ТК 4.01-07-2012
1
ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ БОЙЫНША ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ АЙҚЫНДАУ ҮШІН
САНАЦИЯЛАРҒА ДЕЙІН ҚҰБЫР ЖОЛДАРЫН ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯЛЫҚ
ТЕКСЕРУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ
Енгізу күні 2013-05-01
1 Жалпы ережелер
1.1 Қалпына келтіру бойынша технологияларды айқындау үшін санацияларға дейін
құбыржолдарын телевизиялық инспекциялық тексеру бойынша жұмыстарды жүргізуге
арналған технологиялық карта (бұдан əрі мəтін бойынша – құбыржолдарын телеинспекциялау)
Қазақстан Республикасының құрылыс объектілерінде қолдану үшін қолданыстағы нормативтік-
техникалық құжаттардың (НТҚ) талаптарына сəйкес əзірленген.
1.2 Технологиялық карта құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру, технологиялары мен
механизмдері бойынша құрылысты оңтайлы шешімдермен қамтамасыз етуге арналған.
1.3 Технологиялық карта қалпына келтіру бойынша технологияларды одан əрі айқындау
үшін санацияларға дейін құбыржолдарын телевизиялық инспекциялық тескеру бойынша
жұмыстарды орындауды көздейді.
1.4 Технологиялық карта мынадай бөлімдерді қамтиды:
- қолдану аясы;
- номативтік сілтемелер;
- негізгі қолданылаты материалдардың сипаттамасы;
- жұмыс жүргізуді ұйымдастыру жəне технологиясы;
- материалдық-техникалық ресурстарға қажеттілік;
- жұмыс сапасын қойылатын талаптар;
- қауіпсіздік техникасы жəне еңбекті қорғау;
- еңбек шығындарының калькуляциясы.
1.5 Технологиялық картадағы еңбек режимі еңбекті бөлуді, аспаптар мен құрал-
cаймандарды жетілдіруді қолдануды есепке ала отырып, жұмыс орнын оңтайлы ұйымдастыру
кезінде еңбек процестерінің оңтайлы қарқыны, жұмыс бригадалары арасында міндеттемелерді
нақты бөлу талаптарынан қабылданған.
2 Қолдану аясы
2.1 Технологиялық карта қалпына келтіру бойынша технологияларды одан əрі айқындау
үшін санацияларға дейін құбыржолдарын телевизиялық инспекциялық тексеру бойынша
жұмыстарды орындау кезінде ҚР ҚНжЕ 1.03-05,ҚР ҚНжЕ 3.05.04 басшылыққа алған жөн.
2.2 Аталған технологиялық карта жұмыс жүргізудің мынадай талаптарын сақтай отырып,
телеинспекциялық жабдықтардың көмегімен технологиялық жағдайы туралы деректерді жинау
мақсатында елді мекендердегі құрылболдарының (сумен қамту, жылумен қамту жəне кəріз
жүйелері) техникалық жағдайына аспаптық бақылау ұйымдастыруды жəне жүргізуді
қарастырады:
-
құбыржолдарын телеинспекциялау бойынша жұмыстар ҚР ҚНжЕ 1.03-05,
ҚР ҚНжЕ 3.05.04, басқа да нормативтік-техникалық құжаттардың (НТҚ) талаптарына, жұмыс
жүргізу жобасына (ЖЖЖ) жəне осы технологиялық картаға сəйкес орындалуы тиіс;
- жұмыс орындарын жарықтандыру МЕМСТ 12.1.046 сəйкес болуы қажет;
-
құбыржолдарын телеинспекциялау бойынша жұмыстарды орындау кезінде
температуралық-ылғалдылық режимі ҚНжЕ 3.05.04 талаптарына, қолданылатын жабдықтарды
пайдалануға беру бойынша паспорттар мен нұсқауларға сəйкес қабылданады.
2.3
Қалпына келтіру бойынша технологияларды одан əрі айқындау үшін санацияларға
ТК 4.01-07-2012
2
дейін құбыржолдарын телевизиялық инспекциялық тексеру бойынша жұмыстар, мынадай
технологиялық бірізділікпен орындалады;
а) дайындық жұмыстары
б) негізгі жəне қосымша жұмыстар:
- телеинспекциялық жабдықтарды дайындау;
-
телеинспекциялаудың
итерілетін
жүйелердің
көмегімен
құбыржолдарын
телеинспекциялау;
- комплекса өздігінен жүретін роботтехникалық кешенінің көмегімен құбыржолдарын
телеинспекциялау;
- тербелмелі модуль (тербелмелі теледиагностикалық кешен) базасында құбыржолдарын
телеинспекциялау;
- телеинспекциялық жабдықтарды бөлшектеу;
в) қорытынды жұмыстар.
2.4 Құбыржолдарын телевизиялық инспекциялық тексеру бойынша жұмыстарды
жүргізуге арналған технологиялық карта ҚР ҚНжЕ 1.03-05,ҚР ҚНжЕ 3.05.04 талаптары жəне
басқа да қолданыстағы жұмыс жүргізу жобасының НТҚ жəне осы технологиялық картаның
2.2-тармағы сақталған кезде жылдың кез келген уақытында жұмыстарды орындауды көздейді.
2.5 Технологиялық картаның жұмыс жүргізудің нақты объектілеріне жəне шарттарымен
байланысы жұмыс көлемдерін, еңбек жəне материалдық-техникалық ресурстардағы қажеттілік
деректерін, механикаландыру құралдарын нақтылаудан, сапаны бақылау, қауіпсіздік техникасы
жəне еңбекті қорғау бойынша іс-шараларды түзетуден тұрады.
2.6 Осы технологиялық картаны пайдалану кезінде ағымдағы жылға арналып жасалған
Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің (НҚА)
жəне архитектура, қала құрылысы, құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі бойынша НТҚ, сондай-ақ ағымдағы жылы жарияланған тиісті ақпараттық нұқсқаулар
бойынша күшіне енген НҚА мен НТҚ қолданысын тексеру қажет.
Егер сілтеме жасалған НҚА мен НТҚ ауыстырылған (өзгертілген) болса, онда осы
технологиялық картаны қолданған кезде, ауыстырылған (өзгертілген) НҚА мен НТҚ
басшылыққа алу қажет.
Егер сілтеме жасалған НҚА мен НТҚ ауыстырылмай күшін жойса, онда сілтеме жасалған
оның ережесі осы сілтемені қозғаймайтын бөлікте қолданылады.
3 Нормативтік сілтемелер
Осы технологиялық картада мынадай нормативтік-техникалық құжаттамалар (НТҚ)
пайдаланылды
ҚР ТЖМ-ның 2011 жылғы 21 қазандағы №245 бұйрығымен бекітілген Жүккөтергіш
крандардың құрылғылары жəне пайдалануға беру бойынша өндірістік қауіпсіздік талаптары .
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1682 қаулысымен
бекітілген «Өрт қауіпсіздігі қағидалары.
ҚР ҚНжЕ 1.03-05-2001
Құрылыстағы еңбекті қорғау жəне қауіпсіздік
техникасы
ҚР ҚН 1.03-00-2011
Құрылыс өндірісі. Кəсіпорындарды, ғимараттар мен
құрылыстарды салуды ұйымдастыру.
ҚНжЕ 3.05.04-85*
Сыртқы желілер жəне сумен қамту жəне кəріз
құрылысы
МЕМСТ 12.1.004-91
ЕҚСЖ. Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар.
МЕМСТ 12.1.013-78
ЕҚСЖ. Құрылыс. Электр қауіпсіздігі. Жалпы
талаптар.