Теріні қорғайтын құралдар қорғау және қорғауға икемднлген күнделікті пайдаланатын киімдерден тұрады. Қорғау киімдері изоляциялық (жалпы әскелік қорғаныс комплекті, жеңіл бөлуші костюм Л-1 және т.б.) және фильтрлік (қорғаныс фильтрлі киім ЗФО-52 және т.б.) болып бөлінеді. Егер қарапайым киімдерге сабындымайлы эмульсияны сіңірсе, оны қорғаныс құралдары ретінде пайдалануға болады. Медициналық қорғаныс құралдары
Медициналық қорғаныс құрардары радиоқорғаныс құралдарынан, антидоттардан, бактерияға қарсы құралдардан және жартылай санитарлық тазалау құралдарынан тұрады. Радиоқорғаныс құралдары бұл адам организмін радиоактивті заттарға қарсы төтеп беру мүмкіншіліктерін арттыратын препараттар. Антидоттар деп улы заттарды адам организмінен жоюға арналған препараттарлы айтады. Антибактериялдық құралдарды биологиялық қауіпте пайдаланады. Жартылай санитарлық тазалау құралдарына ИПП-8 пакеті, АИ-2 жеке аптечкалары жатады.
Жеке химиялық пакет
Жеке химиялық пакет дененің ашық бөліктеріне және киімге түскен тамшы – сұйық улы заттарды залалсыздандыру үшін қолданады.
Комплектегі бұранды қақпаға жеке дегазды ертіндісі бар флакон және 4 мақталы-дәкелі тампондар кіреді.
Тамшы сұйық улы заттар дененің ашық бөліктеріне және киімге түскенде тампондарды флакондағы сұйыққа малып, ластанған дене бөліктерін және киімді сүртеді. Егер жеке химиялық пакет болмаса, тампон ретінде кәдімгі мақта мендәкені қолдануға, ал дегазды ертіндіні қолдан дайындауға болады. Бірдей мөлшердегі 3% тотыққан сутегі ертіндісі мен 3% сілтіті натрий ертіндісінің қоспасын немесе 3% тотыққан сутегі ертіндісі мен 150 г. конторлық силикатты желімнің қоспасын қолдануға болады.
Жеке аптечка
Жарақат және күйік кезінде, улы заттарды, бактериялық заттарды жеке ионды сәулені әлсірету және алдын алу үшін, өзара және өзіне көмек көрсету, антидот препараттары және радиопротекторлар бар.
Жеке аптечка бірнеше ұялардан тұрады:
1–ші ұяда – ауруды басатын заты бар шприц-тюбик орналасқан. Ол қатты жарақат алғанда, сүйек сынғанда және күйгенде колданады. Оны пайдаланғанда сол колымен бұдыр дөңгелегінен ұстайды да тюбиктің денесінен оң қолысен ұстап сағат тіліне қарай айналдырады. Сосын инені жауып тұрған қалпағын алып, шприц-тюбикті жоғары қаратып, ине ұшына тамшы пайда болғанша ауаны шығарады. Сосын инеге қол тигізбей, санның жоғары жағынан егеді. Жедел жағдайда киімнің сыртынан да егуге болады.
2-ші ұяда - фосфорорганикалық улы заттармен улануды әлсірететін және алдын алатын зат – торен (6 дана) таблеткасы дөңгелек қызыл түсті пеналда орналасқан. Оны «Химиялық кауіп» белгісі берілгенде 1 таблеткадан қабылдайды. Улану белгісі күштірек болса, таблетканың тағы 1 данасын қабылдайды. Келесі қайталап қабылдау 5-6 сағаттан кейін болады.
3-ші ұяды – түссіз үлкен пеналда N2 бактерияға қарсы қолданылатын зат – сульфадимотксин (15 таблеткасы) орналасқан. Оны сәуле алғаннан кейін азқан-ішек қызметі бұзылуы пайда болғанда 7 таблеткасын ішеді, кейінен 2 тәулікте 4 таблеткадан қабылдайды.
4-ші ұяда – алқызыл түсті, сегізқырлы 2 пеналда, әр қайсысында 6 таблеткадан N7 радиоактивтіуланудан қорғайтын зат – цистамин орналасқан. Оны сәле алу қаупінде 6 таблеткадан бір қабылдайды және тағы сәуле қауіпі төнгенде6 таблеткасын 4-5 сағаттан кейін қабылдайды.
5-ші ұяда – түссіз төрт қырлы 2 пеналда, әр қайсысы 5 таблеткадан тұратын N4 бактерияға қарсы қолданатын зат тетракциклин гидрохлориді орналасқан. Оны бактериялық улану және қауіп төнгенде, жарақат және күйік алғанда пайдаланады. Алдымен 5 таблетканы су ішумен бірге қабылдайды. Сосын 6 сағаттан кеиін 5 таблетка қабылдайды.
6-ші ұяда – ақ түсті төрт қырлы пеналда N2 радиоактивті уланудан қорғайтын зат калий иодиді 10 таблетка) орналасқан. Оны радиоактивті заттар түскенде күніне 1 таблеткадан 10 күн қабылдайды. Ең алдымен балаларға 1 таблеткадан береді.
7-ші ұяда – көгілдір түсті дөңгелек пеналда құсуға қарсы қолданатын зат этаперазин 5 таблетка) орналасқан. Оны сіуле алғаннан кеиін тез арада және бас жарақатынан кейін лоқсу пайда болғанда 1 таблеткадан қабылдайды.
Ескерту! 8 жасқа дейінгі балаларға таблетканың 4/1 бөлігін, 8 жастан 15 жасқа деиінгі бплаларға 2/1 бөлігін береді.
Жеке таңба пакеті
Жеке таңба пакетінің ұзындығы 7 м., ені 10 см. дәке-бинттен және ұзындығы 17,5 см, ені 32 см мақта-дәкелі жастықшалардан тұрады. Жастықшаның біреуі дәке-бинттің басына қозғалмайтындай етіп бекітілген, екіншісі қозғалмалы, оны бинттің бойымен қозғалтуға болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Тыныс мүшелерін қорғау құралдарын атаңыз?
2. Теріні қорғайтын құралдар
3. Медициналық қорғаныс құралдары
СӨЖ тақырыптары
1. Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мәселелері.
2. Қазіргі жағдайдағы азаматтық қорғаныстың рөлі және міндеті. Азаматтық
қорғанысты ұйымдастырудың реті мен принциптері.
3. Азаматтық қорғаныс құрылымының міндеті және ұйымдастыру реті. Азаматтық қорғаныстың басқару және қызмет органдары.
4. Құтқару және авариялық қалыпқа келтіру жұмыстары. Жұмыс жүргізу әдістері және оларды алып жүру.
5. Қазіргі заман қирату қаруын қолданғандағы төтенше жағдайлар, қирату ошақтарының сипаттамасы, қорғану шаралары.
6. Химиялық зақымдану және радиоактивті заттар мен улану аумақтарын анықтау.
7. Ядролық жойылу, бүліну, зақымдану ошағы дегеніміз не?
8. Қоршаған ортаға ядролық қарудың қандай жойқын зақымдаушы факторлары әсер етеді, зиян келтіреді?
9. Өткіш радиацияны түсіну. Радиоактивті ластану.
10. Өткір сәуле ауруы. Медбикелік өңдеу.
11. Ауыл-шаруашылық шикізаттарын алқаптық жағдайда тасымалдау және сақтауда қалай қорғайды.
12. Малдарды ветеринарлық өңдеу кезіндегі қандай зарарсыздандыру құралдарын және техниканы қолданады.
13. Қирату ошағындағы құтқару және басқа қажетті жұмыстарды жүргізудің ұйымдастыруы және әдістері, реті.
14. Төтенше жағдайлардағы түсініктер. Төтенше жағдайдың принциптерін түсіну. Олардың классификациялары.
15. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар, қирату ошақтарының сипаттамасы, қорғану шаралары.
16. Төтенше жағдайлар кезінде халықты қорғау әдістері мен ұйымдастырудың негізгі ұғымдары.
17. Халықты қорғаудағы эвакуациялық шаралар.
18. Халықты және аумақтарды қорғауды ұйымдастыру. Қорғау тәсілдері.
19. Қорғану ғимараттары, баспаналар. Төтенше жағдайларда персоналдың және халықтың баспанасын ұйымдастыру.
20. Химиялық қарудың ерекшеліктері. Химиялық қауіпі туындаған ошақтарды жою мақсатында жүргізілетін жұмыстар.
21. Төтенше жағдайлардағы түсініктер. Төтенше жағдайдың принциптерін түсіну. Олардың классификациялары.
22. Тұрғындарды қорғау. Қорғанатын құрылымдарды пайдалану.
23. Залалданған аймақ. Төтенше жағдайды бағалау.ТЖ зардаптарын жою.
24. Жанғыш газдардың, сұйықтардың, қоспалар мен заттардың тұтануы.
25. Газдарды, сұйықтарды, қоспалар мен материалдарды өрт қауіптілігі бойынша жіктеу.
26. Жайларды жарылыс-өрт қауіптілігі бойынша санаттандыру. Адамдарды өрттен қорғаудың алдын алу және тәсілдері.
27. Жарылғыш заттарды, газ-ауа және шаң-ауа қоспаларын жіктеу.
28. Конденсацияланған жарылғыш заттар, газ-ауа және шаң-ауа қоспалары, қысым астында әсер етпейтін газы бар ыдыстар жарылғанда соққылық толқынның ерекшеліктері.
29. Жер беті, әуе және жер асты жарылыстарында соққылық толқындардың таралуы.
30. Соққылық толқыннан қорғау әдістері мен құралдары. Жоғары қысымды жүйелерді пайдалану қауіпсіздігі.
Студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістеме
Химиялық қауіпті заттардың қоршаған ортаға және адам ағзасына әсері
Барлық қауіпті химиялық затттарды жылдам және баяу әсер ететін заттар деп бөлеміз. Жылдам әсер ететін заттармен уланғанда ол шапшаң өтеді,ал баяу әсер ететін заттармен уланғанда жасырын мерзімі – бірнеше сағатқа созылады. Зақымданған орынның жағдайы химиялық заттың беріктігіне, күштілігіне байланысты болады,оны заттың қайнау температурасы арқылы анықтайды. Заттың қайнау температурасы 130С-нен төмен болса,ол күштіге жатпайды,130С-нен жоғары болса оны күшті заттарға жатқызады. әлсіз заттар уланған орында минут немесе ондаған минут қана болады, ал күшті химиялық заттар бірнеше сағаттан бірнеше айларға дейін сақталады.
жылдам әсер ететін тұрақсыз зат-аммиак, СО;
тұрақсыз, баяу әсер ететіндер –фосген, азот қышқылы;
күшті, тез әсер ететіндер –анилин, фосфорлы-органикалық заттар;
күшті, баяу әсер ететіндерге –диоксин, тетраэтил қорғасын жатады.
Химиялық қауіпті заттардың және олардың организмге әсерлік сипаттары.
Химиялық заттардың организмге әсерін бақылай отырып оларды келесі топтарға бөлеміз:
1)тұншықтырып күйдіретін әсері бар заттарға – хлор,фосген жатады.
2) жалпылама улы заттар – синиль қышқылы, улы газдар және цианидтер.
3)тұншықтыратын және жалпылама улы заттар - күйдіретін әсері бар –фторлық байланытар,азот қышқылы,күкіртті сутегі,күкірт ангидриді, азотты тотықтар.
4) нейротроптық улы заттар –фосфорлы-органикалық қосылыстар,күкіртті көміртегі, тетроэтилен қорғасын;
5) нейротроптық және тұншықтырғыш заттар –аммиак,гидразин;
6)метаболикалық улы заттар – дихлоридтан, этилен тотығы.
7) Зат алмасу процессін бұзатын заттар - диоксин,бензофурандар.
Зиянды заттар ағзағ үш жол арқылы түсуі мүмкін( бұл жолдарды білу ағзаның улануының алдын алады):
Демді ішке жұтқан кезде өкпе арқылы өту-бұл өте қауіпті жол болып саналады,себебі өкпе альвеолдерінің бетімен және жұқа алвеолярлық қабырғалар арқылы газдар,бу және шаңдар өтіп тікелей қанға өтеді.Дене жұмысымен шұғылданғанда немесе ауаның температурасы жоғары болса, қан айналымы және тыныс алу ауқымы жоғарылайды,сол кездерде ағзаның улануы жылдамдайды;
асқазан –ішек тракты арқылы,сумен және тамақпен немесе қолдың лас болуынан өтеді, асқазан –ішек трактысынан майда жақсы еритін заттар сорылады.
Асқазан- ішек трактысы арқылы өтетін химиялық заттардың көпшілігі ең алдымен бауырға барады,ол жерден белгілі бір дәрежеде залалсызданады;
Зақымданбаған теріге сорылу арқылы өту (сіңірілу) бұл кезде майларда және липойдтарда жақсы еритін заттар сіңіріледі(мысалы, көптеген дәрілік заттар және нафталин қатарының заттары).
Химиялық заттардың тері арқылы сіңірілуі олардың ерігіштігіне, оның терінің бетіне жұғуына ,көлеміне және ол жердегі қанның ағысына байланысты болады.Ауа температурасы жоғары болғанда, жұмыс кезінде терідегі қан айналымы күшейеді,сол кезде терінің улануы да көбейеді. Баяу ұшатын майлы заттар да қауіп тудырады,себебі олар терінің бетінде ұзақ уақыт сақталып оның сіңірілуіне себепші болады. Ағзаға түскен химиялық заттадың (тағдырлары ) жағдайлары да әртүрлі болады:
инертті заттар(мысалы,бензин)ағзада басқа күйге өзгермейді және өзгеріссіз бөлініп шығады.
кейбір органдарда тұрып қалады(адам сүйегінде қорғасын және фтор орнығып қалады).
тотығу, тотықсыздану реакциясына түседі т.б.
Химиялық өзгерістерге айналудың себебінен көптеген улы заттар залалсызданады,ал кейде олар күшті улағыш заттар түзеді (мысалы,метил спирті өте улы формальдигидке және құмырсқа қышқылына дейін тотығады).
Егер,заттың бөлінуі және оның басқа заттарға айналуы ағзада баяу өтетін болса,ол заттар ағзада ұзақ уақыт бойы жиналып органдарға және ұлпаларға зиянды әсерін тигізеді.
Урбанизацияның және өнеркәсіптің күшті дамуына байланысты адам ағзасына бір мезетте бірнеше зиянды химиялық заттар түсуі мүмкін,олар организмге бірлесіп әсер етеді.Бұл қосылып әсер етудің үш түрі болады:
синергизм – бір заттың әсерін екінші бір заттың күшейтуі.
антагонизм – бір заттың әсерін екіншісінің әлсіретуі.
суммация қосылған заттардың бірігіп әсер етуі.(мысалы,ауада екі заттың буы болса,олардың әрқайсысының ПДК-сі 0,1 мг/л болса, ал олар біріксе ағзаға 0,2 мг/л зат тәріздес әсер етеді).
Химиялық қауіпті заттардың негізгі белгісі олардың улылығында,олардың улылық дәрежесі әртүрлі болады, белгілі бір мөлшері және концентрациясы болады.
Мүмкін болатын концентрация – бұл топырақта ,ауада және сулы ортада кездесетін заттың мөлшері,азық-түлікте және жемнің құрамында болады,бұл заттар бұзылудың алғашқы белгілерін көрсетуі мүмкін(бұл кезде адамның еңбекке деген қабілеті сақталады).
Мүмкін болатын концентрацияның шегі(ПДК) бұл И.В.Саноцкиидің айтуына сәйкес (1971) сыртқы ортада кездесетін химиялық байланыстар ,бұл концентрацияда организмге әсер ететін заттар,мерзімдік немесе өмір бойы әсер етеді ( экологиялық жүйелер арқылы немесе экономикалық шығындар арқылы).
Олар адамның денсаулығында соматикалық немесе жүйе жүйесінің ауруын ттудырмайды,денсаулығын өзгертпейді,физиологиялық ауытқулар тудырмайды, қазіргі замандағы зерттеу тәсілдрінде байқалатын,болашақ ұрпаққа залалын тигізбейді.
Улылық мөлшері – бұл химиялық қауіпті улы заттармен бүлінен жердегі адамның денесіндегі улы заттардың концентрациялық мөлшері, адамның ол жерде қорғану заттарын пайдаланбаған уақытында енген улы заттар мөлшері.
У дегеніміз – тіршілік ортасында кездесетін химиялық компонент,ол адам ағзасына туылған сәтінде немесе өсе келе ағзаның қасиетіне қарай сәйкес келмейді, және сондықтан өмір сүруге қосылмайды. Удың ағзаға әсері жалпы улылық және ерекше болып бөлінеді:
- сексибилдендіргіш – ол жоғары сезімталдық шақырады.
- гонадотроптық – жыныс бездеріне әсер етеді.
- эмбриотроптық – ұрыққа және тұқымға әсер етеді.
- тератогендік –кеміс,жарымжан етеді.
- мутагендік – генетикалық аппаратқа әсер етеді.
- бластомогендік – ісік тудырады.
Улар шұғыл және созылмалы улануды пайда етеді. Шұғыл түрде улану әдетте тұрмыс жағдайында кездеседі,ал оның созылмалы түрі – кәсіптік сипат алады. Шұғыл улану кезінде ағзаға зиянды заттардың көп мөлшері бірден түседі. Созылмалы улану кезінде улы заттар ағзаға қайталап , біртіндеп немесе бірнеше рет аздаған мөлшерде түсіп ағзаны улайды.
Шұғыл (өткір) әсердің басталуы –аз концентрациялы заттың организмге бірден әсерінің күшті болуы.
Созылмалы әсердің басталуы – сол аз концентрациялы зат созылмалы түрде күшті өзгерістер ендіреді.
Химиялық қауіпті заттардың (ХОВ) адам ағзасына улылық әсер етуі.
Улылық әсері ағзаға түскен улы заттың мөлшеріне, оның физикалық –химиялық қасиетіне, удың түсу мезгілінің ұзақтығына және қарқындылығына ,оның биологиялық ортамен қарым- қатынасына (қанмен, ферменттермен) байлаысты болады.Бұлардан басқа,адамның жынысына, оның жасына, сезімталдығына,удың ағзаға түсу жолдарына және оның таралуына, сонымен қатар қоршаған ортаның метеорологиялық жағдайына байланысты болады. Апаттың жағдайға қауіпті химиялық заттардың улылығы әртүрлі болады,олардың кейбіреуі белгілі бір органға немесе организмнің жүйесіне ғана әсер етеді. Олардың улылығына қарай былайша бөлеміз:
жүректікі –оның кардиоулылық әсері бар( көптеген дәрілік препараттар,өсімдік улары,барий,калий,кобальт,кадмий, металдарының тұздары).
жүйкеге әсер ететіндері, адамның психикалық белсенділігін бұзады.(улы газдар,фосфор-органикалық қосылыстар, спирттік ішімдіктер және оның орнына пайдаланылатын заттар, наркотиктер ұйқы шақыратын препараттар):
бауырға әсер ететіндері ( хлорланған көмір сутектері, улы саңырауқұлақтар,фенолдар және альдегидтер):
буйрекке әсер ететіндері ( ауыр металдардың қосылыстары,этиленгликоль,қмыздық қышқылы):
қанға әсер ететіндері (анилин және оның туындылары,нитриттер,мышьякты сутегі):
өкпеге әсер ететіндері ( азот тотығы,азон,фосген):
Әртүрлі мөлшердегі және концентрациядағы химиялық қауіпті заттардың
Ағзаға деген улылық әсері функционалдық және құрылымдық өзгерістер әкелуі мүмкін, организмнің улануы бастапқы мөлшер және концентрациялық түрде болуы мүмкін. Соның нәтижесінде, концентрациясы күшті болған жағдайда адамның өліміне әкеліп соғуы мүмкін.Организмге адамның өліміне әкеліп соғатын мөлшерді DL-ді ендіру жекелеген органның өлуіне немесе барлық ағзаның өлуіне әкеледі.Улылық күшін көрсету ретінде орташа улы мөлшерді және концентрацияны алады (DL50,CL-SO);
Ауадағы орташа концентрациялы зат дегеніміз – бұл тәжірибедегі жануарлардың 50%-ын өлтіретін улы зат деген сөз.Оны жануарларға 2-4 сағат бойына ингаляциялық әсер әдісімен жібереді.(мг/м³);
Орташа өлтіретін мөлшері бар затты асқазанға жібергенде (мг/кг) DL 50ж деп белгілейді,ал теріге жаққанда DL 50к болады. Улы заттардың қауіптілігін оның бастапқы зиянды әсеріне қарап бағалауға болады және (бір реттік,созылмалы)ерекше әсеріне қарап айтуға болады. Зиянды әсердің бастамасы – бұл улы заттың аздаған мөлшерінің организмде биологиялық өзгерістер тудыруы , бұл әдеттенген реакциялардан тыс өзгерістер әкеледі немесе жасырын өтеді,патология.
Зиянды қауіпсіздік талаптарының жалпылама сипатын ГОСТ 12.0.003-74 белгілейді, ол заттарды былайша бөледі:
улы заттар, барлық ағзаны улайды және жекелеген жүйелерді зақымдайды(ожж, қан жасалуын) олар бауырға және бүйрекке патологиялық өзгерістер әкеледі;
тітіркендіргіш заттар - бұл тыныс жолдарының кілегей қабықтарын,көзді,өкпені, тері жабындарын тітіркендіреді.
сексибильдендіргіш – бұл аллерген тәріздес әсер етеді( формальдегид,еріткіштер, нитроқосындылар негізінде жасалған бояулар);
мутогендік – тұқым қуалаушылық ақпаратындағы генетикалық кодты бұзып оның өзгеріске ұшырауына әкеледі.(қорғасын,марганец,радиоактивтік изотоптар);
канцерогендік заттар – бұлар қатерлі ісіктерді тудырады(циклдік аминдер,ароматты көмірсутектері,хром,никель,асбест);
көбею функцияларына әсер ететіндер (бала туу),(сынап,қорғасын,стирол,радиоактивтік изотоптар).
Апат тудыратын химиялық қауіпті заттардың жердің беткі қабаттарын ластауы,олардың физикалық- химиялық қасиеттеріне қарап анықталады және олардың бұзатын жағдайға өту қабілеттеріне қарайды,яғни, концентрациясына немесе ауадағы оттегі мөлшерін қалыпты мөлшерден төмендетуіне байланысты тексеріледі.
Барлық химиялық қауіпті заттарды үш топқа бөлуге болады,атмосфера қысымындағы қайнау температурасына ,ауыспалы температураға және қоршаған ортаның температурасына қарайды; химиялық қауіпті заттардың агрегаттық жағдайына;сақталу температурасына және ыдыстағы қысым мөлшері. Апат тудыратын химиялық қауіпті заттардың 1-ші тобына жататындардың қайнау температурасы 40˚С- нен төмен болады. Бұлар атмосфераға шыққанда бастапқы газды бұлт түзеді,ол жарылыс және өрт қауіпін тудырады( сутегі,метан,иісті газ)сонымен қатар ауадағы оттегі мөлшері жылдам төмендейді(сұйық азот). Жекелеген ыдыстар бұзылғанда бұлтты газдардың әсері 1 минуттан аспайды.
Химиялық қауіпті заттардың 2- тобының температурасы қоршаған ортаның температурасынан жоғары болады. Оларды сұйық күйге түсіру үшін сығымдап сақтау керек( немесе кәдімгі қалыпты температурада қысымды ұстау керек)- хлор;аммиак,этилентотығы. Бұлардың атмосфераға шығуы бастапқы және екінші уланған адамның бұлтын жасайды. Ауаның бұзылу жағдайы олардың қайнау температурасына және ауа температурасымен қатынасына байланысты анықталады. Мәселен, бутан ыстық мерзімде 1-тотағы заттар тәріздес әсер етеді,яғни тек қана бастапқы бұлтты түзеді, ал суық ауа райында 3- топ тәріздес болады. Бірақ улы заттың қайнау температурасы ауа температурасынан төмен болса, ыдыстан шыққан газда оның негізгі бөлігі болуы мүмкін.
Улы қауіпті заттар (ОЗВ). Бұл жағдайда апаттың орнында ауаның салқындағаны байқалады,ылғал буланып ұшады. Химиялық қауіпті заттардың 3 – тобының қайнау температурасы 40˚С- нен жоғары болады,яғни, бұл жердегі химиялық қауіпті заттардың барлығы атмосфралық қысымда сұйық күйде болады. Олар төгілген жағдайда апатты аймақтағы жер астының суларының бұзылу қауіпі болады. Топырақтың беткі қабатындағы сұйықтық ұзақ уақыт буланып ұшады,сондықтан зиянды заттардың бұлты қайтадан түзілуі мүмкін,бұл жағдай, бұзылған аймақтың көлемін ұлғайтады. Апат тудыратын химиялық қауіпті заттардың 3-ші тобына жататындар,егер оларды жоғарғы температурада, жоғарғы қысымда сақтаса өте қауіпті болып саналады( бензол,толуол).
Хлор
Мен,енді көп таралған, апат тудыратын химиялық қауіпті заттарға сипаттама берейін,себебі, күшті әсер ететін улы заттардан қорғану шараларын дұрыс жүзеге асыру үшін және олардың зардаптарын жою үшін міндетті түрде олардың физикалық және улылық қасиеттерін білуіміз қажет. Хлор дегеніміз –улы газ,ол 2,5 есе ауадан ауыр болады,көбінесе таза күйінде немесе басқа компоненттермен байланысқан түрінде қолданылады.20˚С- температурада және атмосфралық қысымда хлор жасыл- сары түсті газ күйінде болады,оның өткір ұнамсыз иісі болады. Хлор барлық тірі организмдермен реакцияға түсіп оларды бүлдіреді.
Сұйық хлор – жылжымалы майлы температурада және қысымда жасыл- сары түсті болып сары теңбілді болады және меншікті салмағы 1,47 г/см³ -102˚С-де және одан да төмен температурада хлор қатты күйге түседі және оның формасы қоңырқай – қызғыш түсті майда түйіршіктерге айналады, меншікті салмағы 2,147 г/см³. Сұйық хлор суда нашар ериді, су каналдарындағы суды залалсыздандыру үшін хлорлағанда хлордың газ тәріздес түрі пайдаланылады. Газ тәріздес хлорды өндіру ас тұзын электролиздеу негізінде жүзеге асырылады.(сутегілік сілті ). Бұл тұздықты дайындау өте күрделі комплекс, оны тазартады,булайды,электролиздейді,суытады,одан соң газды айдап шығарады.Құрғақ қоспа ,егер құрамындағы хлор мөлшері 3,5-тен 97%-ға дейін болса ауамен қосылған кезде жарылыс тудырады, хлор мөлшері 3,5-тен төмен болса ол қауіпсіз болады. Хлор және сутегі стехиометриялық қатынаста болса (50-50%) жарылыс қауіпі туындайды. Бұндай қоспалар жарылғанда күшті дыбыс шығарады және жалын болып жанады. Хлоры сутегінің қоспасының жарылуына электр тогының ұшқыны , қыздырылған дене,күн сәулесінің тікелей түсуінен оған жақын заттардың қыззып кетуі (ағаш көмірі ,темір,темір тотықтары ) себепші болады. Хлор ылғалды түрінде күшті тотықтандырады (бұл тұз қышқылы),бұл жағдай сақталатын ыдыстарды ,өткізгіш құбырларды,арматураларды,жабдықтарды бұзады. Цехтағы апатты жағдайлар,кенеттен судың тоқтап қалуынан,электр тогының берілмей қалуынан,өндіріс орынына хлордың енуінен, электролиз кезінде сутегілік коллекторга қысымның артық пайда болуынан,өрт шығуынан болады. Бұл жағдайлардың барлығында да жұмыс істеп тұратын жарықтық және дыбыстық дабыл нүктелері болуы тиіс,ал сутегілік компрессорлар автоматты түрде тоқтап қалуы тиіс. Темір жолдағы цистерналар, бөткелер,баллондар хлормен толтырылғанда аса сақтықты қажет етеді,себебі,сұйық хлор 1˚С-ге қыздырылғанда оның көлемі 0,2%-ға дейін ұлғаяды,ал қысымның әрбір 100кПа –сында көлемі 0,012 дейін кішірейеді,демек,сұйық хлор толтырылған ыдыста температураның 1%-ға көтерілуі қысымды1500-200 кПа-ға дейін жоғарылатады. Сұйық хлормен ыдыстарды толтыру нормасы 1л ыдысқа 1,25 кг есебімен жүргізіледі.Құрғақ хлор қалайы және алюминиден басқа металдарға әсер етпейді,ал ылғалды жағдайда оларды тоттандырып жібереді. Ауадағы хлордың концентрациясы 0,1-0,2мг/л болса адамдарды уландрады, тұншықтыратын жөтел пайда болады,бас ауырады,көзді ашытады,өкпеге зиянын тигізеді,кілегей қабықтарды тітіркендіреді және теріге әсер етеді. Зардапқа ұшыраған адамдарды жылдам таза ауаға шығару керек(тек шалқасынан жатқызу керек,себебі өкпеге күш түссе жағдай қиындап кетеді),денесін жылытып,спирттің, оттегінің буымен дем алдыру керек, теріні және көздің шырышты қабаттарын 15 минут бойына 2%-дың сода ерітіндісімен жуып отыру керек.
Аммиак
Аммиак – мүсәтір спиртінің күшті иісі бар түссіз газ.Аммиактың буының ауамен қоспасы 15-тен 28%-дың мөлшер аралығында (107-200 мг/л)жарылыс қауіпін тудырады. Аммиактың ауамен қоспасының жарылыс қысымы,ауадағы аммиак мөлшері 11%-дан жоғары болғанда (78,5 мг/л) 0,45 МПа-ға дейін жетеді.Бұл жерде ол жалындап жанады. 1013 ГПа қысымда ( 760мм.сын.бағ.)оның қайнау температурасы - 33,3˚С,ал оның қатаюы -77,9˚С болып,жануы - 630˚С болады. Аммиак – нейтроптық әсері бар, тұншықтыратын заттар қатарына жатады.Жүйке импульсына әсер етеді. Аммиактың буы ауадан жеңіл болады.Басқа газдармен салыстырғанда суда жақсы ериді,сұйытылған күйінде 28 атмосфералық қысымда танктермен тасымалданады. Аммиактың ауадағы мөлшері :
жұмыс аймағында мүмкін етілетін мөлшері-0,002% ;
бір сағатқа дейін әсер етпейтін мөлшері – 0,035%;
адам өміріне қауіп төндіретін мөлшері-0,7 мг/л немесе 0,05-0,1% ;
1,5-2,7 мг/л немесе 0,21-0,39%- 30-60 минут аралығында адамды өлімге әкеледі.
Аммиак организмді зақымдайды, әсіресе тыныс алу органдарына қатты әсер етеді.Оның әсерінің белгілеріне мыналар жатады: мұрынның ағуы,жөтелу,тыныс алудың қиындауы,көздің ашуы, жас ағуы. Сұйық аммиак теріге тисе сол жер мұздап кетеді, 2-дәрежелі күйік болуы мүмкін. Зақымданған адамды шалқасынан жатқызып тасымалдау керек. Жасанды тыныс алдыруға болмайды. Міндетті түрде денені жылы ұстап жән тыныштық сақтау қажет,ылғалды оттегімен дем алдыру дұрыс болады. Теріні, көздің шырышты қабығын 2 минуттай бар қысыммен 2%-дық немесе сумен жуып тастау керек. Көзге 2-3 тамшы альбуцид ерітіндісін ,ал мұрынға жылы зәйтүн майын тамызады, сүтке боржоми суын немесе сода қосып ішкізеді.
Синилдік(көгертетін) қышқыл.
Синил қышқылы (HCN) және оның соясы (цианидтер) химиялық өнеркәсіптерден көптеп шығарылады. Оларды пластмасса және жасанды талшықтар алу үшін кеңінен пайдаланады, галванопластиктерде, алтын өндіретін кендерде алтынды бөліп алу үшін пайдаланады. Синил қышқылы қалыпты жағдайда түссіз болады. Мөлдір түсті ,ұшқыш, жеңіл тұтанатын сұйықтық,өткір бадамның иісі сезіледі. 14˚С температурада балқиды,25,6˚С қайнайды. Тұтану температурасы 17˚С.5,6- 40 %-дық синил қышқылының буы ауамен қосылса жарылыс тудырады. Синил қышқылы – жүйке жүйесіне әсер етіп оны жансыздандыратын өте күшті улы зат. Бұл қышқыл адам ағзасына асқазан – ішек тракты арқылы өтеді,қанды тыныс алу органдарын зақымдайды,оның буының үлкен концентрациясы тері арқылы сіңеді. Белсендірілген көмірге нашар сіңеді, яғни бұл жерде өнеркәсіптік Б маркалы газға қарсы бас киімнің орнына БКФ маркалысын кию керек, оның арнаулы химиялық жұтқыштары болады. Синил қышқылының организмді зақымдау әсері ,оның организмге түскен мөлшеріне және жылдамдығына байланысты болады: 0,2 - 0,04 мг/л 6 сағат бойына байқалмай сіңуі мүмкін; 0,12 -0,15 мг/л - 30- 60 минуттан соң ағзаға қауіп төндіреді; 1 мг/л және одан жоғары болса адамды өлтіріп жібереді. . Синил қышқылының зақымдау әсері былайша болады, ол жасушадағы құрамында темірі бар ферменттерді бекітіп тастайды, ағзаға оттегіні өткізбейді. Бұл затты барлық уақытта сумен және еріткіштермен араластырып қолданады.
Күкіртті газ
Күкірт ангидриді (күкірттің қос тотығы, күкіртті газ) күкіртті ауада жаққанда алынады. Бұл өткір иісті түссіз газ, қалыпты қысымда 75˚С –де сұйық күйге түседі, ауадан 2-3 есе ауыр болады. Суда жақсы еріп күкірт қышқылын түзеді.( қалыпты жағдайда судың бір көлемінде газдың 40көлемі ериді). Бұл затты күкірт қышқылын және оның тұздарын алу үшін пайдаланылады, қағаз және тоқыма өндірісінде, жемістерді консервілегенде және тұратын жайларды залалсыздандыру үшін пайдаланылады. Сұйық күкірт ангидриді хладагент немесе еріткіш ретінде қолданылады. Күкірт ангидридінің орташа тәуліктік ПДК-сі халық қоныстанған жерлердің атмосферасында 0,05 мг/м³ болады, ал жұмыс бөлмелерінде -10 мг/м³ болады. Оның аз концентрациясының өзі ауызға жағымсыз иіс береді, теріні тітіркендіреді,жөтелдіреді,көзді ауыртады,күйдіреді,көзден жас ағызады, күйік те болуы мүмкін. Оның концентрациясы жоғары болған жағдайда қорыл пайда болады, адам алқынады және есінн танып қалады. өліп те кетуі мүмкін.
Алғашқы көмек: Зардап шеккен адамды таза ауаға алып шығу керек,терісін және шырышты қабықтарды сумен немесе 2%-дық ас содасының ерітіндісімен жуады,ал көзді 15 минут бойы ағынды сумен жуады.Егер, күкіртті газдың адамға залал тигізетіндей концентрациясымен ауа уланған болса,онда бұл аумақты жекелеп тастайды, тек қана қорғасын киімдері бар адамдар ғана жұмыс істей алады. Күкірт ангидридінің концентрациясына байланысты өнеркәсіптік В,Е,БКФ газға қарсы киетін бас киімдер киеді.(противогаздар). Жерге төгілген сұйықтың айналасын топырақ үйіндісімен қоршап тастайды,оған судың тимеуін қадағалау керек.(өртті сөндірген кезде). Сұйық күкірт ангидридін тоғандардан, су жүйелерінен ,каналдардан аулақ жерде ұстауды қамтамасыз ету керек.
Гептил
Гептил (гидразин,диамид,симметриялы емес демитилгидразин) – нашар иісті сұйықтық ауада мұнарланып тұрады. +1,5˚С –де балқиды.Суда ,спиртте, аминдерде ериді, тек көмірсутектерде ерімейді. Ылғал тартыш, ауада асбестпен ,көмірмен темірмен қосылса ол қоспалар жарылыс береді, ²өздігінен жанып кетуге бейім болады. Ауадан ауыр 300˚С –де немесе катализатор қосылса ыдырайды. Өте қауіпті затқа жатады (қауіпті зааттардың 1-классына жатады.) Жұмыс аумағындағы ауадағы ПДК 0,1 мг/м³ ракетаның отына қоспа ретінде қосады. Гептил жерге төгілсе (м-ден астам болса) топырақта 20 жылға дейін өзгермей жата береді. Ағзаға тері арқылы немесе тыныс жолдары арқылы енеді.( бу түрінде). Бастапқы улану мөлшері - 14 мг/м³ , қысқа мерзімдік мүмкін болатын концентрациясы 6 мг/м³, өмірге қауіп төндіретін мөлшері 100м²/м³,адамды өлтіретін мөлшері 400 мг/м³; Көзді уақытша көргізбей тастайды(бір апта), теріні күйдіреді,егер қанға түссе орталық жүйке жүйесін және жүрек қан –тамыр жүйесін зақымдайды, қанның құрамы бұзылады.( қызыл қан түйіршіктері бұзылады және қанның азаюы пайд болады).Қозу, бұлшық еттердің әлсізденуі,құрысып қалу, жансыздану,тамыр соғысының төмендеуі, жүрек айнуы, құсу, іштің өтуі, бүйрек және бауырдың зақымдануы,коматоздық жағдай пайда болады.комадан шыққан кезде бірнеше күнге дейін сандырақтау, құлаққа әртүрлі дыбыстардың естіліп, көзге әртүрлі нәрселер елестеуі мүмкін. Гептилдің ауада бар екендігін фотометрикалық тәсілмен гептилге индикаторлық түтік салу арқылы анықтайд
Азот қышқылы
Азот өнеркәсібі ауыл шаруашылық өнімдерін 50 түрден астам тыңайтқышпен қамтамасыз етеді.(амиак,минералдық тыңайтқыштар,капролактам). Азот қышқылының тығыздығы 1,502 г/см³. Оның булары ауадан 2,2 есе ауыр. Сумен жақсы араласы жылу бөледі. Ылғал сіңіреді,ауада мұнарланып тұрады, барлық металдарға әсер етеді,алтынға және алюминиге әсер етпейді. Органикалық материалдары жанады,ол кезде зиянды қасеті бар азот тотықтары бөлінеді.Скипидарға немесе спиртке араласса жарылыс береді. Улылық мөлшері: залал келтіретін мөлшері -1,5 мг/ л,адамды өлтіретін мөлшері 7,8 мг/ л. Онымен улану жылдам және созылмалы түрде өтеді.
Улы техникалық сұйықтықтар
Көптеген техникалық сұйықтықтар, атап айтқанда ,еріткіштер, антифриздер,тежегіш сұйықтықтары, метил спирті,тетраэтил –қорғасын,дихлорэтан тағы да басқалары жоғарғы дәрежеде улы болып келеді.
Метил спирті
Метил спирті СH OH- түссіз сұйықтық, оның иісі этил спиртімен бірдей болады. Қайнау температурасы - 64,7˚С. Бұл заттан улану, оны ішкен кезде байқалады, оны мас болу үшін ішеді,оның 30-100гр адамды өлімге әкеледі. Этил спирті бүтіндей молекуламен әсер етеді,ол жағдайда алкогольдік ішімдік ішкендей болады,одан соң оның өнімдері тотығып формальдегидке және құмырсқа қышқылына айналады, ол тотығу процесстерін бұзады. Формальдегид көру жүйесін бұзып соқырлыққа әкеледі. Метаколды көп мөлшерде пайдаланғанда (100-300мл) адам мас болып құлағы естілмей қалады және коматоз басталып оның соңы өлімге әкеп соғады. Кейде бұл заттың адам ағзасына әсері баяу болады,ол жағдай бірнеше сағатқа кейде 1-2 тәулікке дейін созылады. Одан соң, кенеттен басы ауырып адам мазасыздана бастайды, қолтық асты ауырады, көздің көруі нашарлайды, дем алысы жиілейді, бұлшық еттер жиырылмай қалады, көздің қарашығы ұлғаяды, одан соң адам есінен танып қалады. Орталық жүйке жүйесіне әсер етсе адам өліп те қалады. Егер, сәтін салса 2-3 тәуліктен соң адам есін жиып тәуір болады,бірақ көру жүйелерінің бұзылуы қалып қояды. Бұл жағдайды анықтау кезінде, адамның кіші дәретінен құмырсқа қышқылы табылады,көздің көруі нашарлайды, құлақтың есіту қабілеті төмендейді және мастықтан соңғы жасырын кезең байқалады. Алғашқы көмек көрсету кезінде, уды асқазаннан жылдам шығару керек,ол үшін құстырады,одан соң ауруды дәрігерлік пунктке жібереді,ол жерде асқазанды адсорбентпен зонд арқылы жуады. Одан соң асқазанды екінші рет көмірқышқылды соданың ерітіндісімен 2-3 тәулік бойына жуады, себебі метакол өте баяу тотығады және асқазан – ішек трактынан ұзақ уақыт бойы бөлінеді. Қан жіберуге болады. Ацидозбен және гипоксияме күресу үшін өттегі беру керек,күре тамырға 300-500 мл-ге дейін натрий бикарбонатын жіберу керек, одан соң 2г –нан ішу керек,оны кіші дәреттің сілтілік реакциясының алдында қабылдайды. Одан соң , жүрекке әсер ететін және қоздырғыш дәрілерді қабылдайды( камфора,кофенн,коразол немесе кордиамин,эфедрин, стрихнин). Сонымен қатар глюкозаның аскорбин қышқылымен қосылған глюкоза (500мл-ға дейін), В-дәруменін (5%-дық ерітіндіні 1мл -ден),никотин қышқылын( 1%- ерітіндісін1мл -ден), жіберуге болады. Бұл жерде этил спиртімен де емделу қарастырылады,бұл спирт алкогольдегидрогеназ ферментін жояды және метаколды формальдегидке тотықтырады. Ауруға оны тамшылату арқылы күре тамырдан жібереді,1л 5%-дық этил спиртін 5%-дық глюкоза ерітіндісіне қосады, одан соң 20 %-дық этил спиртін тәулігіне 6-8 рет ішуді ұсынады, бұл емдеуді алғашқы үш тәулікте жүргізеді.
Этиленгликоль
Этиленгликоль- иісі жоқ,май тәріздес сұйықтық,түсі мөлдір, дәмі тәтті, бұл зат кейбір тежегіш сұйықтығының және антифриздердің құрамына кіреді. Бұл сұұйықтықтан улану ,оны мас болу үшін ішкенде ғана болады. Мынандай жағдай болған,15 адам этиленгликолмен уланып,олардың бесеуі коматоз жағдайында қайтыс болды. Этиленгликолдің 50мл мөлшері улы болып саналады,ал 100-200 мл өлімге әкеліп соғады. Этиленгликолдің әсерлік механизмін екі фактор арқылы түсіндіреді. Ол,ең алдымен екі атомдық спирт секілді әсер етеді,наша тәрізді әсер береді және орталық жүйке жүйесін зақымдаудың себебінен адам ессіз жағдайға түседі және өліп те кетеді. Одан соң ағзада этиленгликоль қымыздық қышқылына тотығады ол ацидоз және гипоксия шақырады. Бұдан басқа қымыздық қышқылы кальциимен қосылып,уда ерімейтін қымыздық қышқылдыкальций түзеді, бұл зат некронефрозды,бүйрек каналдарының бітелуіне әкеледі,стурияға және уремияға әкеледі. Антифризді немесе тежегіш сұйықтығын ішкен кезде, оның құрамында этиленгликоль бар,30-40 минуттан соң масаңдық байқалады(эйфория). Одан соң ауыр болған жағдайда ,2-12 сағат аралығында коматоздық жағдай басталады және орталық жүйке жүйесі зақымданады, құсады, қан қысымы төмендеп кетеді. Ал, егерде жеңіл өтетін болса,бастың ауыруы,айналуы, әлсіздік, жүректің айналуы, құса беру,ұйқышылдық немесе қозу, көздің қарашығының ұлғаюы,цианоз,тахикардия,гипотензия,лейкоцитоз,кіші дәретте ақуыздар және эритроциттер пайда болады,іш ауырады. Бұл жағдайды көбінесе уланудың мидағы кезеңі деп те атайды. Алғашқы көмекті құстырудан бастайды. Алғашқы дәрігерлік көмектің мақсаты,ағзадан уды асқазанды жуу арқылы шығару болып табылады. Адсорбентпен асқазанды жуады,одан соң симптоматикалық емдеу керек(жүректің дәрілерін,оттегі,жылу). Одан кейінгі емдеуді емханада жасайды. Бұны емдеу үшін күкірт қышқылды магнезияны күре тамырдан жібереді(25%-дық ерітіндіні 5-10мл-ден жібереді),бұл қымыздық қышқылына әсер етіп еритін тұздар түзеді,уремияны төмендетеді. Ацидозбен күресу үшін 50-100мл 5%-дық бикарбонатының ерітіндісін тамырға жібереді және ішу керек ( 2%-дық ерітіндіні). Натрий тиосулфатын ( 25%-дық ерітінді 50мл –ге дейін, ол уды жояды),глюкозаны ( 40%-дық ерітіндіні 20-40мл-ден) және дәрумендерді салады. (В7, аскорбин қышқылы). Апурия және уремияны болдырмау үшін жасанды бүйректер пайдаланылады.
Дихлорэтан
Дихлорэтан - түссіз сұйықтық,онда спирттің және хлороформның иісі бар,суда ерімейді,қайнау тепмературасы 80-87˚С, қайнау тепмературасы - 37˚С,еріткіш ретінде және газданбайтын еріткіштерді дайындау үшін қолданылады. Адамның ағзасына тері арқылы, тыныс алу органдары және асқазан –ішек трактысы арқылы енуі мүмкін. Буының концентрациясы 0,05мг/л ден жоғары болса улы болып саналады. Оны ішуге болмайды,20-100мг-лік мөлшері адамды өлтіріп жібереді. Дихлорэтан теріге тиген жеріне әсер етеді, шырышты қабаттарға және орталық жүйке жүйесіне сіңетін әсер береді. Дихлорэтан теріге тигенде ол жерді күйдіреді, терінің түсі бозарады, одан соң бірнеше сағат сол жер қызарып тұрады. Егер ,бұл заттың буын жұтып қойса,бастың ауыруы,әлсіздік,бастың айналуы,шырыш қабаттардың күюі, жүрек айнуы,құсу,жөтел,жүректің айналасының ауыруы,цианоз, адамның есінің ауысуы байқалады.Демалатын ауадан ерекше өзіне тән иіс сезіледі. Бұл жағдайдан өліп кету өте сирек кездеседі. Дихлорэтанды ішу өте қауіпті,ол адамды өлтіріп жібереді. Бұл жағдайда 5-10 минуттан соң (кейде 1-2 сағаттан соң) бастың айналуы, әлсіздік, жүрек айнуы,құсу, байқалады. Кейде эйфория және естімей қалуы мүмкін. Одан соң адамның денесі сарғаяды,бауырдың көлемі ұлғаяды,іштің кебуі байқалады,қан аралас іштің өтуі мүмкін,ауыр болған жағдайда апурия басталып коматоздық жағдай болады. Орталық жүйке жүйесінің және коллапстың зардап шегуінен адам өліп кетеді. Егер, дихлорэтан теріге тиіп кетсе,ластанған киімді шешіп денені таза жылы сумен жуыну керек. Ішкі органдар ,асқазанды жуу керек және глюкоза құяды.
Тетраэтилқорғасын
Тетраэтилқорғасын.(тэқ)- май тәріздес сұйықтық,тәтті иісті болады. Меншікті салмағы-1,65, қайнау тепмературасы 200˚С,суда ерімейді,липойдотроптық зат болып саналады.ТЭҚ бензинді этилдеу кезінде ,автокөліктердің және ұшақтардың двигателдеріне антидетокатор ретінде қолданылады,бензиннің жарылыссыз бірқалыпты жануын қамтамасыз етіп,мотордың жұмыс істеу мерзімін ұзартады.56%-дық этил сұйықтығы түрінде және бояғыш зат түрінде шығарылады. ТЭҚ организмге бу түрінде немесе сұйық түрінде енеді,ол қабыну,қозу жағдайын болдырмай әсер етеді және өте улы зат болып саналады. Оның ауадағы мүмкін болатын буының концентрациясы 0,000005мг/л. Этилдік сұйықтықтар терге тисе,оның булары әсер етсе,оны ішсе өте қауіпті улану байқалады,сонымен қатар этилденген бензинненде адам уланады. Этил сұйықтықтарының қауіптілігі жоғары болғандықтан ,бензинді оталықтандырып этилдейді. ТЭҚ- жүйке жүйесіне әсер ететін улы зат және вегетативтік бұзылыстар да жасайды. Ол ағзаға еніп алып орталық жүйке жүйесіне біртіндеп жинала береді,ацетилхолинэстеразаның және дегидразаның пирожүзімдік қышқылының белсенділігін жояды. Қорғасын ағзадан өте баяу шығарылады. ТЭҚ- мен улану клиникасы оның мөлшеріне қарай үлкен полиморфизмімен ерекшеленеді,оның әсер еткен уақытына ,адамның жасына ,ағзаның ерекшелігіне байланысты болады. Бұл жерде жылдам өтетін және созылмалы улану ттүрлері, әртүрлі дәрежедегі ауырлығымен өтеді. Жылдам өткір басталатын ТЭҚ- мен улану кезінде делириоздық жүйкенің ауытқуы басталады(психоз). Әлсіздік пайда болады, эйфория,қорқыныш,кейде депрессияға әкеліп соғады,есте сақтау қабілеті бұзылады. Бұл жағдайда триода болады:брадикардия,гипотензия және гипотермия. Уланған психоздық жағдай: есіту,көру органдарында елестер пайда болып көзге қорқыныш елестейді,сандырақтау,адамның құтыруы пайда болады. Ауыр болған жағдайда алғашқы тәулікте жүйкенің күшті қозуы,өкпе қабынуы болады. Егер,жеңіл түрде уланса адам есеңгіреп,жұмысқа деген қабілетін жоғалтады. Сәл баяулап өтетін улануда оның жасырын өтеетін кезеңі 2-5 тәулік аралығында болады, одан соң әдеттегідей жағдайлар қайталанады,жоғарыда жазылғандай триаданың белгілері байқалады. Бұл секілді уланулар тері қабатына мол мөлшерде төгілгенде байқалады,психоз белгілі бір мерзімнен соң басталады. Этилденген бензинді ішіп қойса, егер оның мөлшері көп болса асқазанның айналасында күйік тәріздес ауру пайда болады, жүрек айниды,құсады. 5-7 тәуліктен соң ТЭҚ- мен уланған кездегі белгілері байқалады. Созылмалы улану- этилденген бензинмен немесе этилдік сұйықтықтармен ұзақ уақыт жұмыс істеп,оның буын ұзақ уақыт жұтқанда ,оның теріге өтуінен немесе аз мөлшерде ішкі органдарға өтуінен болады. Олар біртіндеп аурудың белгілерін білдіре бастайды. ТЭҚ- мен уланудың алдын алу үшін техникалық қауіпсіздікті қатал түрде сақтау керек, этилдік сұйықтықпен және этилденген бензин мен жұмыс істегенде жұмысшыларды 3 айда 1рет міндетті түрде дәрігерлік тексеруден өткізіп,қанның және кіші дәреттің анализдері алынып отырады.
Уланған адамға көрсетілетін алғашқы жәрдем: Теріге ТЭҚ түскен кезде ол жерді таза бензинмен немесе керосинмен жуады,одан соң жылы сумен сабындап жуу керек. ТЭҚ төгілген киімдерді дихлораминнің 10%-дық спирттік ерітіндісімен немесе сулы әк суының эмульсиясымен жуады. Егер,ТЭҚ ауызға түсіп кетсе ,асқазанды 0,2%-дық хлорамин ерітіндісімен немесе 2%-дық натрий бикарбонатымен жақсылап шаю керек, одан соң тұзды су, ақуыз қосылған су болу керек.
Кәсіптік ауру түрлері
Зиянды заттардың әсерінен пайда болатын кәсіптік ауруларға органдардың өткір және созылмалы түрде бұзылу жүйесі жатады: тыныс алу органдарының уланып бұзылуы(бронхит,пневмосклероз) тосикалық қан аздығы , уланудан пайда болатын сары ауру, нефропатия, уланудан жүйке жүйесінің бұзылуы(невроз тәріздес жағдай), көздің уланудан бұзылуы(катаракта), коньюктивит, сүйектің тасуы (остеопороз, остеосклероз). Бұл топқа соныме қатар, тері аурулары, металдық, фторопластық(теплондық) безгек түрлері, аллергиялық аурулар, қатерлі ісіктер жатады. Кәсіптік ауруларға тыныс алу органдарында пайда болатын қатерлі ісіктер жатады, олар бауырды, асқазанды және қуықты зақымдайды. Көмірде, мұнайда, никельде, мышьякты, хромды, винилхлоридпен ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарда лейкоздар пайда болады. Кәсіптік аурулар пластмассаның тозаңынан, аралас қоспалардың тозаңының әсер етуінен де пайда болады.
4. Сақтандыру шаралары және қорғану.
Ауаны тазарту үшін оның құрамындағы зиянды заттарды қауіпсіз болатын мөлшерге дейін жеткізу қажет. Сонымен қатар өндіріс орындарындағы микроклимат параметрі талапқа сай болуы тиіс. Жұмыс аймағындағы ауадағы зиянды заттардың мөлшерін технологиялық процесстерді және жабдықтарды пйдалана отырып төмендетуге болады, бұл жағдайда зиянды заттар түзілмейді немесе жұмыс аймағындағы ауаға түспейді. Мысалы, әртүрлі қыздырғыш қондырғыларды және зиянды зат бөлетін пештерді, оның тазалау түріне, яғни, газ тәріздес түріне ,тіпті электрлік түрге ауыстырсақ өте жақсы болады. Жабдықтарды герметизациялаудың маңызы өте зор, ол жұмыс аймағына әртүрлі зиянды заттардың түсуінен сақтайды немесе олардың сол аумақтағы концентрациясын төмендетеді. Ауадағы зиянды заттардың концентрациясын төмендету үшін әртүрлі желдеткіш жүйелерін пайдаланады. Егер,осы айтылған шаралар дұрыс нәтиже бермесе, өндірісті автоматтандыру немесе технологиялық процесстерді қашықтан басқару жүйесін енгізуді ұсынады. Кейбір жағдайларда жұмыс аймағындағы зиянды заттардан сақтану үшін жеке басты қорғау амалдары қарастырылады(респираторлар,противогаздар), бірақ, бұл жағдайда еңбек өнімділігі төмендейді. Зиянды заттар көзіен, олардың пайда болунын жою үшін сорып алатын желдеткіш қолданылады. Бұл секілді желдеткіш жергілікті сорып алатын желдеткіш өндіріс орнындағы аудан зинды заттарды және шаңды толығымен сорып алады. Бұл желдеткіштің құрылымы сорып алғыш түрінде жасалады. Бұған жататындар, сорып алғыш зонттар,,сорғыш панелдер, борттық сорғыштар және басқа құрылымдар немесе сорып алатын шкафтар, қаптамалар және басқа да құрылымдар жатаы, олардың барлығының ішінде зиянды заттардың көзі бар. Өндіріс орынындағы ауаны үнемі бақылап отыру керек, оның құрамындағы зиянды заттар мөлшері шектен шығып кетпеуі тиіс. Улы заттардың мөлшерін агықтау үшін жұмысшының тыныс алу деңгейін өтейді. Ол үшін әртүрлі тәсілдерді қолданады. (сүзгіштік, седиментациондық, электрлік). Жұмыс аймағындағы ауадағы тозаңның концентрациясын анықтайтын жаңа әдіс ендірілді, ол лазерлік техниканы пайдалану болып табылады. Ауадағы бу және газ түрінде болатын зиянды заттардың концентрациясын тасымалданатын газоанализатрлар арқылы УГ-1 және УГ-2 аныұқтауға болады. Адамды зиянды заттардан қорғайтын жеке қорғаныс заттары болады, олар тыныс алу органдарын қорғайды, оларды оларды сүзетін және айырғыш жабдықтар деп екіге бөледі. Сүзетін құрылымдарда ластанған ауа ең алыдмен сүзгіден өтеді, ал айырғыштар таза ауа арнаулы түтікпен адамның тыныс алу органдарынан автономдық немесе регенерация кейінгі көздерден беріледі. Сүзетін сүзгілі приборларды (респиратор, противогаз) жұмыс аумағындағы зиянды заттардың концентрациясы төмен болғанда қолданады. (көлемі 0,5 пайыздан аспағанда) және ауадағы оттегі мөлшері 18 %-дық төмен болмауы тиіс. Ең көп қолданылатын отандық респираторға (қақпақсыз респиратор ШБ-1 «Лепесток») майда және орташа шашырайтын тозаңнан қорғану үшін пайдаланылады. (егер, жұмыс орнындағы ауадағы тозаңның концентрациясы ПДК мөлшерінен 5-200 есеге дейін асып кетсе). Өнеркәсіптік сүзгісі бар противогаздар тыныс алу органдарын әртүрлі газдардан және булардан қорғауға арналған. Олар жартылай бет пердеден, түтіктен, сүзгіш қорапшадан, оның ішіне зиянды газдарды және буларды жұтып алатын арнаулы заттар салынады. әрбір қорапша сіңіретін затына қарай белгілі бір түспен боялады. Ажыратқыш противогаздар ауадағы оттегіні 18%-дық төмен болғанда және зиянды заттардың мөлшері 2 %-дық жоғары болғанда пайдаланылады. Оларды автономдық және түтіктік противогаздар деп бөледі. Автономдық противогаздар ауамен немесе оттегімен толтырылған сөмкеден, ол беттегі маскаға жалғасқан түтікпен бірігеді. Түтікті противогаздарда таза ауа түтік арқылы беттегі пердеге желдеткіш арқылы өтеді, сонымен қатар түтіктің ұзындығы бірнеше ондаған метрге жетуі мүмкін. Ажыратқыш противогаздардың ИП-4, ИП-5 маркалары регенеративтік паторндардың көмегімен жұтылған ауаны регенерацялап қайтадан пайдалануға мүмкіндік жасайды. Хлордан сақтану үшін А маркалы өнеркәсіптік противогаз пайдаланады. (оның қорабы қоңыр түске боялған болады. БКФ (көкшіл), В (сары) Г (жартысы қара, жартысы сары түске боялған болады.) Сонымен қатар азаматтық противогаздар ГП-5 және балаларға арналған ГП-7 противогазы болады. Бұлар жоқ болған жағдайда онда сумен немесе 2 пайызды ас содасы мен ылғандандырылған мақтадан – дәкеден жасалған таңгыштарды пайдаланылады. Аммияктан қолдану үшін КД маркалы противогаз және РПГ-67КД, және РУ-60МКД маркалы респираторлар пайдаланылады. Олардың ауысып отыратын екі қорапшасы болады. (сол жақта және оң жақта). Олардың маркасы да противогаздың маркасымен бірдей болады. Синильдік қышқылдан тыныс алу органдарын (көгерткіш қорғау үшін В маркалы (сары түсті) және БКФ(жасыл түсті),сонымен қатар ГП-5, ГП-7 азаматтық противогаздар және балаларға арналған ГП-7 противогаздары қолданылады. Мына жағдайды есте сақтау керек, азаматтық противогаздар аммиактан қорғай алмайды. Ол жағдайда ең болмаса 5 %-дық лимон қышқылымен ылғалданған мақта –дәкелі таңғыштарды пайдалану қажет. Егер, атмосферада күкіртті сутегі болса онда маркасы КД (сұр түсті),В(сары), БКФ (көкшіл), противогазын немесе РПГ-67КД, және РУ-60МКД респираторларын пайдаланылады, сонымен қатар азаматтық противогаздар ГП-5 және балаларға арналған ГП-7 противогаздары қорғай алады. , күкіртті ГП-5 және балаларға арналғанПДФ-2Д(Д),ПДФ-2Ш(Ш)және ПДФ-7 мына тәріздес химиялық қауіпті заттардан (АХОВ)қорғай алады, хлордан, күкіртті сутегінен, , күкірттігаздан, тұз қышқылынан,тетраэтилқорғасыннан,этилмеркаптаннан,фенолдан, фурфуролддан қорғайды. Азаматтық противогаздардың қорғаныс мүмкіндігін кеңейту арттыру үшін оған қосымша ДПГ-3 патронын қосады. ДПГ-3 комплектісінің арқасында жоғарыда көрсетілген противогаздар аммиактан,диметиламиннен ,хлордан күкіртті сутегінен,тұз қышқылынан,этилмеркаптаннан,нитробензолдан,фенолдан,фурфуролдан, тетраэтилқорғасыннан сенімді түрде қорғай алады. Мынандай мысалды келтіруге болады. Егер, хлордың 5 %-дық концентрациясында азаматтық және балалар пайдаланылатын противогаздар 40минут бойына қорғай алатын болса,ДГП- 3 қосылса оның қорғау мөлшері 100минутқа артады. Азаматтық және балалар пайдаланылатын противогаздары аммиактан қорғай алмайды,ал ДГП- 3-ті жалғастырсақ 60минут қорғай алады. Апат тудыратын химиялық қауіпті заттардан (АХОВ) қорғану үшін залалданған аумақтарда теріні жекелеп қорғайтын (СИЗК) ажыратқыш түріндегі жабдықтар қолданылады. Оларға жататындар қорғаныс химиялық костюмдер ( КИХ-4,КИХ-5)болады. Бұл костюмдердерді азаматтық қорғаныс әскерлерінің сарбаздары апаттан қорғайтын әсерлер киеді, олар жоғарғы концентрацилы улы заттардан апатты жағдай туындағанда жәрдем береді. Сонымн қатар апаттан қорғайтын (КЗА)комплекті де қолданылады.Бұлардан басқа ,ажыртқыш қорғаныс комплектісі Ч -20 пайдаланылады,оның костюмінің астында жел толтыратын кеңістік бар. Теріні қорғайтын жабдықтарды ұмытпау керек,ол сүзгіші бар комплект ФЗО-МП болады,бұған, сүзгілі қорғаныс киімі ЗФО-5 және жалпылама әскери қорғаныс комплектісі ОЗК –да жатады. Жергілікті тұрғындар үшін қол астындағы теріні қорғайтын заттарды противогазбен қосып пайдалану ұсынылады. Бұған жататындар, ылғал өткізбейтін жамылғылар және сулықтар, сонымен қатар қалың материалдан тігілген пальтолар,мақта салынған күртешелер болады. Аяққа резіңке етіктер,ботилар,галоштар киеді,қолға – резіңке және теріден жасалған қалпақтардың барлық түрлерін киюге болады. Апат тудыратын химиялық қауіпті заттардан апатты жағдай болғанда ең алдымен Азаматтық қорғаныстың арнаулы баспаналары сенімді қорғаныс бола алады.Біріншіден. егер заттың өзі түрі немесе оның концентрациясы белгісіз болған жағдайда, онда толығымен оқшаулану керек(үшінші режим) немесе ауаның көлемі тұрақты орындарда болу керек. Екіншіден- Қорғаныс ғимаратындағы сүзгілі сіңіргіштер, денеге хлордың, фосгеннің, күкіртті сутегінің және басқа да көптеген улы заттардың сіңуіне жол бермейді, адамдардың қауіпсіздігін сақтайды.Ең болмағанда , ауадан ауыр газдар таралып, олар жерге сіңгенде,хлор және күкіртті сутегі,ол кезде ғимараттың үшінші қабатына көтеріліп есіктердегі барлық саңлауды ,әйнектерді жауып, желдеткіш тесіктерді жауып сақтануға болады. Апатты аймақтан желдің тіке бағытына қарсы шығу керек, бұл жерде флюгердің көрсеткішіне назар аударылады, немесе ашық жердегі ағаштың майысу бағытына қарайды. Хабарларлама түрінде берілетін ақпараттардан аппатты жағдайда қандай көшемен қандай жолмен шығудың тиімді болатындығы айтылады. Бұл ұлы бұлттарға ұшырап қалмау үшін сақтық шарасы болып табылады. Бұл жағдайларда транспорттық кез-келген түрін пайдалануға болады: автобустар, жүк машиналары және жеңіл көліктер. Бұл жерде уақыт – шешуші фактор. Өзінің үйлерін және пәтерлерін 2-3 тәулік бойына тастауға тура келеді, бұл уақытта ұлы бұлттар ыдырап оның шығатын көздері жойылады. Бұл секілді төтенше жағдайларға әр уақытта дайын болуымыз керек. Ол үшін жұмыс орындарында оқуда және тұрғылықты жерлерде сабақ жүргізіледі. Соның нәтижесінде әр бір адам белгілі бір білімге және әдеттерге үйренеді, қорғаныс заттарын қалай пайдалануды оның тәсілдерін және негізгі химиялық улы заттардың белгісін біледі. Тағамдарды және суды қалай сақтауды оларға улы заттардың өтіп кетпеуін қадағалайды. Химиялық апатты аумақтағы барлық ережелерді, бір-біріне көмек беруді балаларға көмек тесіп олардың қауіпсіздігін қорғауға дайын болу керек. әдетте химиялық қауіпті нысандарға арнаулы ескертулер жасалады. Оған улы заттардың қасиеттерін және олармен уланған жағдайдағы белгілерін және жақын маңайда тұратын адамдарға қалай өзін, жанұясын туыстарын қорғау керек екендігі жөніндегі мәліметтер жазылады.
4.1. Алғашқы көмек көрсетудің жалпылама принциптері.
Химиялық уланғыш заттар адам оргнизіміне тыныс алу жолымен, асқазан ішек трактісімен және тері жабындары арқылы және шырышты қабаттары арқылы түседі. Олар оргнизмге түскеннен соң негізгі функцияларды бұзады. Адам өміріне қауіп төндіреді. Даму жылдамдығына және сипатына қарап улануды өткір, күшті, одан әлсіздеу және созылмалы түрлерге бөледі. Күшті улану дегеніміз: удың организмге түскен кезінен соң бірнеше минутта немесе бірнеше сағаттан соң басталатын улануды айтады. Бұл жағдайда жедел жәрдем көрсетудің негізгі принциптеріне мыналар жатады:
удың оргинзмге түсуін тоқтату және оның сіңіп кетпей тұрғанда шығару:
ағзаға сіңірілген улы заттарды жылдам шығаруға әрекет жасау:
уға қарсы қолданатын арнаулы заттарды пайдалану (антидоттар):
фотогенетикалық және сипмтомдық емдеу тәсілдері (өмір сүруге қызмет ететін негізгі функциялардың жұмысын қалпына келтіруге жағдай жасау):
Химиялық улы заттар тыныс алу жолмен өтетін болса противогаз киіп апатты аймақтан адамдарды тасымалдау қажет болған жағдайда ауыздарын шайып санитарлық өңдеу жасау керек. Егер, улы заттар теріге түсетін болса теріні арнаулы ерітінділермен немесе сабынды сумен жуып механикалық түрде алп тастайты. Немесе қажет болған жағдайда толығымен +санитарлық өңдеу жүргізіледі. Көзді тез арада 10-15 минут сумен жуу керек. Егер улы зат ауызға түсіп кетсе, ауызды шаяды. Асқазанды жуады, ішектерді. Суды арнаулы ыдысқа құяды, және бірнеше рет қайталады системаға ауа еніп кетпеуі керек. Зондтың өткізгіштік жағдайы бұзылғанда системаны үштіктің жоғарғы жағына қысып қойып резинке сопақшаны бірніші рет қысамыз. Асқазанды сумен таза болғанша жуамыз. Жуып болған соң зондты арқылы атсорбент жіберіледі. (200гр суға 34 қасық белсендірілген көмір қосылады) іс жүргізетін дәрілер: майлы (100-200 гр. Вазелин майы) немесе тұзды ерітінділер (20-30 гр натрий немесе магний сульфатына 100 мл су қосады.).
Әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1. Қазақстан Республикасы. Заңдар. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы: ҚР заңы: [Парламент 1996ж. 5 шілдеде қабылданған] // ҚР Парламентінің ведомостілері. -1996.-№11-12.-ст. 263.
2. Қазақстан Республикасы. Заңдар. Азаматтық қорғаныс туралы: ҚР заңы: [Парламент 1997ж. 7 мамырда қабылданған] // ҚР Парламентінің ведомостілері. -1997.-№9-ст. 93.
3. Қазақстан Республикасы. Заңдар. Қауіпті өндірістік обьектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы: ҚР заңы: [Парламент 2002ж. 3 сәуірде қабылданған] // ҚР Парламентінің ведомостілері. -2002.-№7-8-ст. 77.
4. Безопасность жизнедеятельности /под ред. О.Н.Русака.- СПб.: Лань, М.: Омега-Л, 2004.-448с.
5. Безопасность и защита населения в чрезвычайных ситуациях: учебник для населения/ Н.А.Крючек, В.Н.Латчук, Мирнов С.К.; под общ. ред. Г.Н.Кириллова. – М.: Изд-во НЦ ЭНАС, 2003.-264с.
6. Гринин А.С. Безопасность жизнедеятельности: уч.пособие/А.С.Гринин, В.Н.Новиков.-М.: ФАИР-ПРЕСС: 2002.-288с.
7. Безопасность жизнедеятельности. Защита населения и территории при ЧС: уч. пособие / В.В.Денисов: И.А.Денисова, В.В.Гутенов, О.И.Монтвилла.-М.: МарТ, Ростов н/Д: МарТ, 2003.-608с.
8. Безопасность жизнедеятельности. Безопасность в чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера: учеб.пособие/В.А.Акимов, Ю.Л.Воробьев, М.И.Фадеев и др.-изд.2-е, перераб.-М.:Высшая школа, 2007. -592с.
9. Безопасность жизнедеятельности: учебник для вузов / С.В.Белов, А.В.Ильницкая, А.Ф.Козьяков и др.; под общ. Ред. С.В.Белова.-4-е изд.-М.: Высшая школа, 2004.-606с.
10. Маханов Б.Б., Сатаев М.И., Өсербаев М.Т., Сатаева Л.М. Тіршілік қауіпсіздігі. –Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2005, 243 бет.
11. Арпабеков А.А.- «Өмір тіршілік қауіпсіздігі»-Алматы.2004.оқу құралы.
12. Қ.Т.Жантасов, Е.Н., Кочеров, А.С.Наукенова, М.Қ.Жантасов. Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі. Оқулық. Алматы, 2012.-512 бет
13. Е.Н., Кочеров. Төтенше жағдайлардағы тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі, Оқу құралы. –Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2012. – 267 бет
14. А.К.Аипов. Тіршілік қауіпсіздігі. Оқу құралы. –Астана. ҚазЭҚХСУ: БПО, 2009. – 290 бет.
Қосымша
1. Безопасность технических процессов и производств. Охрана труда: учебное пособие. – 2-е изд., испр. И доп. – М.: Высшая школа, 2002. – 320с.
2. Безопасность жизнедеятельности: учебник/ А.В.Забегаев.-М.:АСВ, 2001.-140с.
3. Зотов Б.И. Безопасность жизнедеятельности на производстве / Б.И.Зотов, В.И.Курдюмов. 2-е изд., переаб. И доп.-М.: КолосС, 2006. – 432с.: ил.
4. Безопасность жизнедеятельности. Безопасность технологических процессов и производств: учеб. Пособие для вузов / П.П.Кукин, В.Л.Лапин,
Н.Л.Пономарьев и др. – 4-е изд., перераб.- М.: Высшая школа, 2007.-335с.: ил
5. Балабас Л.Х. Основы безопасность жизнедеятельности: учебник/ Л.Х.Балабас, Ж.К.Аманжолов. – Астана: Фолиант, 2008. – 232с.
6. Абдрахманов С.К. О государственной системе предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций в Республике Казахстан. Информационно- справочное пособие. – Алматы, 2008. – 375с.
7. Сборник нормативных правовых актов о чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера. Книга законы Республики Казахстан / сост. С.К.Абдрахманов Республиканские курсы ЧСи ГО. –Алматы, 2008.-169с.
Тест тапсырмалары
Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі ҚР-ның қай заңымен белгіленеді?
“Азаматтық қорғаныс туралы” ҚР заңымен
“Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ” ҚР заңымен.
ҚР-ның азаматтарын қорғау туралы заңымен.
ҚР-ның азаматтарының жеке мүліктерін қорғау туралы заңымен.
Республикалық, жергілікті
Азаматтық қорғаныс мәселелері қай деңгейде шешіледі?
Республикалық, жергілікті
Мемлекеттік, жергілікті.
Республикалық, аумақтық.
Республикалық, жергілікті, облыстық.
Мүлдем байқалмайтын жер сілкінісі.
ҚР-ның азаматтық қорғанысы-
Халық пен республика экономикасын зілзаладан, ірі авариялардан, апаттардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.
Азаматтық қорғаныста дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттарын, оны қаржыландыру мен материалдық қамсыздандыру тәртібін белгілейді.
Ұйымдардың АҚ шараларын орындауын ұйымдастырады және тұрақты дайындықта ұстайды
Басқару, хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта ұстайды.
ҚР-ның азаматтарын қорғау туралы заңымен.
Республикалық деңгейде-
Азаматтық қорғаныста дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттарын, оны қаржыландыру мен материалдық қамсыздандыру тәртібін белгілейді.
Қалық пен республика экономикасын зілзаладан, ірі авариялардан, апаттардан қорғау.
Ұйымдардың АҚ шараларын орындауын ұйымдастырады және тұрақты дайындықта ұстайды
Басқару, хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта ұстайды.
ҚР-ның азаматтарын қорғау туралы заңымен.
Жергілікті деңгейде-
Ұйымдардың АҚ шараларын орындауын ұйымдастырады және тұрақты дайындықта ұстайды
Халық пен республика экономикасын зілзаладан, ірі авариялардан, апаттардан қорғау.
Азаматтық қорғаныста дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттарын, оны қаржыландыру мен материалдық қамсыздандыру тәртібін белгілейді.
Басқару, хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта ұстайды.
ҚР-ның азаматтарын қорғау туралы заңымен.
Жер сілкінісінің жиілігі неше балдан тұрады?
12
10
9
15
2
Қазақстан Республикасында жер сілкінісінің жиілігін немен анықтайды?
MSK-64 12 баллды халықаралық шкала
MK-44 12 баллды халықаралық шкала
MSK-64 20 баллды халықаралық шкала
MK-64 9 баллды халықаралық шкала
MK-60 1 баллды халықаралық шкала
Жиілігі 7 және одан жоғары балды жер сілкінісі қалай аталады?
Күшті.
Апат.
Әлсіз.
Жай.
Өте жай.
Жиілігі 10 балдан жоғары жер сілкінісі қалай аталады?
Апат.
Әлсіз.
Жай.
Күшті.
Өте күшті.
1-балды жер сілкінісі-
Мүлдем байқалмайтын жер сілкінісі.
Дірілді жоғары қабаттардағы кейбір адамдар ғана сезеді.
Дүмпу аз адамға ғана білінеді, терезе дірілдеп, ілме шамдар теңселеді.
Дүмпуді ғимарат ішіндегі барлық адам сезеді, ыдыс-аяқ сылдырлайды.
Өте күшті байқалатын жер сілкінісі.
2- балды жер сілкінісі-
Дірілді жоғары қабаттардағы кейбір адамдар ғана сезеді.
Дүмпу аз адамға ғана білінеді, терезе дірілдеп, ілме шамдар теңселеді.
Дүмпуді ғимарат ішіндегі барлық адам сезеді, ыдыс-аяқ сылдырлайды.
Мүлдем байқалмайтын жер сілкінісі.
Өте күшті байқалатын жер сілкінісі.
3- балды жер сілкінісі-
Дүмпу аз адамға ғана білінеді, терезе дірілдеп, ілме шамдар теңселеді.
Дүмпуді ғимарат ішіндегі барлық адам сезеді, ыдыс-аяқ сылдырлайды.
Мүлдем байқалмайтын жер сілкінісі.
Дірілді жоғары қабаттардағы кейбір адамдар ғана сезеді.
Өте күшті байқалатын жер сілкінісі.
4- балды жер сілкінісі-
Дүмпуді ғимарат ішіндегі барлық адам сезеді, ыдыс-аяқ сылдырлайды.
Мүлдем байқалмайтын жер сілкінісі.
Дірілді жоғары қабаттардағы кейбір адамдар ғана сезеді.
Дүмпу аз адамға ғана білінеді, терезе дірілдеп, ілме шамдар теңселеді
Мүлдем байқалмайтын жер сілкінісі.
5- балды жер сілкінісі-
Дүмпуді барлық адам сезеді, адам оянады, ілулі тұрған заттар шайқалады.
Діріл жүруге кедергі келтіреді, ғимарат теңселеді, сөрелерден ыдыс-аяқ құлайды, сылақтарда жарықшақ пайда болады.
Ғимарат ішіндегі, ыдыс-аяқ сылдырлайды.
Дүмпу аз адамға ғана білінеді, терезе дірілдеп, ілме шамдар теңселеді
Мүлдем байқалмайтын жер сілкінісі.
6-балды жер сілкінісі-
Діріл жүруге кедергі келтіреді, ғимарат теңселеді, сөрелерден ыдыс-аяқ құлайды, сылақтарда жарықшақ пайда болады.
Адамдарды үрей билейді, діріл жүруге кедергі келтіреді, жићаз құлайды, қиылыстар жарылады.
Дүмпулді барлық адам сезеді, адам оянады, ілулі тұрған заттар шайқалады.
Адамдар өзін-өзі зорға ұстайды, беткейдегі топырақта жарықшақ пайда болады, қоршаулар мен қабырғалар қирайды.
Мүлдем байқалмайтын жер сілкінісі.
7-балды жер сілкінісі-
Адамдарды үрей билейді, діріл жүруге кедергі келтіреді, жићаз құлайды, қиылыстар жарылады.
Адамдар өзін-өзі зорға ұстайды, беткейдегі топырақта жарықшақ пайда болады, қоршаулар мен қабырғалар қирайды.
Діріл жүруге кедергі келтіреді, ғимарат теңселеді, сөрелерден ыдыс-аяқ құлайды, сылақтарда жарықшақ пайда болады.
Адамдар жүре алмайды, топырақ беті жарылады,ғимараттар жалпы зақымдалады.
Мүлдем байқалмайтын жер сілкінісі.
8-балды жер сілкінісі-
Адамдар өзін-өзі зорға ұстайды, беткейдегі топырақта жарықшақ пайда болады, қоршаулар мен қабырғалар қирайды.
Діріл жүруге кедергі келтіреді, ғимарат теңселеді, сөрелерден ыдыс-аяқ құлайды, сылақтарда жарықшақ пайда болады.
Адамдар жүре алмайды, топырақ беті жарылады,ғимараттар жалпы зақымдалады.
Адамдарды үрей билейді, діріл жүруге кедергі келтіреді, жићаз құлайды, қиылыстар жарылады.
Мүлдем байқалмайтын жер сілкінісі.
9-балды жер сілкінісі-
Адамдар жүре алмайды, топырақ беті жарылады,ғимараттар жалпы зақымдалады.
Ғимараттар толық қирайды.
Адамдар өзін-өзі зорға ұстайды, беткейдегі топырақта жарықшақ пайда болады, қоршаулар мен қабырғалар қирайды.
Мүлдем байқалмайтын жер сілкінісі.
Діріл жүруге кедергі келтіреді, ғимарат теңселеді, сөрелерден ыдыс-аяқ құлайды, сылақтарда жарықшақ пайда болады.
10-балды жер сілкінісі-
Ғимараттар толық қирайды.
Апат.
Жер бедерінің қатты өзгерісі.
Адамдар жүре алмайды, топырақ беті жарылады,ғимараттар жалпы зақымдалады.
Мүлдем байқалмайтын жер сілкінісі.
11-балды жер сілкінісі-
Апат.
Жер бедерінің қатты өзгерісі.
Адамдар жүре алмайды, топырақ беті жарылады,ғимараттар жалпы зақымдалады.
Ғимараттар толық қирайды.
Жауын.
12-балды жер сілкінісі-
Жер бедерінің қатты өзгерісі.
Апат.
Ғимараттар толық қирайды.
Адамдар жүре алмайды, топырақ беті жарылады, ғимараттар жалпы зақымдалады.
Қар.
Қазақстанның аса қауіпті сейсмо аймағы қанша жерді алып жатыр?
450 000 шаршы км.
4100 000 шаршы км.
4530 00 км.
455 000 шаршы км.
4530 шаршы км.
Сейсмо аймақта тұрғын үй қорының неше пайызы шоғырланған?
35 %
40 %
45 %
30 %
20%
Сейсмо аймақта республика халқының неше пайызы тұрады?
40 %
45 %
30 %
35 %
33 %
Қазақстандағы сел қаупі күшті аудандар
Іле, Жоңғар, Талас, Алатауы, Қаратай, Кетмен, Тарбағатай таулары.
Іле, Жоңғар, Талас, Алатау.
Алматы, Шымкент, Тараз.
Қаратай, Кетмен таулары.
Шымкент,
Сел деп-
Тау өзенінің арналарында 3-5 м\с жылдамдықпен биіктігі 10-20 м дейін жекелеген толқындар мен қозғалатын, су мен үгілген материалдар қоспасындағы қасқағым сәтте өтетін тау тасқыны.
Жойқын күші бар және едәуір уақытқа созылатын, 300 м\с жылдамдықпен соғатын жел.
Өзен, көл немесе теңіз суының көтерілу нәтижесінде жердің белгелі бір бөлігінің су астында қалуы.
Қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы.
Жер сілкінісі
Қар көшкіні деп-
Қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы.
Тау өзенінің арналарында 3-5 м\с жылдамдықпен биіктігі 10-20 м дейін жекелеген толқындар мен қозғалатын, су мен үгілген материалдар қоспасындағы қасқағым сәтте өтетін тау тасқыны.
Жойқын күші бар және едәуір уақытқа созылатын, 300 м\с жылдамдықпен соғатын жел.
Өзен, көл немесе теңіз суының көтерілу нәтижесінде жердің белгелі бір бөлігінің су астында қалуы.
Өзен, көл немесе теңіз суының көтерілу нәтижесі.
Дауыл деп-
Жойқын күші бар және едәуір уақытқа созылатын, 300 м\с жылдамдықпен соғатын жел.
Өзен, көл немесе теңіз суының көтерілу нәтижесінде жердің белгелі бір бөлігінің су астында қалуы.
Достарыңызбен бөлісу: |