Тк-телеинсп



жүктеу 2,11 Mb.
Pdf просмотр
бет4/21
Дата27.12.2019
өлшемі2,11 Mb.
#25040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

ТК 4.01-07-2012 

 

 



3-сурет - Тербелмелі модуль базасындағы теледиагностикалық кешенінің сыртқы түрі 

 

Кешенді басқару бекеті – бұл орталық процессорды, ақпарат енгізу құрылғысын (ноутбук 

немесе  стационарлық  перне  тақта),  ақпаратты  шығару  құрылғысын  (түрлі  түсті  монитор, 

принтер) жəне қашықтықтан басқару пультін қамтитын компьютерлендірілген жабдық. 

Қайықша  механизмі  барабанға  оралған  қоректендіруші  жəне  телевизиялық  кабелдердің 

көмегімен  басқару  бекетіне  жалғанады.  Жинақталуына  байланысты  барабандар  қолмен  жəне 

механикаландырылған  берумен  беріледі,  қосымша  кабелдің  ұзындығындай  есептеуішпен, 

қашықтықтан басқарумен, кабелдерді беруді синхрондау механизмімен, сақтандыру арқанымен 

жəне т.б. жарақтандырылады. 

4.4  Құбыр  жолдарының  телеинспекциясы    бойынша  жұмыстарды  орындаудың  жинақтау 

жəне  жұмылдыру  үшін  телеинспекциялық  кешеннің  барлық  жабдықтары  автофургон  (арнайы 

жылжымалы зертхана) базасында жөнделеді. Автофургонның жүк жəне жолаушылар бөлігі екі 

бөлікке бөлінеді: оператор бөлік жəне телеинспекциялық жабдықтың артқы бөлік. Бөліктердің 

сыртқы түрі тиісінше 4 жəне 5-суреттерде келтірілген. 

 

1-Люк 


2-Қабырғалар мен төбені жылыту 

3-Бөлу аралығы 

4-Негізгі монитор  

5-Артқы бөлікті жəне жұмыс аймағын бейне 

бақылауға арналған монитор 

6-Терезе 

7-Басқару блогы 

8-Басқару пульті 

9-Екі тумбочкасы бар оператор үстелі 

10-Оператордың креслосы 

11-Екі қосымша орындық 

12-Оператор бөлігіндегі еден төсемі 



 

4-сурет – Оператор бөлігінің сыртқы түрі 


ТК 4.01-07-2012 

 

 



 

 

 



 

 

 



1-Оператор мен артқы бөліктер арасындағы 

бөлу аралықтары 

2-Қосымша прожектор 

3-Артқы жақты шолу бейнекамерасы 

4-Тазарату жүйесі (сорғы, шлангілер, 

саптамалар жəне суы бар бак) 

5-Роботтың бейне камерасынан көрініс 

алуға монитор 

6-Кешеннің кабельдік барабаны 

7-Пайдаланылған газды бөлетін жүйесі бар 

бензиндік электр агрегаты 

8-Қабырғалар мен еденнің артқы бөлігін 

тотығуға қарсы жабыны бар болат табақпен 

қаптау 


9-Роботтарды бекіту жүйесі 

10-Жиынтықтың дөңгелегін бекіту жүйесі  

11- Тербелмелі модуль базасын бекіту 

жүйесі 


12-Роботтарды сақтау жəне қамтамасыз ету 

үшін жылжымалы табандықтар 

13-Азотты үрлеу құрылғысын бекіту 

5-сурет – Телекоммуникациялық жабдықтың артқы бөліктің сыртқы түрі 

 

4.5 Құбыржолдарының инспекцияланатын учаскелеріндегі жəне су бөлу құдықтарындағы 

ағынды сулардың деңгейінен суды азайту немесе ағынды суларды айдау бойынша жұмыстарды 

ұйымдастыру үшін жұмыстарды орындау процесінде мынадай негізгі техникалық сипаттамасы 

бар автономды сорғы қолданылады: 

- сорғының өнімділігі 46 м

3

/сағ; 


- қозғалтқыштың қуаты 3,7 кВт; 

- көтергіштің максималды биіктігі 30 м; 

- лақтырудың максималды биіктігі 7,6 м; 

- салмағы 55 кг. 

Автономды сорғының сыртқы түрі 6-суретте келтірілген. 

 

 



6-сурет - Автономды сорғының сыртқы түрі  


ТК 4.01-07-2012 

4.6 Роботтехникалық кешенін электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін мынадай негізгі 

техникалық сипаттамасы бар жылжымалы электр станция қолданылады:  

- электр станцияларының қуаты 2,1 кВА; 

- қозғалтқыштың қуаты 3,2 кВт; 

- өндірілетін кернеу 230 В; 

- салмағы 43 кг. 

Жылжымалы электр станцияларының сыртқы  түрі 7-кестеде келтірілген. 

 

 

 

7-кесте - Жылжымалы электр станцияларының сыртқы  түрі  

 

4.7  Құдықта  жүкті  көтеру,  ұстап  тұру  жəне  түсіру  үшін  жүкарбаның  көмегімен  немесе 

қолмен  орындалуы  тиіс.  Орындауға  байланысты  жүкарбаның  автофургонның  немесе 

стационардың рамасында жөнделген электрлік немесе қол жетегі бар болуы қажет. Қол жетегі 

бар жүкарбаның сыртқы түрі 8-суретте келтірілген. 

 

 

 



8-сурет - Қол жетегі бар жүкарбаның сыртқы түрі  


ТК 4.01-07-2012 



5 Жұмыс жүргізуді ұйымдастыру жəне технологиясы 

 

5.1 Жұмыс жүргізуді ұйымдастыру 

5.1.1  Құбыржолдар  телеинспекциясы  бойынша  Жұмыс  жүргізуді  ұйымдастыруды 

жобалық  құжаттамалардың,  ҚР  ҚН  1.03-00,  ЖЖЖ  жəне  осы  технологиялық  картаның 

талаптарына сəйкес орындалуы тиіс.  

5.1.2  Құбыржолын  телевизиялық  тексеру  бойынша  жұмыс  өндірісі  басталғанға  дейін 

мыналарды: 

- отандық жұмыс өндірушіні тағайындау; 

-құбыржолдарын  пайдалануға  беруші  отандық  ұйымдардың  өкілдерін  шақыру  жəне 

инженерлік жүйелердің қорғалатын аймағындағы құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға 

наряд-рұқсаттама алу; 

-  қауіпсіздік  техникасы  жəне  еңбекті  қорғау,  электр,  өрт  қауіпсіздігі  жəне  қоршаған 

ортаны  қорғау  мəселелері  бойынша  қызметкерлерге  нұсқау  жүргізіп,  нұсқауларды  тіркеу 

журналында қол қойғызу; 

- жұмыс персоналын осы техникалық картамен таныстыру; 

-  жұмысшылар  мен  қызметшілерді  қажетті  машиналармен,  механизмдермен,  құрал-

cаймандармен,  құралдармен,  жабықтармен,  арнайы  киімдермен,  аяқ  киімдермен,  қорғаушы 

каскалармен,  респираторлармен,  газтұтқыштар  мен  басқа  да  жеке  қорғану  құралдарымен 

қамтамасыз ету;  

- телеинспекциялар үшін учаскені анықтау; 

-  олар  арқылы  телеинспекциялық  жабдықтарды  іске  қосу  жүргізілуі  тиіс  құдықтарды 

(жаңбыр суын қабылдағыштарды) айқындау; 

-  жұмыстарды  орындау  учаскелерін  жəне  жұмыс  орындарын  ұйымдастыруды                   

ҚР  ҚНжЕ  1.03-06  жəне  ЖЖЖ  (жұмыс  учаскелерін  қоршау;  құрылыс  машиналарын  жəне 

механизмдерін орналастыру үшін алаңдарды дайындау, материалдарды жəне бұйымдарды жəне 

т.б. қаттау алаңдары); 

- бекітпе арматураларды бөлшектеуді жүргізу; 

- суды (ағынды) уақытша айдау жүйесін ұйымдастыру; 

-  қарау  құдықтарындағы  улы  газдардың  концентрациясын  төмендету  бойынша  іс-

шараларды орындау (желдету, ішке сору желдеткіштері); 

-  Жұмыс  жүргізудің  қауіпті  аймақтарының  периметрі  бойынша  дабылды  қоршау  орнату 

(МЕМСТ бойынша 23407); 

-  жұмыс  учаскелерін  уақытша  электроэнергиясымен  қамту  жəне  жарықтандырумен 

қамтамасыз ету (МЕМСТ бойынша 12.1.046); 

-  машиналардың,  механизмдердің  жəне  қол  электрлендірілген  құрал-саймандардың 

дұрыстығын тексеру. 

Жұмыс жүргізуді ұйымдастыру кезінде жұмыс орны санитарлық гигиена жəне қауіпсіздік 

техникасы  талаптарын  сақтау  отырып,  өндірістік  процес  талаптарына  жəне  жұмыстарды 

орындау шарттарына сəйкес дайын болуы тиіс.  

Жұмыс орнындағы жабдықтардың, мүліктердің орналасуы жұмысқа кедергі келтірмейтін, 

құрал-саймандарға  жəне  жарақтарға  баруға  жəне  іздеуге  артық  уақыт  шығындамау  үшін 

есептеліп жоспарланады.  

Жұмыс  орнындағы    құрал-саймандар  мен  құрылғылардың  саны  оларды  алуға  жəне 

ауыстыруға  ең  аз  уақыт  шығындарымен  смена  ішінде  үздіксіз  жұмысты  қамтамасыз  ететін, 

барынша қажетті болуы тиіс.  

Құрал-саймандар  мен  құрылғылар  пайдалануға  қолайлы  тəртіпте  белгілі  бір  жұмыс 

орнында орналасуы тиіс. 



 

5.1.3  Құбыр  жолдарын  телевизиялық  инспекциялық  тексеру  бойынша  жұмыстарды 




жүктеу 2,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау