11
Жазылым.
8-тапсырма. Жоспарды пайдалана отырып, «Қазақстан- бейбітшілік
Отаны» тақырыбына шығарма жазыңыз.
Жоспар:
І. Кіріспе. Қазақ елінің бастамалары.
ІІ. Негізгі бөлім. а) Менің елім-Қазақстан.
ә) Елбасы.
б) Әлемге әйгілі – Қазақстан
ІІІ.Қорытынды. Тұғырың берік болсын, асқақ елім.
9-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап жазыңыз.
Мемлекет
деген ұғымды
қалай
түсінесіз?
Тәуелсіздік
бізді неге
жеткізді?
Қазақстан
қандай
елдермен тығыз
байланыста?
Отанға
деген
сүйіспе
ншілік
неден
бастала
ды?
10-тапсырма. Мәтінді оқып, синоним қатарын құрайтын сөздерді
теріп жазыңыз.
Қазақстан әлемге танымал ел. Қазақстанның тұңғыш президенті -
Н.Ә.Назарбаев. Біздің президент атақты адам. Ол 1991 жылы Елбасы
болып сайланды. Қазақстан халқы Елбасымызды құрметтейді. Әр
Қазақстан азаматы өз жерін, халқын сыйлайды. Желтоқсанның бірі -
Президент күні болып жарияланды. Туған жеріміз жыл сайын көркейіп
келеді.
11-тапсырма.Сандар бойынша мемлекеттік мерекелерді еске түсіріңіз.
1 ... -
16 ... –
8 ... -
22 ... –
12
1 ... –
7 ... –
9 ... –
4 ... –
6 ... –
30 ... -
12-тапсырма. Мәндес сөздерді сәйкестендіріңіз.
аудармашы - білу
бұрынғы кез - атақты
әйгілі - ежелгі
көңіл қою -
айналысу
меңгеру - нандыру
шұғылдану - тәржімашы
сендіру - көңіл бөлу
13-тапсырма. «Қазақстан – қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздіктің осынау
айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым
ұстап, тізгінін бекем қаға білді» (Н.Ә.Назарбаев) деген тақырыпқа шағын
эссе жазыңыз.
2-тақырып.
Қазақстан Республикасының Ел басқару жүйесі.
Президент. Парламент. Үкімет
№1 Оқылым.
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.
Президент
1.
Қазақстан Республикасының Президенті- мемлекеттің басшысы,
мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын
айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның
атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.
2.
Республиканың Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің,
Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен
бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
3.
Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының
келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы
жауапкершілігін қамтамсыз етеді.
4.
Қазақстан Республикасының Президенті: «Қазақстан халқына адал
қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын
қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік
беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі
13
міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін», -деп халыққа ант
берген сәттен бастап қызметіне кіріседі (ҚР Конституциясы 40-42 баптар).
Жазылым.
2-тапсырма. Бос орындарға қажетті сөз тіркестерін қойып,сөйлемді
толықтырыңыз. Мәтіндегі негізгі ойды беріп тұрған сөздерді теріп
жазыңыз.
Қажетті сөз тіркестері:
Қызметіне кіріседі, қатаң сақтауға, кепілдік беруге, адал қызмет етуге,
адал атқаруға, ант етемін.
Қазақстан Республикасының Президенті: «Қазақстан халқына..., Қазақстан
Республикасының
Конституциясы
мен
заңдарын...,
азаматтардың
құқықтары
мен
бостандықтарына...,
Қазақстан
Республикасы
Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін салтанатты түрде...»,-
деп халыққа ант берген сәттен бастап....
3-тапсырма. Берілген сөздермен сөз тіркесін құраңыз.
Қолбасшы, ұлттық, дүниежүзілік, құрметті, нышан, ғылым, халықаралық,
ел, саясат.
4-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолдана
отырып,сөйлем құраңыз.
Төраға, мемлекеттік, ассамблея, қызмет, қауымдастық, жоғары, азамат
құқықтары, мәртебелі, ант беру, достық.
5-тапсырма. Екі бағандағы сөздерді мағынасына сәйкес тіркестіріп
жазыңыз.
Әлем ұйымы
Мадақтау назары
Елдің лидер
Әлемдік объектісі
Шанхай ынтымақтастық
басшысы
№2 Оқылым
Парламент
Парламент-Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге
асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламенттің
өкілеттілігі оның бірінші сесиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан
сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден
аяқталады. Парламенттің өкілеттілігі Конституцияда көзделген реттер мен