«Тіс техникалық материалтану»



жүктеу 107,67 Kb.
бет1/42
Дата20.02.2023
өлшемі107,67 Kb.
#41393
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Тіс техникалық материалтану

«Тіс техникалық материалтану»


Ғылыми ортопедиялық негізін салушы француз хирургы Николя Андри. Оның 1741 жылы жарық көрген «Ортопедиялық немесе жас балалар денесінің деформациясының түзету және алдын алу» туралы кітабы кеңінен таралған. Ортопедия термині гректің екі сөзінен шығады: «оrtһsо» (тура) және «paideia» - (тәрбиелеу). Андри бұл терминді енгізгенде жас балалардың тәрбиесін есепке алған. Қазіргі заманда ортопедтер жас балалар мен ересек адамдардыңтірек-қимыл аппараты ауруларын функционалды, аппаратуралаық, хирургиялық протездеу әдістерін қолданып емдейді.


Ортопедиялық стоматология жалпы стоматология саласына жатады. Ортопедиялық стоматологияда негізгі орынды протездеу амалы алады. Оның негізгі мақсаты – тіс қатары және альвеолярлы өсіндінің ақауларының орнын толтыру ғана емес, басқа мүшелердің бұзылуының, аурудың асқынуының қайталануының алдын алу. Демек, протездеу амалын емдеу және алдын алу мақсатында да қолданылады.
Қазіргі уақытта ортопедиялық стоматология: жалпы және жеке курсқа бөлінеді. Жалпы курс, пропедевтикалық, яғни дайындаушы курс. Ал, жеке курс, негізінен үш бөлімге: а) тісті протездеу; б) бет-жақ ортопедиясы; в) ортопедияға бөлінеді.
Ортопедиялық стоматолгия пропедевтикалық курста шайнау аппаратының анатомиясын, физиологиясын қысқаша түсіндіреді. Науқасты тексерудің жалпы және арнайы тексеру әдістері жалпы және арнайы тексеру әдістері клиникалық материалтануды, сондай-ақ лабораториялық техниканы, яғни әртүрлі ортопедиялық аппаратуралармен протез дайындауды үйретеді.
Ортопедиялық стоматологияның тісті протездеу бөлімінде – тіс және тіс қатары ауруының пайда болуын, олардың клиникасын, орнын толтыру мен алдын алуды үйретеді.
Бет-жақ ортопедиясында: бет-жақ жүйесінде әр түрлі жарақаттар аурулар мен ортопедиялар нәтижесіндегі кемістіктердің, деформациялардың клиникасын, протездеу арқылы қызметін (функциясын) орнына келтіруді үйретеді.
Ортодонтия бөлімі тіс және тіс қатарында пайда болатын ауытқулардың алдын алады және емдейді.
Ортопедиялық стоматологияда негізгі саланың бірі болып материалтану ғылымы саналады. Материалтану – стоматологиялық материалдардың шығу тегін және оларды өндіру, клиникалық және лабораториялық жағдайда қолдануын зертттейтін қолданбалы ғылым.
Стоматологиялық материалдарды қолдану үшін олардың теку қана қасиеттерін біліп қана қоймай, сонымен бірге оларды қолданған кезде пайда болатын өзгерістерді де білген дұрыс. Стоматологияда қолданылатын әрбір материалдардың өздеріне ғана тән физикалық және химиялық қасиеттері бар: меншікті салмағы,ғ балқу температурасы, басқа заттармен химиялық әрекеттерге түсу қасиеттері әр түрлі т.б. жалпы, ортопедиялық стоматологияда үш топқа бөлінеді.

    1. Конструкциялық немесе негізгі материалдар, яғни протез дайындалатын материалдар. Оған пластмасса, металл және олардың қорытпалары, керамикажатады.

    2. Көмекші материалдарға протез дайындаудың әр кезеңінде қолданылатын, яғни оларға қалыптық мүсіндеуші, пішіндеуші, ажыратқыш, тез балқитын металл материалдар және т.б. жатады.

    3. Клиникалық материалдар – дәрігер стоматологтың клиникалық қабылдауында қолданылатын материалдар. Олар қалып алатын протезді бекіту үшін қолданылатын цементтер, адгезивтер.

Стоматологиялық материалдарға келесі талаптар қойылады.

      • Уландырғыштық, тітіркендірушілік, уландырғыштық – аллергиялық әсерлері болмауы керек.

      • Гигеналық, яғни ауыз қуысының табиғи тазалығын төмендетпеуі тиіс.

      • Физико – механикалық қасиеттері материалдарың механикалық, төзімділігі жоғарғы сапалы болмауы қажет.

      • Химиялық тотығуға тұрақтылығы мен химиялық ортада құрамын өзгертпеуі шарт.

      • Эстетикалық материалдар ауыз қуысы тіндерін, тістің пішінін, түсін және бет тіндерінің көрінісі толық сәйкестігін талап етеді.

      • технологиялық – материалдарды өңдеу, дайындау жеңілболуы керек.

Ортопедиялық стоматологияда тіс протездерін жасау техникасы ең маңызды қызмет атқарады. Тіс протездерін жасау келесі кезеңдерден тұрады: Дәрігер стоматолог ортопедтің клиникасында және тіс протездері лабораториясында жасалатын бірнеше кезеңдер.



жүктеу 107,67 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау