Сатылмайтындығы туралы шартты жасасу талаптарын және тәртібін регламенттейтін нормаларды «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында көздеуді ұсынады.
Дипломатиялық қызметтің персоналын ротациялау туралы
2017 жылғы 20 маусымдағы Президент Әкімшілігінің Басшысы бұрыштамасымен Агенттікке заңнамалық деңгейде сыртқы саяси қызмет саласында уәкілетті органның дипломатиялық қызмет органдарында ротация тәртібін анықтау бойынша құзыретін белгілеу тапсырма берілді. Осыған орай, заң жобасы шеңберінде «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Заңына СІМ-нің дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау тәртібін анықтау бойынша құзыретін бекітуді көздейтін түзетулер енгізіледі.
Ауылдағы мемлекеттік қызметтің тартымдылығын көтеруге қатысты
Мемлекет басшысының 2017 жылғы 12 шілдедегі бұрыштамасымен
«Нұр Отан» партиясының мемлекеттік қызметті жетілдіру, оның ішінде ауылдағы мемлекеттік қызметтің тартымдылығын көтеру бойынша ұсыныстары мақұлданды.
Атап айтқанда, ауылдық деңгейдегі бос лауазым орындарын ұзақ уақыт толтыралмайтындығының ең маңызды себебінің бірі ауылда жоғарғы білім бар адамдар сынының жеткіліксіздігі. Бүгінгі күні ауыл халқының арасында арнаулы орта білімі 20%-да ғана бар, ал жоғары білімі барлар - 12% бар.
Бұл ретте, жоғарғы білімі бар тұрғындар мүлде жоқ ауылдар да бар. Ауылдық жерге келген «Дипломмен ауылға» жобасын іске асыру шеңберінде әлеуметтік саладағы және АӨК мамандарына тұрғын үйлерді сатып алуға немесе құрылыс салуға әлеуметтік жеңілдіктер көзделген. «Нұр Отан» партиясы осы тетікті мемлекеттік қызметшілерге де таратуға ұсынады. Мемлекеттік басшысы мақұлдаған ұсыныстарды іске асыруды Президент Әкімшілігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Агенттікке тапсырды (2017 жылғы 17 шілдедегі № 17-1611-13). Осыған байланысты, «Дипломмен ауылға» жобасын іске асыру шеңберінде ауылдық жерге келген мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге тұрғын үйлерді сатып алуға немесе құрылыс салуға әлеуметтік жеңілдіктерін тарату мақсатында, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына және Мемлекеттік қызмет туралы Заңына толықтырулар енгізу қажет.
Көмекші, кеңесші және пресс-хатшы лауазымдарына мемлекеттік емес сектордан азаматтарды конкурстан тыс орналасу туралы
Мемлекеттік қызмет туралы Заңға сәйкес мемлекеттік бірінші басшыларының көмекшілері немесе кеңесшілері, пресс-хатшы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу конкурс жүргізусіз жол беріледі.
Бұл норма «Ішкі конкурс» 29-бабында көзделген және көрсетілген адамдарды тек қана жұмыс атқарып жүрген мемлекеттік қызметшілер арасынан қабылдауға мүмкіндік береді.
Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның 2016 жылғы 18 ақпандағы №20-5/И-6 хаттамасына сәйкес бірінші басшылардың көмекшілері, кеңесшілері және пресс-хатшылары лауазымдарына мемлекеттік емес сектордан алу мүмкіндігі бойынша тәсілдері мақұлданған.
Осыған байланысты, жоғары көрсетілген норманы жалпы конкурстарды өткізу мәселелерін регламенттейтін 27-бабына көшіруге ұсынылады.
Бұл конкурстан тыс негізіде орналасу бірінші басшылардың көмекшілері, кеңесшілері және пресс-хатшылары лауазымдарына жұмыс атқарып жүрген мемлекеттік қызметшілерді ғана емес мемлекеттік емес сектордағы азаматтарды да тағайындауды мүмкіндік береді.
Бұл ретте, мемлекеттік қыызметші болып табылмайтын адамдарға міндетті түрде тестілеуден өту және жеке қасиеттерін бағалаудан өту туралы талап қойылады.
Бұдан бөлек, О.С. Уразалинің а.ж. 8 тамыздағы Президент Әкімшілігінің Басшысының орынбасары М.М. Тажинген хатына сәйкес мемлекеттік органдарда конкурстан тыс тәртіпте жұмысқа кірген бірінші басшылардың көмекшілеріне, кеңесшілеріне, пресс-хатшыларына орналасқан күнінен бастап 6 айдан кем емес уақытта мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелеріне орын ауысуға, сондай-ақ мемлекеттік орган жүйесінде тыйым салу туралы норма ұсынылған.
М.М. Тажиннің бұрыштамасымен аталған ұсыныс мақұлданды
(2018 жылғы 9 тамыз № 18-41-10.68-5 ).
Осыған байланысты заң жобасы шеңберінде осы тапсырманы жүзеге асыру шеңберінде түзетулер енгізілетін.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының мәртебесін түзету және оның уәкілеттіліктерін регламенттеу туралы
2016 жылда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) құрылымында құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын құқық қорғау органы мәртебесіне ие Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ведомство ретінде құрылды.
2016 жылғы 13 қыркүйектегі №328 Мемлекет басшысы Жарлығына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аталған Агенттікте ведомство мәртебесіне ие және құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын құқық қорғау органы болып табылады деп белгіленді.
Алайда, «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құқық қорғау орган сияқты емес мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге бағытталған қызметті жүзеге асыратын жедел-тергеу бөлімшелері ретінде анықталған. Бұл ретте, осы түсінік 2014 жылы қабылданған болатын, ол кезде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктің құрылымында жедел тергеу - сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің департаментімен және ішкі қауіпсіздік басқармасымен ғана көрсетілген болатын.
Бүгінгі күнде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте құқық қорғау қызметті жедел-тергеу бөлімшелерінен басқа Штаб қызметкерлері, кадр жұмысын ұйымдастыру және мемлекеттік құпияларды қамтамасыз ету бойынша басқармалар қызмет атқарады (аттестаталған лауазымдардың тізбесі жекелеген Үкімет қаулысымен анықталған).
Осыған байланысты, қолданыстағы түсінік «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның құқылы аумағыннан көрсетілген қызметкерлерді негізсіз алып тастайды, яғни осы қызметтердін қызметкерлері құқық қорғаушыларға арналған бүкіл құқықтардан және әлеуметтік кепілдіктерден айырылады (зейнетақымен қамсыздандыру, санаториялық-курорттық қызмет көрсету және т.б.).
Баяндалғанның негізінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет түсінігін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен сәйкестендіруді ұсынамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |