Бақылау құзіреттері Есеп комитеті (Есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №17-НҚ) нормативтік қаулысының 3 тармағының 8) тармақшасына сәйкес), Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті («Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 18-бабының 4-тармағы 1) тармақшасына сәйкес) сияқты мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады, олар орындалуы міндетті болатын ұсыныстарды енгізуге құқылы.
Агенттіктің тексеру қорытындысы бойынша актілері қызмет алушылардың құқықтарын қалпына келтіруге көздесе және алдын алу сипатында болса, жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың бақылау функциялары және олардың енгізген ұсыныстары мемлекет мүддесін қорғауға бағытталған.
Қызметті алушылар халық пен бизнес екендігін назарға алсақ, енгізілген ұсынымдардың сапалы және толыққанды орындалуы олардың құқықтарын қалпына келтірудегі негізгі құрал болып табылады.
Осыған байланысты, мемлекеттік қызмет көрсетуді сапасын бақылау және бағалау жөніндегі уәкілетті органға келесі құзіреттерді беру арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау мәселесін жетілдіру ұсынылады:
орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына, қалалардағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, поселкелердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне, Мемлекеттік корпорацияға, сондай-ақ, қызмет берушілерге өзінің құзіреті шегінде ҚР заңнамаларына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы қаралуы міндетті ұсыныстар енгізу;
қызмет алушылардың, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша оның ішінде, қызмет берушілердің олардың жүгінулерін мерзімінде және сапалы қарауы жөніндегі шағымдарын қарау;
Бұл тетік мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау функцияларын толыққанды жүзеге асыруға ықпал етуге негізделеді.
Ұсынылған шаралар мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заң бұзушылықтарды және олардың пайда болу себептерін жоюға, сондай-ақ, азаматтар мен бизнестің құқықтарын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
3. Заң жобасын қабылдаудың мақсаты.
Заң жобасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша елдер тобының (СКЕТ), ЭЫДҰ Стамбул жоспары мониторингінің үшінші және төртінші раундтарының ұсынысатын, 2016 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Ұлттық баяндамадан шығатын заңнамалық шараларды іске асыру, сонымен қатар мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы әрі қарай жетілдіру, жемқорлықтың туындауын жүйелі түрде ескерту және құқықтық ақауларды, келіспеушіліктерді, жұмылдыруларды жою жолымен мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын сақтауды бақылау мақсатында әзірленді.
4. Заң жобасын реттеу нысаны.
Мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылау, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау, болдырмау, ашу және тергеу саласындағы қоғамдық қатынастар.
5. Заң жобасының құрылымы және мазмұны.
Заң жобасы екі баптан тұрады.
1-бап Қазақстан Республикасының келесі заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Қылмыстық кодексі;
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексі;
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексі;
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі;
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 суірдегі Заңы;
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы «Дипломатиялық қызмет туралы» Заңы;
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы;
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы;
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы;
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы;
2-бап заң жобасын қолданысқа енгізу тәртібін қарастырады.
Заң жобасының құрылымы «Құқықтық актілер туралы» заңның 23-бабында қарастырылған талаптарға сәйкес түзетіледі.
6. Заңнама актілерін тиісті салада жүргізілген құқықтық мониторингілеу нәтижелері.
«Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңға құқықтық мониторинг жүргізді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнамалық актілерге жүргізілген монитиониг қорытындысы бойынша ескірген, сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын, әсерсіз іске асырылатын нормалар анықталған жоқ.
Сонымен бірге, «Сыбаййлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңда осы Заң мен басқа заңдар арасында кемшіліктер тудыратын нормалар бар.
Атап айтқанда, әртүрлі заңнамалық актілерде «лауазымды тұлға» анықтамасын теңестіру қажеттілігі көрсетіледі.
Сонымен қатар Қылмыстық кодекс пен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң нормалары арасында сыбайлас жемқорлық субъектілерін белгілеуде кемшіліктер бар.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның 1-бабы 4)-тармақшасында мемлекеттік функцияларды орындауға құзырлы тұлғаларға теңестірілген тұлғалардың тізбесіне квазимемлекеттік секторы субъектісінде басқару функцияларын орындайтын тұлға енгізілген.
Өз кезегінде Бюджеттік кодексте квазимемлекеттік сектордың субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер, құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық компаниялар, сонымен қатар еншілес, тәуелді және олармен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теңестірілген басқа заңды тұлғалар деп белгіленген (1-баптың 31-тармақшасы).
Қылмыстық кодекске сәйкес мемлекеттік ұйымда немесе жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан асатын ұйымда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингте, ұлттық холдингте, ұлттық компанияда, ұлттық даму институтында, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымға тиесілі заңды тұлға басқару функцияларын орындайтын адаммемлекеттік функцияларды орындауға құзырлы тұлғаларға теңестіріледі (3-баптың 28)-тармақшасы).
Осыйлайша, Қылмыстық кодекс Қылмыстық кодекс сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар субъектілеріне мемлекеттің қатысу үлесі 50% астамды құрайтын квазимемлекеттік сектор заңды тұлғаларының басшыларын жатқызады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар субъектілеріне мемлекеттің кез келген қатысу үлесі бар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары жатады.
Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызмет саласындағы заінамалық актілерге жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша ескірген, сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын, әсерсіз іске асырылатын нормалар анықталған жоқ.
7. Заң жобасын қабылдаған жағдайда болжанатын құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдар.
Заң жобасын қабылдау мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерін құқықтық қолдану тәжірибесімен сәйкестендіруге бағытталған, ол заң жобасын қабылдаған жағдайда жағымсыз құқықтық салдарды болдырмайды, сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына мемлекеттік бақылауды реттеуге заңнамалық-құқықтық негіздер жасауға бағытталған.
Заң жобасын қабылдаудың құқықтық салдары сапасы ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасындағы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органның қызметін реттеу механизмдеріне кешенді көзқарасты, сонымен қатар тәжірибе барысында туындаған құқықтық қатынастарды реттеудегі құқықтық кемшіліктерді жоюды бөліп айта кеткен жөн.
Заң жобасын қабылдаудан әлеуметтік-экономикалық салдар тарапынан мыналар күтіледі:
конкурстық рәсімдерді жетілдіру, мемлекеттік органдардың кадрлық мәселелерді шешудегі мобильдігін арттыру, мүмкін болатын кадрлық жетіспеушілік қаупін төмендету;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, ол мемлекеттік қызметтерді көрсету әсерлілігін арттыруға, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама бұзушылықтарды және және олардың туындау себептерін жоюға, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша азаматтардыңқұқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша шараларды оперативті түрде қабылдауғажәне қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын дұрыстауға ықпал етуге мүмкіндік береді;
сыйбайлас жемқорлықты әлеуметтік-экономикалық факторы ретінде төмендету;
сыйбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының салдарын болдырмау және жою;
сыйбацлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Жалпы заң жобасын қабылдау жағымды құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеледі және мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылау, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау, болдырмау, ашу және тергеу саласындағы қоғамдық қатынастар бойынша міндеттерді шешуге әкелуі тиіс.
8. Басқа заңнамалық актілерді әзірленіп жатқан заң жобасымен бір уақытта (алдағы уақытта) сәйкестендіру қажеттілігі.
Басқа заңнамалық актілерді әзірленіп жатқан заң жобасымен бір уақытта сәйкестендіру талап етілмейді.
9. Заң жобасы мәнінің басқа нормативтік құқықтық актілермен реттелуі.
Қазіргі уақытта заң жобасын реттеу мәніне кіретін мәселелер Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстер, Еңбек кодексі, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодекс, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Дипломатиялық қызмет туралы» заңдар сияқты заңнамалық актілермен реттеледі.
10. Қарастырылып жатқан мәселе бойынша шетелдік тәжірибенің ескерілуі
Ғасырлар бойы мемлекеттік қызмет жүйесі дамып, қазіргі заманауи мемлекеттік қызметтердің негіздері мен формаларының негізін қалады. Бұл үрдістің генезисі патронаждан бас тарту және меритократия қағидаттары негізіндегі (қосқан үлес жүйесі) мемлекеттік қызметті қалыптастыруға бағытталды.
Мансаптық жүйе негізінен, ұзақ мерзімді сынақтан өтіп, арнайы оқу орнынан оқытудан өткесін мемлекеттік қызметке басқару жүйесіндегі ең төменгі лауазымдардан бастап кірумен сиапатталады.
Мемлекеттік қызметші өз қызметін тиісті мамандық бойынша бастап, еңбек ақысының өсуімен мансаптық жоғарылауға қол жеткізе алады. Бұл жүйе иерархиялық сипатта және заңнама талаптарының қатаң сақталуымен жүзеге асырылады.
Яғни, аталған жүйе мемлекеттік қызметшілер үшін нақты біліктілік талаптарын айқындауға мүмкіндік береді және мемлекеттік қызметшінің мансаптық жоғарылауында шешуші роль ойнайды.
Мансаптық жүйе Бельгия, Германия, Греция, Испания, Франция, Ирландия, Люксембург, Австрия, Португалия сияқты дамыған мемлекеттерге тән.
Ұлыбритания, Армения, Франция, Канада сияқты мемлекеттердің сыртқы және ішкі конкурстар ескерілген заңнамаларында қызметтен босатылған мемлекеттік қызметшілердің ішкі конкурстарға қатысуға мүмкіндіктері жоқ.
Мысалға, Ұлыбритания заңнамасы басшылық құрамның келісім шарт мерзімі қысқа болған жағдайда конкурстан тыс тағайындалуына рұқсат береді, өз кезегінде, Грузияның мемлекеттік қызмет туралы заңнамасы қызметші Президент немесе Парламентпен тағайындалған жағдайда жалпы конкурсқа қатыспауына мүмкіндік береді.
Гонконгта мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі енгізілді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің әрбір санатына рекрутинг саясатын қалыптастыруға, сонымен бірге қызмет қажеттіліктерін қанағаттандыратын жеке сынақ мерзімін белгілеуге болады.
Германияда шенеунікке сынақ мерзімі жоғары білім мекемесін аяқтаған соң белгіленеді. Жалпы ереже бойынша шенеунік ең алдымен нақты айқындалмаған мерзімге тағайындалып, кейін сынақ мерзімі белгіленеді. Сынақ мерзімін сәтті өткен соң ол өмір бойы сол лауазымға тағайындалады (егер де бұл үшін барлық қажетті алғышарттар болған жағдайда). Сынақ мерзімінің ұзақтығы шенеуніктің рангісіне байланысты және бірден төрт жылға дейінгі мерзімді қамтиды.
Мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың сингапурлық жүйесі халықаралық ұйымдармен әлемдегі ең үздіктердің бірі болып табылды.
Сингапурлық мемлекеттік қызметтің тиімділігі қатаң тәртіп, заң және қызметтік әдеп талаптарын сақтау, шенеуніктердің еңбексүйгіштігі мен талаптылығы, кәсібилігі мен жоғары дайындығы; меритократия принципі негізінде қабілетті кандидаттарды жұмысқа алу, сыбайлас жемқорлықтың төмен деңгейі, елдің саяси лидерлері тарапынан жоғары талаптар, үздіксіз дамуға ұмтылыс пен нақты нәтижелерге қол жеткізудің салдары болып табылады.
Сонымен бірге, Европалық Одақ елдерінде мемлекеттік қызметте мансаптық жоғарылаудың басты шарты мемлекеттік қызметшілердің біліктілікті көтеру бойынша міндетті немесе ерікті оқытудан өту болып табылады.
Тиісті курстарын ұсынған мемлекеттік басқарудың арнайы мектептері бар немесе мемлекеттік қызметшілер қосымша білім алудың мүмкіндіктерін өз бетінше қарастырады.
Бұдан басқа, айта кету қажет, әлемдегі 75 мемлекеттің заңнамасы «сыбайлас жемқорлық үшін кінәлі деп танылған мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке қайтадан кіре алмайды» деген ұстанымды қабылдады.
Тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жақсарту мәселелері көптеген заманауи мемлекеттердің саясатында маңызды орын алады. Аталған саясат атқарушы билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін тиімдірек етуге бағытталған.
Мемлекеттік басқаруды реформалаудың қазіргі кезеңінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын басқару мәселелері өзекті болуда.
Мемлекеттік органдар қызметін жақсартудың негізгі басымдықтарының бірі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін көтеру.
Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Канада, Малайзия, Венгрия, Польша, Оңтүстік Корея және басқа да елдердегі тәжірибені талдау нәтижесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесі бойынша әлемдік тәжірибенің негізгі қағидаттарын анықтауға болады.
Аталған үрдістер басты бағыты тұтынушылармен «кері байланыс» қағидатын іс-жүзінде қолдану арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру болып табылатын әкімшілік реформалар шеңберінде жүргізіледі.
Мысалға, АҚШ-та мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын көтеру бойынша ұсынымдарды жасақтау бойынша жауапкершілік 1993 жылдың 3 наурызында құрылған мемлекеттік мекемелердің қызметін қайта қарау бойынша Ведомствоаралық комиссияға жүктелген.
Польшада мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелерін Премьер-Министр кеңсесі жанындағы мемлекеттік жүйені реформалау бойынша Үкіметтік уәкіл үйлестіреді. Аталған орган міндетіне мемлекеттік басқару саласындағы реформалардың стратегиялық бағыттарын жасақтап, олардың орындалуын бақылау, халықаралық көмекті үйлестіру және жекешелендіруді жүргізу.
Малайзияда мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің реформасымен Премьер-Министр кеңсесі жанынан бөлімше ретінде құрылған әкімшілік модернизация және басқарушылық жоспарлау (MAMPU) Бөлімі айналысады. Аталған бөлімнің басты міндеті мемлекеттік секторда әкімшілік реформаларды жүргізу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеру және мемлекеттік қызмет тиімділігін көтеру.
Бұдан басқа, Әзірбайжанда Президент Жарлығымен (2012 жылдың 5 қыркүйегіндегі № 706) азаматтарға қызмет көрсету және әлеуметтік инновациялар бойынша Мемлекеттік агенттік құрылып, оның кемшіліктер мен заңбұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдары басқа мемлекеттік органдарға орындау міндетті болып табылады және қызмет алушыларды қорғау мен құқығын қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.
Осымен шетелдік тәжірибе мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жоғары деңгейде үйлестірудің қажеттілігін көрсетеді.
Соңғы онжылдықтарда әлемде жергілікті өзін-өзі басқару, мемлекеттік органдар және құрылымдармен жүзеге асырылып жатқан сервистік қоғамдық басқару идеясы негізінде сервситік мемлекет құру үрдісі белсенді жүруде.
Бұл модель бойынша тұрғындарға қоғамдық қызметтерді көрсету, жеке секторға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің функцияларын беру және тиімділіктің басты көрсеткіші ретінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау, яғни «тұтынушылардың қанағаттандырылуы» ескерілген.
Құқық қорғау органдары, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуының құқықтық негізі құқық қорғау органдары қызметкерлеріне әлеуметтік кепілдіктерді реттейтін «Құқық қорғау қызметі туралы» Заң нормалары бар.
Аталған кепілдіктер Қазақстан үшін де, таяу және алыс шетелдегі мемлекеттер үшін стандартты болып табылады. Мәселен, Европа, АҚШ, Латвия, Ресей елдерінде құқық қорғау органдары қызметкерлеріне еңбек ақы төлеудің ерекше нысанына кепілдік берілген, тұрғын-үйді жеңілдікпен беру, жұмыстан шығу, қысқару, жарақат алу, мүгедектік үшін жәрдемақы, компенсациялық төлемдер, тегін медициналық қызмет.
Германияда полицейлерге тегін сақтандыру, тұрғын-үйге жеңілдіктер, қалалық қоғамдық көлікте тегін жүру құқығы берілген.
Латвияда бюджет есебінен Мемлекеттік полиция және қауіпсіздік полициясы қызметкерлеріне тұрғын-үй арендасы мен коммуналдық шығындарын төлеу жүргізіледі. Полицейлерге компенсация көлемі 57,5-тен 90 латқа дейін. Бұған жыл сайынғы 15 пәтерді сатып алу – әрқайсысы 3500 латтан, 3 тұрғын-үй сатып алу – әрқайсысы 18 500 лат және құны 75 000 лат тұратын бір тұрғын-үй құрылысын қосыңыз.
Осының барлығын Латвия Ішкі істер министрлігі өзінің қарамағындағыларға заңда көрсетілген әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету үшін жасауда.
Бір ғана пәтерді сатып алу 3500 лат болса, полицейдің жанұясын сатып алынған немесе салынған жеке үйге қоныстандыруға болады. Айта кету қажет, ІІМ салған үйлер – 3-4 отбасы тұра алатын екі қабатты коттедждер.
Ресейде Федералдық заңмен полиция қызметкерлеріне әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған: ел шеңберінде көліктің барлық түрлерінде тегін жүру (таксиден басқа), іссапарлар барысында қонақүйлерде кезектен тыс орындар алу, балаларға жәрдемақы (көпбалалы құқық қорғау органдары қызметкерлеріне көтеріңкі субсидиялар беріледі), қызметтік және жеке-меншікке тұрғын-үй беру, тұрғын-үйді жалдауға қаржылай компенсация, тұрғын-үй сатып алуға және құрылысын жүргізуге бір реттік әлеуметтік төлемдер.
Учаскелік лауазымдағы полицейлер тұрғын-үй алуға кезекке тұруға құқығы бар. 6 ай ішінде әкімшілік полиция қызметкеріне қызметтік пәтер беруге міндетті. Сондай-ақ полицей үшін мемлекеттік қаржы есебінен тұрғын-үй салынуы мүмкін.
Егер де полиция қызметкері отбасымен жаңа тұрғылықты жерге қоныстанған жағдайда (қызметтік тұрғын-үйге де), оған және оның отбасына келесі жеңілдіктер беріледі:
жеке заттарын көшіріп алу үшін таксиден басқа көліктің кез-келген түрін тегін пайдалану;
тәуліктік әлеуметтік төлемдер;
бір реттік көтермелеу жәрдемақысын алу.
Бұдан басқа, аталған жеңілдіктерді алу үшін бірқатар шарттар бар:
егер полиция қызметкерінде тұрғын-үй болмаса;
полиция қызметкері жатақхана немесе коммуналдық пәтерде тұрса;
егер тұрғын-үйде тұру жағдайлары минималды талаптарға жауап бермесе.
Полиция қызметкерлеріне ипотекалық несиені рәсімдеу барысында жеңілдіктер қарастырылған. Алайда, ол үшін келесі критерийлерге сай болу қажет:
- полицейдің қызмет өтілі 10 жылдан кем емес;
- полицейде тұрғын-үй сертификатын алуға рұқсаты болуы қажет;
- полицейдің тұрғын-үйде тұру жағдайы минималды нормаларға сәйкес келмеуі себебінен жағдайды жақсартуды талап етеді.
Жеңілдіктің мәні:
- ипотекалық несенің жылдық ставкасының төмендетілген пайызы;
- ипотекалық несиені төлеудің көбейтілген мерзімі.
Бұдан басқа, полицейге 50 жылға есептелген субсидия беріледі. Бұл төлемдер қарыздың алғашқы бөлігін жабуға жұмсалады. Қарыздың екінші бөлігін полиция қызметкері өзі төлейді. Алайда, банк тәркілеуі себебінен тұрғын-үйсіз қалмау үшін, полицей төлемдердің мерзімін өткізіп алмауы керек.
Шет мемлекеттерде полиция қызметкерлеріне кең көлемде әлеуметтік жеңілдіктер беру құқық қорғау органдарының беделі мен тартымдылығын көтереді.
Бұдан басқа, бұл жеңілдіктерге қарама-қарсы барлық әлеуметтік жеңілдіктерден, соның ішінде зейнетақыдан да, айырылу тәуекелі бар, егер де қызметкер сыбайлас жемқорлық заңбұзушылыққа жол берсе (Нидерланды, АҚШ).
Шетел тәжірибесіне талдау жүргізу нәтижесінде анықталғандай, бірқатар елдерде сыбайлас жемқорлық субъектілері болып барлық тұлғалар, соның ішінде мемлекеттік қызметшілер, бизнес, оның ішінде жеке бизнес өкілдері де табылуы мүмкін, және де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жемқорлық үшін жауапкершілікті енгізу арқылы жүргізілуде.
Халықаралық заңнама сыбайлас жемқорлық субъектілеріне жеке тұлғалар мен ұйымдарды жатқызуда.
Бұл ұстаным БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясы мен сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша Стамбулдық іс-шаралар жоспарында белгіленген Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) ұсынымдарымен айқындалған.
БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясы жемқорлықтың барлық түрлерін екі топқа бөледі: қоғамдық сектордағы жемқорлық және жеке сектордағы жемқорлық.
Осыған ұқсас нормалар «Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы» Европа Кеңесінің Конвенциясында көрініс тапқан (7 және 8 баптар).
Грузия, Эстония, Латвия, Литва, Молдова және Румыния қылмыстық кодекстерімен заңды тұлғалардың жауапершілігі қарастырылған.
Швеция, Польша және Словакияда заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі бөлек заңнама актілерімен бекітілген.
Германияның қылмыстық кодексі де материалдық құндылықтар үшін жеке бизнесте заңсыз артықшылықтар берілгені үшін жауапкершілік қарастырылған.
Германияның Қылмыстық кодексінің 299 параграфында қызметтік қарым-қатынаста параға уәде бергені, ұсынғаны, бергені және алғаны үшін жауапкершілік қарастырылған.
Осы мәселеге Ұлыбритания біраз кешенді түрде алғышарт жасады. Яғни, саяси, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шаралар арқылы. Бұған Ұлыбританияның халықаралық талаптарға негізделген және интернационалдық мазмұны бар парақорлық туралы Заңы дәлел.
Аталған заң 20 баптан тұрады және пара ұсыну, беру, бопсалау, алу, парақорлықтың алдын алу бойынша әрекет қылмау сияқты құрамдардан тұрады.
Заңның басты ерекшелігі, Ұлыбританияда тіркелген, елде және шетелде қызмет атқаратын барлық заңды тұлғаларды, Ұлыбританияда тіркелмеген, бірақ оның аумағында қызмет атқарып жатқан компанияларды қамтиды.
Парақорлық туралы заң компаниялардың оның талаптарын бұзғаны үшін айыппұл түрінде жауапкершілікке тартады және субъект ретінде құқық бұзушылыққа қатысы бар кез-келген тұлғалы таниды.
Финляндияның Қылмыстық кодексіне сәйкес, мемлекеттік функцияларды атқаруға өкілетті лауазымды тұлғаға қатысты белгілі іс-әрекет үшін пара беруге уәде берген, ұсынған, пара берген, егер бұл іс-әрекеттер тұлғаның қызметтік уәкілеттігіне жататын болса, пара беруші және өзге де тұлғалардың пайдасына сыйлық және басқа да мүлік ұсынғаны үшін, парақорлық үшін жауапкершілікке тартылады және екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.
2011 жылы Әзірбайжанның Қылмыстық кодексінде белсенді және белсенді емес парақорлық үшін қылмыстық құрамға «ұсыну» және «уәде беру» сияқты элементтер енгізілді.
Грузияның Қылмыстық кодексінің 338 бабы бойынша парақорлық үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, яғни лауазымды тұлға немесе оған тең лауазымдағы тұлға, уәде беру, ұсыну және ақша, құнды қағаз, мүлік немесе басқа да материалдық пайданы пара берушінің пайдасына іс-әрекет немесе әрекетсіздік үшін пара алу («белсенді емес парақорлық»).
Дания соңғы бірнеше жыл ішінде сыбайлас жемқорлықпен күресте тиімді заңнама базасы мен бастамашылдығының арқасында «құрметті пъедесталда» бірінші орында.
Жеке ұйымдар «жемқорлыққа абсолютті төзбеушілік» саясатын ұстануда, яғни, өзінің комапниясының аумағында парақорлыққа жол бермеу. Әрине, мұндай саясат белгілі шектеулермен сүйемелденеді, атап айтқанда орындамау заң жүзінде жауапкершілікке әкелетін «сыбайлас жемқорлыққа қарсы ереже» келісім шарттарына қол қою.
Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жоғарыда аталған механизмдері Литва Республикасында және Нидерландыда тиімділігін көрсетті.
Осы міндетті орындау барысында басшы Заңды жүзеге асыруға қажетті шараларды қолға алуы тиіс.
11. Заң жобасын жүзеге асырумен байланысты мүмкін қаржылық шығындар
Заң жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |