Тұжырымдамасы Заң жобасының атауы



жүктеу 307,5 Kb.
бет4/6
Дата17.01.2020
өлшемі307,5 Kb.
#27027
1   2   3   4   5   6

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет уәкілкттіліктерінің бірқатарықатары қылмыстық, қылмыс іс жүргізу кодекстарымен, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл туралы», «Жедел-iздестiру қызметi туралы», «Ақпараттандыру туралы» заңдарымен регламенттелген және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл ұлттық бюроның ережесімен көзделген.


2016 жылғы 7 шілдедегі Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес арнайы мемлекетік органдарға, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына және Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетіне ағымдағы заңшығармашылық жұмысында қосымша өзідерінің құқықтарын және міндеттерін заңнамалық регламенттелуін қамтамасыз етуі тапсырылды.

Осыған байланысты, заң жобасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы


іс-қимыл ұлттық бюроның бүгінгі күні Ұлттық бюро ережесінде ғана айқындалған құқық қорғау органдарының қызметін регламеттейтін заңнамалық актілерде жоқ жекелеген функцияларды қарастыру ұсынылады.

Осымен бірге, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің лауазымды тұлғаларының белгіленген басқару тәртібін және мемлекеттік билік институтын қол сұғушылық ететін құқық бұзышылық жасағанда әкімшілік кідірту жасауға уәкілеттілігін бекіту бөлігінде, жекелеп алғанда:



  • мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымдық және жеке тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрату және алу;

  • өзара ақпарат алмасуды, оның ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен электронды тәсілмен қамтамасыз ете отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, басқа құқық қорғау органдарымен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.

2) ЭЫДҰ-ның ұсынымдарын іске асыру бойынша ұсыныстар

Пара нысанасы ретінде мүліктік ғана емес мүліктік емес игіліктер және артықшылықтар белгілеу

«Пара» түсінігі адаммен жеке немесе делдал бойынша параны ақша, бағалы қағаздар, басқа мүліктер, мүлік құқықтыр немесе мүлік сипаты пайдалар алу ретінде Қылмыстық кодекстің 366-бабы бірінші бөлігінің диспозицияда белгіленген.

«Кейбір сыбайлас жемқорлық қылмыстарды қарау практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 8 нормативтік қаулысына сәйкес ақша, бағалы қағаздар, материалдық құндылықтар, мүлікке құқық, сондай-ақ мүліктік сипаттағы қызметтерді заңсыз көрсету, соның ішінде мүліктік міндеттемелерден босату пара нысанасы болуы мүмкін.

Алайда, Қазақстанда ЭЫДҰ-ның сарапшыларының бағалауы бойынша парақорлық нысанасы әлі де материалдық пайда сипатымен шектелуде.

Халықаралық стандарттарға сәйкес пара түсінігі кең мазмұнда немесе мүліксіз емес игіліктерді қосатын заңдылық емес артықшылық туралы (яғни игіліктер өзінен заттай объект көрсетілмейді және сәйкес көрсетілмеген және олардың құны дәл өлшеуге болмайтыны) немесе ақшалай емес (ақшамен байланыспаған және ақшадан тұрмайтын). Сонымен БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының 3 тарауында сыбайлас жемқорлық бұзушылық негізгі құрамында көрсетілген бұзушылық нысанасы ақшалай, бағалы қағаздар, басқа мүліктер, мүлік құқықтыр немесе мүлік сипаты пайдалар тізіммен анықталмайды керісінше «құқықсыз артықшылық» сияқты кең қалыптастырылады.

Бұдан басқа, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 1-бабының 6) тармақшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық түсінігіне жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу кіретіндігін атап өту қажет.

Осыған байланысты, «пара» түсінігін халықаралық стандарттпен сәйкес Қылмыстық кодекстің ұғымдар аппаратына енгізу ұсынылады.

2) Пара алғаны үшін және коммерциялық сатып алғаны үшінші тұлғалардың пайдасына қылмыс жауапкершілікті белгілеу


Ыстамбулдық жоспардың төртінші раунд мониторинг есебінде сарапшылармен үшінші пара беру және тұлғалардың пайдасына коммерциялық сатып алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілеу ұсыным берілген.

«Пара беру» және «Пара алу» қылмыстың әртүрлі құрамдарын болып табылатындығын атап өту қажет, бір құрамы басқаны қамтымайды. Үшінші тұлғалардың пайдасына пара беру пара алу құрамы арқылы енгізіле алмайды, себебі соңғысы пара алу әрекетіне қатысты және пара берушінің жауапкершілігін көздемейді.

Осыған байланысты, ҚК 367-бабына «өзіне немесе басқа адамдарға» сөздерін қосып өзгерістер енгізу ұсынылады.

3) БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының 57-бабына сәйкес активтерді қайтару тәртібін мен жағдайларын және олармен билік етуін заңнамада көздеу

БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын 57-бабына сәйкес әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес өзінің құзыретті органдарына олар басқа Қатысушы мемлекетке жіберілген өтініші бойынша іс-қимыл жасаған кезде тәркіленген мүлікті осы Конвенцияға сәйкес адал үшінші тараптардың құқықтарын ескере отырып, қайтаруға мүмкіндік беру үшін қажет болуы мүмкін заңды және басқа да шараларды қолданады.

Бүгінгі таңда жаңа ҚПК-нің ережелерінен шет мемлекет – Конвенцияның тарапы жәбірленуші және азаматтық талапкер болып танылатындығы бір мағыналы болып табылмайды. Осылай, ҚПК-тің 71-бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық өзіне тікелей моральдық, тәндік немесе мүлiктiк зиян келтiрдi деп пайымдауға негiзі бар тұлға қылмыстық процесте жәбiрленушi деп танылады. Осы «тұлға» кім бола алатындығы және ол ретінде басқа мемлекет бола алатындығы түсініксіз. ҚПК-тің 73-бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есі дұрыс емес адамның іс-әрекетімен келтірілген мүліктік немесе моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап қойған жеке немесе заңды тұлға азаматтық талапкер болып танылады. Мәтіннен аталған тұлға ретінде шет елдік тұлғы бола алатындығы түсініксіз.

Осыған байланысты ҚПК-тің 71-бабының 12-тармағын нақтылау ұсынылады.

4) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте жеке және заңды тұлғаларды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылудың ескіру мерзімдерін ұлғайту.

ӘҚБтК-тің 62-бабына сәйкес жеке тұлға әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн, ал заңды тұлға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін оны жасаған күннен бастап үш жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды,

Бұл ретте, қылмыстық заңнамамен (ҚР ҚК-нің 71-бабы) ескіру мерзімімдерінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату негіздері көзделген. Бұл ретте, ҚР ҚК-нің 6 бөлігімен ескіру мерзімдері сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған тұлғаларға қолданылмайтындығы регламенттелген.

Қылмыстық және әкімшілік құқықтың ұқсас нормаларының айырмашылығы (1 жыл және 3 жыл мерзімсіз жауапкершілікке тартуға қарсы) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 4-бабының 8) тармақшасымен көзделген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жазаның бұлтартпастығы қағидатын жоққа шығара отырып әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша іс жүргізу саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жеткіліксіз іске асырылуын көрсетеді.

Бұдан бөлек, заңды тұлғамен салық салу, бәсекелестікті қорғау саласындағы, кеден ісі саласындағы, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы, табиғи монополиялар туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылығы үшін

ескіру мерзімі бес жылды құрайды.

Осылайша, аталған құқық бұзушылықтардың ескіру мерзімі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін белгіленген ескіру мерзімдеріне қарағанда үлкен, бұл өз кезегінде тиімсіз, себебі сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттің стратегиялық маңызды міндеті болып табылады.

Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жеке тұлғаларға 3 жылға дейін, ал заңды тұлғаларға 5 жылға дейін ұлғайту мақсаттылы.

5) Сыбайлас жемқорлық фактісі туралыжалған ақпарат хабарлағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті жұмсарту (айыапұлдың көлемін 200 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін қысқарту).

Шығыс Еуропа және ЭЫДҰ Орталық Азия елдеріне арналған Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша Ыстамбулдық жоспарының мониторингінің төртінші раундының ұсынымымен Қазақстанға заңнамалық актілерде сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы хабарлаушы тұлғаларды қорғау туралы нақты ережелерді қарастыру ұсынылады, жекелеп алғанда қысым көрсетпеу және қудалаудан қорғау әсерлі кепілдіктер. Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлық туралы анық емес ақпаратты хабарлағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін ӘҚБтК-тің ережелерін қайта қарау ұсынылады, себебі сыбайлас жемқорлық фактілері қиын дәлелденеді және олар туралы ақпарат қасақана жалған ақпарат ретінде әдейі қарастырылуы мүмкін.

БП-ның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитеттің статистикалық ақпаратына сәйкес соңғы 6 жыл ішінде республика бойынша ӘҚБтК-ның 334-1-бабы бойынша (күші жойылған) және ӘҚБтК-ның 439-бабы бойынша барлығы 3 жағдай тіркелген (2010ж. – 0; 2011ж. – 0; 2012ж. – 0; 2013ж. – 0; 2014ж. – 3; 2015 және 2016жж. – 0).

ӘҚБтК-ның 439-бабымен белгіленген 200 АЕК көлеміндегі айыппұл шектен тыс болып келеді.

Мысалға, өртке қарсы мемлекеттік қызметті, полицияны, жедел медициналық қызметті, апаттық қызметті жалған шақырғаны үшін 30 АЕК көлемінде, қайта құқық бұзушылық үшін – 60 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Осыған байланысты ӘҚБтК-ның 439-бабы бойынша жауапкершілікті жұмсарту ұсынылады.

6) Агеттікке сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын құру мен үйлестіру бойынша, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың деңгейін бағалауға және мемлекеттік және жеке сектордағы сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау үшін қажетті әлеуметтік зерттеулер жүргізу бойынша уәкілеттіліктер беру.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша Ыстамбулдық жоспарының мониторингінің төртінші раундының есебіне сәйкес сарапшылармен заңнамаға мемлекеттік және жеке секторлардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын құруға және үйлестіруге бағытталған өзгертулер енгізу ұсынылған, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясын орындауға жауапты органға сыбайлас жемқорлық жағдайын бағалау саласында үйлестіру рөлін жүктеу және зертеулер жүргізу мүмкіндігін қарастыру

Агенттік туралы Ереженің 15-тармағына сәйкес Агенттіктің құзыретіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын құру мен үйлестіру кіреді. Оған қарамастан, бұл Агенттік туралы Ереже мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң арасында әр түрлі талқылауға әкеліп соқты: соңғысына сәйкес Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын әзірлеу саласында уәкілеттіліктері жоқ.

Бұдан басқа, ЭЫДҰ сарапшылары жеке сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын құру мен үйлестіру де (бизнес-қоғамдастықтары өкілдерімен ынтымақтастықта) Агенттіктің және басқа уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне кірмейді.

Бұл ретте, Сыбайлас жемқорлыыққа қарсы іс-қимыл стратегиясы жан жақты және бірізді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының кешенін әзірлеуді және іске асыруды көздейді, бұл өз кезегінде мемлекеттік биліктің барлық деңгейлерінде, сондай-ақ жеке секторда сыбайлас жемқорлықтың анағұрлым төмендеуін қамтамасыз етеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясын жүзеге асыруға жауапты орган болып Агенттік табылады.

Шешілмеген мәселе болып тек қана жария емес жеке секторды да қамтитын және сыбайлас жемқорлықпен аса залалданған салалар, сыбайлас жемқорлық тәжірибелерінің жиілігі жәні моделі, сыбайлас жемқорлық қатынастарының субъетивті құрамы, сыбайлас жемқорлық игілік сияқты бөлшектерді құрайтын сыбайлас жемқорлықты мерзімді бағалауды тәжірибеде қолдану қалып отыр.

Жоғарыдағыны ескере отырып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын құру мен үйлестіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау және мемлекеттік және жеке секторлардағы сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтауға қажеті әлеуметтік зерттеулер жүргізу бойынша уәкілеттілігін белгілеу ұсынылады.


3) Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы заңнамада қайшылықтарды, коллизияларды және кемістіктерді жоюға бағытталған түзетулер

1. Қылмыстық және Еңбек кодекстеріндегі және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңындағы кейбір түсініктерді нақтылау туралы.

Бұдан бұрын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» күшін жойған Заңда мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдар теңестірілген.

Қаазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсанындағы № 986 Жарлығымен бекітілген 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясының міндеттірінің бірі болып квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болып табылады. Аталған міндетке «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 1-бабының 4-тармақшасы сәйкес келеді, онда квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарғы теңестіреледі деп көрсетілген.

Бюджеттік кодекске сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлға екендігін атап өту қажет.

Осылайша, мемлекеттік кез келген үлесі бар ұйым квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жататын болады. ҚК мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар ретінде тек қана 50%-дан астамы мемлекеттің қатысы бар ұйымдарда басқару функцияларын орындайтын адамдарды ғана мойындайды.

Осыған байланысты, ҚК-те аталған түсініктерді «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның түсінігімен сәйкестендіру ұсынылады.

Еңбек кодексімен шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқару функцияларын орындаумен байланысты лауазымға тұру кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды азаматтық қызметке алуға шектеулер қойылған.

Жоғарыдағыны ескере отырып, Еңбек кодексінде аталған адамдардың атауын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның нрамаларын ескере отырып өзгерту қажет.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың тізіміне енгізулген.

Бұл ретте, Заңның 11-бабының ескертпесіне сәйкес Осы бапта квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар ретінде аталған ұйымдарда тұрақты, уақытша не арнайы өкілеттік бойынша ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар танылады.

Осылайша, Заңда квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар ретінде лауазымды тұлғалар да мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамдар да саналады.

Алайда Заңның бірқатар баптарында мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға арналған шектеулер квазимемлекеттік сектордың өкілдеріне таралмайды, ал лауазымды тұлғаларға бұндай ерекшелік қарастырылмаған, сондықтан квазимемлекеттік сектордың өкілдеріне Заң нормаларын қолдану кезінде қиындықтар туындайды.

Осыған байланысты Қылмыстық кодекспен ұқсастық бойынша «лауазымды адам» түсінігінен квазимемлекеттік сектор өкілдерін алып тастау ұсынылады.

Екіншіден, «басқару функцияларын орындайтын адам» «ұйымдастырушылық-өкімдік функциялар», «әкімшілік-шаруашылық функциялар» түсінігі анықтамаларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл туралы» Заңның «түсініктер аппаратын» толықтыру қажет.

Қазіргі таңда аталған түсініктер Заңның 2020 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілетін 11-бабында орналасқан.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамау еңбек шартын бұзу үшін негіз болуды енгізу туралы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 12-бабының 4-тармағына сәйкес тек мемлекеттік қызметшілер ғана емес, сонымен қатар өзгеде сыбайлас жемқорлықтың субъектілері сыбайлас жемқорлық қарсы шектеулерді қабылдамағаны үшін жауаптылыққа тартылады.

Аталған шектеулерді сақтамау (қылмыстық жазаланатын әрекеттің және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері жоқ болған жағдайда) олармен мемлекеттік қызметті немесе өзге тиісті қызметті тоқтату үшін негіз болып табылады.

Қолданыстағы еңбек заңнамасында аталған негіздер бойынша жұмыс беруші бастамасы бойынша еңбек шарты бұзуға негіздері көрсетілмеген. Осыған байланысты Еңбек кодексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамаған жағдайлары еңбек шарттын бұзуға негізін қарастыру қажет.

4. Тұрақты емес немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарының жақын туыстарымен жұмыс істеу жол беру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 20-бабы 6-тармағын ескере отырып, тұрақты емес немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарына мемлекеттік бюджет есебінен ақы төленбейді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 13-бабы
1-тармағына сәйкес аталған адамдарға шаруашылық етуші субъектіні басқаруға өз бетінше қатысу, кәсіпкерлік және ақы төленетін басқа да қызметпен айналысу тыйымы қолданылмайды.

Осыған байланысты оларға жақын туыстармен, ерлі-зайыптылармен немесе жекжаттармен бiрге қызмет (жұмыс) iстеуiне жол бермеу туралы талап қолданылмауы тиіс.

5. Мүлікті сенімгерлікпен басқару беру мәселелері туралы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 13-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшілер және сыбайлас жемқорлықтың өзге субъектілері лауазымға кіріскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, осы адамдарға заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өздеріне тиесілі, пайдаланылуы кіріс алуға әкелетін мүлікті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен, осы функцияларды орындау уақытында сенімгерлік басқаруға беруге міндетті.

Мемлекеттік функцияны атқару кезінде пайдаланылуы кіріс алуға әкелетін мүлікті иемдену жағдайлары осы уақытта осындай мүліктерді сенімгерлікпен басқаруға беру мәселелері реттелмеген (ағымдағы уақытта Заңның 13-бабы 7-тармағымен тек акцияларға қатысты талаптар беглігенген). Мысалыға мүлік мұрагерлікпен не сый бойынша берілуі мүмкін.

6. «Төменгі лауазым» анықтамасына түзетулер енгізу қатысты Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 28-бабына сәйкес мемлекеттік органдағы бос төменгі лауазымдарды толтыру мемлекеттің барлық азаматтары қатыса алатын жалпы конкурс өткізу жолымен іске асырылады. Заңға сәйкес төменгі лауазым мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген лауазымдар санаттарының арасында лауазымдар тізіліміне сәйкес санаты төмен тұрған мемлекеттік лауазым болып табылатын. Министрліктегі төменгі лауазым С-5 санаттағы сарапшы позициясы болып табылады.

Алайда Сыртқы істер министрлігінде С-5 санатында сатысына сәйкес 5 мемлекеттік лауазым (референт, сарапшы, атташе, үшінші хатшы, бас консулдықтың вице-консулы) жатады.

Дипломатиялық қызметтің дәстүрлі халықаралық тәжірибесіне сәйкес мысалыға үшінші хатшы лауазымына тағайындалу үшін оның алдымен референт, одан кейін аттеше лауазымында өтілі болуы қажет.

Бұл ретте аталған барлық лауазымдар С-5 төменгі санатына жататынын ескере отырып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыс өтілі жоқ азаматтар референт лауазымында жұмыс жасамай, үшінші хатшы не аттеше лауазымдарына орналасуға құқығы бар.

Бұндай тәртіп мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне қайшы келетіндіктен, заңжобасымен санатқа байланыстырмай төменгі лауазым анықтамасын нақтылау және «төменгі лауазым – мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген лауазымдар санаттарының арасында лауазымдар тізіліміне сәйкес санаты төмен тұрған болып табылатын, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымы» деп бекіту ұсынылады.

7. Декларацияны тапсырғаны туралы анықтаманы ұсынуға мерзімдерін нақтылау Мемлекеттік қызметке түсетін (еңбек шартын жасауға дейін не мемлекеттік лауазымға тағайындалу туралы бұйрықтың шыққанға дейін) адамдарға декларация тапсырғаны туралы анықтама ұсыну мерзімінің мәселелері бойынша екі түрлі түсінік беруді алып тастау мақсатында мемлекеттік қызмет туралы Заңда аталған құжат еңбек шартын жасасқанға дейін ұсынылады деп нақты белгілеу ұсынылады.

8. «Б» корпусының лауазымдарына қайта құрылған «А» корпусының мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдарын қайта тағайындау тәртібін нақтылау

Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 25-бабында «А» корпусының лауазымына қайта құрылған «Б» корпусының мемлекеттік қызметші лауазымына жұмысқа орналасу тәртібі реттелген.

Бұл ретте, Заңмен «Б» корпусының лауазымдарына қайта құрылған.

«А» корпусының мемлекеттік қызметшілерінің қайта тағайындалу тәртібі анықталмаған.

Осыған байланысты Мемлекеттік қызмет туралы Заңға тиісті толықтырулар енгізу қажет.

9. Теріс себептер бойынша, басқа да негіздер бойынша қызметтен шығаруға жататын адамдардың жұмыстан шығу фактілерін алып тастау туралы

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін не мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін жауаптылық қарастырылатын адамдарды (Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 61-бабы 1-тармағы 1) тармақшасы) өз қалауымен бойынша қызметтен шығуға тыйым салу аталған қылық немесе құқық бұзушылық жасаған адамдардың заңнамада белгіленген жауаптылықтан жалтаруды алып тастайды.

Бірақ тәжірибеде Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 61-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін тәртіптік ісі қаралып жатқан мемлекеттік қызметші басқа әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуына байланысты қызметтен шыға отырып, терiс қылық жасағаны үшін заңнамада көрсетілген жауаптылықтан жалтарады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін не мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін жауаптылық қарастырылатын адамдарды өз қалауымен бойынша қызметтен шығуға тыйым салу сияқты ұқсастық бойынша басқа әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуына байланысты қызметтен шығатын адамдарға тыйым салуды бекіту қажет.

10. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің біліктілік сыныбы теңестіру тәртібін айқындау

«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 22-бабы 7-тармағының екінші бөлігінде аталған мәселені реттейтін Заңның басқада нормаларына сілтемелерін белгілей отырып бір ведомстводан басқаға ауысу кезіндегі арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы арнаулы, әскери атақтары, сыныптық шендері және біліктілік сыныптарының теңестірілген бірыңғай тәртібі регламенттелген.

«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 22-1-бабы 5-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жоғары басшы құрамдағы қызметкерлері үшін 3-санатты жоғары біліктілік сыныбы белгіленеді. 3-санатты жоғары біліктілік сыныбы «генерал-майор» арнаулы атағына және «3-сыныпты мемлекеттік кеңесші» сыныптық шеніне сәйкес келеді.

Осыған байланысты «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 22-бабы
7-тармағында сондай-ақ осы Заңның 22-1-бабы 5-тармағының сілтемесімен толықтыру қажет.

«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 23-бабы 10-тармағында магистранттар мен докторанттарға белгiленген мерзiмiнің өтуіне орай және соңғы атқарған лауазымына сәйкес кезектi арнаулы атақтары және сыныптық шендері белгіленеді

Алайда бұл норма сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің біліктілік сыныптарының белгілеу тәртібін реттейтін осы Заңның 22-1 бабында жоқ.

Осыған байланысты сыныптық шендер, арнаулы атақтар және біліктілік сыныптарын белгілейтін бірыңғай тәртібінің болуы мақсатында аталған құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің оқу кезеңінде біліктілік сыныптарын белгілеу мүмкіндігін болуы үшін «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 22-1-бабын ұқсас тармақпен (23-б. 10-т.) толықтырылу ұсынылады.

11. Құқық қорғау органдары қызметкерлерін бағалау бойынша

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін және сапасын екі тәсілмен:

1) қызмет бағасымен;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жүргізілетін аттестаттаумен айқындайды.

«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес құқық органдардың қызметкерлер жұмысының тиімділігі мен сапасы 3 тәсілмен:

1) жыл сайынғы қызмет бағасымен;

2) құқық қорғау органдары жүйесінде үздіксіз қызметте болған әрбір үш жыл сайынғы міндетті аттестаттаумен;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жүргізілетін кезектен тыс аттестатаумен айқындайды.

Құқық қорғау қызметкерлерінің жыл сайынғы қызмет бағасын жүргізу туралы норма 2015 жылы енгізілді.

«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 46-2-бабына сәйкес қызметкерлердің қызметін бағалау нәтижелері оларды аттестаттаудан өткізу жөнінде шешімдер қабылдау үшін үш жыл бойы негіз болып табылады.

Осы Заңның 47-бабында қызметкерлер әрбір 3 жыл сайын аттестаттауға жатады.

Жыл сайынғы бағалау уақытылы, серпінді, мобильді құрал болып табылады және қызметкерлер жұмысының тиімділігін мен сапасын жедел айқындауға және өз кезегінде тиімді жұмыс жасайтын қызметкерлерді әуежділікке (ынталандыруға) не жұмыста төмен көрсеткіштер көрсетіп жүрген қызметкерлердің атқарып жатқан лауазымына сәйкестігі туралы мәселелерді қоюға уақытылы әрекет етуге және шаралар қабылдауға қол жеткізеді.

Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының мемлекет кзметі туралы» Заңмен көзделген мемлекеттік қызмет өткеру тәртібіне ұқсастық бойынша «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңға тиісті өзгерістер енгізу ұсынылады. Яғни, құқық қорғау органдарының қызметкер жұмысының тиімділігі мен сапасы екі тәсілмен – олардың қызметтік бағалауы және кезектен тыс аттестаттаумен айқындалады.

12.Тәртіптің жазаларды қолдану мерзімдері юбойынша

Мемлекеттік қызмет туралы заңның 45-бабының 2-тармағының төртінші бөлігін (тәртіптік жауапкершілікке тарту мерзімдеріне қылмыстық іс жүргізу бойынша немесе әкімшілік іс жүргізу уақыты қосылмайды) барлық құқық бұзушылық түрлеріне тарату үшіг оны жеке тармақ ретінде қарастыру ұсынылады, себебі аталған норма мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар және Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасын бұзғаны үшін қолданылады.

Бұл ретте, тәжірибеде қылмыстық қудалау органынан ұсыным түсуге байланысты уәкілетті басшылар көбіне тергеу жүргізуге ғана мәжбүр болады, бұл өз кезегінде жауапкершілікке тарту мерзімінің өтуіне байланысты кінәлі адамдарға тәртіптік шаралар қолданусыз қалады, ол жазасыздық сезімді тудырады.

4) Құқық қолдану тәжірибесінің нәтижесі бойынша заңдардың нормаларын жетілдіру

Мемлекеттік қызметке түсу мәселелері бойынша

1. Конкурстық рәсімдерді оңтайландыру туралы

Құрылымдық бөлімшеде төмен лауазым болмаған жағдайда мемлекеттік органдарға келесі жоғары тұрған лауазымға бірден жалпы конкурс (ішкі конкурс өткізбей) өткізуге мүмкіндік беру орынды болып көрінеді.

Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдарда жоғары категорияда тұрған лауазымдардың көбін басатын және төмен тұрған лауазымдар елеусіз көлемде саны бар.

Мысалға, Павлодар облысында D-4 (жоғары тұрған) санатының


45 лауазым және D-5 (төмен тұрған) 2 лауазым, Алматы облысының Экономика басқармасында D-О-4 санатының 32 лауазым және D-О-5 санатының
2 лауазым.

Сәйкесінше, құрылымдық бөлімшеде төмен тұрған лауазым болмаған жағдайда келесі жоғары тұрған лауазымға ішкі конкурс өткізу үміткерлердің жоқтығына байланысты қиын болады.

Осыған байланысты, құрылымдық бөлімшде төмен тұрған лауазым болмаған жағдайда мемлекеттік органдарға келесі жоғары тұрған лауазымға бірден жалпы конкурс (ішкі конкурс өткізбей) өткізуге мүмкіндік беру ұсынылады.

2. Теріс себептерсіз мемлекеттік қызметтерн шығарылған адамдар мемкеттік қызметке қайта оралуы үшін мүмкіндіктерді кеңейту туралы

Мемлекеттік қызметтен, соның ішінде құқық қорғау қызметінен және арнайы мемлекеттік орган қызметінен шығарылған және қайта құрылудың, штат санын қысқартудың, мемлекеттік органның жойылуы және басқа да себептерден шығарылған мемлекеттік қызметші тез арада жұмысқа орналасу үшін мүмкіндік беру мақсатныда Заңның 29-бабында қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органмен белгіленген жағдайларда ішкі конкурс, сондай-ақ жалпы конкурс тәртібімен лауазымға орналасуға құқылы.

Алайда тәжірибеде көрсетілген мерзім көрсеткендей лауазымға орналасу үшін жеткіліксіз. Бұл мерзім ішкі конкурстардың, сондай-ақ уәкілетті органмен белгіленген жағдайда және жалпы конкурспен барлық рәсімдерді жүргізу мерзімдерімен, сондай-ақ конкурс өткізу туралы мемлекеттік органдардың хабарларын жариялануын күту кезеңімен байланысты.

Анықтама: Ішкі конкурс рәсімдері: құжаттар қабылдау мерзімі – 3 жұмыс күні; құжаттарды қарау мерзімі – 2; әңгімелесу өткізу туралы кандидатқа хабарлау мерзімі – 1, әңгімелесу өткізу мерзімі – 3, комиссияның қорытынды отырысы – 2, әңгімелесуден өткен үміткерлерді хабардар ету – 5, құжаттарды берген сәттен бастап тағайындалғанға дейін 16 жұмыс күнді немесе 22 күнтізбелік күнді құрайды.

Осы мәселені шешу үшін конкурс өткізу бойынша жалпы мәселелерді реттейтінтін Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 27-бабына «Ішкі конкурс»

29-бабының бірқатар нормаларын ауыстыру ұсынылып отыр. Бұл ретте мемлекеттік қызметші қызметтен шығырылған сәттен 30 күн кезеңінде теситілеуден және жеке қасиеттерді бағалаудан өтпей-ақ және лауазымға тағайындалуға емес, ішкі, сондай-ақ жалпы конкурсқа қатысуға құқығы бар екндігін белгілеу.

Ұсынылып отырған шаралар мансаптық модельдін қажетті элементі ретінде мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қорғауын күшейтуге жэол береді.

Бұдан басқа, Мемлекеттік қызмет туралы Заңда мемлекеттік қызметтен теріс себептер немесе олардың қызметін бағалау нәтижелерімен не аттестау қорытындысының теріс болуы бойынша шығырылған адамдарға аталған нормалар тартылмайтынығын бекіту ұсынылып отыр.

3. Конкурсқа қатысушы қызметтегі мемлекеттік қызметшілерді тестілеу өтуден босату туралы

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметші бірден бірінші ішкі конкурстан кейін жарияланған жалпы конкурсқа қатысу кезінде тестілеуді тапсырмайды.

Бұл ретте жүргізілген екі ішкі конкурстың нәтижесі бойынша жалпы конкурске қатысу үшін оған тестілеуді тапсыру қажет.

Бір жалпы конкурста мемлекеттік қызметші тестілеусіз қатысуға құқығы болса, ал басқасын құқығы жоқ, бұндай жағдай қолайсыздықтарға алып келеді.

Сонымен бірге, мемлекеттік қызметші ішкі конкурс бойынша тестілеуден өтпей жоғары тұрған лауазымға үміттенуге құқығы бар, бұл ретте төменгі лауазымдарға арналған конкурсқа қатысу үшін ол тестілеу тапсыру.

Осыған байланысты Мемлекеттік қызмет туралы Заңда жалпы немесе ішкі конкурсқа қатысушы мемлекеттік қызметші, соның ішінде арнайы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының жұмыскерлері тестілеуден және жеке қасиеттерді бағалаудан өтпейді деп бекіту ұсынылады.



4. Тестілеуге жататын тұлғалардың аясын кеңейту туралы

Мемлекеттік қызмет туралы және "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңымен белгіленген қолданыстағы тәртіпке сәйкес, құқық қорғау қызметіне алғаш кірушілер ғана мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органда тестілеуден, соның ішінде жеке қасиеттерін бағалаудан өтеді.

Осылайша, құқық қорғау қызметінде ұзақ уақыт жұмыс атқармаған тұлғалар заңнаманы білу бойынша тестілеуінсіз және жеке қасиеттердің бағалауысыз құқық қорғау органдарына қызметке қабылдана алады.

Бұл ретте, осы мерзімде заңнама өзгеруі мүмкін немесе үміткер өзінің білімі мен дағдыларын жоғалтуы мүмкін.

Осыған байланысты, құқық қорғау қызметіне қабылданатын барлық азаматтарды заңнаманы білу бойынша тестілеуден және жеке қасиеттерін бағалаудан өткізуді белгілеу ұсынылады.

5. Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтардың тестілеу нәтижелеріне шағым беру тәртібін айқындау бойынша мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның өкілеттілігін айқындау туралы

Мемқызмет туралы Заңның 28-бабының 3-тармағында тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібі уәкілетті органмен айқындалатындығы белгіленген.

Аталған бап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу ерекшеліктері» 5-бөлімде орналасқан.

Агенттіктің азаматтардың тестілеу нәтижелеріне шағымдану тәртібін анықтау бойынша құзыретін бекіту мақсатында Мемлекеттік қызмет туралы Заңның мемлекеттік қызмет бойынша уәкілетті органның уәкілеттіліктері анықталған 5-бапты тестілеу нәтижелеріне шағымдану тәртібін анықтау бойынша құзыретімен толықтыру ұсынылады.



6. Комитет басшыларының біліктілік талаптарын күшейтуге қатысты

Презденттің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығымен бекітілген Арнайы біліктілік талаптар, жұмыс өтілі және білімі бойынша талаптар қояды.

Сондай-ақ Арнайы біліктілік талаптар міндетті түрде жоғары білімнің болуын қарастырады.

Бұл ретте, Арнайы біліктілік талаптар комитеттердің төрағалары лауазымдарына бейінді білімді анықтау мақсатқа сай емес, себебі:

- бүгінгі күні министрліктерде жалпы алғанда 41 комитет жұмыс істейді. Бұл жоғарыда көрсетілген Арнайы біліктілік талаптарында әрбір комитетке бейінді білімдерді бекітуді қажет етеді;

- комитеттердің атауы өзгерген жағдайда (бірігу, бөліну, қайта құрылу) аталған Жарлыққа өзгерістер енгізу қажет болады.

Жоғарыда аталғанды ескере отырып комитет төрағаларының лауазымдарына білімі бойынша біліктілік талаптарды Агенттіктің келісімімен тиісті министрлердің бұйрықтарымен бекіту ұсынылады. Бұл комитет төрағаларының лауазымдарын кәсіби кадрлармен орналасуды, сондай-ақ қажет болған жағдайда біліктілік талаптарын тез арада қабылдауды қамтамасыз етеді.

7. Құқық қорғау органдарында лауазымдарға үлгiлiк білiктiлiк талаптарды бекітуге Агенттік құзыретін белгілеу туралы

Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі отырысының 2017 жылғы


21 қарашадағы №3 хаттамасымен және 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 4003-16 Президент Әкімшілігі Басшысының бұрыштамамен Агенттікке құқық қорғау органдарында лауазымдарыға үлгiлiк білiктiлiк талаптарын бекітуге Агенттік құзыретін белгілеу туралы заңнамалық түзетулерді пысықтау тапсырылған.

Осыған байланысты, «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңға тиісті түзетулерды енгізу қажет.



Мемлекеттік қызметті өткеруге қатысты

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек өтілі туралы

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі нормаларын және қызметтік жалақысын белгілеуге құқық беретін қызмет ету мерзімін реттеу мақсатында Заңда көрсетілген ұғымдарды қарау ұсынылады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет туралы Заңға мемлекеттік қызмет өтіліне кіретін оң нәтиже алған жағдайда арнайы тексеру жүргізу кезеңін қосу бойынша түзетулер енгізу көзделген.

2. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын күшейту бойынша

Қазіргі уақытта, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылығы үшін тәртіптік жауапкершілігі алынбаған мемлекеттік қызметшілер конкурстың нәтижелері бойынша, сондай-ақ ауысу тәртібімен лауазымға орналаса алмайды. Аталған шектеуді қызмет әдебі нормаларын бұзғаны үшін көрілген тәртіптік жазаларға тарату ұсынылады.

Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қорғалуына бағытталған түзетулер

1. Мемлекеттік лауазымнан төмендету түріндегі тәртіптік жауапкершілігін қолдану тәртібін нақтылау туралы

Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 44-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік лауазымын төмендету түріндегі тәртіптік жаза кез келген төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болған және мемлекеттік қызметші осы мемлекеттік лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сай келген кезде қолданылады. Мемлекеттік лауазымын төмендету конкурстық рәсімдер өткізілмей жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органдардың тәжірибесінде мемлекеттік қызметшіні төмендету түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тарту кезінде оны уақытша бос мемлекеттік лауазымға ауыстыру жағдайлары орын алған.

Сонымен бірге мемлекеттік қызмет туралы Заңның 61 бабы
1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес еңбек шарты мерзiмiнiң аяқталуы не Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген негiздер бойынша еңбек шартының бұзылуы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуына негіз болып табылады.

Еңбек кодексінің 51 бабы 4 тармағына сәйкес уақытша болмаған жұмыскердi алмастыру уақытына жасалған еңбек шарты мерзiмiнiң өткен күнi жұмыс орны (лауазымы) сақталған жұмыскердiң жұмысқа шығатын күнi болып табылады.



Сәйкесінше, уақытша бос лауазымда қызмет атқарған мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылуы тиіс.

Лауазымын төмендету түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылатын мемлекеттік қызметшілерді заңсыз қызметтен шығару жағдайларын болдырмау мақсатында, мемлекеттік қызмет туралы Заңда уақытша лауазымға төмендетудің мүмкін еместігін көздейтін талапты бекіту ұсынылады.

2. Мемлекеттік органның жойылуы, қайта құрылуы немесе құрылымының өзгеруі кезінде мемлекеттік қызметшілерді қайта тағайындауға қатысты.

Қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын мемлекеттік органдарда лауазымдарды атқарған мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау мақсатында мемлекеттік қызмет туралы заңда, тиісті мемлекеттік орган мемлекеттік қызметшілерге тең лауазым ұсынуын көздейтін талапты бекіту қажет. Жоғары немесе төмен тұрған лауазымдар тең лауазым болмаған жағдайда ғана ұсынылуы тиіс.

Бұл ретте, Еңбек кодексінің 33 бабы 2 тармағында көзделгенге ұқсас, мемлекеттік қызметші ұсынылған лауазым бойынша өз шешімін хабарлауға тиіс мерзімді (5 жұмыс күні) белгілеу қажет.

Бұдан бөлек, басқару құрылымының өзгеруі, лауазымдарды қайта атау, нақты саны қысқартылмай, мемлекеттік орган штатының қысқартылуы кезінде қызметшінің төменгі лауазымға ғана емес, сондай-ақ жоғары тұрған лауазымға (тең лауазым болмаған жағдайда) орналасу мүмкіндігін қарастыру қажет.


Бұл орайда, мемлекеттік қызметші мемлекеттік органның штаттық кестесінде көзделген жоғары тұрған лауазымның біліктілік талаптарына сай болуы тиіс.

Қазіргі күні осындай жағдайлар туындаған кезде мемлекеттік қызметшіге тең лауазым, ал ол болмаған жағдайда - тек төменгі лауазым ұсынылады (мемлекеттік қызмет туралы Заңның 56 бабы 7-1 тармағы).

Сонымен бірге, басқару құрылымы өзгерген жағдайда ұсынылған лауазымнан бас тартқан мемлекеттік қызметшілерге жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеуді қарастыру ұсынылады (қазіргі уақытта жұмыстан шығу жәрдемақысы тек мемлекеттік органның қайта ұйымдастырылу немесе жойылу, лауазымның қысқартылуы кезінде төленеді).

3. Уақытша бос лауазымда отырған мемлекеттік қызметшіні осы лауазымға тұрақты негізде тағайындауды регламенттеуге қатысты

Қолданыстағы мемлекеттік қызмет туралы заңнамада негізгі қызметкер жұмысқа қосылмастан қызметтен шыққан жағдайда, бұрын оның орнына уақытша тағайындалған мемлекеттік қызметшіні осы лауазымға бірден тағайындау мүмкіндігі қарастырылмаған.

Осыған байланысты, іс жүзінде уақытша бос лауазымға орналасуға конкурстық іріктеуден өткен тұлғалар негізгі қызметкер жұмысқа қосылмастан қызметтен шыққан жағдайда, осы босаған лауазымға орналасу үшін қайтадан конкурстық іріктеден өтуі қажет.

Мүмкін болатын кадр дефициті тәуекелін төмендету және босаған лауазымға орналасу бойынша жедел шешімдерді қабылдау мақсатында,


сондай-ақ осы лауазымда функционалдық міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшінің бар екендігін ескере отырып, уақытша бос лауазымда отырған тұлғаларға негізгі қызметкер жұмысқа қосылмастан лауазымды босатқан жағдайда, конкурс өткізбестен осы лауазымға орналасуға мүмкіндік беру ұсынылады.

4. Мемлекеттік қызметшілерге еңбек демалысын беру тәртібін нақтылауға қатысты.

Еңбек кодексінің 91-бабы 1) тармақшасына сәйкес жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде нақты жұмыс істелген уақыт еңбек өтіліне қосылады.

Еңбек кодексінің 96-бабы 2 тармағына сәйкес еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.



Тәжірибе көрсеткендей, бір мемлекеттік органнан босатылып, сол уақытта басқа мемлекеттік органға орналасқан жағдайларда, мемлекеттік қызметшілерге еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдарда әртүрлі тәсілдер қолданылады:

- еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы жұмыстан босатудың барлық жағдайында төленеді (мемлекеттік органдар, ведомстволар және олардың аумақтық бөлімшелері, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында дербес заңды тұлғалар болып табылады. Осыған байланысты, мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылған кезде бұрынғы жұмыс орны бойынша онымен еңбек қатынастары тоқтатылады, ал басқа мемлекеттік мекемеде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын беру үшін еңбек өтілін есептеу жаңадан басталады).

Еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігіне өтемақы төлеу, егер мемлекеттік қызметші басқа орталық мемлекеттік органға, оның ведомствосы мен аумақтық бөлімшеден ауысқан жағдайда төленеді. (мемлекеттік қызметші бір мемлекеттік орган ішінде сондай-ақ, ведомстводан немесе аумақтық бөлімшеден орталық аппаратқа ауысқан жағдайда немесе керісінше өтемақы төленбейді, егер мемлекеттік қызметшінің алдыңғы лауазымдағы нақты жұмыс жасаған уақыты соңғы лауазымдағы жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде еңбек өтіліне қосылса).



  • мемлекеттік қызметшіге еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігіне мемлекеттік қызмет жүйесінен кетпеген жағдайда өтемақы төленбейді.

  • жұмыс жасап жатқан мемлекеттік қызметшілерге жылсайынғы ақылы еңбек демалысына кепілдемелерді қамтамасыз ету және демалыс берудің бірегей тәртібін әзірлеу үшін демалысты беру кезінде мемлекеттік қызмет жүйесінде үзіліс болмауын есепке ала отырып нақты жұмыс жасаған уақытын ескеру ұсынылады.

Осыған орай, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңында мемлекеттік қызметші мемлекеттік лауазымнан бір уақытта конкурстық іріктеу нәтижесі, ауысу, іссапармен жіберу, сайлану ротация тәртібімен және мемлекеттік органның қайта құрылуы нәтижесінде басқа мемлекеттік лауазымға орналасып кеткен жағдайда алдыңғы лауазымдағы нақты жұмыс жасаған уақыты жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде еңбек өтіліне қосылатыны туралы норманы бекіту ұсынылады.

Сондай-ақ, заң жобасында басқа мемлекеттік органға кету барысында алдыңғы жұмыс орыны бойынша еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігіне өтемақыны төлеуді шектейтін норма қаралатын болады.

Сонымен қатар, заң жобасы аясында мемлекеттік қызметшілерге екі лауазымдық айлықақы көлемінде сауықтыру үшін берілетін жәрдемақыны төлеу мәселесінде нақтылау қажет.

Еңбек кодексіне және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес жылсайынғы ақылы еңбек демалысы Жұмыс беруші мен Қызметкердің келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.

Осы орайда, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік органға мемлекеттік қызметшіге еңбек демалысына шығу кезінде сауықтыру үшін жәрдемақы төлеу міндеті белгіленген.

Осыған сәйкес, тәжірибеде басқа мемлекеттік органдардан келген және күнтізбелік жыл ішінде алдыңғы жұмыс орыны бойынша аталған жәрдемақыны алған мемлекеттік қызметшілерге еңбек демалысына шығу кезінде сауықтыру үшін жәрдемақы төлеу мәселесінде түсінбеушіліктер жиі орын алады.

Осы орайда, айтып өту қажет мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын барлық мем. органдар үшін қызметкерлерге еңбекақы төлеудің біріңғай жүйесіне сәйкес мем. қызметшілердің еңбекақысын төлеу қоры әрбір мем. қызметшіге күнтізбелік жыл ішінде сауықтыру үшін жәрдемақыны бір рет төлеу есебінен белгіленген.

Осы айтылғандардың негізінде мем. қызметшілерге сауықтыру үшін берілетін жәрдемақыны күнтізбелік жыл ішінде бір рет төлеу туралы норманы заңды түрде бекіту ұсынылады.



5. Үзіліссіз қызмет өтілі мәселесі бойынша

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңының 64 бабы 1 тармағының 3 тармақшасына сәйкес еңбек өткерген жылдарына зейнетақыны алу үшін 25 жыл және одан жоғары жалпы еңбек өтілі, оның ішінде құқық қорғау органдары жүйесінде үзіліссіз 12 жыл және 6 айдан кем емес өтіл болуы қажет.

Сондай-ақ, тәжірибе көрсетіп отырғандай, құқық қорғау органдарында мемлекеттік органдардың қайта құрылуына немесе қысқартылуына байланысты құқық қорғау қызметінің өтілінде үзілісі бар қызметкерлер бар. Бұл өз кезегінде зейнетке шығу мерзіміне әсер етеді.

«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 47 бабының 3 тармағына сәйкес аттестациядан өту барысында құқық қорғау органдары жүйесінде қызметте болу өтілі қызметкердің құқық қорғау органдары қызметінен босатылған күннен бастап құқық қорғау органдары жүйесіне қызметке қабылданған күнге дейін 3 айдан аспайтын уақыт өтсе, сондай-ақ оның аталған уақыт аралығында басқа заңды және жеке тұлғалармен еңбек қатынастары болмаған жағдайда үзіліссіз деп танылады.



жүктеу 307,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау