Программа профессиональной (преддипломная) практики для студентов выпускного курса бакалавриата



жүктеу 156,54 Kb.
Pdf просмотр
Дата04.12.2017
өлшемі156,54 Kb.
#3040
түріПрограмма


                      

 

 



 

                            БЕКІТЕМІН 

 

                                                                 Экономика және менеджмент  



                                                     факультетінің деканы 

                                                                                     

_________ М.Қ. Кылышканов 

                                                                                   «___»_____________  2015 ж 

 

 

 



 

 

 



 КӘСІПТІК (ДИПЛОМАЛДЫ) ТӘЖІРИБЕ БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

5В050700 «Менеджмент» мамандығы  



бакалвриат бітіруші курс студенттері үшін 

 

ПРОГРАММА  ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ 



 (ПРЕДДИПЛОМНАЯ) ПРАКТИКИ 

 

для студентов выпускного курса бакалавриата 



специальности 5В050700 «Менеджмент» 

 

 



 

 

 



 

Өскемен 


Усть-Каменогорск 

2015 


 

Қазақстан Республикасының 

Білім және ғылым  

министрлігі   

  

 Д.Серікбаев атындағы 



ШҚМТУ 

 

Министерство 



образования и науки 

Республики Казахстан 

 

ВКГТУ им. Д. Серикбаева 




 

 

Дипломалды 



(кәсіптік) 

тәжірибенің 

бағдарламасы 

Кәсіпорын 

экономикасы кафедрасында, төмендегі құжаттарға сәйкес әзірленді: 

-  ҚР  Үкіметінің  2012  ж.  23  тамызындағы  №  1080  қаулысымен 

бекітілген  жоғары  білімнің  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 

стандартына; 

-  «Жоғары  білім.  Бакалавриат.  Негізгі  ережелер»  ҚР  МЖМБС 

5.04.019-2011; 

-  ШҚМТУ  2013  ж.  23  желтоқсанындағы  702.02-1-2013    Тәжірибе 

туралы ережесіне сәйкес 

 

«Инновациялық 



менеджмент» 

кафедрасының 

отырысында 

талқыланды. 

 

 

«АТжБ» факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды.  



 

 

Төраға                                                                           Г.Уазырханова 



 

____________________2015 ж. №____  хаттама 

 

 

Кафедра меңгерушісі                                                   Ж. Конурбаева 



 

____________________2015 ж. №____  хаттама 

 

 

 



Әзірлеген                                                                     А.Казыкешова 

                                                                              А. Масенова 

 

 

Норма бақылаушы                                                            Т.В.Тютюнькова 



 


 

 

МАЗМҰНЫ 



 

 

1 Жалпы ережелер 



 

2 Тәжірибенің негізгі міндеттері 

 

 

3 Тәжірибенің ұйымдастырылуы   



 

 

 



4 Тәжірибе бағдарламасы  

 

 



 

 

5 Тәжірибе қорытындысын шығару 



Қосымшалар 





10 

 

   



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

                                  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

 

1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 



 

Дипломалды  (кәсіптік)  тәжірибе  жоғарғы  білікті  мамандар  даярлау 

бойынша  оқу  үрдісінің  маңызды  бөлігі  болып  табылады  және  сәйкес 

мамандыктары, 

кызметтері 

мен 


лауазымдары, 

қажетті 


материлдык 

техникалык базасы, кұралдары және акпараттык технологиялары бар әр түрлі 

қызмет  ету  ортасы  мен  жеке  меншік  түрлерінің  кәсіпорындарында, 

мекемелер  мен  ұйымдарында,  ғылыми-зерттеу  институттарында,  зауыт 

зертханаларында жүргізіледі. 

Дипломалды (кәсіптік) тәжірибе бакалавриат студенттері үшін арнайы 

пәндер циклымен анықталады және мамандық түрі бойынша қызметі түрімен 

байланысады. 

Диплом  алдындағы  іс-тәжірибенің  мерзімі,  сағат  көлемі,  кредит  саны 

және  ұзактығы  мамандыктың  жұмыстық  оқу  жоспарымен  аныкталады. 

Диплом 

алдындағы 



іс-тәжірибенің 

мазмұны 


дипломдық 

жұмыстың 

(жобаның)  тақырыбымен  анықталады.  Диплом  алдындағы  іс-тәжірибенің 

барысында  студент  кәсіпорын,  мекеме,  ұйым  қызметі  бойынша  нақты 

материалдар жинайды және оны диплом жұмысын жасауда қолданады. 

Мамандық  бойынша  жұмыс  істемейтін  сырттай  және  кешкі  бөлім 

окушылары  таңдалған  мамандық  бойынша  жұмыс  орындарына  танысу  және 

сәйкес материалдар жинау үшін тағайындалған тәртіппен диплом алдындағы 

іс- тәжірибеге жіберіледі. 

Дипломалды  (кәсіптік)  тәжірибе  студенттің  унпверситетге  оқу 

барысында  алған  теориялық  білімін  практикалық  жұмыста  бекітудегі 

қорытынды  бөлім  болып  табылады.  Ол  студенттердің  мамандық  бойынша 

терең  практикалык  машық  алуына  және  оны  келешек  қызметінде  Қазақстан 

экономикасынын  нарықтық  қатынас  дамуы  мен  түрлі  шаруашылық  түрлері 

жағдайында қолдануына бағытталған. 

Дипломалды  (кәсіптік)  тәжірибе  студенттерге  теориялық  білімін 

бекітуге,  жүйелеуте,  бекітуге  және  кеңейтуге  есептеу  машығын  жетілдіруге 

диплом  жұмысын  құру  үшін  экономикалық  материалдар  жинауға,  өзіндік 

зерттеу жұмысының элементтерін игеруге көмектеседі. Студент жұмысының 

бұл маңызды бөлімі дипломдык жоба үрдісінің бастамасы болып табылады. 

Дипломалды  (кәсіптік)  тәжірибе  кезінде  жинақталған  экономикалық 

ақпараттың  толықтығынан  студенттердің  университеттегі  оқуының  соңғы 

бөлімі-диплом жұмысын қорғауының жетістігі тәуелді.  

Экономикалық  мамандық  студенттердің  2-ші  кәсіптік  (дипломалды) 

тәжірибе  дипломдық  жоба  базасы  болып  табылатын  ұйымдар  мен 

кәсіпорындарда,  баска    да  мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес  және 

коммерциялық салаларда жүргізіледі.   

Іс-тәжірибенің  өту  орындары  жыл  сайынғы  (ұзақ  мерзімді) 

Д.Серікбаев атты ШҚМТУ-ң кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер мен жасаған 

келісім  шарт  бойынша  бекітіледі.  Жекеленген  студенттер  іс-тәжірибе  өту 

үшін  іс-тәжірибе  орнын  беру  туралы  тапсырыс    хат  алынған  кәсіпорын, 

ұйым, мекемелерге жіберілуі  мүмкін.  




 

 

Дипломалды  (кәсіптік)  тәжірибе  кезінде  студент  сол  бағдарламаның 



барлық  талаптарын  орындауға  қажетті  нақты  материалдарды  жинактап, 

жалпылауға міндетті.   

Сонымен қатар студенттер дипломалды іс-тәжірибе барысында өздері 

іс-  тәжірибе  өтіп  жүрген  кәсіпорын  мен  ұйымның  жұмыс  тәжірибесін  оқып 

үйренеді  және  осы  ұйымдардың  экономикалық  және  басқару  жұмыстарына 

қатысады.  

Дипломалды  іс-тәжірибенің  оқу-әдістемелік  басшылығын  бітіріп 

отырған  кәсіпорын  экономикасы  кафедрасының  оқытушылары  және  диплом 

жобасының жетекшілері жүзеге асырады. 

 

                  2 ТӘЖІРИБЕНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ 



 

5В050700 «Менеджмент» мамандығының студенттері үшін 2-ші кәсіптік 

(дипломалды)  тәжірибе  өндірістік,  өңдірістік  емес  және  коммерциялық 

(мемлекеттік және мемлекеттік емес) саладағы кәсіпорындар мен ұйымдарда 

өткізіледі. 

Іс-тәжірибенің негізгі міңдеттері болып табылады: 

а) кәсіпорын 

мен 


ұйымның 

өндірістік-каржылық 

қызметінің 

экономикалық 

анализ 

әдістерін 



меңгеру, 

соңдай-ақ 

оның 

қаржы 


экономикалық жағдайын бағалау әдістерін меңгеру; 

ә)  кәсіпорынның  кұкықтық  дәрежесін,  оның  ұйымшылық  құрылымын 

және кәсіпорын мүшелерін басқару үрдісін оқып-үйрену; 

б) кәсіпорын  қызметін  стратегиялық  және  тактикалық  жоспарлау 

тәжірибесін және андикативті жоспарлау әдістерін оқып үйрену; 

в) теориялық білімді экономикалық есептеулерде практикалық тұрғыдан 

қолдану; 

г) студенттердің өзіндік зерттеу машықтарын меңгеру, жуық есептеулер 

жүргізу,  кәсіпорын  қызметін  жаксартуға  бағдарлаған  іс-шаралардың 

экономикалық негіздемесін жүргізу; 

ғ) өндірістік-  шаруашылық  міндеттерді  шешуде  компьютерлік  оқып-

үйрену; 


д) өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа әдістерін оқып - үйрену; 

е) дипломдық  жұмыс  кұрылысындағы  есептеулерді  жүргізу  үшін 

экономикалық акпараттар жинақтау. 

2-ші  кәсіптік  (дипломалды)  тәжірибенің  негізгі  міндеті  болып 

студенттердің  қаражаттық-экономикалық  жұмыстарға  машықтануы,  диплом 

жұмысының тақырыбына сай нақты өндірістік материалдарды іріктеу, оқып-

үйрену және талдау және диплом жобасына дайындалу табылады. 

Студенттер  іс-тәжірибе  бағдарламасын  толық  орындауға  және  диплом 

жұмысына қажет тәжірибелік  ақпараттарды жинауға міндетті. 

 

 



 

 



 

 

3 ТӘЖІРИБЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 



 

Іс-тәжірибені 

жалпы 

оқу 


әдістемесін 

басқаруды 

«Кәсіпорын 

экономикасы» кафедрасы жүзеге асырады. Кафедра кәсіпорын, мекеме, ұйым 

мен  оларды  іс-тәжірибе  базасы  ретінде  бекіте  отырып  және  олармен  іс-

тәжірибеден  1  ай  бұрын  оқушылардың  іс-тәжірибе  өтуінің  күнтізбелік 

графигін  құра  келісім  шарт  жасайды.  Сонымен  қатар,  мамандық  түрі 

бойынша іс-тәжірибе орнын студенттер, сондай-ақ  іс-тәжірибе орнын беруді 

растайтын  қолдау  хат  жолдаған  кәсіпорын,  ұйым,  аудан,  қала  және  облыс 

басшылығы  ұсынуы  мүмкін.  2-ші  кәсіптік  (дипломалды)  тәжірибенің 

ұзақтығы,  сағат  көлемі  мамандыктың  жұмыстық  оқу  жоспарымен 

анықталады.  

5В050700  «Менеджмент»  мамандық  студенттері  үшін  дипломалды  іс-

тәжірибенің көлемін 2 кредит, ұзактығын - 5 апта кұрайды. 

Іс-тәжірибеден өту университет бұйрығымен реттеледі. 

Студенттердің  іс-тәжірибе  өту  орны  мен  кәсіпорын  іс-тәжірибе 

базасынан  алынған  тікелей  жетекші  -консультанттары  тиісті  ұйым 

басшыларымен анықталады. 

Іс-тәжірибенің  өту  координациясын  Д.Серікбаев  атындағы  ШҚМТУ  іс- 

тәжірибе  және  жұмысқа  орналастыру  Академиялық  департаменті  іске 

асырады,  тәжірибені  өткізу  бойынша  жалпы  бақылауды  кафедра  жетекшісі 

жүзеге  асырады.  Бітіруші  кафедра  тарапынан  іс-тәжірибе  бұйрығымен 

тағайындалған  оқушылар,  сондай-ақ  диплом  жұмысының  бекітілген 

жетекшілері жүзеге асырады. 

Кафедрадан тағайындалған Дипломалды (кәсіптік) тәжірибе жетекшілері 

іс-тәжірибе  басталғанға  дейін  машықкер-студенттермен  іс-тәжірибенің 

мақсаттары  мен  міндеттерін  түсіндіру  үшін,  кеңес  беру  кестесін,іс-тәжірибе 

мазмұны мен бағдарламасын, есеп түрлері мен оны қорғау мерзімін және  іс-

тәжірибе етуге қолдана беру үшін жиналыс өткізеді. 

Сонымен  қатар,  әрбір  студент  дипломалды  жобасының  жетекші- 

оқытушысымен  бірге  іс-  тәжірибе  барысында  студент  оқып  үйренуі, 

жалпылауы  немесе  өз  бетімен  орындауы  тиіс  құжаттар  мен  жұмыс  түрлерін 

анықтау үшін іс- тәжірибе өтудің жеке жоспары құрылады. 

Кафедрадан 

тағайындалған 

жетекші 


студенітердің 

кәсіпорын, 

ұйымдарға  уақтылы  келуін  қамтамассыз  етуі  тиіс.  Іс-тәжірибе  жетекшілері 

мен  дипломалды  жоба  жетекшілері  студенттерді  үздіксіз  іс-тәжірибе  өту 

жоспарынын  орындалуы  бойынша  және  іс-тәжірибе  бағдарламасының  өз 

уақытында орындалуын бақылып отыруға тиіс. 

Іс-тәжірибе базасында: 

студенттердің іс-тәжірибе өту барысында технология, қаржы,  өндірісті 

жоспарлау  және  басқару,  еңбекті  ғылыми  ұйымдастыру,  ғылыми-зерттеу 

жұмысын  ұйымдастыру  бойынша  мамандығына  сәйкес  білім  мен  білік 

алуына қажет жағдайлар туғызылады; 

іс-тәжірибе  өтудін  университетпен  келісілген  күнтізбелік  кестесі  мен 

қабылданған техника кауіпсіздігі мен еңбекті қорғау нормалары сақталады; 



 

 

дипломалды жұмысына қажет материал жинақтауда көмек көрсетіледі; 

студент - машықкердің ішкі еңбек тәртібін сақтауы қамтамасыз етіледі. 



қажет  болғанда  ішкі  еңбек  тәртібін  бұзған  студент  -  машықкерге  шара 

қолданылып, ол туралы университетке хабарланады; 

Іс-тәжірибе  соңында  кәсіпорын,  мекеме,  ұйым  басшылары  әр 

машықкердің  жұмысы  туралы  қысқаша  мінездемемен  (ерекше  пікірмен) 

бірге келген-кеткендігі белгіленген жолдамаға қол кояды. 

Кәсіпорын  (ұйым,  мекеме)  басшыларының  рұқсатымен  студенттер 

кәсіпорындарының  мұрағат  мүмкіндіктерін,  ақпарат  қызметін,  техниқалық 

кітапханасын мейілінше пайдалануға тиісті. 

Іс-тәжірибе өтетін кәсіпорын (мекеме, ұйым) басшыларына студенттерді 

іс-тәжірибе  мақсаттары  мен  міндеттеріне  жатпайтын  істерге  жұмсауға, 

іссапарларға жұмсауға рұқсат берілмейді. 

Студенттерге  мамандық  пен  бағдарламаларға  сәйкес  2-ші  кәсіптік 

(дипломалды) тәжірибені өтудің анағұрлым тиімділігін қамтамасыз ететін іс-

тәжірибе орындары берілуі керек. Іс-тәжірибе кезде студенттің нақты жұмыс 

орны болып келесі бөлімдер саналады:  жоспарлы,  жоспарлы-экономикалық 

және  өндірістік  бөлімдер,  экономикалық  зертханалар  мен  бөлімдер; 

бухгалтерия,  еңбекті  ғылыми  ұйымдастыру  (ЕҒҰ),  баға  шығару,  болімдері 

мен  зертханалары;  қаржы-  экономикалық  бөлімдер  және  басқа  да 

экономикалық бөлімдер. 

Машықкер-студент міндетті: 

кәсіпорын қызметімен танысуға; 



2-ші 


кәсіптік 

(дипломалды) 

тәжірибе 

бағдарламасын 

толық 

орындауға; 



кәсіпорынның өндіру және құрастыру жұмысына қатысуға; 



еңбек  қорғау,  техника  кауіпсіздігі  және  санитария  ережелерін  қатаң 

сақтауға; 

кәсіпорынның қоғамдық өмірі мен басқа да шараларға қатысуға; 



ШҚМТУ-нің келбетін жетілдіруге атсалысуға; 



2-ші  кәсіптік  (дипломалды)  тәжірибе  өту  кезенде  уақытша 

пайдалануға алған арнайы және басқа да әдебиеттерді мүлікті өткізуге тиіс; 

тағайындалған  үлгіде  2-ші  кәсіптік  (дипломалды)  тәжірибе  бойынша 

есеп кұрып, оны кафедра жетекшісі құрған комиссия алдында қорғауға. 

Машыққор-студент құқылы:   



қызмет  орны  болған  жағдайда  мамандығы  бойынша  ақылы  түрдегі 

үнемі немесе уақытша жұмысқа қабылдануына; 

іс-тәжірибені бағдарламасын қарастырылмаған істерге катыспауға. 

 

                    4  ТӘЖІРИБЕ БАҒДАРЛАМАСЫ 



 

2-ші  кәсіптік  (дипломалды)  тәжірибе  мазмұны  дипломалдық  жұмыстың 

такырыбына сәйкес болуы тиіс. Дипломалды жұмыстың нұсқау такырыптары 

А қосымшасында көрсетілген.  




 

 

Іс-тәжірибе 



бағдарламасының 

мазмұны, 

студенттер 

казіргі 


кәсіпорындардағы  экономика  және  менеджменттік  барлық  аспектілерімен 

таныса  алатындай,  ал  бастысы  дипломалды  жұмысын  орындауға  қажет 

экономикалық ақпаратты іріктей, жалпылай алатындай етіп құрылады. 

Машықкерге  дипломалды  жұмысында  кесте,  сызба,  график  түрлерде 

жалпылау, есептеу, талдау ретінде көрініс табуы тиіс келесі сұрақтарды оқып 

үйренуі тиіс: 

1)  Ұйымның 

мақсаты, 

сала 

және 


мақсаттары. 

ІІІаруашылық 

субъектісінің сипаттамасы, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі. 

2)  Сыртқы  ортаның  факторлары,  кәсіпорын  қызметіндегі  негізгі 

мақсатқа жетудегі олардың әсер ету дәрежесі; 

3)  Кәсіпорынды  басқару  құрылымы,  билік  деңгейі,  ұйымдастыру 

үрдісін жетілдіру бойынша талдау және нұсқаулар; 

4)  Ұйымдағы  басқару  үрдісі,  басшылықтың  негізгі  принциптері  мен 

әдістері. Басқару қызметтері. Басқару үрдісінің тиімділігі; 

5)  Ұйым мүшелерін басқару жүйесі. Еңбек нәтижелігін бағалау. 

6)  Маркетинг 

қызметі. 

Маркетинг 

қызметтердің 

құрылымы, 

функциялары 

мен 

принциптері. 



Өнімділікті 

қолдау. 


Жарнаманы 

ұйымдастыру. 

7)  Соңғы  бірнеше  жыл  бойынша  (3-5  жыл)  техника-экономикалық 

көрсеткіштер  сипаттамасы.  Негізгі  қаржы-экономикалық  көрсеткіштер 

талдауы. 

8)  Кәсіпорынның  қаржылық  қызметі.  Кіріс  және  шығыс  бюджеті.  Таза 

кірісті реттеу және бөлу. Салықтар. Қаржылық кызметті бағалау. 

9)  Кәсіпорын  (ұйым)  қызметінің  тиімділігің  арттыруға  бағыттталған 

шараларды ұйымдастыру мен ішкі және сыртқы қорды іздеу. 

Дипломалды  жоба  такырыбымен  байланысты  сұрақтар  экономикалық 

талдаудың ғылыми әдістерін қолдану арқылы тереңірек қарастырылады, оған 

әр  түрлі  экономикалық  математикалық  әдістер  кіреді  2-ші  кәсіптік 

(дипломалды)  тәжірибе  бағдарламасын  нақтыландыруды  студент  өзінің 

дипломалды жұмысының жетекшісімен келіседі. 

2-ші кәсіптік (дипломалды) тәжірибе келесі кезеңдерден тұрады: 

кәсіпорын  (ұйым)  жұмысын  оқып-үйрену  және  экономикалық  талдау, 

нәтижесінде студент статистикалық және бухгалтерлік есептерді, оперативті-

техникалық  мәліметтерді  өз  бетімен  талдай  алу  және  шешімдер  құру, 

экономикалық, өндірісті ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіруде нұсқаулар 

бере алу біліктілігін көрсете алуы тиіс; 



дипломдық жұмысты (дипломдық жобаны) орындауға дайындық.  



 

5  ТӘЖІРИБЕ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ 



 

2-ші  кәсіптік  (дипломалды)  тәжірибе  соңында  студент-машықкер  іс-

тәжірибе  нәтижелері  бойынша  жазбаша  есеп  құрады.  Есепте  орындалған 

жұмыстар  туралы,  іс-тәжірибе  базасының  қысқаша  сипаттамасы,  оның 




 

 

мамандық  бойынша  қызметін  талдау,  шешімдер  мен  нұсқаулар.  Есеп 



жекелеме түрде және кафедра талаптарына сай толтырылған болуы тиіс.  

2-ші  кәсіптік  (дипломалды)  тәжірибе  аяқталған  соң  білім  алушы-

машықкер  тәжірибе  нәтижесі  бойынша  есеп  жасайды.  Есеп  беру  осы 

кезеңдегі  білім  алушының  қызметін  сипаттайтын  негізгі  құжат  болып 

табылады. Білім алушыға есеп беруді дайындау үшін тәжірибе соңында 2 – 3 

күн бөлінеді.  

Есеп беру клеесідей бөлімдерден тұруы керек: 

•  күнделік, 

•  алғашқы бет, 

•  мазмұны, 

•  кіріспе, 

•  негізгі бөлім (жеке тапсырма), 

•  қорытынды, 

•  әдебеиеттер тізімі, 

•  қосымшалар. 

Есептің  сыртқы  беті  Б  қосымшадағы  үлгідей  толтырылады.  Содан 

кейін  жұмыстың  мазмұны  келтіріледі.  Кіріспеде  тәжірибенің  мақсаты  мен 

міндеттері  ашылады.  Негізгі  бөлім,  ереже  бойынша,  бірнеше  тараулардан 

тұруы керек.  

Есептің мазмұны дипломалды жұмысының таңдап алынғын тақырыбына 

сәйкес болуы, ереже бойынша 3 бөлімнен тұрады: 

1. Тақырыптың өзектілігі 

2. Талдау белімі (аналитикалық) 

2.1. Кәсіпорынының жалпы сипаттамасы 

2.2  Негізгі  технико-экономикалық  және  қаржылық  көрсеткіштер 

талдауы 


2.3  Дииломалдық  жұмыс  тақырыбына  сәйкес  бағыттағы  кәсіпорын 

қызметінің талдауы. 

3. Кәсіпорын  қызметін  жетілдіру  бойынша  негізгі  шешімдер  мен 

ұсыныстар. 

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі  жұмысты  орындау  барысында 

қолданылған барлық дерек көздерден тұруы тиіс. 

Тәжірибе  жайлы  есеп  берудің  жалпы  көлемі  компьютермен  терілген 

түрде  20-35  беттен  (тәжірибе  түріне,  тәжірибеден  өтушінің  амандығына 

байланысты) және оған ілестірілген кестелерден, схемалар мен суреттерден 

тұруы тиіс.  

Есеп беру А4 форматты парақтарда, TimesNewRoman – 14 пт шрифтпен, 

жолдар арасындағы арақашықтық – 1 интервалмен орындалуы керек. Жиек 

өлшемдері:  сол  жақ  жиегі  –  30мм,  оң  жақ  жиегі-  20мм,  жоғарғы  жиегі- 

20мм, төменгі жиегі- 15мм болуы керек.  

Беттердің  нөмірленуі  алғашқы  парақтан  басталады,  бірақ  оған  нөмір 

қойылмайды. Қосымшалар нөмірленбейді. 




 

 

Параграфтар  әрбір  тарау  немесе  өлімдер  шегінде  араб  цифраларымен 



нөмірленеді. Параграф нөмірі тарау және параграф нөмірінен тұрады.   

Кестелер  есеп  берудің  шегінде  араб  цифраларымен  нөмірленеді.  Сол 

жақ  жоғарғы  бұрышында  «Кесте»  жазуы  қойылып,  оның  нөмірі  көрсетіледі 

(мысалы, кесте 2). Кесте атауы төмен жазылады, ал соңынан оның мазмұны.  

Қосымшаларда  кәсіпорындағы  (ұйымдағы)  есепке  алу  мен  есеп 

берудің бастапқы мәліметтері, түрлі есеп берулердің  түсініктеме  жазбалары, 

ҒЗТКЖ, инвестициялық жобалар фрагменттері және т.б. көрсетілуі керек. 

Машықкер  студент  2-ші  кәсіптік  (дипломалды)  тәжірибенің  соңында 

кафедра  меңгерушісі  тағайындаған  комиссияда  аттестатталады  (есебін 

қорғайды).  Комиссия  құрамына  ереже  бойынша  кафедра  меңгерушісі, 

дипломалды 

іс-тәжірибенің 

жетекшісі 

және 


дипломдық 

жобаның 


жетекшілері  кіреді.  Қорғаудың  қорытындысы  бойынша  2-ші  кәсіптік 

(дипломалды)  тәжірибеден  өтуші  студентке  университетте  қабылданған 

кредиттік оқыту жүйесіндегі бағалау бойынша баға қойылады. 

Егер  білім  алушылар  себепсіз  жағдайлармен  тәжірибеге  келмесе 

немесе қорытынды бақылау бойынша олармен «қанағаттанарлықсыз» бағасы 

алынса, онда білім алушы қайталап оқу курсына қалдырылады. 

Тәжірибе  бағдарламасын  себепті  жағдаймен  орындамаған  білім 

алушы  тәжірибеге  оқудан  бос  уақытында  қайта  жіберіледі  немесе 

тәжірибеден жеке тәртіпте өтеді. 

Тәжірибе 

бағдарламасының 

талаптарын 

себепсіз 

жағдаймен 

орындамаған  немесе  қанағаттарнарлықсыз  баға  алған  білім  алушы, 

белгіленген тәртіпте, академиялық қарызы бар білім алушы ретінде қайталап 

оқу жылына қалдырылады. 

 



 

 

ҚОСЫМША А 



              Диплом жұмыстарының нұсқау тақырыптары 

 

1  Тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету мақсатында аймақ әлуетін 



бағалау 

2  Кәсіпорын қызметінің индустриальды-инновациялық тиімділігін талдау 

Кәсіпкерлікті  қолдаудың  мемлекеттік  бағдарламасын  іске  асырудың 



тиімділігі 

Ұйым (кәсіпорын) қызметінің диверсификациясы  



Кәсіпорын  қызметіне  ретабельділік  және  пайда,тарифтер  табиғи 

монополияның субъектісі ретінде  

6  Бизнесті қаржыландыру көзінің негізіне  әдістемелік тәсілдер  

7  Монополия  жағдайында  орын  алатын    нарық  субъектісіне  қызмет 

көрсетуге кеткен шығынның орнын толтыру механизмін жетілдіру  

8  Шағын бизнесті дамытудың  үрдіс мен бағасы 

9  Шағын бизнес шаруашылық субъектісінің табысын пайдаланудың бағыты 

мен құру 

10 Кәсіпорын дамуының стратегиялық жоспарын жасау 

11 Шағын 

бизнесті 

дамытудың 

 

ұйымдастырушылық-экономикалық 



мәселелері 

12 Бизнес-жоспар кәсіпорынды дамыту мен құрудың негізі 

13 Кәсіпорын қызметіне  бизнес-жоспар құруға ұсыныстар жасау  

14 Кәсіпкерлік тәуекелділікті басқаруды  ұйымдастыру  жүйелері 

15 Фирманың инвестициялық қызметі мен кәсіпкерлік тәуекелділікті талдау  

16 Кәсіпорын дамуының индустриальды-инновациялық стратегиясын  жүзеге 

асыру  

17 Кәсіпорын  қызметін  экономикалық  бағалау  және  оның  инновациялық 



дамуының болашағы   

18 Кәсіпорын дамуының инновациялық стратегиясын жасау 

19 Инновациялық қызметті  іске асырудағы кәсіпорын әлуетінің  мүмкіндігін  

талдау  


20 Кәсіпорында инновациялық технологияны пайдаланудың тиімділігі  

21 Кәсіпорында 

инновациялық 

технологияны 

енгізудің 

технико-


экономикалық негіздемесі  

22 Инновациялық қызметті іске асырудағы кәсіпорын әлуетін талдау 

23 Индустриальды-жеделдету,  даму  бағдарламасын  құрудағы  бәсекелестік 

артықшылықты жүзеге асыру механизмі   

24 Инвестицияларды басқарудың экономикалық әдістері 

25 Кәсіпорынның  экономикалық  дамуын  болжау  және  бизнес  тиімділігін 

бағалау 

26 Кәсіпорынның инвестициялық даму стратегиясы  

27 Ұйымның (кәсіпорын)  даму келешегі мен экономикалық мәселелері  

28 Инвестициялық табысты арттырудың негізгі бағыттары  

29 Кәсіпорын ассортименті саясатының негізі мен бәсекелестік талдау  



 

 

30 Өнімді өндіруге инновациялық технологияны енгізу 



31 Кәсіпорында 

материальды-техникалық 

жабдықтау 

жүйелерінің 

ұйымдастырушылық-экономикалық аспектілері  

32 Кәсіпорынды  ұйымдастырушылық-экономикалық  қайта  ұйымдастыру 

және оның тиімділігін бағалау  

33 Кәсіпорын дамуының келешегі мен экономикалық диагностикасы 

34 Кәсіпорынның инвестициялық қызметін жетілдіру және талдау 

35 Өндірістік-коммерциялық фирманың өнім  стратегиясы 

36 Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздік деңгейін бағалау  

37 Кәсіпорын 

өнімінің 

бәсекелестікке 

қабілеттілігін 

арттырудағы 

ұйымдастырушылық- экономикалық сұрақтары  

38 Кәсіпорынды құрудағы ұйымдастырушылық-экономикалық мәселелер  

39 Өнім нарығында кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің 

қазіргі мәселелері  

40 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау   

41 Кәсіпорынның инвестициялық қызметі 

42 Инвестициялық жобаны жасау және технико-экономикалық негіздемесі  

43 Ұйым  (кәсіпорын)  қызметін  материальды-техникалық  қамтамасыз  етуді 

жетілдіру  

44 Өнім өндірушінің инвестициялық ағымды басқаруын талдау  

45 Бюджеттеу кәсіпорынды жоспарлау мен бақылаудың инструменті ретінде 

46 Инновациялық  стратегияны  іске  асырудағы  кәсіпорынның  әлуетті 

мүмкіндігін бағалау  

47 Кәсіпорында жоспарлау және стратегиялық басқару  

48 Кәсіпорында  инновациялық  технологияны  пайдалану  және  оның 

тиімділігі  

49 Кәсіпорын дамуының инновациялық – экономикалық мәселелері  

50 Кәсіпорынның  шаруашылық  қызметінің  тиімділігін  арттырудың  іс-шара 

негіздемесі және жасау  

51 Кәсіпорын  жұмысын  жақсартуға  ұсыныстың  технико-экономикалық 

негіздемесі  

52 Шаруашылық 

субъекті 

қызметіне 

банктік 

қызмет 


көрсетудегі 

ұйымдастырушылық-экономикалық сұрақтар 

53 Кәсіпорынның  болашақ  даму  стратегиясын  жасау  және  қаржылық 

жағдайын талдау  

54 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін болжау және қаржылық тұрақтылығын 

бағалау  

55 Кәсіпорын жұмысын арттыруға іс-шара (ұсыныс) жасау   

56 Инновациялық қызметті жоспарлау экономикалық талдау негізі 

57 Кәсіпорынның пайдалану қызметін жоспарлау негізі ағымдық жоспар 

58  Бизнес-жоспарлау негізінде кәсіпорынды қайта ұйымдастыру тиімділігі 

59 Өндіріс тиімділігін бағалау және динамикасын  талдау  

60 Маркетингтік  талдау  және  өнімдерді  өткізу  нарығын  кеңейту  бойынша 

кәсіпорынның мүмкіндіктерін бағалау 

61 Шаруашылық етуші субъект қызметінің маркетингтік талдауы 




 

 

62 Шаруашылық  етуші  субъект  қызметін  кешенді  қаржылық-экономикалық 



талдау  

63 Қызмет  көрсету  сферасындағы  кәсіпорын  қызметін  экономикалық  талдау 

және оның әлеуетті мүмкіндіктерін бағалау 

64 Өнім  (жұмыс,  қызмет)  сапасының  жағдайын  талдау  және  оны  арттыру 

келешегі 

65  Кәсіпорындағы  инновациялық  үрдістің  іске  асырылуын  бағалау  және 

талдау 

66 Ұйымның  (кәсіпорынның)  операциялық  қызметінің  ұйымдастырушылық-



экономикалық факторлары 

67 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау және болжау 

68 Кәсіпорынның 

шаруашылық 

қызметінің 

тиімділігін 

арттырудың 

экономикалық аспектілері 

69 Бәсекелестік  шартындағы  өнімнің  шығарылымы  мен  өткізілімін  арттыру 

бойынша кәсіпорынның мүмкіндіктерін бағалау 

70 Прогрессивтік  техника  мен  технологияны  пайдалану  негізінде  өндірістің 

тиімділігін арттыру 

71 Өзіндік  құнды  төмендету  кәсіпорын  қызметінің  тиімділігін  арттыру 

факторы ретінде 

72 Кәсіпорынның 

мүлкін 


(активтерін) 

пайдалану 

тиімділігін 

және 


залалсыздығын талдау 

73 Кәсіпорынның қаржылану көздерін негіздеу 

74 Шаруашылық 

етуші 


субъектінің 

активтері 

мен 

міндеттемелерін 



басқарушылық талдау 

75 Кәсіпорындағы пайданы арттыру мүмкіндіктерін зерттеу 

76 Фирманың икемді баға саясаты – нарықта тауарды жылжыту негізі  

77 Тауар (жұмыс, қызмет) нарығындағы баға белгілеу мәселелері 

78 Кәсіпорындар - табиғи монополисттер қызметін бағалық реттеу 

79 Ресторандық бизнестің дамуының экономикалық стратегиясы 

80 Ұйымның  (кәсіпорынның)  жаңа  мақсатты  нарықтарды  игеру  бойынша 

шараларын әзірлеу 

81 Коммерциялық кәсіпорынның логистикалық жүйесінің тиімділігін бағалау 

82 Кәсіпорындағы  жаңа  өнім  (қызмет)  түрлерін  бағалау  мен  сапасын  талдау 

және игеру  

83 Кәсіпорындағы  өнімнің  (жұмыстың,  қызметтің)  өндірісі  мен  өткізілімін 

жоспарлау және талдау 

84 Фирманың  өндірістік  ресурстармен  қамтамасыз  етілуі  және  оларды 

пайдалану тиімділігі  

85 Өнімді 

(жұмысты, 

қызметті) 

өндіру 

мен 


өткізу 

шығындарын 

қалыптастыру және талдау 

86 Өндіріс шығындарын талдау және оны төмендету жолдары 

87 Кәсіпорындағы  қызметтің  өзіндік  құнын  басқару  жүйесін  құру  бойынша 

ұсыныстарды әзірлеу 

88 Кәсіпорындағы өндірістік ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау 



 

 

89  Шығындарды  есепке  алу  мен  өзіндік  құнды  калькуляциялауды 



жетілдірудің заманауи тәсілдері 

90 Кәсіпорынның 

өндіріс 

шығындарын 

талдау 

және 


жұмысының 

рентабельділігін арттыру жолдары 

91 Негізгі капиталды пайдаланудың экономикалық тиімділігі 

92 Негізгі  капитал  кәсіпорынның  қызмет  жасауының  тиімділігін  арттыру 

факторы ретінде 

93 Кәсіпорынның амортизациялық саясаты- кәсіпорынның негізгі капиталын 

жаңарту негізі 

94 Кәсіпорынның  негізгі  өндірістік  қорларының  жөндеуін  ұйымдастыру, 

жоспарлау және талдау 

95 Персоналдарды басқару нысандары мен әдістерін дамыту тиімділігі 

96 Кадрлардағы қажеттілікті анықтау және болжау 

97 Еңбектік әлеуетті қалыптастыруды және пайдалануды талдау 

98 Еңбектік  шығындарды  оңтайландыру  есебінен  фирманың  пайдалылығын 

арттыру 


99 Кәсіпорындағы еңбекті нормалау мен төлемін жетілдіру 

100  Кәсіпорынның кадрлық әлеуетін бағалау 

101 Еңбек өнімділігі өндірістің тиімділігін арттыру факторы ретінде 

102 Кадрлық әлеуетті пайдалану тиімділігін экономикалық бағалау 

103 Кәсіпорындағы жалақылық жобаны енгізудің экономикалық тиімділігі 

104  Кәсіпорын персоналдары еңбегінің уәждемесі 

105 Кәсіпорын жұмысының рентабельділігі және оны арттыру жолдары 

106 Фирма жұмысының табыстылығы мен залалсыздығын талдау 

107 Кәсіпорындағы пайданы арттыру мүмкіндіктерін зерттеу 

108 Ұйымның  (кәсіпорынның)  табыстары,  шығындары  мен  қаржылық 

нәтижелерін қалыптастыру және талдау 

109 Кәсіпорынның  қаржылық  менеджменті:  айналым  қаражаттарын  басқару 

сұрақтары 

110 Кәсіпорынның 

іскерлік 

белсенділігін 

талдау 

және 


қаржылық 

стратегиясын әзірлеу 

111 Еңбек өнімділігі өндірістің тиімділігін арттыру факторы ретінде 

112 Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелеріне салық салудың әсері  

113 Өнеркәсіптік 

кәсіпорындардағы 

өнімнің 

энергия 


сыйымдылығын 

төмендету мәселелері 

114 Бюджеттік  ұйымның  қаржылық  қаражаттарын  қалыптастыру  және 

пайдалану 

115 Өнеркәсіптік 

кәсіпорынның 

сыртқы 

экономикалық 



қызметін 

ұйымдастыру және оның тиімділігі 

116 Тұрғын  үй  –  коммуналдық  шаруашылықты  жаңғырту  бағдарламасы 

бойынша шаралардың тиімділігі 

117 Кәсіпорындардың  несиелік  қарым-қатынастары:  несиелік  және  төлемдік 

тәртіптер нысандары, қағидалары, оны нығайту шаралары 

118 Әрекеттегі бизнестің салық салу жүйесін экономикалық бағалау 



 

 

119 Қарызгердің  несиеге  қабілеттілігін  талдау  және  инвестициялау  туралы 



шешім қабылдау 

120 Кәсіпорынның  өндіріс  тиімділігінің  көрсеткіштері  мен  экономикалық 

қауіпсіздігінің өзара байланысын бағалау 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

 

ҚОСЫМША Б 



Есептің алғашқы бетін  әрлендіру мысалы 

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 



 

Д. СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК 

ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

 

Факультет _________________________  



 

Кафедра  _________________________ 

 

 

 



 

_____________________________ іс-тәжірибені өту жөніндегі 

                                (өндірістік) 

ЕСЕП 


 

________________________________________________________мамандығы 

                               

(шифр, мамандық атауы)

 

 

_____________________курс  _________________________тобының студенті 



 

 

 (студентенттің аты – жөні, тегі) 

 

Іс-тәжірибені өту орны: 



_____________________________________________________________________________ 

(кәсіпорын, ұйым атауы) 

Іс-тәжірибе мерзімі:  

20___ж.  «____» ________ бастап 20____ ж.  «____» _________дейін 

 

Ұйымнан тағайындалған іс-тәжірибе жетекшісі: 



 

_______________________________________________________________________________ 

қолы/(аты – жөні, тегі, лауазымы)

 

Ұйымның мөрі: 



 

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дан тағайындалған іс-тәжірибе жетекшісі: 

 

___________________________________________________________________ 



қолы/(аты – жөні, тегі, дәрежесі, атағы, лауазымы) 

 

 



Өскемен 20___ 

 

жүктеу 156,54 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау