«Тіс техникалық материалтану»


Алтын құймаларының қаттылығына байланысты құрамы



жүктеу 107,67 Kb.
бет35/42
Дата20.02.2023
өлшемі107,67 Kb.
#41393
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42
Тіс техникалық материалтану

Алтын құймаларының қаттылығына байланысты құрамы.



Құйма түрі



% мөлшері

Аu

Аg

Сu

Рd

Рt

Zn

Жұмсақ
Оташа қатты
Қатты
Өте қатты

79-92,5
75-78
62-78
60-71,5

3-12
12-14,5
8-26
4,5-20



2-4,5
7-10
8-11
11-16

0-0,5
1-4
2-4
0-5

0-0,5
0-1
0-3
0-3

0,05
0,5
1,0
1-2

Әр түрлі таңбалы алтын құймаларының құрамы



Құйма түрі



% мөлшері

Аu

Аg

Сu

Рd

Рt

Zn

916
900
750
750
583
583

91,6
90,0
75,0
75,0
58,3
58,3



4,2
4,0
5,0
8,0
19,0
13,7

4,2
6,0
14,2
9,0
18,5
28,0

-
-
-
8,0
-
-

-
-
5,0
-
2,5
-

-
-
0,8
-
1,7
-



Алтын және хром-кобальт құймаларының
физикалық және
механикалық көрсеткіштері

Физикалық және механикалық көрсеткіштері

Сары алтын

Ақ алтын

Хром-кобальт құймасы

Балқу температурасы, С0
Тығызды, г/см3
Бриннел қаттылығы бойынша, кгс/мм2

Беркітілік шегі, кгс/мм2


Ұзаруы, %

900
15
220
35
20-35



1000
11,5
140
22
20-25

1290-1400
8-9
370
35
2-11

Платина. Ол күміс, алтын сияқты таза күйінде қолданылмайды. Платинаның балқу температурасы 1773,50С. Пластинаны фольга ретінде фарфорлы сауыттар дайындалған кезде қолданады.


Күмісті тот баспайтын болатқа және бағалы металл құймаларға дәнекер дайындау үшін қолданады. Таза күміс – ол жалтыр ақ металл. Күміс алтыннан кейінгі созылғыш металл. Ол мыстан жұмсақ болғанымен алтыннан қатты. Сонымен қатар күмістің жылу және электр өткізгіштігі өте жоғары.
Күміс-палладий құймасы. Бұл құймада күміс негізгі металл болып саналады, ал палладий тотығуға тұрақтылық береді. Күміс-палладий құймасының мына түрлері кеңінен қолданылады.
ПД-250 (палладий 24,5%, күміс 72,1%),
ПД-190 (палладий 18,5%, күміс 78%),
ПД 150 (палладий 14,5%, күміс 84,1%),
ПД-140 (палладий 13,5%, күміс 53,9%).
М.С. Липецтің ұсынған құймасының құрамы (г):






Құйма А

Құйма Б

Күміс
Палладий
Алтын
Мырыш
Мыс
Кадмий
Электролиттік никель

59,0
30,0
4,5
0,5
3,0
7,0
-

50,0
35,5
3,0
0,7
5,4
80,
5,4

Дәнекер. Тіс протездерін дайындау кезінде көп жағдайда протездің металл бөлшектерін бір-бірімен жалғауға тура келеді. Осы процесті дәнекерлеу процесі десек, ондағы қолданылатын материалдарды дәнекерлеу деп атайды.


Дәнекерлер жұмсақ және қатты түрге бөлінеді. Жұмсақ дәнекерлерге қалайлы және қорғасын құймалары жатады. Одардың балқу температурасы 180-2300С, мыс пен латунды дәнекерлеу үшін қолданады. Қатты дәнекерлердің балқу температурасы 500-11000С шамасында. Алтын құймаларды дәнекерлеуге арналған дәнекерде алтын 40-80%-ға дейін,қалғаны күміс, мыс, кадмий және аз мөлшерде мырыш және қалайлы болады.
Күміс дәнекерді тот баспайтын болаттан дайындалған мөлшерді бір-бірімен қосу үшін қолданады. Құрамында күміс 10-80%, мыс 15-50%, мырыш 4-35%, кадмий, фосфор және басқа металдар қосады. Балқу температурасы 7000С-тан жоғары болмауы керек, хром-кобальт құймасы алтынның 750 сынымасымен жақсы дәнекерленеді.
Бағалы металдарды дәнекерлегенде алтын және күміс дәнекерлерді қолдану жақсы нәтиже береді. Келесі құрамындағы флюсті қолдану қажет: натрий бораты -55%, бор қышқылы 35%, кремний тотығы-10%.
Тот баспайтын болатты дәнекерлегенде мынадай құрамындағы флюсті қолдану жақсы нәтиже береді: 50% бор қышқылы, 50% -калий фториді.
Жұқа бөліктерден ажыратқыш материал пластмассаны полимерлеу кезінде ылғалдан сақтап тұру керек, яғни гипстік мүсінге мономер сіңіп кетпеуі керек. Егер мүсінге мономер сіңіп кететін болса, немесе керісінше, мүсіннен полимерленіп жатқан масса ылғал сіңетін болса, онда базисте микросаңылаулар пайда болады және пластмассаның түрі ағады. Сонымен қатар гипс пластмассаға жабысып, оның тазаруы қиындайды. Бір кездері ағартқыш материал ретінде целофан, фолтга, лактар, желімдер қолданған.
Ажыратқыш метериал ретінде қолданатын метариал келесі талаптарға жауап беруі керек.
1.ажыратқыш қабат полимерге инертті болып ылғалдың гипстке сіңуіне кедергі келтіруі керек.
2.Қабаттың қалыңдығы 0,005 мм артық болмауы тиіс.
3.Престеу кезінде тұрақты болып полимерді боямай, түсін өзгертпеуі керек.
4. Базистен, гипстен ажырау керек.
Мынадай материалдарға «Изокол-69», лак АЦ-1, силикодент және жапқыш лактар жатады. «Излкол»-69» натрий альгинатының коллойдты ерітіндісі, жоғарғы ажыратқыш қасиетке ие. Гипсті пішін ажырату үшін қолданады.
Ажыратқыш лак АЦ-1 этролдың 6% ацетондағы ерітіндісі.
Жапқыш лактар: тұрақты тіс протездерін әсемдік жағынан көркемдігіне металл конструкциялары пластмассамен жабысады. Металл-пластмасса қабатында көрініп тұрамас үшін және пластмасса түсін өзгертпес үшін металды арнайы лакпен жабады. Жапқыш мынадай қасиеттерге ие болулары керек:
металға жақсы жабысу
пластмассамен жақсы байланысу
жақсы жапқыш қасиетке ие болу
металл бетіндегі біркелкі қалыңдықтағы тығыз қабат түзету.
ауыз қуысында тұрақты болу.
Керамикалық массалар. Фарфор, биокерамика құрамы, қасиеті. Фарфорды стоматологияда қолдану тарихы 200 жылдан асады. Бірақ, біріншілік фарфор протездерді тек қана алмалы протездер жасаған кезде ғана қолданады.
Фарфордың қасиеті көптеген факторларға байланысты болады. Оның ішіндегі ең негізгілері – компоненттердің химиялық құрамы, массаның майдалану дәрежесі, температурасы және массаны күйдіру ұзақтығы. Фарфор құрамында ақ саз балшығы бар материаладар тобына енеді. Сондықтан керамика сөзі гректің «керамос» деген ұғымы, яғни құмыралық балшық деген мағынаны білдіреді.
Фарфор алынатын материалдар. Дал шпаты- фарфорлық масаның негізгі компоненті болып табылады. Бұл химиялық жағынан күрделі қосылыс.
Кварц – бұл да фарфорлық массаның негізгі элементі болып қана қоймай, керамикалық затарға жоғарғы тығыздылық пен химиялық инерттілікті береді. Кварцтың фарфорлық массада болуы, массаға тұрақтылықты береді, сондай-ақ кварцтың массада көп болуы массаның балқу температурасын жоғарлатады.
Еріткіштер немесе флюстер – бұлар фарфорлық массаның балқу температурасын төмендетеді (оларға натрий корбанаты, кальций карбонаты жатады). Қазіргі заманғы стоматологиялық фарфорлық массада бұлардың мөлшері 25%-ға дейін жетеді. Олардың балқу температурасы 600-8000С.
Бояғыштар – бұларды фарфорлық массаның түсін тістің табиғи түсіне жақындату үшін қолданады. Бояғыштар ретінде металл, марганец, хром, кобальт мырыш тотықтарын және тағы басқа пайдаланады.
Каолин – ақ саз балшық. Ол стоматологиялық фарфордың ең керек. Құрамы. Оның 3-10% қоспасы фарфорлық мсассаның күйдіру температурасын жоғарлатады. Каолиннің балқу температурасы 1700-18000С. Ақ саз балшық-бұл дала шпатының әртүрлі табиғи фарфорлардың әсерінен ұзақ уақыт ыдыраған тау шөгіндісі болып табылады.
Табиғи ақ сазан балшық әдетте әртүрлі қосындылардан тұрады. Олар металл тотықтары кремнийдің қос тотығы, глинозем т.б.
Күйдіру кезінде каолин муллит кристалдарын түзеді. Әдетте олар фарфорға беріктілік пен термотұрақтылық береді. Бірақ, ол фарфордың мөлдірлігін тез төмендетеді, сондықтан кейбір стоматологиялық фарфор дайындауда каолинді қолданбайды. Құрамында каолині жоқ фарфорлық массаға пластификатор ретінде күйдіру кезінде толық жанып кететін органикалық заттар қосады (қант, декстрин, крахмал)
Фарфор – бұл әртүрлі компоненттерді қосу арқылы күйдіріп және пісірудің нәтижесінде алынады. Ол тұз қышқылынан басқа әртүрлі ортаға төзімді болады.
Фарфордан жасалынатын жасанды тісті зауытта арнайы күйдіру тәртібімен жасайды. Жоғарғы температурада дала шпаты шыны тәрізді фазаға айналады. Ол әртүрлі компонентерді ерітеді. Шыны тәрізді фаза күйдіру кезінде массаға пластикалық қасиет беріп қана қоймай, құрамды бөліктерді байланыстырады. Дала шпаты жасанды тіске күйдіруден соң тістің бетіне бір тегіс жалтыр глазурлы беткей береді.
Фарфорлық массаны дайындау технологиясы. Стоматологиялық фарфорлық массаны, оның болашақта қолдану ерекшеліктеріне қарамастан, біркелкі етіп жасайды. Фарфорлық массаны дайындауда ең маңыздысы – бастапқы өнімнің тазалығы. Дала шпаты мен кварцтың ірі кесектері алдын-ала 5-10 см-ге майдаланады. Содан соң арнайы бегундар арқылы дала шпаты мен кварц майдаланып ұнтақталады. Дайын болған өнімге әр түрлі флюстер қосып араластырады. Қоспаны (штихтаны) шамотты тиглге орналастырып шыны масса (фритта) алынғанша күйдіреді. Фриттаны тез салқындату арқылы оны шытынатады. Содан соң тиглден алып керек дисперсиясына дейін ұнтақтайды. Фарфорлы тістің бояуы мен керек түсті алу, бояғыш пигменттерді қосу арқылы алынады. Содан кейін дайын ұнтаққа плстификатор мен аналин сырларын қсоады. Осындай түрдегі фарфорлы ұнтақты тіс техникалық зертханасында протез жасау үшін қолданылады.



жүктеу 107,67 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау