Металды керамика. Металды керамика деп- толық құймалы металдан жасалған протездің фарформен жабу техникасын атайды. Металды керамикалық протез жасау үшін арнайы құймалар мен фарфор массалары шығарылады және мынадай талаптарға жауап беру керек:
1.құйманың балқу температурасы фарфордың күйдіру температурасынан жоғары болуы:
2.құйма мен фарфорлардың термиялық кеңейю коэффициентінің айырмашылығы ең төменгі деңгейді болуы:
3.фарфорға жабысу қасиеті болуы.
4.Құймалық қасиеті жоғары болуы
5.Сапаның тұрақтылығы мен ұзақтылығы.
6.Тотығуға тұрақтылығы
7.Ауыз қуысы тіндеріне қарсы реакцияларының болмауы.
Ситалдар. Ситалдар жартылай кристалды шынылар тобына жатады. Ситалдардың физико-химиялық қасиеті жоғары. Ситалдар бірінші рет 1955ж. Румынияда, ал 1957ж.СССР мен АҚШ-та жасалған. Ситал бұл жасанды жартылай кристалды материал, оны шынының химиялық құрамын кристалдандыру арқылы алады. Оның физико-химиялық қасиеті шынымен салыстырғанда көп жоғары болады.
Сикордың ерекшіліктері:
1.сауыттың негізгі қабатында жарықтар мүлдем болмайды;
2.сикорды қолдану, сауыт дайындау уақытын қысқартып, тіс технигінің жұмыс өнімділігін жоғарлатады.
3.Сикордан жасалынатын өнімнің жоғарғы тығыздығы арқылы оны алатын фольгада күйдіру мүмкіндігі.
Стальды жабын «симетті» толық құймалы тіс протезіне жапқыш ретінде қолдануға болады. ҚазҰМУ-нің ортопедиялық стоматология кафедарсы профессор А.А. Седуновтың басшылығымен жақ стоматологиялық конструкциялық материал – құймалы ситал ойлап тапқан. Құймалы ситалдан қондырмалар, жартылай сауыттар, өзекті тістер, көпірлі протездер және алмалы протездерге және тістердің гарнитурасын, құймалы базис жасауға болады.
Қиын балқитын (1300-13700С)
Орташа балқитын (1090-12600С)
Тез балқимтын (870-10650С)
Сауыттарды , қондырмаларды, көпірді протез дайындауда фарфорлы ұнтақты дистилденген сумен араластырып қою ботқа жасайды. Фарфорлық ботқаны матрицаға жағады. Матрица пластинаны фольгадан дайындалады немесе қондырмадайындалғанда отқа төзімді мүсінге немесе фарфордың жамылғысы бар алынбайтын металл протез жасағанда металдың өзіне жағады. Ботқа толық конденсацияланғаннан кейін, судың артыеын фильтрлі қағазбен алып тастайды. Содан кейін өнімді керамикалық табақшаға салып, вакуумды пештің кіре берісінде құрағатады. Содан кейін протезді пешке салады да, режим бойынша күйдіру жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |