«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінің Оқу-әдістемелік кешені Шымкент


Лекция №3 Тақырыбы: Азаматтық қорғаныс және оның ауқымды міндеттері



жүктеу 1,65 Mb.
бет3/11
Дата10.11.2018
өлшемі1,65 Mb.
#18907
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Лекция №3

Тақырыбы: Азаматтық қорғаныс және оның ауқымды міндеттері.

Азаматтық қорғаныстың іс-шаралары



Леция жоспары:

1.Азаматтық қорғаныс, міндеттері.

2. Жоғары оқу орындарында Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру


3. Азаматтық қорғаныс-шаруашылық объектілерінде

4. Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және қағидалары

5. Азаматтық қорғаныстың іс-шаралары


Лекция мазмұны:

Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы халықты, экономиканы республика аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ зілзаладан, ірі авария мен апаттан қорғау мақсатындағы жалпы мемелкеттік шараларының құрамдас бөлігі болып табылады. Азаматтық қорғаныстың ролі мен орны елдің геосаяси жағдайын, шектес мемлекеттермен және алып державалармен саяси қарым-қатынасының жай-күйін, экономикасының даму деңгейін, әскери қатынасының жай-күйін, экономикасының даму деңгейін, әскери доктрина мен әскери іс саласындағы мемлекеттік саясатын анықтайды.

Азаматтық қорғанысқа төтенше жағдайда халықтың тіршілігін ұйымдастыру үшін бірінші кезектегі міндет жүктеледі. Азаматтық қорғанысқа төтенше жағдайда халықтың тіршілігін қамтамасыз етудегі негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңында анықталған. Азаматтық қорғаныстың Халықаралық ұйымдарының Бас ассамблеясының шешімімен, жыл сайын 1 наурыз-Дүние жүзілік Азаматтық қорғаныс күні деп жарияланған. Азаматтық қорғаныс шараларын барлық мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер, меншіктің барлық нысанындағы объектілер орындауға міндетті. Оған барлық халық, оның ішінде оқушылар мен студенттер белсене қатысады.

Жоғары оқу орындарында Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру

ЖОО Азаматтық қорғанысының бастығы-ректор. Ол Азаматтық қорғаныстың ұйымдастырылуы мен жай-күйіне, оның күштері мен құралдарының құтқару және өзге шұғыл жұмыстарды жүргізуге тұрақты даярлығына, сондай-ақ профессор-оқытушы құрамының, студенттер мен қызметкерлердің тосын жағдайдағы іс-әрекетке икемділігі үшін жеке жауап береді.

ЖОО Азаматтық қорғаныс бастығының бұйрығымен(ректор) АҚ штабы және қажетті қызметтер құрылады. АҚ және ТЖ қызметтері басшылықты ЖОО ректоры басшы құрам қатарынан тағайындаған бастықтар жүргізеді. Олар өз міндеттерін негізгі міндеттерімен қоса атқарады. Көшіру комиссиясының төрағасы болып проректорлардың бірі тағайындалады. АҚ және ТЖ міндеттерін оқу орнының мүддесіне орай шешу үшін нысандық АҚ құрамалары құрылады. ЖОО-да тұрақты құрам мен студенттерден құтқару тобы, санитарлық жасақтар мен тіректер, радиациялық-химиялық бақылау нүктелері, қоғамдық тәртіп сақтау командасы, панаханалар мен жасырынатын орындарды күтіп ұстайтын топ құрылуы мүмкін.

Азаматтық қорғаныс-шаруашылық объектілерінде

Азаматтық қорғаныс(АҚ) –басқару органдарының мемлекеттік жүйесі мен бейбіт және соғыс уақытында ел халқын, шаруашылық жүргізуші объектілері мен аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының(қирату) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы.

АҚ құрамалары соғыс және бейбіт уақыттағы төтенше жағдай кезіндегі авариялық құтқару және өзге де шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін құрылған.

АҚ құрамалары ұйымдарда, аудандарда, қалаларда, обылыстарда аумақтық-өндірістік принцип бойынша құрылады және аумақтық және объектілік болып бөлінеді.

Аумақтық құрамалар аудандарда, қалаларда, обылыстарда құрылады және тиісті АҚ бастығына бағынады. Аумақтық құрамаларды құру базасы шаруашылық объектілері, ұйымдар болып табылады.

Объектілік құрамалар тұрғылықты жері бойынша меншіктің нысанына қарамастан ұйымдарда құрылады құрылады және әдеттегідей олардың мүддесіне пайдаланылады. Жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша обьектілік құрамалар тиісті аумақтың мүддесіне орай міндетті орындау үшін тартылуы мүмкін.

АҚ құрамаларын құру принципі, ұйымдық-штаттық құрылымы, оларды жеке құрамамен жасақтау және материалдық техникалық мүлікпен жабдықтау Азаматтық қорғаныс бөлімшелері туралы ережелерде мазмұндалған.

Азаматтық қорғаныс құрамаларының құрамы мен саны соғыс және бейбіт уақытындағы төтенше жағдайда халықты, аумақ пен ұйымды сенімді қорғауды қамтамасыз ететін жеткілікті қажеттілікті ескере отырып алдағы авариялық-құтқару жұмыстарының көлемі мен болжамдар негізінде анықталады.

Жер сілкінісіне ұшыраған ҚР аймақтары үшін АҚ құрамалары кемінде 10 адамға бір құтқарушыны, ал су тасқынына, өртте және басқа алапатқа ұшыраған өнеркәсіп өнеркәсіп аймағы үшін 15-20 адам үшін бір құтқарушыны есептей отырып даярланады.

АҚ құрамалары құрылатын ұйымдарының басшылары кәсіби даярлық, қазіргі техникамен, қондырғымен, жарақпен, өзге материалдық құралдармен жабдықтау және жабдықтау және оларды іс-әрекетке даярлықта ұстау үшін жеке жауап береді.

АҚ құрамаларының негізгі түрлері:



құтқару құрамалары-барлау, іздестіру және зардап шеккендерді үйінділерден шығару, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету үшін құрылады және құрама құтқару отрядынан, құтқару тобынан немесе адамдарды іздестіру және барлау тобынан тұрады;

инженерлік құрамалар-инженерлік барлауды жүргізу, үйінділерде жол мен өткел жасау, оның ішінде су кедергілері арқылы өтетіе аспа жол жасау, үйінді астындағы ғимараттарды ашу, бүліншілік ауданында өзге инженерлік жұмыстарды жүргізу үшін құрылады және инженерлік, жолкөпір командасынан, қопару жұмыстары тобынан, инженерлік барлау тобынан тұрады. Инженерлік құрамалар жұмысты жеке орындауды қамтамасыз ететін техникамен және қондырғымен жабдықталады.

АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамалары-халықтың тіршілігін қамсыздандыру, авариялық-құтқару және шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, құтқару құрамаларын күшейту мен олардың әс-әрекеттерін жан-жақты қамсыздандыру үшін құрылады және медициналық, байланыс, қоғамдық тәртіп сақтау, өрттен сақтау, авариялық-техникалық, материалдық қамсыздандыру, көлік, өсімдіктер мен хайуанаттарды қорғау болып табылады.

Республикалық жедел-құтқару отряды баруы қиын аудандарда өте күрделі объектілерінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету үшін құрылады. Отряд даярлығы жоғары құрама болып табылады және ҚР Үкіметінің шешімімен құрылады.

Облыстық және қалалық жедел құтқару отряды іздестіру құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету үшін құрылады. Олар даярлығы жоғары құрама және жергілікті бюджет есебінен ұсталады.

АҚ құрамаларына 1,2,3 топтағы мүгедектерден, жүкті әйелдерден, 8 жасқа дейінгі баласы бар әйелдерден, соғыс кезіндегі жұмылдыруға белгіленгендерден өзге, еңбекке жарамды ерлер мен әйелдер алынады. Бейбіт уақыттағы ТЖ зардаптарын жою үшін АҚ-тың бар құрамалары мен штаттық мамандырылған құрамалар санынан тұрақты әзірліктегі облыстық, қалалық және аудандық жедел іс-қимыл отрядтары құрылады. Олар аумақтық құрамаларының санатына жатады.

Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудағы жүйеде негізгі буын болып табылатын шаруашылық объектілері маңызды орын алады. Шаруашылық объектілерінде АҚ барлық шараларының негізі қаланады, мұнда соғыс уақытында жұмысшылар мен қызметшілерді қорғау, объектілер жұмысының тұрақтылығын қамсыздандыру, құтқару және өзге де кешенді шаралар шаралар жүргізіледі.

Шаруашылық объектілерінде негізгі қамтамасыз етуші құрамаларды ұйымдастыру мен оның жай-күйі үшін Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауапкершілікпен оның бірінші бастығы міндетті болады.

АҚ шараларын өткізу жөніндегі оның бұйрықтары мен өкімдері барлық лауазымды тұлғалар үшін міндетті. Шаруашылық объектілерінде Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың принципі кестеде көрсетілген.

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және қағидалары


АҚ мемлекеттің барлық территориясында жергілікті және өндірістік қағидасымен ұйымдастырылады. Яғни кешенді және жеке қарастыру іс-шараларын өткізуде АҚ-тың объекті басқару органдарының функциялары және күштері территориялық және ведомстволық болып бөлінеді. Осы орайда, негізгі дәрежеден шыға отырып, Мемлекет үкіметі анықтайтын тәртіппен, АҚ бойынша қалаларды топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу жүзеге асырылады.

АҚ іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру жауапкершілігін меншікті үлгідегі барлық ұйымдардың және орталық, жергілікті мемлекеттік атқарушы органдардың басшылары көтереді. Бұл органдар мен ұйымдар жыл сайын АҚ іс-шараларын жүзеге асыру және оларды орындағаны туралы есеп беру керек. АҚ дайындығы мен іс-шараларды өткізудің мерзімі және көлемі мен тәртібі, сонымен қатар есеп беру ұсынысы Мемлекет үкіметімен белгіленеді. АҚ дайындығы жаңартылған қарулардың дамуын есепке алып берілген территорияда ТЖ-лардың неғұрлым ықтималдығын ескере отырып, салалары мен ұйымдарында алдын-ала жүргізіледі. АҚ идеясының және іс-шараларының негізінде гуманизм қағидасы жатыр, өйткені олар қорғауға, құтқаруға және ең ауыр жағдайларда халыққа көмек көрсетуге бағытталған.


Азаматтық қорғаныстың іс-шаралары


Мемлекет тарапынан халықты, территорияны және шаруашылық объектілерін қорғау саласында АҚ іс-шаралары мынау кездерде көзделеді:

- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан; жер сілкінісінен;

- үлкен су қоймаларының және теңіз деңгейінің өзгеру салдарынан;

- пайдалы кен орындарын өңдеумен байланысты төтенше жағдайлардан;



  • жаңартылған қауіпті қару-жарақтардан зақымданудан қорғау.

Осымен қатар инжерлі-техникалық іс-шаралардың және тұрғындар мен мамандардың АҚ-қа дайындығы көзделеді. Аталған іс-шаралардың әр пунктіне ағымды және перспективті

жоспарлар өңделу керек. Мысал ретінде келесі жағдайларды алсақ болады:

- сел, су тасқыны, жер көшкінін және тағы басқа қауіпті экзогенді жағдайларды ескеріп, осы ауқымда құрылысты жоспарлау;

- мүмкін болатын ТЖ-лардың жалпылама жай-күйін бақылау жүйесін ұйымдастыру (мониторинг), ғылыми зерттеулер және жағдайды жорамалдау;

- азық-түлік, дәрі-дәрмек, тіршілікті қамтамасыз ететін жабдықтар қорларын құру;

- ғимараттардың және құрылыстардың апатқа қарсы тұру төзімділігін қамтамасыз ету;

- іздестіру және құтқару, апаттан кейін қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру және зардап шеккендерге жедел медициналы жедел медициналы;

- жер қойнауын пайдалануда барлық сатыдағы экология талаптарын сақтау;

- барлық құрылыс жұмыстарының есеп-жоба құжаттарын АҚ-тың басқару органдарымен мақұлдасу;


  • АҚ-қа арнайы қызметкерлер мен бастыларды дайындау, мектеп жасына дейінгі мекемелерден бастап, тұрғын аймақтарын арнайы оқу бағдарламасы бойынша оқыту.

Азаматтық қорғаныстың күштері


АҚ-тың күштері әскери және бейбітшілік кезеңінде әртурлі АҚ іс-шараларын өткізу үшін арналады және өміршеңдіктің қауіпсіздігі Мемлекеттік системалардың құрастырушы бөлігі болып табылады; олар үйретілген, қару-жарақтармен, техникамен, жабдықтармен қамтамасыз етіліп құрастырылған және іс-қимылдарға дайын болу керек. АҚ күштерін пайдалануы келісілген деңгейдегі АҚ-тың басшылары шешімімен жүзеге асырылады.

АҚ күштері мыналардан тұрады: АҚ әскери бөлімдерінен әскери емес жасақтардан, сондай-ақ, жасақтары

а) территориялық, объектілік жасақтары мен АҚ және төтенше жағдайлар қызметтерінің жасақтары;

б) республикалық, облыстық, қалалық және аудандық жедел-құтқару отрядтары сияқты әскери емес жасақтар болып келеді.

Әскери емес жасақтар АҚ күштерінің негізін құрайды.

Үкімет шешімімен құтқару жұмыстарын жүргізу кезеңінде уақытша ІІМ - ішкі істер министрлігі; ҚМ-қорғаныс министрлігі бөлімшелері, ведомстволық, мамандандырылған авариялық-құтқару; авариялық-қалпына келтіру, әскериленген және тағы басқа жасақтар тартылуы мүмкін.

АҚ әскери бөлімшелері бейбіт кезде зардап шеккен халыққа тіршілікті қамтамасыз етуге жан-жақты көмек көрсетеді, туған республиканың шекарасында да және арнайы келісімі бар шет мемлекеттерде де іздестіру-құтқару жұсмыстарын жүргізеді; адамдар құрамының білімін бағалаумен және дайындығымен айналысады; Соғыс кезеңде зақымдану ошақтарында радиациялық және химиялық бақылаулар, құтқару және тағы басқа шұғыл-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді, халықты эвакуациялау шараларына қатысады, тылдық елеулі объектілерін қалпына келтірумен байланысты арнайы тапсырмаларды орындайды (мысалы, аэродромдарды, көпірлерді жөндеу). АҚ әскери бөлімшелері ішінара азаматтық персоналмен де құралады. Қорғаныс министрлігі Президент жарлығы бойынша кәмелетке жеткен азаматтарды нағыз әскери қызметке, сонымен кейбіреулерін АҚ жүйесінде қызмет атқаруға тартады, төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдағы, оның территориялық органдарының, АҚ әскери бөлімшелерінің, сондай-ақ ведомствоға бағынатын ұйымдардың шақырылған контингентпен және мобилизациялық ресурстармен адам құрамын толықтырады. АҚ әскери емес жасақтары ұйымдарда, аудандарда, қалаларда, облыстарда құрылады, сонымен объектілік және территориялық болып бөлінеді. Құтқару ұйымдары барлауға, іздестіруге және зардап шеккендерді құтқаруға, оларды үйінділер астынан шығаруға арналады, алғашқы медициналық көмек көрсетеді; олар жинақталған құтқарушы отрядтардан, командалардан, ізденіс топтарынан, барлау бөлімшелерінен және тағы басқалардан тұрады. Инженерлік жасақтар инженерлік барлау топтардан, жол-көпірлік командалардан, жарылыс жұмыстарын жүргізетін топтарынан және тағы басқадан тұрады, яғни осылар жолды салумен, қираған ғимараттарды аршумен т.б. айналысады.

Бақылау сұрақтары:


  1. Азаматтық қорғаныс туралы түсінік

  2. Азаматтық қорғаныстың міндеттері

  3. Азаматтық қорғаныстың атқаратын іс-шаралары

  4. ЖОО Азаматтық қорғанысының бастығы кім, оның атқаратын жұмыстары

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының конституциясы.

  2. Маханов Б.Б. Азаматтық қорғаныс, Шымкент, 2001.

  3. Маханов Б. Б., Сатаев М.И., Өсербаев М.Т., Сатаева Л.М., Азаматтық корғаныс - жекеленген мәселелер. Электрондық кітап. Шымкент. 2004.

  4. Әлібеков Е. Азаматтық қорғаныс-бүкіл халықтық іс. Алматы.: Қазақстан, 1996ж.



Лекция 4
Тақырыбы: Қауіпті және зиянды факторларды жіктеу.

Леция жоспары:


1. Қауіпті өндірістер және тұрмыстық факторлар.

2. Жіктелуі, агрегаттық күйі, адам ағзасына түсу жолдары, зиянды заттың таралуы

және түрленуі, зиянды заттардың әсері және сезгіштігі.

3. Зиянды заттардың аралас әсері.

4. Зиянды заттардың құрамын нормалау: шекті мүмкін, максимум реттік, орташа

ауысымдық, орташа тәуліктік концентрациялары.

5. Токсиндер әсер еткендегі созылмалы улану, кәсіби және тұрмыстық аурулар.
Лекция мазмұны:

Өнеркәсіпте тиімді санитарлы - техникалық жағдайларды жасау – еңбек ұжымдарының денсаулығын, қауіпсіздік жағдайларды, еңбектің өнімділігін және жалпы өндіріс байланысыты жоспарлау. Өндірістік бөлмелерге, жұмыс орындарымен микроклиматқа қойылатын жалпы тазалық сақтау талаптары санитарлы нормалары мен ережелері өнеркәсіп бөлімі үшін арналған санитарлы нормаларында көрсетілген.

Адам ағзасына әсер ететін өндірістік жағдайларды кешенді зерттеу, сонымен қатар оларды жақсартуда жүргізілетін шараларды өңдеуді және енгізуді еңбек тазалығы және өндірістік санитария қамтамасыз етеді. Егер технологиялық үрдіс дұрыс ұйымдастырылмаса, онда жұмысшының денсаулығына және жұмыс қабілетіне өндірістік ортаның зиянды факторлары (температура, ауа ылғалдылығы, өтпе желдер, шу, тербелулер, шаң және т.б.) әсер етеді.

Еңбекті қорғау және санитарлы – сауықтыру шаралардың шарттарын жақсартудың кешенді жоспарын қабылдау және жүзеге асыру кәсіби зиянды факторларды жобаға және еңбек жағдайын жақсартуға анық мүмкіндік береді. Еңбек тазалығының құрама бөлігі болып еңбек физиологиясы жатады, ол адамның еңбек іс әрекетімен байланысты ағзадағы физикалық үрдістердің жүруін зерттейді. Еңбек физиологиясының мақсаты физиологиялық көз қарас бойынша еңбектің тиімді ұйымдастырылуын табу болып табылады.

Кәсіпорындарда еңбек жағдайларын жетілдіру технологиялық үрдістерді қазіргі заманғы техникамен қамтамасыздандыру, зиянды факторларды тауып оларды жою, және сақтандыру және қорғану шараларын өткізе отырып тиімді ету жолдарымен жүзеге асырылады. Өндірістік санитария деп зиянды өндірістің факторлардың жұмысшыларға әсерін төмендететін немесе жоятын ұйымдастыру шаралары мен техника – механикалық жабдықтардың жүйесі.

Зиянды факторларға жұмысшылардың жұмыс қаблетін төмендететін немесе ауруға соқтыратындары жатады. Пайдаланылатын заттардың токсикалық әсері және жұмысшылардың жеке қорғану шаралары. Токсикалық заттар және олардың адамға әсері.

Химиялық өндірістерде пайдаланылатын заттар, өндірісті және еңбекті дұрыс ұйымдастырмағаннан, профилактикалық шаралардың бұзылғанынан жұмысшыларға зиянды әсер етеді. Оларды өткір немесе созылмалы улануға және кәсіби ауруларға соқтырады. Өткір уланулар зиянды заттың тезарада жоғары концентратциясының организмге әсерінен шығады. Олардың белгілері тез арада көрінеді, сондықтан уланғандарға 1-ші медециналық көмек беріп, уланудың себебін жоюға мүмкіншілік береді. Уланудың созылмалы түрі-зиянды заттардың аз концентратциясымен ұзақ уақыт бойы алатын әсері, оның организмде жинақталу қабілеті бар.

Уланудың белгілері апталар, айлар өткенде көрінеді және олар кей кезде созылмалы ауруларға апарады. Мысалы, сынап көп уақытқа дейін белгілері білінбейді сондықтан созылмалы улануға соқтырады.

Қауіпті заттардың организмге әсерінің деңгейін жіктеу.


Көрсеткіштер

Қауіпті кластарыдың нормалары

Жұмыс орнындағы ауадағы зиянды заттардың мүмкіндік шектік концентрациялар (МШК), мг/м3

0,1 төмен

0,1-1,0

1,1-10,0

10,0 астам

Асқазанға кіргенде орташа өлтіретін дозасы, мг/кг.

15 төмен

15-150

151-5000

5000 астам

Теріге түскенде орташа өлтіретін дозасы, мг/кг

100 төмен

100-500

501-2500

2500 астам

Ауадағы орташа өлтіретін дозасы, мг/кг

500 төмен

500-5000

5001-50000

50000 астам

Инголяциядан уланудың мүмкіндік коэффициенті, (ИУМК)

300 жоғары

300-30

29-3

3 төмен

Үшкір әтекеттің зонасы.

6,0 төмен

6,0-18,0

18,1-54,0

54,0 астам

Организмге әсерлігіне қарай химиялық зиянды өндірістік факторлар былай бөлінеді:



  1. жалпы токсикалық орталық нерв жүйесіне қанға және қанайналым

мүшелеріне әсер ететін, мысалы күкіртсутегі, органикалық

көмірсутектер, көмір оксиді.



  1. тітіркендіргіш - көздің, мұрынның, тамақтың кілегей қабатын

тітіркендіретін және теріге әсер ететін: қышқылдар мен сілтілердің

булары, азот пен аммиашы оксиды, күкірт ангидриды ж.т.б.



  1. Канцерогенді заттар ( рак ауруларына шалдықтыратындар): олар

резиналық өнеркәсіпте қолданылатын күйе, мұнайөнімдері, бензидин

ж.т.б.


  1. Мутогенді : мысалы сынап және қорғасын, этилен оксиды.

Соның ішіндегі ең маңыздысы: заттардың физико – химиялық сипаттары, түрі, әсерлігінің ұзақтығы және концентрациясы. Физикалық факторларға заттың агрегаттық түрі ұшқырлығы және ерігіштігі жатады. Бу, газ, түтін және тұман күйіндегі заттар аса қауіпті себебі олар тыныс алу органдарынан кіріп, тез арада қанға сіңеді.

Улы заттардың зияндығы сыртқы ауаға да байланысты. Ауыр күш салатын жұмыстарды орындағанда немесе жоғары температурада жұмыс істегенде адам денесінің термореттеуі бұзылады, тері арқылы денесіндегі суды жоғалтады. Сонымен қатар биохимиялық процестер күшееді. Тыныс алуы жоғарылап, қан қысымы күшееді және терінің сосудаттары кеңейіп, өкпе мен тері арқылы улы заттардың денеге таралуы тездетеді. Сол себептен уланудың қауіптілігі жоғарылайды.

Ауа аралығын индикаторлық әдісі арқылы анықтау қатты заттарда жүретін калориметриялық реакцияға негізделеді (қағазда, ұнтақтарда, ж.т.б., және оларға индикаторлық реактивтер сіңірілген болуы керек). Анықталатын заттар әсер етуіне байланысты индикатордың тұсі өзгереді. Ламберт-Бери заңдылығына сәйкес индикатор түсінің өзгеруі анықталатын заттың мөлшеріне пропорционалдық болады. Талдауды калориметриялық және сызықты-калориметриялық екі әдіспен жасауға болады. Калориметриялық әдісте талдау нәтижесін алдын ала әзірленген бояу қарқындылығы яғни эталонды түтекшелеріндегі түрімен салыстырып анықталады.



Газды қоспаның компонентерінің пайызды мөлшерін анықтау үшін ­ГХП-3 газанализаторын қолданады. Аппарат тасу үшін тұтас, тұрақты және ыңғайлы. Ол ағаш тасымалдауға ыңғайлы беттері оңай жылжыитын жәшікке орналастырылған. Газанализатордың схемасы ­ суретте қорсетілген.



Универсал УГ-2 газталдаушы

­ГХП-3 газанализаторы

Сызықты калориметриялық әдісте индикатор үнтағының ұзындығы бойынша боялуы арқылы мг/м3 градуирленген шкала бойынша анықталады. Сызықты калориметриялық әдіс, бөлмедегі зиянды газ бен буларды өте тез анықтау үшін қолданады. Бұл әдісте УГ-2 газоанализатор (универсалды газоанализатор) қолданылады. Бұл әдіспен көп заттарды анықтауға болады, мысалы, бензол, асилол, күкіртсутегі, хлор, аммиак, көмір оксиді ж.т.б.

Бақылау сұрақтары:

1.Қауіпті өндірістер мен тұрмыстық факторларды атаңыз?

2. Улағыш заттардың түрлерін атаңыз?

3. Уланудың белгілері қандай?



Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Безопасность жизнедеятельности /под ред. О.Н.Русака.- СПб.: Лань, М.: Омега-Л, 2004.-448с.

  2. Безопасность и защита населения в чрезвычайных ситуациях: учебник для населения/ Н.А.Крючек, В.Н.Латчук, Мирнов С.К.; под общ. ред. Г.Н.Кириллова. – М.: Изд-во НЦ ЭНАС, 2003.-264с.

  3. Гринин А.С. Безопасность жизнедеятельности: уч.пособие/А.С.Гринин, В.Н.Новиков.-М.: ФАИР-ПРЕСС: 2002.-288с.

  4. Безопасность жизнедеятельности. Защита населения и территории при ЧС: уч. пособие / В.В.Денисов: И.А.Денисова, В.В.Гутенов, О.И.Монтвилла.-М.: МарТ, Ростов н/Д: МарТ, 2003.-608с.



Лекция 5
Тақырыбы: Радиациялық және химиялық қауіптілік
Лекция жоспары:

1. Иондаушы сәуле шығару.

2. Сыртқы және ішкі сәулелену. Олардың адам ағзасына әсері.

3.Экспозициялық, жұтылған баламалы дозалар.

4.Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі принцптері

5.Радиациялық обьектілерді әлеуетті қауіптілігі бойынша жіктеу.

6. Радиациялық барлау және дозиметрлік бақылау аспаптары
Лекция мазмұны:

Радиация - қоршаған ортаға белгілі бір ортадан таралатын сәулелер.

Радиацияның көрінетін жарықтан және жылудан бөлек, сезім органдарымен қабылданбайтын түрлері көп. Адамзат радиацияның қатысы бар әлемде өмір сүруде. Биологиялық түрлердің үздіксіз эволюциялануының негізгі себебі, радиобелсенді сәулеленудің мутациялау ерекшеліктері. Биологтардың бағалауы бойынша, Жер бетінде тіршілік пайда болғаннан бері 1миллиардқа жуық тірі организмдер эволюцияланған. Қазіргі уақытта, түрлі бағалаулар бойынша флора мен фаунаның 2-15 миллион түрі қалған. Асылында, радиацияның әсерінсіз біздің планетамызда көп түрлі тіршілік иелері болмас еді. Жер бетіндегі тіршіліктің міндетті шартының бірі – радиациялық бедердің болуы. Радиация тіршілік үшін жарық пен жылу секілді қажет. Радиациялық бедердің аздап жоғарылауынан, адам организміндегі зат алмасу біршама жақсарады. Радиациялық бедердің аздап төмендеуінен, тірі организмдердің өсуі мен дамуы 30-50% баяулайды. Радиацияның нөлдік көрсеткішінде өсімдіктер өсуін, ал тірі организмдер көбеюін тоқтатады. Сондықтан да, радиация алдында үрейге берілмеу керек. Радиацияның жоғары мөлшерінің қауіпті екенін білуіміз қажет, оны болдырмауға тырысу керек, ал қажет болған жағдайда радиациялық қауіп кезінде тірі қала білу керек.

Табиғи радиация адамның өмір сүру ортасының табиғи компоненті болып табылады. Ол шартты түрде иондайтын және иондамайтын деп бөлінетін сәулелерден тұрады. Иондамайтын сәуле жарық, радиотолқындар, Күннің радиобелсенді жылуы. Радиацияның бұл түрінің адам организміне қауіпі жоқ. Дегенмен, сәулелердің қарқынды бөлінуі кезінде кері әсерін тигізеді. Егер радиация, тірі организмдерді құраушы молекулалардың химиялық байланыстарын бұзуға қабілетті болса, онда иондаушы радиация болып есептеледі. Иондаушы радиацияны қарапайым түрде радиация деп атайды, ал оның сандық сипаттамасын мөлшер дейді. Радиобелсенді сәулеленудің көрсеткіштері мен сипаттамаларын тіркеу үшін арнайы приборлар дозиметр және радиометр қолданылады.

Қалыпты радиациялық бедердің көрсеткіші 10-16мкР/сағ.

Табиғи радиациялық бедердің әсерінен адам сыртқы және ішкі сәулеленуге шалдығады. Сыртқы сәулеленудің көздері –ғарыштық сәуле және Жер бетінде, атмосферада, су ортасында, өсімдіктерде таралған табиғи радиобелсенді заттар. Ғарыштық радиация галактикалық және күн сәулелерінен құралады. Ғарыштық сәулеленудің қарқындылығы геомагниттік еніне, теңіз деңгейінен биіктігіне тәуелді. Экваторға жақын орналасқан адамдардың қабылдайтын ғарыштық сәулесі 2км биіктікте 3 есе, 4км биіктікке 6 есе, ұшақта 12км биіктікте 150 есе артып кетеді. Күндізгі жарқыл кезінде ғарыштық сәуленің деңгейі айтарлықтай жоғарылайды.

Табиғи радиобелсенді заттардың негізгі мөлшері тау жыныстарында болады. Олар тау жыныстарының түріне тәуелдіжер қыртысында біркелкі таралмаған. Сәйкесінше, әр жерде тұратын адамдардың сәулелену мөлшері де әртүрлі болады. Жер бетінде табиғи радиацияның бедері едәуір артып кеткен 5 географиялық аудан. Ол жерлер Бразилияда, Үндістанда, Францияда, Египетте және Тынық мұхитында Ниц аралында. Айта кетсек, Гуарапари(Бразилия) шипажайлы қаласындағы радиация деңгейі 500 есе мөлшерден артық. Себебі, қала тоийге бай құмда орналасқан.

Адамның табиғи көздерден ішкі сәулеленуінің 2/3 бөлігі организмге радиобелсенді заттардың азық-түліктермен; ауыз сулармен, дем алған ауамен келіп түседі. Адам организміне радионуклидтер тағамдық немесе биологиялық тізбек арқылы жиі түседі. Мысалы топырақ жамылғысындағы радионуклид сумен өсімдікке келіп түседі, өсімдіктерді малдар жейді, осы малдың сүті немесе еті арқылы радиобелсенді заттар адам организміне келіп түседі.

Табиғи көздерден адамның ішкі сәулеленуі радиобелсенді газ радоннан болады. Бұл газ күнделікті жер қыртысынанбосатылып жатыр. Радонның ұзақ уақыт әсерінен адамда онкологиялық аурулар туындайды. БҰҰ Ғылыми кеңесінің мәліметтері бойынша, өкпе ауруына шалдыққандардың 20% организме радонның және оның тұнбаларының түсуінен болған.Жабық бөлмедегі радонның шоғыры сырттағыдан 8 есе артық. Планетамыздың жалпы радиациялық мөлшерінің 44% радон газына келеді.

Радиацияның жасанды түрлерінің дүниеге келуі, радиацияның адамға деген ауыртпалығын арттыруда. Адамдар периодты түрде теледидар, компьюте, медициналық рентген аппаратынан, ядролық сынықтардан кейінгі радиобелсенді атмосфералық жауын-шашындардан, атом электр стансаларының (АЭС) жұмысы нәтижесінде радиациялық сәулеленуге ұшырайды.

Планетамыздағы радиациялық бедердің жоғарылауына АЭС дағы авариялар ықпалын тигізуде. Мұндай төтенше жағдайлардың себебі түрлі болып келеді, жұмысшы персоналдың қателігі, қондырғылардың ескіріп, істен шығуы. АЭС лаңкестік шабуылдардың ықтималдылығ жоғары.



Қазіргі уақытта дүние жүзінде 45 мыңға жуық ядролық қару бар. Ядролық жарылыс кезінде адамдардың радиациялық залалдануы, өткішрадиация және жергілікті орынның радиобелсенді ластану есебінен болады.



Өткіш радиация бұл бірнеше секунд аралығында ядролық жарылыс аймағынан барлық жаққа тарайтын гамма сәулелер мен нейтрондар ағымы. Радиобелсенді ластану бұл жарылыс нәтижесінде радиобелсенді заттардың бұлттардан көп мөлшерде түсуі. Олар жер бетіне түсіп, радиобелсенді із деп аталатын залалданған аймақ түзеді.

Жасанды және табиғи радиобелсенді сәулелер табиғаты бойынша өзара ұқсас және олар адам денсаулығына кері әсерін тигізеді.

Иондаушы сәулелер әсерінің ерекшеліктері келесідей сипатталады:

- адам сәуленің организмге әсерін сезбейді (адамдар иондаушы сәулелерді қабылдайтын сезім мүшелеріне ие емес);

- иондаушы сәулелер адам денсаулығына зиянды әсерін тигізеді(радиацияның пайдасы мен зияны арасындағы шекара әлі орнатылмаған, сондықтан кез келген иондаушы сәулелерге қауіпті деп қараған жөн);

- адам организмінің жеке ерекшеліктері радиацияның аздаған мөлшерінде пайда болады (адам неғұрлым жас болса, соғұрлым сәулеленуге сезімтал болады, 25 жастан бастап адам сәулеленуге тұрақты бола бастайды);

Иондаушы сәулеленумен туындаған төтенше жағдайдаларда, қабылдаған сәулелену мөлшері неғұрлым аз болатын іс әрекеттер жасау керек.

Радиациядан қорғанудың үш әдісі бар- олар «уақытпен қорғау», «қашықтықпен қорғау», «экрандау және жұтып алу арқылы қорғау».











Уақытпен қорғау радиобелсенді заттармен ластанған обьектіде немесе жергілікті орында адамдардың болуы уақытын шектеу.

Қашықтықпен қорғау радиация деңгейі жоғары немесе жоғарылауы мүмкін жерлерден адамдарды эвакуациялау.

Экрандау және жұтып алу арқылы қорғау адамдарды эвакуациялау мүмкін болмаған жағдайда қоладынлатын әдіс. Бұл әдіспен қорғауда панаханалар, жасырыну орындары және жеке қорғаныс құралдары қолданылады.

Тұрғындарды, радиобелсенді заттармен залалдану туралы, төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғаныс (АҚ) органдары хабар етеді. Жергілікті аймақтың радиобелсенді заладануы басталған кезінде немесе бірнеше сағатта басталуы кезінде Радиациялық қауіп дабылы соғылады. Дабыл жергілікті радио немесе теледидар желілері арқылы жеткізіледі. Радиациялық қауіп туралы естіген тұрғындар, тез арада бұқаралық ақпарат құралдары бойынша алынған ұсыныстарға сәйкес іс қимыл жасау керек.
Бақылау сұрақтары:

1. Радиация деген не?

2. Табиғи радиация және иондаушы радиация деген не?

3. Қалыпты радиациялық көрсеткіш қандай?

4. Радиациядан қорғанудың әдістер?
Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Безопасность жизнедеятельности: учебник для вузов / С.В.Белов, А.В.Ильницкая, А.Ф.Козьяков и др.; Ред. С.В.Белова.-4-е изд.-М.: Высшая школа, 2004.-606с.

  2. Маханов Б.Б., Сатаев М.И., Өсербаев М.Т., Сатаева Л.М. Тіршілік қауіпсіздігі. –Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2005, 243 бет.

  3. Арпабеков А.А.- «Өмір тіршілік қауіпсіздігі»-Алматы.2004.оқу құралы.

  4. Қ.Т.Жантасов, Е.Н., Кочеров, А.С.Наукенова, М.Қ.Жантасов. Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі. Оқулық. Алматы, 2012.-512 бет

  5. Е.Н., Кочеров. Төтенше жағдайлардағы тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі, Оқу құралы. –Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2012. – 267 бет

  6. А.К.Аипов. Тіршілік қауіпсіздігі. Оқу құралы. –Астана. ҚазЭҚХСУ: БПО, 2009. – 290 бет.



Лекция 6
Тақырыбы: Химиялық қауіпті обьектілерді және химиялық төтенше

жағдайларды жіктеу
Лекция жоспары:

1. Химиялық қауіпті заттарды сақтау және тасымалдаудың негізгі әдістері

2. Химиялық қауіпті заттарды апаттық лақтырғанда токсианттың таралуын

анықтау


3. Химиялық барлау аспаптары

Лекция мазмұны:

Зиян әсер етуіне қарай химиялық заттардың улағыш қасиеттеріне негізделген химиялық қару жаппай қырып жоятын қарудың бір түрі деп саналады. Оның негізін улағыш заттармен (УЗ) нысаналарға жеткізетін құралдар (зымыран, бомба т.б.) құрайды. УЗ әскері жасақтарды, халықтың ауыл-шаруашылық малы мен өсімдіктерін, су көздерді, азық-түлікті, техниканы белгілі уақытқа бүлдіру үшін жау пайдалануы мүмкін.

Осы зақымдаушы қабілетін УЗ-дың улылығы деп атаған. Улағыш заттар әдетте сұйық немесе қатты түрде бола тұрып, қолдану барысында сұйық тамшы, газ және бу тәріздес затқа, түтін немесе тұман түріне айналып кетеді. Олар адамдарды тыныс алу, тері, ас қорыту жолдары арқылы уландырады. Алайда, адамның зақымдануының ауртпалығы УЗ-дың денесіне өткен мөлшеріне байланысты. Осы мөлшерді токсодоза деп атайды, ол мг/кг, мг/адам, (мг мин)/литр өлшем бірліктерімен есептеледі. УЗ адамға неғұрлым ұзақ әсер етсе оның зақымы солғұрлым күштірек келеді.

ХИМИЯЛЫҚ ҚАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Улағыш заттардың ерекшеліктеріне мынау қасиеттері жатады:

-зақым келтіру көлемділігі - улағыш заттарға жер бетінің ғана емес, сондай-ақ ауаның жерге тақау қабаты да шалдығады, сонымен бірге ауа қозғалысы арқылы бірталай аймаққа таралады; бұның өзі арнайы қорғану әдістерін талап етеді;

-қорғану тұрғысынан арнайы жабдықталмаған ғимараттарға, үйлерге, құрылыстарға еніп кету қасиеті және онда ауа ауыстыру құралдары болмаса, көп уақыт осындай жерлерде улылығын сақтап тұруы;

-улағыш заттардың кейбір түрлері зақымдау қабілетін ұзақ уақытқа сақтайды (аптап, айлап); тәжірибе барысында өсімдіктерге жер арқылы өтіп малдарды үш жылдан кейін өлтіруі мүмкіндігі байқалған;

-улану себебінен пайда болған аурудың - әр-түрлі жолдарымен дамуына байланысты адамды емдеу әдісін анықтауы қиындыққа соғады;

-улағыш заттардың адамның денесіне жараланбаған терісінен де ене алатын қасиеті;

-уландыру өрісінің жылдамдығы мен ауртпалығы (жеткілікті доза қабылдаған адам аз уақыт аралығында мерт болуы мүмкін);

-бірден көмек көрсетудің мүмкінсіздігі (арнайы медициналық көмекті көрсету үшін зардап шеккен адамды емханага жеткізуінің өзі біраз уақыт алады);

-емханаға бір мезгілде өте көп науқастардың түсуіне байланысты емдеу қиыншылықтары; мысалы олардың 10-15 пайызына реанимациялық жағдай жасалуы керек;

-зақымданған аймақта санитарлық өңдеу өткізу жұмыстары талай күш пен арнайы құралдарды талап етеді.

УЛАҒЫШ ЗАТТАРДЫ ТОПТАСТЫРУ

Қазіргі кезеңде белгілі улағыш заттарды мынадай топтарға бөлуге болады:

а) улағыш қасиетіне қарай: жүйке-сал ауруына үшырататын УЗ (зарин, зоман, ВИ-экс) (бүлар фосфорорганикалық улағыш заттар);

-жалпы улайтын УЗ (көгерткіш қышқылы, хлорциан);

-теріні күлдірететін УЗ (иприт түрлері);

-тұншықтырғыш УЗ (фосген);

-психохимиялық УЗ, немесе психотомиметикалық УЗ (би-зет);

-тітіренту, абыржыту УЗ (хлорацетофенон, адамсит, си-эс, си-ар);

Улағыш заттарға өте күшті эсер ететін токсиндерді де қосып қоюға болар еді; олар-ботулиникалық токсины және стафилококк энтеротоксины.

б) Тактикалық мақсатына қарай:

-өлімге соқтыратын УЗ (ви-экс, зарин, зоман, иприт, көгерткіш қышқылы, хлорциан, фосген, ботулиникалық токсин);


  • уақытша әсер ететін УЗ (би-зет); тітіренту УЗ (хлорацетофенон, адамсит, си-эс, си-ар);

  • жаттығу барысында қолданылатын УЗ (хлорпикрин).

в) Түрақтылығы жағынан:

-тұрақты УЗ (ви-экс, зоман, иприт).

Бұлар бірнеше тәуліктерге немесе апталарға дейін уақыт аралығында әсер ету мүмкін;

-тұрақсыз УЗ (синиль қышқылы, хлорциан, фосген).

г) Әсер ету жылдамдығына байланысты:

-тез арада әсер ететін УЗ (зарин, зоман, синиль қышқылы, хлорциан, си-эс, си-ар).

Бұлар бірнеше минут аралығында өз нәтіжесін білдіреді;

баяу әсер ететін УЗ, олардың жасырынды түрде әсер ететін уақыты болады (ви-экс, иприт, фосген, би-зет).

д) Бинарлық улағыш заттар химиялық қаруларды одан ары дамыту нәтижесінде дүниеге келіп отыр; олар негізі зиянсыз заттардан

құралады, алайда нысанаға жеткізген құралдар жарылғанда өзара химиялық реакцияға қатысады.



ХИМИЯЛЫҚ БАРЛАУ АСПАПТАРЫ

Химиялық қару қолданылған аймақта барлау жүргізіледі. Улағыш заттардың бары-жоғын, бар болса олар қандай мөлшерде ауада, жер қабатында, техниканың бетінде тағы басқа жерде шоғырлануын анықтау үшін арнайы аспаптар қолданылады. Солардың бірімен, әскери химиялық барлау аспабы (ӘХБА) аталған (орысша ВПХР - войсковой прибор химической разведки) Азаматтық қорғаныс құрамдары қамданады. Бұл аспап зарин, зоман, иприт, фосген, көгерткіш қышқылы, хлорциан атты улағыш заттарды және ВИ-экс-тің буларын айықтауға көзделген. ӘХБА бір қорапта мынадай бұйымдардан жинақталған: үрлегіш, үрлегіштің саптамасы қорғағыш қалпақшаларымен қоса, кассеталарға орналастырылған индикаторлық 67 түтікшелер жылытқыш патрондарымен қоса, түтінге қарсы сүзгіштер, электр шамы, күрекше, патронды тескіш бігіз. Шыныдан жасалған индикаторлық түтікшелердің (ИТ) ішінде реактивпен толтырылған ампулалар және толтырғыш зат бар, ал сыртында белгісі көрсетілген. Қызыл белгісі бар ИТ зарин, зоман, ВИ-экс-тің, жасыл-фосген, көгерткіш қышқыл, хлорцианның, ал сарысы - иприттің барысын анықтауға арналған. ИТ он данадан үш кассетаға салынған. Жылытқыш салқын ауа-райы кезеңінде ИТ-ді жылытуға бейімделген. Жұмыс алдында аспаптың түгелдігін, бұйымдарының іске жарамдылығын тексеріп алу керек.

Фофсорорганикалық заттардың (ФОЗ) барысын зерттеу үшін қызыл белгісі бар екі ИТ-ні алып, әрқайсысының екі ұшын сындырады. Бұл іске арналған үрлегіштің бас жағында арнайы кескіш пен кішкене шұңқырша ескерілген. Сонан соң түтікшенің жоғарғы ампуласын үрлегіштің сабында орналасқан бігізбен жарады да ИТ-лердің екеуін де 2-3 рет сілтиді; біреуін (тәжірибе түтікшесі) белгіленген ұшымен үрлегішке кіргізіп өзегінен 5-6 рет ауа өткізеді, екіншісінен (сынақ түтікшесі) ауа өткізілмейді; ИТ-лердің екеуінің де төменгі апмулаларын жарады, түтекшелерді сілтиді. Сынақ түтікшенің толтырғыш аз уақытта қызыл түсін сарыға айналдырады. Егер осы уақыт бойынша тәжірибе түтікшенің толтырғышы қызыл түсті болып қала берсе - ол ФОЗ барын, ал түсін сарыға айналдырса жоғын білдіреді.

Жасыл және сары белгіленген ИТ-лерді іске қосқанда да осы сықылды тәртіп

ұсталады, тек толтырғыштарының өзгерген түсін кассетаның қабында көрсетілген эталонмен салыстырады, және түтікшелердің өзегінен ауа өткізу жиылығында да айырмашылығы болады.

ӘХБА-мен жұмыс істеу тәртібі қорапшасының ішіндегі құжатында қысқаша берілген. Мысалы, үрлегіштің саптамасы техниканың, қару жарақтың улағыш заттармен ластанғанын, қорғаушы қалпақшалар - топырақты, түтінге қарсы сүзгіштер -улағыш заттардың түтінмен қосылғаның зерттегенде пайдаланылады. Химиялық барлау құрамдар ӘХБА-тан басқа да аспаптарымен қамтылады. Олардың арасында жартылай автоматтандырылған химиялық барлау аспабы (ЖАХБА) және автоматтандырылған газталдауыш (газосигнализатор) ГСП-11. Соңғысы УЗ-дың буларының ауада барысын үзіліссіз бақылау үшін химиялық барлау машиналарында орналастырылады.

Халық шаруашылығында КӘУЗ-дың ауада барысын зерттеуге эмбебап газталдауыш УГ-2 пайдаланылады. УГ-2 және ӘХБА-ның жұмыс істеу принциптері бір.

Өнеркәсіптік химиялық аспаптарға мыналары жатады:

"Колион-701" атты хлор газталдауыш; "Колион-1" атты аммиак, күкірт көмірртегі тағы басқа органикалық және бейорганикалық қоспаларды айыруға арналған газталдауыш; ЭССА-1, ЭССА-2, ОК-101, МТ-121 газталдауыштар реті бойынша алғанда аммиакты, хлорды, оттегіні, метанды айықтайды. Осылардан басқа Германияның "Дрегер" компаниясы шығаратын сапалы газталдауыштар бар.

КӘУЗ ЖӘНЕ УЗ-мен ЗАҚЫМДАНҒАН АДАМДАРҒА

АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ

КӘУЗ және УЗ-дан қорғану үшін әр-түрлі противогаздарды, респираторларды, дене қорғайтын арнайы киімдерді пайдалану керек, қорғаныс ғимараттарға жасырыну немесе биіктеу төбелерді таңдап алу, зарар ауданнан кету қажет. Егер осы шараларды жасап үлгермеген адамдар зиян заттардың ықпалына түскен болса, онда оларды құтқарып, оларға көмек көрсету керек. Бұл заттардың түрі де, қасиеттері де көп болғандықтан хабары жоқ адамдар оларды ажырата білмейді, оның үстіне, арнайы органдар "Химиялық қауіпі" дабылмен апат туралы хабарлап үлгермеуі де мүмкін. Сондықтан алдымен улы химиялық заттарға тән ерекшеліктерін, олардың қоршауымызда болу белгілерін көрсету қажет:

-біріншіден, олар газ, сұйық, аэрозоль, тамшы түрінде пайдаланылады (УЗ), немесе апат кезінде төгіліп, атылып шығады (КӘУЗ);

-екіншіден, иістері бейтаныс, күнде кездесе қоймайтын, көбінесе өткір, қышқыл, кей-кезде керісінше тәтті болып келеді;

-үшіншіден, олардың түрлі түстісі, түтінді түрлері де кездеседі, адам ауызына бір-түрлі дәм келтіреді;

-төртіншіден, тыныс алу органдарды, денені ашытып тітіркентеді; кейбір сұйық түрлері тиіп кетсе көз бен теріні күйдіру де мүмкін.

Қауіпті жерлерден аулақ жүрген жөн. Ол үшін өмір сүріп тұратын маңайдағы КӘУЗ-ды өндіретін, пайдаланатын немесе көп мөлшерде сақтайтын кәсіпорындарды есте ұстау керек. Зиян заттарды ашық түрінде байқап қалған жағдайда, ол туралы адамдарға, азаматтық қорғаныс штабына, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерге, милицияға хабарлауға міндеттісіз.

Уланып қалған кезде мынадай белгілер пайда болуы мүмкін:

-көздің ашуы, жасы ағуы, күюі, қабағы аурлауы; адам жарықтан қорқу сезімі немесе жарықты ажыратамауы, көздің ісуі;

-терінің күюі, ашуы, қышуы, ісуы, жаралануы, күлдіреуі, түсі өзгеруі (көгеру немесе қызару);

-тыныс алуы қиындау, жөтелу, ауыздан көпіршік кету, тамақ жұталмауы;

-бас айналу, ауру, жүректің айнуы, қатты соғуы, лоқсу, құсу;

жүйке жүйесі зақымданғанда қорқу сезімі пайда болуы, тынышсыздық, мас болуы, сал ауруға ұшырау, шайқалып жүру, үйқыға тарту, айнала заттар көзге қос түрінде көріну, елес пайда болуы;

-жалпы дененің температурасы қан қысымдылығы өзгеру, әлсіздену, естен тану.

Зақымданған адамға көмек көрсету сатылары:

Улы заттардың организмге сіңіуін тоқтату. Ол үшін антихимиялық пакетті қолданып адамның бетінен улы заттарды сүртіп тастау керек, противогаз кигізіп, дененің ашық жерлерің сүртіп, киімнің жағасын, жеңдерін тазалап қауіпті аймақтан алып шығу.

Тасымалдаған кезде жергілікті пәс орындарды, тоннельдерді, сай, тоғай, ми батпақты айналып өткен жөн, өйткені ауыр улы газдар осындай жерде шоғырланып тұрып қалады. Күшті әсер ететін улы заттардың буы қаланың көшелеріне, сая-бақтарына, үйшатырының астына және подъездеріне шөгуі мүмкін.

Жертөле сияқты жерлерге жасырынған адамдар противогазды шешпеу керек, себебі бұндай паналар улы заттардың сұйық тамшыларынан қорғайтынымен олардың буларынан сақтамайды. Зақым ошағынан шыққанда арнайы қойылған көрсеткіштер арқылы немесе желге бір қырын беріп жүру керек. Сонда да ақырын аяқ басып, жүгірмей, шаң көтермей, үйлерге сүйенбей, айналадағы заттарға, бұтақтарға тимей өтуге тырысу керек. Өсімдіктердің жапырақтары мен бұталарында улағыш заттардың тамшылары болады, олармен жанасуы адамның зақымдануына әкеп соқтыруы мүмкін. Денеге, киімге жұққан тамшыларды қағазбен, немесе қол орамалмен, шүберектермен сүртіп отыру керек. Противогаздардың әр-түрлі маркалары болатынын естен шығармау керек, кей бір улы заттарға қарсы қосымша сүзгіш қораптар беріледі.

Қауіпсіз орынға жеткізе зардап шеккеннің ауыз-мұрын, көзін шайып, өзін санитарлық өңдеуден өткізеді (мүмкіншілігі болса душ қабылдатады), киімін ауыстырады. Көзді шаю үшін суды немесе соданың 2% -тік ерітіндісін қолдануға болады, вазелин майы 1-2 тамшысын көзге тамызуға да болады. Асқазанды, ішек-қарынды тазалау үшін қолдан құсқызады, іш-өткізетін дәрілік береді. Ішек-қарынға адсорбент еңгізеді - активтендірілген көмірдің, карболеннің 3-4 үлкен ас қасығын 200 мл суға қосып ішкізеді. Іш өткізу үшін натрий сульфаттың немесе магний сульфаттың 20-30 граммын 100 мл суға ерітіп ішкізеді.Зардап шеккен адамға жылы жағдай, таза ауа қажет, мүмкін қолдан тыныс беріп жүрегін басу немесе оттегімен ингаляциялау керек шығар. Бірақ тұншықтырғыш затты жұтқан адамға қолдан тыныс беруге болмайды. Көмек көрсету барысында жеке дәрі қобдишадан керекті антидотты пайдаланған жөн, ал антихимиялық пакеттегі сұйықтықтың көзге тимеуін қадағалауды ұмытуға болмайды. Алғашқы көмек алған адамды арнайы емханада ары қарай мамандар емдейді. Мынау жәйттерді есте сақтаған жөн:

-антидатторды уланудың алғашқы кезеңде немесе уланды деген белгілері көрінгеннен кейін бірнеше минут арасында қолдануы нәтиже береді;

-фосфорорганикалық заттар және иприт денеге тисе, оның ашық жерлерін алғашқы 5 минут арасында ішінара санитарлық өңдеуден өткізуі зақымдану ауырлығын едәуір төмендетеді;

-алғашқы жәрдем неғүрлым тезірек көрсетілуі керек, сондықтан бұл жерде зақымданғандар өзіне және өзара көмек беруге тиісті;



-әдетте қолдан тыныс беруді УЗ тараған ауада қолданбайды. Құтқарушылар химиялық зақымдау ауқымына кірер алдында УЗ-дан сақтану үшін жеке адамға арналған дәрі қобдишадан (АИ-2) антидоттың сақтандыру дозасын ішіп, қорғану киімінің, резина етігін, қолғап және противогазды киіп алуы керек. Тіпті химиялық зақымдау ауқымнан зардап шеккен адамды алып шыққаннан кейін де фосфорорганикалық заттар, иприт және басқа да кейбір УЗ-мен зақымдаушылардың алғашқы медициналық көмек көрсетушілерге едәуір қауіпті екенін естен шығармаған жөн. Зақымданушылардың киіміне, шашына және терісіне жұққан УЗ біраз уақыт сақталып, дененің жалаңаш жерлерін зақымдауы мүмкін. Сондай-ақ, әсіресе жабық үй-жайларда, автомашиналарда киімге жұққан УЗ-дың буының десорбциялануы (булануы) есебінен де зақымдануға әбден болады.


Өндірісте жиі кездесетін әсері күшті улы заттардан зардап шеккен адамдарға көрсетілетін алғашқы көмек мынадай болуғы тиіс.

Аммиак. Аммиакпен зақымданған адамды таза ауаға шығару қажет. Алғашқы көмек ретінде оған жылы сусын (ең жақсысы сүтке боржоми қосып) беріп жылы судың буымен тыныс алғызған жөн. Аммиак теріге тигенде оны сумен жуып, 5% сірке суы немесе лимон қышқылы ерітіндісіне материалды шылап басу керек.

Изоляциялық және өнеркэсіптік "АД" және "М" маркалы противогаздар аммиактан сақтануды сенімді түрде қамтамасыз етеді. Бұлардан басқа противогаздар аммиак буының әсерінен қорғай алмайды!

Ол су және қышқылдар ерітіндісімен зарарсыздандырылады.

1 литр су 1000-1200 литр аммиакты ерітіп газға айналдырады.

Хлор. Хлормен зақымданған адамды таза ауаға шығарып, оны жылытып, тыныштық жағдай жасау қажет. Оттегімен ингаляциялау жақсы көмек береді. Зақымданған адамға бұдан былай да дәрігерлік көмек қажет болады. Көз, мұрын, ауызды соданың 2% ерітіндісімен жуу керек, оған жылы кофе, әлде сүтке боржоми қосып берілсе ол өте жақсы көмек есебінде саналады.

"В" және "М" маркалы противогаздар хлордан сенімді қорғану ісін атқарады.

Көп мөлшердегі хлор сумен зарарсыздандырылады.

Күкіртті газбен зақымданған адамды ауаға шығару, өттегімен ингаляциялау, ауызы-мұрынын және көзін 2%-тік сода ерітіндісімен шаю, сырқат адамды жылыту керек. Күкіртті газдан қорғайтын "В" маркалы противогаздар. Зарарсыздандыру жүмысы сумен немесе су қосылған сілті ерітіндісімен жүргізіледі.


ХИМИЯЛЫҚ ҚАУІПІ ТУЫНДАҒАН ОШАҚТАРДЫ ЖОЮ МАҚСАТЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР

Бұндай жұмыстар АҚ бастығының шешімі негізінде ұйымдастырылып жүргізіледі.

Барлаушылар тобы зақымданған аумақтың сипатын, зақымдау себебін, улы заттың түрін, оның буларының таралу бағытын, ғимараттар мен жабдықтардың қирау дәрежесін анықтайды. Барлау аспаптарды қолдана отырып ауқымның шекарасын, жүретін жолдарын т.б. арнайы көрсеткіштермен белгілейді. Барлаушылардың мәліметтеріне қарай басқа да командалар мен топтар іске кіріседі: адам құтқару және көмектесу, территорияны зарарсыздандыру, авариялық-техникалық, өрт сөндіру және т.б. командалар мен топтар.

Өндірістік кәсіпорындарда әсіресе көп таралған әрі қауіпті әсері күшті улы заттар-аммиак және хлор. Мысалы үшін осы заттарға байланысты болған аварияны жою барысындағы әрекет ету тәртібі шамада былай орындалады.

Әрине алдымен авария болған орынды оқшаулау керек, яғни оның кең таралмауы үшін жұмыстар жүргізіледі. Осы мақсатпен авариялық-техникалық топтың адам құрамы барынша коммуникациялық жүйелерді ажыратады - шүмектер және басқа тиекті құрылғылар жабылады, құбырлардың немесе сиымдылықтардың жарылған әлде тесілген жерлеріне ағаш болсын, темір болсын тығындар бекітіледі, сына қағылады, ыңғайлы жеріне қамыт белдеу кигізіледі. Өз бетінше шүмектер мен вентильдерді жабу немесе ашу аппаратураларды ауыстыру керісінше әсер етуі ықтимал. Сондықтан топтардың командирлері объектінің әкімшілігімен жұмыс барысында тығыз байланыста болуға тиіс. Мүмкін болса улы заттар тұрған ыдыстар бүлінген жағдайда автоматты қондырғыны іске қосып оларды бүлінген ыдыстан бүтін ыдысқа қотарады. Төгілген аммиакты, ал хлор тұрған ыдыстың зақымданған жерін ағын сумен жақсылап шаяды. Өндірістік орындарда газданған аймақтан оларға улы булар сорылуын болдырмау үшін желдеткішті ажыратып тастайды. Улы заттың жайылып ағуына бөгет болатындай етіп (егер ол бүлінбеген ыдыстан төгілсе) топырақтан қоршалай үйінділер жасалынады немесе жиналатын шұңқырлар қазылады. Тыныс алу органдарын қорғау үшін жасақтардың адам құрамы ауаны жақсы өткізетін шлангалы противогаздарды пайдаланады.

Ошақты оқшаулау жұмыстарынан кейін зарарсыздандыру командасы келу жолдарын, объектінің ішкі жолдарын, тұрғын үйлердің аулаларын, сонан кейін ауаны зақымдау көзі болып табылатын жерлерді зарарсыздандырады, яғни газсыздандырады (дегазация жұмыстары). Осы жұмыстар барысында газсыздандырушы ерітінділер, сұйық заттарды бүркуге арналған механизмдер пайдаланылады; осымен қатар кейбір жұмсақ жердің топырақ қабатын бульдозермен сырып улы заттарды жауып тастау жолы да орын алады. Суды тіке бүрку-улы заттардың буларын ыдыратып, аздап болса да бейтараптайды, яғни олардың таралу аумағын шектейді.

Газсыздандырушы заттар ретінде өндіріс қалдықтары есепке алынады, егер мұндай өнімдер жоқ болса дегазацияға арналған заттар қорын алдын ала жасаған жөн. Дегазация барысында химиялық реакция себебінен өрт пен жарылыс туындайтын жағдайдың ықтималдығы болса, онда құм мен топырақ пайдаланылады. Құтқару командасы мен санитарлық жасақтардың адам құрамы зақымданған территорияда орналасқан өндірістік және тұрғын үй жайларын, қорғаныс ғимараттарын мұқият тексеріп, зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оларға баратын жолдарды анықтайды және мүмкіндігінше емдеу мекемелеріне алып барады. Осымен қатар улы зат төгілген аймақтан халықты көшіру жұмыстары ұйымдастырылады. Өрт сөндіру құралдарын алып келу үшін, қираған үйлер мен үйінділер астынан адамдарды құқаруын жеңілдету мақсатымен механизмдерді жеткізу үшін механикаландырылған топ өткелдер аршиды.

Коменданттық қызмет уланған ошақтың айналасындағы тиісті тәртіпті бақылайды. Ошақты жою кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет, кейбір ережелерді естен шығаруға болмайды. Мысалы, аммиактың 14 мг/л концентрациясы кезінде терінің тітіркенуі, ал 20 мг/л және одан жоғары концентрациясы кезінде терінің күлдіреуі байқалады. Хлордың жоғары концентрациясы адам бір рет дем алғанда-ақ қауіпін туғызады.Айтарлықтай, жертөлелерде, тоннельдерде және басқа да төмендей орналасқан құрылыстарда, ор түбінде, шұңқырларда ауадан ауыр газдардың шоғырлануы өте қауіпті болып табылады.


Бақылау сұрақтары:

1. Химиялық қарудың ерекшеліктерін атаңыз.

2. Улағыш заттардың түрлері.

3. Химиялық барлау аспаптарының қызметі қандай?

4. Химиялық қауіпті объектілерде жүргізілетін жұмыстар.
Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. 1. Безопасность жизнедеятельности. Защита населения и территории при ЧС: уч. пособие / В.В.Денисов: И.А.Денисова, В.В.Гутенов, О.И.Монтвилла.-М.: МарТ, Ростов н/Д: МарТ, 2003.-608с.

  2. Безопасность жизнедеятельности. Безопасность в чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера: учеб.пособие/В.А.Акимов, Ю.Л.Воробьев, М.И.Фадеев и др.-изд.2-е, перераб.-М.:Высшая школа, 2007. -592с.

Безопасность жизнедеятельности: учебник для вузов / С.В.Белов, А.В.Ильницкая, А.Ф.Козьяков и др.; Ред. С.В.Белова.-4-е изд.-М.: Высшая школа, 2004.-606


жүктеу 1,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау