«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінің Оқу-әдістемелік кешені Шымкент



жүктеу 1,65 Mb.
бет4/11
Дата10.11.2018
өлшемі1,65 Mb.
#18907
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Лекция 7



Тақырыбы: Техносфераның және техносфералық қауіпсіздіктің қазіргі күйі
Лекция жоспары:

1. Техносфера. Заңдылықтар және оның даму көрсеткіштері.

2.Техносфераның дамуына демографиялық жарылыстың, халықтың

кенттеуінің, энергетиканың, көліктің өнеркәсіптік өндірістің және

экономиканың басқа салаларының әсер етуі.

3. Техносфераның қауіпсіздік жүйелері.



Лекция мазмұны:

XІ ғасырда орын алған қарқынды ғылыми-техникалық прогресс тек ғана өнімділіктің жоғарылауына әсер етпей, сонымен қатар көптеген көлемде қалдықтардың жинақталуы мен қоршаған табиғи ортаға кері әсерін тигізіп отыр. Күн сайын көлемі артып жатқан қалдықтар мен қолданыс тапай отырған кондициялы емес кендер адамзаттың өмірі мен денсаулығына, халықтың тұрмыстық объектілеріне, инфрақұрылымға және қоршаған ортаға айтарлықтай зиянын тигізуде.



Қауіп дегеніміз – үрдістердің, объектілердің, заттардың және де олардың жекелеген қасиеттерінің белгілі-бір жағдайда адамның денсаулығына, қоршаған табиғи ортаға және әлеуметтік-экономикалық жүйеге, техникалық объектілерге тікелей немесе жанама жағымсыз әсері. Қауіптілік химиялық немесе биологиялық белсенді компоненттері бар жүйе және оның негізгі сипаттамалары адам тіршілігінің жағдайына сай келмейді.

Қауіп – табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи қауіп – стихиялық құбылыстармен, климаттық жағдайлармен, жергілікті рельефпен шартталады. Кауіптің адам мен қоршаған ортаға кері әсері өкінішке орай тек табиғи қауіптермен шектелмейді. Адам өзінің материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мәселелерін шешуде қоршаған табиғи ортаға техникалық құралдармен, өндірістік тастанды қалдықтармен т.б. өмір сүру ортасына антропогендік қауіп төндіруде. Техникалық құралдармен туындаған антропогендік қауіптерді техногендік қауіптер деп атайды. Қауіптердің жасырын және айқын түрі белгілі. Жасырын қауіптер туындайтын жағдайды себеп дейді.

Қауіптің негізгі көздері келесілер: адам, объектілер (машина, станоктар, құралдар, ғимараттар, жер, жол, энергия т.б.), еңбек өнімдері - технологиялар, операциялар мен әрекеттер, табиғи-климаттық орта (жауын-шашын, су тасқыны, күннің белсенділігі және т.б.), флора мен фауна.

Қауіптің сыртқы көздеріне жататындар: табиғи жағдайлар, элеуметтік-экономикалық және техникалық жүйелер, жұмысшы персоналдық күтпеген қате әрекеті (адами фактор).

Ішкі қауіпке – адамның жеке ерекшеліктерінің әлеуметтік және психологиялық сапасына кері әсері жатады.

Тәуекелділік – қауіптілік кезіндегі адамның нақты іс-әрекеті.



Өміршеңдік және қауіп-қатер эволюциясы.

Өмір сүру ортасы адамға әр уақытта өзінің жағымсыз әсерін тигізіп келді. Бірақ, көптеген ғасырлар өте өмір сүру ортасы өзінің бейнесін біршама өзгерте бастады. Осыған орай жағымсыз әсерінің түрі мен деңгейі де өзгерді. ХХ ғасырдың аяғынан бастап жағдай нақты түрде өзгерді. Адамның белсенді әсер етуінің нәтижесінде онда елеулі өзгерістер болды. Жер бетінде биосфераның шамадан тыс ластанған аймақтары пайда болды. Биосфера өзінің мәнін жоғалтып, адам көп шоғырланған жерлері техносфераға өтті. Нәтижесінде ғаламшарда экожүйесі бұзылмаған территориялар аз қалды. Әсіресе дамыған елдердің экологиялық жүйесі көбірек бұзылуды (Европа, Солтүстік Америка, Жапония).

Биосфера – атмосферанының төменгі қабатынан, гидросферадан және литосферанынң жоғарғы қабатынан тұратын, техносфераның әсеріне шалдықпаған жердегі тіршіліктің орналасқан аймағы.

Техносфера – адамның материалдық, әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатына жету үшін техникалық құралдардың көмегімен тікелей немесе жанама әсерінен түрленген биосфера аймағы.

Қазіргі жағдайдағы техносфераның пайда болуына келесідей аспектілер әсер етті:

- Жер бетіндегі тұрғындар санының қарқынды түрде артуы және олардың урбанизациялануы;

- энергетикалық ресурстарды тұтынудың және шоғырының артуы;

- өндірістік және ауылшаруашылық өнеркәсіптердің қарқынды дамуы;

- транспорттық құралдарды жаппай қолдану;

- әскери бағыттағы шығындардың артуы және т.б.

Техносфераны жасай отырып, адам баласы тіршілігінің үптелген жағдайын жоғарылатуға тырысты. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап өндірістік өнеркәсіптер 100 есеге артты. Бұл прогресс адам баласын ең жоғарғы деңгейге шығарды, бірақ ол өзінің кері әсерін, яғни жер қойнауының кедейленуіне әкеліп соқты.

Қазіргі уақыттағы қауіптердің ішінде үлкен мәнге ие болатыны – биологиялық қауіп. Биологиялық қауіп екі жолмен туындауы мүмкін. Бірінші – тіршілік иесіне сырттан келетін қауіп (эпидемия және экологиялық қатер), екінші – тіршілік иесіне іштен келетін қауіп (гендік инженериямен байланысты қауіптер).

Потенциалды және қолданылу дәрежесіне қарай қауіпті объектілер мен техникалық жүйелер келесідей топтарға бөлінеді:

- жаппай қырып-жою қарулары (ядролық, химиялық, биологиялық) және қорғаныс кешенінің объектілері;

- ядролық цикл және ядролық энергетика объектілері;

- атомды реакторлар (стационарлы энергетикалық, транспорттық, зерттеу және технологиялық кешендер);

- ракета-космостық кешендер;

- мұнай-газ кешендері;

- көп мөлшерде қауіпті заттармен қорланған химиялық және биотехнологиялық кешендер;

- энергетика объектілері;

- өндірістік қондырғылар және тасымалдаушы кешендер;

- металлургиялық кешендер;

- транспорттық кешендер объектісі (жерүсті, суүсті, суасты және әуе транспорты кешендері);

- магистральды газ-, мұнай және азық-түлік тасымалы;

- инженерлік құрылыстар (көпірлер, платиналар, галерея және стадиондар т.б.);

- тау-кенді қазбалау кешендері;

- өнеркәсіптер мен азаматтық құрылыстың алпауыт объектілері;

- басқару, байланыс жүйелері.

Техносферадағы ең жоғарғы қауіп төндіретіндер транспорттық авариялар, жарылыс пен өрт, радиациялық авариялар, химиялық және биологиялық қауіпті заттармен ластайтын апаттар, гидродинамикалық апаттар, тазалау және электроэнергетикалық объектілердегі апаттар. Сонымен, адамның өз қолымен жасалған техносфера, оның қауіпсіздігі мен үптелген жағдайының талаптарын максималды қанағаттандыруда үмітін ақтамады.
Бақылау сұрақтары

1 Қауіп дегеніміз не.?

2. Табиғи қауіп дегеніміз не?

3. Техносфера дегеніміз не?

4. Биологиялық қауіп дегеніміз не?
Ұсынылған әдебиеттер:

1. Алымов В.Т. Анализ техногенного риска. – М.: Круглый год, 2000. – 160 с.

2. Русак О.Н. Безопасность жизнедеятельности. –СПб.: Лань, 2000. – 448 с.

3. Шертаев Е.Т. Тіршілік қауіпсіздігі. Шымкент, 2003, 115 б.

4. Арпабеков А.А.- «Өмір тіршілік қауіпсіздігі»-Алматы.2004.оқу құралы.

5.Төтенше жағдайлар жэне Азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық - әдістемелік жинағы. - ҚР-Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі, 1 (15), 2001 ж.

6.Саудабеков К.Е. и др. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни. - Алматы, КазГЮУ, 1999.

Лекция 8

Тақырыбы: Адамды және мекендеу ортасынан табиғи және техногенді текті зиянды және қауіпті факторлардан қорғау.
Лекция жоспары:

1. Қауіпті және қызмет аймақтары туралы ұғымдар, олардың өзара

орналасуының мүмкін нұсқалары.

2. Қызмет аймақтарындағы қауіптерді төмендету принцптері

3. Тіршілік әрекеті аймақтарында қауіпсіздікті іске асыру әдістері.

Лекция мазмұны:

Қауіпсіздік – қауіптілік көзі және оның құрабандары бар, белгілі-бір жағдайда мүмкін шекті шығынға әкелетін нақты үрдістер мен жүйелердің қасиеті.

Қауіпсіздік – тәуекел етіп қабылданатын объектілер мен жүйелердің жағдайы.

Қауіпсіздіктің әрбір аспектісі үшін қауіпсіздік критерилері жүйесін енгізуге болады. Бұл жүйе объектінің немесе индивидумның қауіпсіздік дәрежесі бойынша қорытынды жасауға негіз бола алады. Қауіпсіздік аспектілерінің жіктелуінде үш негізгі объект бар. Олар адам, қоғам және қоршаған орта.

Негізгі қауіпсіздік критериі тобына келесілер кіреді:

индивидуалды немесе жеке – (оның ішінде медициналық немесе санитарлы-гигиеналық) адамға әсер ету дәрежесін шектеуге негізделген. Адамның қауіпсіздік деңгейін өлшеу үшін оның денсаулық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштері қолданылады;

әлеуметтік – бірнеше әдістермен жүзеге асырылатын бір топ индивидуумға қауіпті фактордың әсерін шектеуге негізделген. Бұл критериді енгізу қажеттілігі тек ерекше үлкен апаттардың болу нәтижесінде мойындалды;

психологиялық – техногенді немесе табиғи-техногенді тәуекелді қоғамның немесе жеке индивидуумның қабылдамау дәрежесін сипаттайды;

генетикалық – гендік қорды сақтаумен байланысты, олар генетикалық аурулар жиілігінің өсуін шектейді;

экономикалық – тұрақты, ұзақ мерзімді экономикалық дамуды қамтамасыз етеді;

техникалық – авариялар мен апаттардың болуына жол бермеумен байланысты, жалпылама тәуекелдің қарқындауын шектеуге негізделген;

биологиялық – түрленудің көпжақтылығын сақтаумен байланысты, биологиялық критериді қауіпсіздіктің экологиялық критериімен байланыстырып қарастыру керек;

экологиялық – экологиялық жүйенің құрылымдық тұрақтылығын сақтауға негізделген;

географиялық – климаттық кеңістіктегі географиялық элементтерге, топыраққа, су қорларына кері әсерлерді шектеуге негізделген;

демографиялық – халық тұрғындарының өсу қарқынын шектеуге негізделген;

ресурсты – табиғи ресурстарды пайдалану қарқындылығын шектеп бақылауға негізделген;

саяси-ақпараттық – қауіпті технологиялар бойынша шешімдер қабылдауда халықты ақпараттандыруға негізделген;

құқықтық – өркениеттің ұзақ мерзімді өмір сүруі қажеттілігін түсіндірумен байланысты жаңа категориялар мен құндылықтарды түзеуге негізделген. Бейбітшілік жағдайды сақтап тұруға, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жаңа құқықтарды енгізіп отыру.

ХХІ ғасырдағы техногенді қауіпсіздіктің жаңа деңгейі.

Қауіпсіздіктің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін негізгі компонент табиғи және техногендік сферадағы қауіпсіздік.



ХХ ғасырда адамның, қоғамның және мемлекеттің басты мақсаты техногендік сфераны қарқынды дамыту болса, ал ХХІ ғасырда адам, қоғам, мемлекет және жалпы адамзат өркениеті үшін шығындар мен қауіптерді төмендету болып отыр. Техногендік сферадағы жалпы қауіпсіздік деңгейін жоғарылату үшін техногендік және технологиялық қауіпсіздік түрлерін қарастырамыз.

Техногендік қауіпсіздікті арттыру – техногенді сфераның қарқынды даму деңгейін сақтай отырып, техногендік авариялар мен апаттар қауіпін төмендету.

Технологиялық қауіпсіздікті арттыру – қажетті технологияларды қарқынды дамытуды, технологиялық парктер салуды, азаматтық және қорғаныс кешендерінің тауарларын өндіру көлемін арттыруды мемлекеттік және рационалды бақылауды талап етеді. ХХІ ғасырдың бірінші жартысында техногендік апаттар қауіпін екі есе төмендеткеннің өзінде, техногендік сферадағы өнімділік көлемінің өсуі жылына 8-10% кем болмауы керек.

Принцип – бұл идея, ой және негізгі қағида.

Әдіс – жалпы заңдылықтардан туындайтын мақсатқа жету жолы.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдары –конструктивті, ұйымдастырылған, материалды принциптер мен әдістерді нақты іске асыру.

Принциптер, әдістер, құралдар – қауіпсіздікті қамтамасыз етудің логикалық этаптары. Оларды таңдау нақты жағдайға, қауіптілік деңгейіне, құндылығына және басқа да критерилерге тәуелді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің принциптері.

Ориентирующие – оператордың белсенділігі, деструкция, операторды ауыстыру, қауіпті жою, жүйелілік, қауіптілікті төмендету.

Техникалық – кілттеу (блокировка), вакуумдау, герметизациялау, қашықтықпен қорғау, компрессия, беріктік, әлсіз звено, флегматизация, экрандау.

Ұйымдастырушылық – уақытпен қорғау, ақпарат, резервтеу, сәйкес келмеу, нормалау, кадрларды таңдау, нәтижелілік.

Басқарушылық – адекваттылық, басқару, қайтымды байланыс, жауапкершілік, жоспарлылық, тиімділік.

Нормалау принципі – белгілі бір қауіптен адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін көрсеткіштерді орнатуға негізделген. Бұл көрсеткіштерге жататындар: мүмкін шектік шоғыр (МШШ), мүмкін шектік тастанды (МШТ), мүмкін шектік құрам (МШҚ), мүмкін шектік деңгей (МШД), ауыртпалық нормалары, еңбек әрекетінің ұзақтығы т.б.

Әлсіз звено принципі – қарастырылған жүйеде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қауіптің алдын алуға арналған элементті енгізу. Мысалы: сақтандырғыш клапандар, жерлендіру, найзағай қайтарғыштар.

Ақпарат принципі – жұмысшы персоналға мәліметті жеткізуге, оларды меңгеріп осыған сәйкес қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуге негізделген. Мысалы: оқыту, нұсқаулықтар, қауіпсіздік белгілерін енгізу, ескерту белгілері, маркировкалар.

Жіктеу принципі – объектілерді қауіптілігіне қарай кластарға, категорияларға бөлу. Мысалы өндірістік бөлмелердің өртқауіптілік 5 категориясы А, Б, В, Г, Д бар.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әдістері.

Негізгі анықтамалар.



Гомосфера – қарастырылған тіршілік әрекетіндегі адамның орналасқан кеңістігі.

Ноксосфера – қауіптілік әрқашан немесе периодты түрде туындайтын кеңістік.

Гомосфера мен ноксосфераның бірігуі қауіпсіздік жағынан рұқсат етілмейді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің үш әдісі бар.

А әдісі – гомосфера мен ноксосфераның уақытпен немесе кеңістікпен бөлінуі. Бұл жағдайға дистанциялық басқару, автоматтандыру, роботтандыру т.б. әдістермен қол жеткізіледі.

Б әдісі – қауіптілікті жою жолымен ноксосфераны қалыпты жағдайға келтіру. Бұл жағдайда адамдың шудан, газдан, шаңнан, жарақаттан қорғау іс-шараларын қажет етеді.

В әдісі – адамның қоршаған ортаға адаптациялануына және оның қорғанысын жоғарылатуға бағытталған әдістер. Аталған әдіс кәсіпті таңдауға, психологиялық әсер етуге, жеке қорғаныс құралдарынмен қамтамасыздандыру мүмкіндігін іске асырады.

Өндірістердің негізгі қауіптілігі.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап өндірістердегі түпкілікті өзгерістер, көп жағдайда айтарлықтай деңгейде химиялық өнеркәсіптердің қарқынды дамуымен байланысты.

Біріншілей энергия көздері болып табылатын мұнай мен газ саласы 70% өсті. Заманауи объектілердің энергия тұтыну қабілеті орасан зор. Қуаты жылына 10-15 млн/тонналық мұнай өңдеу зауытының территориясында 300-ден 500 мың тоннаға дейін көмірсутекті отын қоры жинақталды. Бұл қордың энергиясы эквивалентті түрде 3-5Мт тротил баламасына тең. Технологиялардың әр уақытта қарқындауынан температура, қысым, қауіпті заттардың мөлшері деген сияқты параметрлер тоқтамсыз өсіп өзінің шектік мәніне жетуде. Аппараттардың бірлік қуаттар да артуда, осыған сәйкес ондағы қауіпті заттардың да мөлшері артуда. Осы жіктелген заманауи өндірістік кәсіпорындардың ерекшеліктері апаттық жағдайлардың масштабын арттыруда. Химиялық қауіпті объектілер қатарына химиялық технологияны қолданатын барлық объектілер жатады. Негізінен, мұнай өңдейтін, мұнай өнімдерін сақтайтын, оларды өндіретін және апатты химиялық қауіпті заттарды сақтайтын, зиянды химиялық заттарды қолданатын барлық химиялық, мұнайхимиялық және осы тектес зауыттар жатады.

Бақылау сұрақтары:

1. Қауіптердің адамға және техносфераға әсері қандай?

2. Технологиялық және техногендің қауіпсіздікті арттыру шараларын келтіріңіз.

3. Негізгі қауіпсіздік критерийлері.

4. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің принциптері.

5. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әдістері.

6. Өндірістердің негізгі қауіптіліктерін келтіріңіз.

Ұсынылған әдебиеттер:

1. Арустамов Э.А. Безопасность жизнедеятельности. - М.: Издательско-торговая корпорация «Дашков и К°», 2006. - 476 с.

2. Тропов Н.И. Безопасность труда в химической промышленности. –М.: Академия, 2007. -528 с.

3. Зотов В.И. Безопасность жизнедеятельности на производстве. -М.: Колос, 2004.-432с. 4. Арпабеков А.А.- «Өмір тіршілік қауіпсіздігі»-Алматы.2004.

4. Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық - әдістемелік жинағы. - ҚР-Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі, 1 (15), 2001 ж.

5. Саудабеков К.Е. и др. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни. - Алматы, КазГЮУ, 1999.

6. Тропов Н.И. Безопасность труда в химической промышленности. –М.: Академия, 2007. -528с.

7.www.google.kz

8.www.nur.kz



Лекция 9
Тақырыбы: Әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жіктеу
Лекция жоспары:

1. Төтенше жағдайларлардың жіктеу белгісі

2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар.

3. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар.



Лекция мазмұны:

Адамның жұмыстық қызметі экологиялық тепе-теңдікті бұзуға, аномальдік табиғи және техногендік жағдайларға, стихиялық және көптеген адам мен материялдық шығынға әкелуде. Адамзат күнделікті көптеген табиғи қауіп–қатермен кездесуде.Жер шарында жыл сайын жобамен 10 мың су тасқыны, 100 мыңнан аса жер сілкінісі, көптеген өрттер мен опырмалар, вулкан атқылауы және тропикалық циклондар болып тұрады. Біріккен ұлттар ұйымының мәліметі бойынша соңғы 20 жылда стихиялық апат пен катастрофаның арқасында 3 млн артық адамдар қаза болған. Сол себепті төтенше жағдайдың алдын алу, оның әсерін жою қазіргі уақыттың актуальді проблемалары болып табылады.Төтенше жағдай бола қалған жағдайда адамдарды құтқарудағы білікті қимыл жасау, оларға керек көмек көрсету және апат ошағында құтқару жұмыстарын тиімді ұйымдастыру адам мен материалдық шығынды азайтуға мүмкіншілік жасайды.

Төтенше жағдайдың болуына негізінен ішкі және сыртқы әсерлер ықпал етеді. Ішкі әсерге технологияның күрделілігі арнайы мамандардың аздығы, жобалау кезіндегі кемшіліктер еңбек және технологиялық тәртіптің төмендігі жатса, сыртқы әсерге кенеттен элекрэнергиясының газдың, технологиялық өнімнің немесе шикізаттың токтауы, сондай-ақ соғыс пен терроризим жатады.

Төтенше жағдай келесі жағдайларда болуы мүмкін:



  • қаупі бар көздің барлығы (жарылысқа арналған және радиоактивті заттар);

  • апат ошағында адам мен жануардың қалып қоюы.

Төтенше жағдай деп табиғи стихиялық пен техногенді апаттарда пайда болатын әскери, әлеуметтік және саяси сипаттағы, адам өмірінің, экономиканың, әлеуметтік және табиғи нормаларының кенеттен өзгеруіне алып келіп соғатын жағдайды айтады.

Төтенше жағдай бұл аймағы жағынан үлкен маштабты және көптеген адамдарға төндіретін қауіпі бар оқиға. Көптеген жағдайда бұл оқиғаны авария және катастрофа деп те атайды. Бір қарағанда бұл екеуінің айырмашылығы жоқ. Ал олардың әкелген зияндығын, адам өлімін ескерген жағдайда ғана айырмашылығын білуге болады.

Авария - бұл машиналар, технологиялық процестердің және т.б. өндірістік орындарда болатын апат. Олар жарылыстарға, өртке, улы заттарды ауаға немесе суға тастауға әкеліп соқтыруы мүмкін. Бірақ бұл оқиғалардың әсері өте үлкен және адам шығыны көп емес. Катастрофа - бұл адам шығыны ауқымды болған жағдайдағы қайғылы оқиға. Ол бірнеше түрге бөлінеді:


  • экологиялық катастрофа;

  • өндірістік немесе көліктік катастрофа;

  • техногендік катастрофа.

Экологиялық катастрофа дегеніміз өмір сүру ортасына төтенше жағымсыз өзгеріс тудыратын үлкен өндірістік, транспорттық және стихиялық апаттар. Ол флора мен фаунаға, жерге,атмосфераға сонымен жалпы табиғатқа зиянын тигізетін құбылыс. Техногендік катастрофа - кенеттен механикалық, химиялық, радиациялық тағы с.с. энергиялардың тасталуы, адам және материялдық шығындарға алып келіп соғатын үлкен апаттардың әсерінен болатын апат түрі.Стихиялық апат- бұл қауіпті катастрофаға алып келетін геофизикалық, геологиялық, гидрогеологиялық, атмосфералық тағы сол сияқты процестер мен құбылыстардан тұратын апат. Бұл жағдай адамның өмір тіршілігін кенеттен өзгертіп материалдық ресурстарды бұзуға және құртуға әсер жасайды (1-сурет).

Төтенше жағдайларлардың жіктеу белгісі

Төтенше жағдай, пайда болу әсерінің таралуы немесе ауқымы, өркендеу жылдамдығы

және төтенше жағдайды жою мүмкіншілігі жағынан топталады. Төтенше жағдай пайда болу жағынан –табиғи, техногенді, экологиялық, биологиялық, антропогендік, әлеуметтік және біріккен немесе қосылған болып бөлінеді. Техногендік төтенше жағдайға - техникалық обьектілерден туындайтын төтенше жағдайлар жатады. Мысалы, өрттер, жарылыс, химиялық қауіпті обьектілердегі апаттар, радиоактивті және химиялық заттардың тасталуы, ғимараттың қирауы және адам тіршілігіне қажетті жүйелердің апаттары.

Табиғи төтенше жағдайға жер сілкісі, су алу, вулкан атқылауы, опырмалар, сел, дауыл, табиғи өрт және т.б. жатады.

Экологиялық төтенше жағдайға атмосфераның ластануы, азот қабатының бұзылуы, жердің шөлге айналуы, жердің тұздануы, қышқылдың жаңбырлар және т.б. жатады.

Биологиялық төтенше жағдайға эпидемия, эпизоотия және эпифитотия жатады.

Әлеуметтік төтенше жағдайға - қоғамда болып жатқан оқиғалар: ұлтаралық конфликттер,терроризм,геноцид,соғыс және басқалар кіреді.

Антропогендік төтенше жағдайлар адамның қате іс-әрекетінен туындайды.

Жергілікті, бір жердің шеңберінен шықпайтын төтенше жағдайлар - бұл өндіріс орынының бір ғана жүйесінде,технологиялық тізбегінде,қондырғысында орын алған оқиға. Мұндай төтенше жағдайды жоюға сол мекеменің өз күштері жеткілікті. Төтенше жағдай обьектілері дегеніміз төтенше жағдайдың зардабы белгілі бір зауыттың, мекеменің, оқу орнының аумағынан асып кетпейтін кездегі жағдайды айтады. Бұл жағдайда да жергілікті төтенше жағдай секілді зардабын жоюға мекеменің өз күші жеткілікті. Жергілікті төтенше жағдай - бұл поселке, қала, аудан, облыс масштабындағы төтенше жағдай. Бұл төтенше жағдайдың зардабын жою үшін жоғарыда аталған әкімшілік –орталықтарының аумағындағы құзіретті органдар мен мекемелердің күштері мен құрамын жұмылдырады. Ұлттық төтенше жағдай - бұл үлкен региодағы және бірнеше облыстарды қамтыған төтенше жағдай. Ұлттық төтенше жағдайдың зардабын жою үшін регионалдағы масштабтағы құзіретті органдар мен өкіметтің арнайы құрған топтары айналысады. Сонымен қатар, құтқару жұмыстарына әскери орындардан да адамдар жұмылдыру ықтимал.

Глобальді төтенше жағдай - бұл төтенше жағдайдың зардабының ауқымдылығы бірнеше облыстарды, республика масштабын және шекаралас елдерді қамтиды. Оның зардабын жою үшін әскерді жұмылдырады. Атап айтқанда төтенше жағдай, қорғаныс, ішкі әскер министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік комитетін. Құтқару жұмыстарымен арнайы құрылған үкімет комиссиясы айналысады.



Бейбіт уақыттағы төтенше жағдай

Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайды 5 топқа бөлуге болады:



  • қоршаған ортаға зиянды заттарды тастауға алып келіп соғатын;

  • жарылыс,өртке алып келіп соғатын;

  • көлік комуникациясындағы орын алатын қатынас жолы;

  • әскери саясаттық сипатта болатын;

  • стихияға (бедетвия) әкеліп соғатын.

Төтенше жағдай кезінде қоршаған ортаға зиянды заттарды тастауға алып келіп соғатын жағдайларға:

  • атом электрстанцияларындағы апаттар;

  • атомдық кемедегі апаттар;

  • ғылыми-зерттеу орталықтарындағы ядролық қондырғыларындағы апаттар;

  • зиянды химиялық және биологиялық обьектлердегі апаттар

Жарылыс,өртке алып келіп соғатын төтенше жағдайларға жататындар:

  • елді мекемелердегі өрттер;

  • көлік қатынастары мен обьектілердегі жарылыстар;

  • тұрғын үйлердегі жарылыстар.

Көлік жол қатынастарында орын алатын төтенше жағдайларға төмендегілер жатады:

  • авиациялық катастрофа;

  • темір жол көліктерінің соқтығысуы мен жолдан шығып кетулері;

  • су жол қатынастарындағы апаттар. Оған су жүйесінің мұнай өнімдері мен улы зиянды заттармен ластануы жатады;

  • құбырлардағы апаттың әсерінен тасымалданушы заттың ауаға тасталуының арқасындағы қорған ортаның зиянға ұшырауы.

Бейбіт уақыттағы әскери саясаттың сипаттағы болатын төтенше жағдайларға жататандар:

  • ядролық қаруды тасмалдаушының апатқа ұшырауы;

  • әскери қоймаларға, байланыс торабына, басқару пунктеріне жасалынатын әскери шабуылдар;

  • қоғамға қарсы және ұлтшыл топтардың әрекетімен болған халықтың арасындағы қозғалыстар.

Стихиялық апатқа әкеліп соқтыратын төтенше жағдайлары төмендегідей:

  • геологиялық сипаттағы стихиялық апат;

  • метеоралогиялық сипаттағы стихиялық апат (боран, бұрқисын т.б.);

  • гидрогеологиялық сипаттағы стихиялық апат (тасқын, цунами т.б.);

  • табиғи өрт.

жүктеу 1,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау