Тк-телеинсп



жүктеу 2,11 Mb.
Pdf просмотр
бет3/21
Дата27.12.2019
өлшемі2,11 Mb.
#25040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

ТК 4.01-07-2012 

СТ ҚР МЕМСТ Р 12.4.026-2002 

Сигнал  беру  түстері,  қауіпсіздік  белгілері  жəне 

сигнал  беру  таңбасы.  Жалпы  техникалық  шарттар 

жəне техникалық шарттар мен қолданылу тəртібі. 

МЕМСТ 12.1.046-85 

Құрылыс. 

Құрылыс 


алаңдарын 

жарықтандыру 

нормалары 

МЕМСТ 12.4.059-89 

ЕҚСЖ.  Құрылыс.  Сақтандыру  құрал-саймандық 

қоршаулар. Жалпы техникалық шарттар. 

МЕМСТ 12.4.087-84 

ЕҚСЖ. Құрылыс. Құрылыс дулығалары. Техникалық 

шарттар. 

МЕМСТ 12.4.089-86 

ЕҚСЖ.  Құрылыс.  Сақтандыру  белдіктері.  Жалпы 

техникалық шарттар. 

МЕМСТ 10597-87 

Маляр  қылқаламдары  жəне  щеткалар.  Техникалық 

шарттар. 

МЕМСТ 23407-78 

Құрылыс-монтаждау  жұмыстарын  жүргізудің  құрал-

саймандық  құрылыс  алаңдарын  жəне  учаскелерін 

қоршау. Техникалық шарттар. 

  

4 Қолданылатын машиналар мен механизмдердің сипаттамалары 

Санцияларға  дейін  құбыржолдарын  телеинспекциялау  бойынша  жұмыстар  мынадай 

жабдық түрлерінің көмегімен орындалады:   

- итерілетін телеинспекциялық жүйе; 

- өздігінен жүретін роботтехникалық кешен; 

-

 

тербелмелі модуль базасындағы кешен. 



4.1  Итерілетін телеинспекциялық жүйелер 

Итерілетін телеинспекциялық жүйелер кіші диаметрлері 50 мм-ден 250 мм-ге дейінгі түрлі 

құбыржолдарының коммуникацияларына телеинспекциялау жүргізуге арналған. 

Тексерілетін учаскенің ұзындығы 250 м дейін. Итерілетін жүйе орнатылған реттеу пульті, 

айналмалы  бейнекамерасы  жəн  түрлі  түсті  мониторы  бар  ықшам  автоматты  түрде 

басқарылатын аспапты қамтиды.  

Құбыржолы  бойынша  аспапты  жылжыту  арнайы  итерілетін  кабель  арқанның  көмегімен 

жүзеге  асырылады,  сонымен  қатар  ол  диагностикалық  жүйені  электрлік  қоректендіруді  жəне 

мониторға деректерді беруді қамтамасыз етеді.  

Телеинспекциялық итерілетін жүйелер мынадай негізгі элементтерден тұрады: 

- басқару бекеті; 

- итерілетін кабелі бар барабан; 

- бейнекамерлар; 

- бағытталған жылжымалар; 

- щеткалы жылжымалар; 

- автомобиль тұтандырғышынан қосылуға арналған бейімдуіштер; 

- бейнекамераның тұмшалануын тексеру тесті. 

Итерілетін телеинспекциялық жүйелердің сыртқы түрі 1-суретте келтірілген. 

 

 

 



 

 



ТК 4.01-07-2012 

 

 



 

 

 



1-сурет – Итерілетін телеинспекциялық жүйелердің сыртқы түрі 

  

Басқару бекеті – қайталама монитордан тұратын, өткен аралықтағы есептеуіші, мониторға 

арналған  жиналмалы  жаппай  қорғау  қалқаны,  мониторды  жəне  электр  қоректендіруді  қосуға 

арналған камералардың жарық беру жəне ажыратқылары бар компьютерлендірілген  жабдық. 

Ұзындығы 50 мм жəне диаметрі 7 мм итерілетін кабелі бар барабан. Барабанда  тотығуға 

төзімді серіппесі бар камераның болат штекер белгіленді.  

Өлшемі 36 мм × 53 мм бейнекамера диаметрі 50 мм құбырларда 90

о

 иілуден өтеді. Жарық 



диодты жарық бергіші бар, шолу бұрышы 80

о

, объективтік кварцті шынымен қорғалған, 20 бар. 



қысымға шыдайды.  

4.2 Өздігінен жүретін роботтехникалық кешені 

Өздігінен  жүретін  роботтехникалық  кешені,    көлік  модулінің  көмегімен  ішкі  диаметрі   

150  мм  болатын  түрлі  құбыр  өткізгіш  коммуникациялардың  телеинспекцияларды  өткізуге 

арналған.  Максималды  диаметрі  1200  мм  дейінгі  құбыржолдарды  сумен  (ағынымен)  толтыру 

кезінде 40 % болады. Роботтехникалық кешені  мынадай негізгі элементтерден тұрады:   

- басқару бекеті; 

- роботы бар өздігінен жүретін арба; 

- қоректендіруші жəне телевизиялық кабелі бар барабандар; 

        - бейне рекордер; 

        - бейне декодер. 

Өздігінен жүретін роботтехникалық кешенінің сыртқы түрі 2-суретте келтірілген. 

 

 




ТК 4.01-07-2012 

 

 



2-сурет - Өздігінен жүретін роботтехникалық кешенінің сыртқы түрі 

 

Өздігінен  жүретін роботтехникалық  кешенін  басқару  бекеті – бұл орталық процессорды, 



ақпарат  енгізу  құрылғысын  (ноутбук  немесе  стационарлық  перне  тақта),  ақпаратты  шығару 

құрылғысын  (түрлі  түсті  монитор,  принтер)  жəне  қашықтықтан  басқару  пультін  қамтитын 

компьютерлендірілген жабдық.   

Роботы  бар  өздігінен  жүретін  арба  төрт  дөңгелекті  жетегі  бар,  камерамен  жəне  жарық 

беру  лампасымен  жабдықталған  толық  басқарылатын  механизм болып табылады. Орындалған 

жəне  мəлімделген  жинақтамаға  байланысты  арба  көтергіш  құрылғымен,  қосымша  

дөңгелектермен, жарық беру элементтерімен жəне т.б. жарақталуы мүмкін. 

Өздігінен жүретін арба барабанға оралған қоректендіруші жəне телевизиялық кабелдердің 

көмегімен  басқару  бекетіне  жалғанады.  Жинақталуына  байланысты  барабандар  қолмен  жəне 

механикаландырылған  берумен  беріледі,  қосымша  кабелдің  ұзындығындай  есептеуішпен, 

қашықтықтан басқарумен, кабелдерді беруді синхорндау механизмімен, сақтандыру арқанымен 

жəне т.б. жарақтандырылады. 



4.3 Тербелмелі модуль базасындағы теледиагностикалық кешен 

 Тербелмелі модуль базасындағы теледиагностикалық кешен суды (ағынды) 70 %-ға дейін 

толтыра отырып, диаметрлері 700 мм-ден 2000 мм-ге дейін құбыржолдарды (коллекторларды) 

тексеруге арналған. 

Тербелмелі  кешеннің  артықшылықтарының  бірі  құбырлардағы  жоғары  өтімділік  болып 

табылады, онда көптеген бөмұндағы   мəндер бар. Кешеннің артықшылығы жұмыс жағдайында 

пайдаланудың жəне күтіп ұстаудың қарапайымдылығы болып табылады.  

Тербелмелі  модуль  базасындағы  теледиагностикалық  кешен    мынадай  негізгі 

элементтерден тұрады:  

- басқару бекеті; 

- роботпен қайықша механизмі; 

- қоректендіруші жəне телевизиялық кабелі бар барабандар; 

- бейне рекордер; 

- бейне декодер. 

Тербелмелі  модуль  базасындағы  теледиагностикалық  кешенінің  сыртқы  түрі  3-суретте 

келтірілген. 

 



жүктеу 2,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау