Доғалы балауыз. Ол мұндай атпен диаметрі 82 мм, қалыңдығы 0,4-0,5 мм қызғылт түсті диск түрінде шығарылады. Қолданылуы доғалы протездің қаңқасының аралық бөлігінің мүсінденге қолдаылады. Құрамы базисті балауыздың құрамынан айырмашылығы жоқ, тек арнайы технологиялық өңдеулер нәтижесінде иімділігі жоғарғы, ыстыққа шөгуі төмен. Доғалы балауыздаржоғарғы иімділік қасиетіне ие болып,оңай үсінге пішінделеді. Доғалы протездің аралық бөлігін мүсіндеу үшін, балауызда от жалынында немесе ыстықсуда ұстап, мүсінге орналастырып пішіндейді.
Тұрақты протездерді мүсіндеуге арналған балауыздар. Мұндай балауыздар «Көпір тектес протездерді мүсіндеуге арналған балауыз» деген атпен төрт бұрышты көк түспен мөлшері 40х9х9мм бағана түрінде шығарылады.
Қолданылуы: көпір тектес протездердің аралық бөлігін, тістің анатомиялық пішінін мүсіндеуге қолданылады.
Құймалы балауызды жартылай алмалы-салмалы протез элементтерін, доғалы протез қаңқасын құю үшін қолданылады. «Қатаң формадент» деген атпен тік бұрышты пішінде, жасыл түсті пластинка күйінде шғарылады.
Формадент құймалы кламмерлерді, доғалы торларды және тағы басқа доғалы протез элементтерін балауыз мүсіндерін силиконды пішінде құйып шығаратын балауыз қосындыларынан тұрады.
Профильді балауыздар.
Бұлар Восколит, Восколит – 1,2,3 деген атпен шығарылады. Восколит-1, Воколит-2 төрт мөлшерлі цилиндрлі ұшықтар түрінде шығарылады. Ұзындығы -120мм, 120,75мм және диаметрі 2; 3; 4,6; 9 мм түрінде болады. Қолданылуы стоматологиялық конструкциялар мен құймаларды құю үішін, құю жүйесін құру үшін қолданылады. Құрамы шамамен (% мөлшерде): парафин – 40,0 церезин – 57,0 канифоль – 2,0 бояғыш – 0,008.
Жабысқақ балауыз. Жабысқақ балауыз тіс техникалық жұмыстарға арналған балауыз. Ұзындығы 82 мм және диаметрі 8,5 мм қоңыр түсті цилиндрлі ұштық түрінде шығарылады. Құрамы (% мөлшерде) канифоль – 7,0 ара балауызы – 25,0, қара монтан балауызы -5,0 металға жақсы жабысады, пішіні ыңғайлы. Балқу температурасы – 65-750С. Жабысқақ балауызды протез бөлшектердің қалыпты, мүсінді жабыстыру үшін қолданады. Құрамындағы канифоль балауыздың металға, фарфорға жабысуын күшейтеді
Достарыңызбен бөлісу: |