Фарфор массаларының құрамы
Фарфор массалары
|
Дала шпаты
|
Кварц
|
Бор тотығы
|
Доламит
|
Мырыш
|
Жерсазы
|
Гамма негіздік қабат
Дентин қабаты
Эмаль және мөлдір қабат
|
55,25
57,58
56,87
|
29,60
31,67
31,30
|
6,80
7,20
7,10
|
1,35
1,44
1,42
|
2,00
2,11
3,31
|
5,00
-
-
|
Фарфорлы массаның физико-механикалық қасиеті. Стоматологиялық фарфор физикалық қасиеті жағынан шыныға жақын фарфордың түзілуі. Ол өте күрделі физико-химиялық процестің әсер етуі арқылы 1100-13000С температурада ортоклаз калий дала шпатына айналады. Фарфордың құрамындағы ең маңыздысы фактор – көпіршіктер.
Көпіршіктер – олар поралар. Шыны тәрізді массаның түзілуіне қарай массаның беріктілігі азаяды, материалдың тығыздығы артады да, оның көлемі кішірейеді.
Фарфордың оптикалық қасиеті. Фарфордың оптикалық қасиеті жасанды тістің ең маңызды артықшылығын туғызады. Жасанды сауыттың тісі жарық шығарып тұрады, бірақ шыны тәрізді мөлдір емес. Мұны былай түсіндіруге болады. Адсорбцияланған мөлдір жарық диффузды түрде жайылады.
Фарфорлық массаның жіктелуі. Күйдіру температурасына қарай былай жіктеледі.:
Керамикалық массалар. Фарфор, биокерамика құрамы, қасиеті. Фарфорды стоматологияда қолдану тарихы 200 жылдан асады. Бірақ, біріншілік фарфор протездерді тек қана алмалы протездер жасаған кезде ғана қолданады.
Фарфордың қасиеті көптеген факторларға байланысты болады. Оның ішіндегі ең негізгілері – компоненттердің химиялық құрамы, массаның майдалану дәрежесі, температурасы және массаны күйдіру ұзақтығы. Фарфор құрамында ақ саз балшығы бар материаладар тобына енеді. Сондықтан керамика сөзі гректің «керамос» деген ұғымы, яғни құмыралық балшық деген мағынаны білдіреді.
Фарфор алынатын материалдар. Дал шпаты- фарфорлық масаның негізгі компоненті болып табылады. Бұл химиялық жағынан күрделі қосылыс.
Кварц – бұл да фарфорлық массаның негізгі элементі болып қана қоймай, керамикалық затарға жоғарғы тығыздылық пен химиялық инерттілікті береді. Кварцтың фарфорлық массада болуы, массаға тұрақтылықты береді, сондай-ақ кварцтың массада көп болуы массаның балқу температурасын жоғарлатады.
Еріткіштер немесе флюстер – бұлар фарфорлық массаның балқу температурасын төмендетеді (оларға натрий корбанаты, кальций карбонаты жатады). Қазіргі заманғы стоматологиялық фарфорлық массада бұлардың мөлшері 25%-ға дейін жетеді. Олардың балқу температурасы 600-8000С.
Бояғыштар – бұларды фарфорлық массаның түсін тістің табиғи түсіне жақындату үшін қолданады. Бояғыштар ретінде металл, марганец, хром, кобальт мырыш тотықтарын және тағы басқа пайдаланады.
Каолин – ақ саз балшық. Ол стоматологиялық фарфордың ең керек. Құрамы. Оның 3-10% қоспасы фарфорлық мсассаның күйдіру температурасын жоғарлатады. Каолиннің балқу температурасы 1700-18000С. Ақ саз балшық-бұл дала шпатының әртүрлі табиғи фарфорлардың әсерінен ұзақ уақыт ыдыраған тау шөгіндісі болып табылады.
Табиғи ақ сазан балшық әдетте әртүрлі қосындылардан тұрады. Олар металл тотықтары кремнийдің қос тотығы, глинозем т.б.
Күйдіру кезінде каолин муллит кристалдарын түзеді. Әдетте олар фарфорға беріктілік пен термотұрақтылық береді. Бірақ, ол фарфордың мөлдірлігін тез төмендетеді, сондықтан кейбір стоматологиялық фарфор дайындауда каолинді қолданбайды. Құрамында каолині жоқ фарфорлық массаға пластификатор ретінде күйдіру кезінде толық жанып кететін органикалық заттар қосады (қант, декстрин, крахмал)
Фарфор – бұл әртүрлі компоненттерді қосу арқылы күйдіріп және пісірудің нәтижесінде алынады. Ол тұз қышқылынан басқа әртүрлі ортаға төзімді болады.
Фарфордан жасалынатын жасанды тісті зауытта арнайы күйдіру тәртібімен жасайды. Жоғарғы температурада дала шпаты шыны тәрізді фазаға айналады. Ол әртүрлі компонентерді ерітеді. Шыны тәрізді фаза күйдіру кезінде массаға пластикалық қасиет беріп қана қоймай, құрамды бөліктерді байланыстырады. Дала шпаты жасанды тіске күйдіруден соң тістің бетіне бір тегіс жалтыр глазурлы беткей береді.
Фарфорлық массаны дайындау технологиясы. Стоматологиялық фарфорлық массаны, оның болашақта қолдану ерекшеліктеріне қарамастан, біркелкі етіп жасайды. Фарфорлық массаны дайындауда ең маңыздысы – бастапқы өнімнің тазалығы. Дала шпаты мен кварцтың ірі кесектері алдын-ала 5-10 см-ге майдаланады. Содан соң арнайы бегундар арқылы дала шпаты мен кварц майдаланып ұнтақталады. Дайын болған өнімге әр түрлі флюстер қосып араластырады. Қоспаны (штихтаны) шамотты тиглге орналастырып шыны масса (фритта) алынғанша күйдіреді. Фриттаны тез салқындату арқылы оны шытынатады. Содан соң тиглден алып керек дисперсиясына дейін ұнтақтайды. Фарфорлы тістің бояуы мен керек түсті алу, бояғыш пигменттерді қосу арқылы алынады. Содан кейін дайын ұнтаққа плстификатор мен аналин сырларын қсоады. Осындай түрдегі фарфорлы ұнтақты тіс техникалық зертханасында протез жасау үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |