинспекциясы. Жұмыс басталмас
бұрын қалқыбелгінің көмегімен құбыржолына сақтандырушы арқан жіберіледі жəне одан кейін
сақтандырушы арқан ретінде құбыржолының тексерілетін учаскесінің қарсы бетіндегі
қабылдаушы құдықтан шығарып, оған бейне камерасы бар қайықша механизм жалғанады жəне
құбыржолына телеинспекциялық жабдықты іске қосады. Арбаны матау (қайықша механизмі)
жабдықтың аталған типін монтаждау жəне пайдалануға беру бойынша нұсқаулардың
талаптарына сəйкес арнайы проушиналары (рым-сомдар) арқылы тоқыма ілмектермен
орындалады.
Арбаны түсіргеннен жəне орнатқаннан кейін (қайықша механизмі) бастапқы жағдайдағы
барабандардан қоректендіруші жəне телевизиялық кабель беріледі жəне роботталған
жабдықтың тиісті ұяшығына жалғанады. Кабельге қосылған телеинспекциялық жабдықты
түсіруге тыйым салынады. Кабельдердің иілген жерлерінде қорғаушы құрылғылар – блоктарды