The National Academy of Education named after I. Altynsarin Астана


Физикадан «Жас зерттеуші» қосымша білім беру бағдарламасы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет9/113
Дата30.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#18505
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   113

22 
 
Физикадан «Жас зерттеуші» қосымша білім беру бағдарламасы 
 
1. 
Түсіндірме жазба 
 
Оқу  физикалық  эксперимент,  теориялық  және  практикалық  тапсырмалар 
түріндегі  физикалық  зерттеулер  оқушылардың  ғылыми  таным  әдісін 
меңгеруінде үлкен роль атқарады. 
Мақсаты: 
− 
жаратылыстану-ғылыми зерттеу қызметінің ерекшеліктерімен танысу; 
− 
табиғат 
құбылыстарын 
зерттеу, 
физикалық 
эксперимент, 
шығармашылық  қабілеттерін  дамыту  саласында  зияткерлік  және  практикалық 
білімдерін қалыптастыру үшін жағдайлар жасау; 
− 
оқу қызметі процесінде оқушылардың өзін-өзі танытуы үшін жағдайлар 
жасау. 
− 
Бағдарламаның міндеттері: 
− 
оқушыларға  табиғаттың  әртүрлі  құбылыстарын  зерттеу  әдістерін 
меңгеруге көмектесу;  
− 
оқудан өз бетінше білім алуға көшуді қамтамасыз ететін, оқушылардың 
ойлау қабілетін зияткерлік дамыту; 
− 
оқушылардың  ойлау  қабілетін  дамытуға,  олардың  танымдық 
белсенділігіне, ғылымды заманға сай түсінуді қалыптастыруға ықпал ету; 
− 
өз бетінше білім алу және оны қолдану, топпен жұмыс істеу, пікірталас 
жүргізу, өзінің көзқарасын дәлелдей алу біліктерін дамыту. 
Бағдарлама  15-17  жастағы  оқушыларға  арналған,  сағат  саны  –  68, 
сабақтардың мерзімділігі – оқу уақытының ішінде 1 рет.  
 
2. 
Бағдарлама мазмұны 
 
Бағдарламаның  басты  мазмұны  жаратылыстану-ғылыми  және  зияткерлік-
танымдық қызмет болып табылады. Оған бақылау, өлшеу, гипотезалар ұсыну, 
түсіндіруші  модельдерді  құру,  эксперимент  жасау,  деректерді  математикалық 
өңдеу,  ақпараттық  дереккөздерді  талдау  кіреді,  сондай-ақ  коммуникативтік 
білімдерін пайдалануды білдіреді.  
− 
Бағдарламалардың  айрықша  ерекшеліктері.  Бағдарлама  оқушылардың 
физикаға  деген  танымдық  қызығушылығын  қалыптастыруға,  шығармашылық 
қабілеттерін  дамытуға,  білімдері  мен  біліктерін  тереңдетуге  және  кеңейтуге 
ықпал етеді, өйткені: 
− 
оған  кіретін  зерттеу  тапсырмалары  әртүрлі  орындау  деңгейіне  жол 
береді,  оқушыларды  зерттеу  жұмыстарына  қызықтырып,  мәселені  анық  және 
қызықты қояды; 
− 
тапсырмалар қымбат тұратын немесе күрделі жабдықты қажет етпейді, 
мектептердің жаратылыстану кабинеттерінің кәдімгі жиынтығына кіреді немесе 
қолда бар құралдардан дайындап алуға болады; 


23 
 
− 
тапсырмалардың  реттілігі,  ең  бастысы,  ол  зерттеу  әрекеттерін 
тапсырмадан  тапсырмаға  біртіндеп  күрделендіруге  негізделген  және 
жаратылыстану  курсы  бағдарламасының  және  математика  бағдарламасының 
мазмұнын ескеретін белгілі бір логикаға бағынады; 
− 
зерттеу  тапсырмаларын  орындау  бойынша  оқу  сабақтарының 
сценарийлеріне  топпен  жұмыс,  пікірталасқа  қатысу,  алынған  нәтижелердің 
презентациясы сияқты коммуникативтік қызмет нысандары кіреді.  
Курсты  зерделеу  нәтижесінде оқушылар  өз  ұстанымын  қалыптастырумен 
қатар мынадай білікті де (белгілі бір деңгейде) меңгере алады:  
− 
зерттеу жоспарын құру; 
− 
графика  және  кесте  түрінде  эмпирикалық  деректерді  тіркеу 
(кемшіліктерді ескере отырып); 
− 
құбылыстың механизмін оның жұмыс моделіне сүйеніп суреттеу; 
− 
құбылыстардың  жаңа  түрлерін  анықтауға  мүмкіндік  беретін 
эксперименттерді  немесе  бақылауды  ұсыну  және  өткізу,  жұмыс  модельдерін 
тексеру және түзету; 
− 
зерттеу тобында жұмыс істей отырып, жолдастарымен ынтымақтасу; 
− 
көрсетудің визуалды құралдарын (графикалар, диаграммалар, суреттер) 
пайдаланып, жұмыстың нәтижелерін қысқаша хабарлама нысанында ұсыну. 
 
3. Тақырыптық жоспар 
 
2-
кесте. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар 
 
Тақырыптың атауы 
 
Сағат 
саны 
Теория  Практика 




Бірінші оқу жылы
 
34 
 
 
Оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметінің 
мақсаттары мен міндеттері  


  
Физикалық эксперимент табиғатты ғылыми тану 
бөлімі ретінде, оның ғылымның дамуындағы ролі  

0.75 
0.25 
Тексеру эксперименті 

0.25 
 
Физикалық құбылыстарды бақылау. Бақылау 
әдістемесі  


 
Гипотеза. Ғылыми теорияны құруда ғылыми 
гипотезалардың ролі мен орны 

0.75 
0.25 
Таным процесінде модельдерді құру 


  
Фундаментальды физикалық эксперименттер 



Физикалық практикум 

  

Физикадан қызықты тәжірибелер  

  

Оқушылардың жоба алдындағы және жобалау 
қызметі  



 


24 
 
2-
кесте жалғасы 




«Физика және ғарышкерлікті дамыту» тақырыбы 
бойынша өзіндік зерттеулер  



Зерттеу нәтижелерін қорғау және талқылау  

  

Резерв 

  
  
Екінші оқу жылы 
34 
 
 
Физика: ізденістер мен жаңалықтар жолы 
1 

  
«Физика біздің айналамызда» тақырыбы бойынша 
өзіндік зерттеулер  



Зерттеу нәтижелерін қорғау және талқылау 

  

«
Физика және техника» тақырыбы бойынша 
өзіндік зерттеулер  



Зерттеу нәтижелерін қорғау және талқылау 

  

Жобалау жұмыстарын қорғау  

  

Зерттеуші: кәсіп пе әлде әуестік пе? 


  
Техникалық шығармашылық әдістері 


  
Технологиялық жүйелердің заңдылығы және 
физикалық әсердің қолданылуы  


  
Физика заңдары мен технология заңдары  


  
Өзің жаса және зертте 

  

Жобалау жұмыстарын қорғау 

  

Резерв 

  
  
Барлығы 
68 
  
  
 
Бағдарламаның мазмұны. 
Бірінші оқу жылы. 
№1  сабақ.  Оқушылардың  ғылыми-зерттеу  қызметінің  мақсаттары  мен 
міндеттері. 
№2 сабақ. Физикалық эксперимент, оның ғылымды дамытудағы ролі.  
№3  сабақ.  Зертханалық  жұмыс.  «Рычагпен  жұмыс  істеу  сәттері 
қағидаларын тексеру». 
№4 сабақ.Физикалық құбылыстарды бақылау.  
№5 сабақ. Өзіндік бақылауларды топпен орындау 
№6 сабақ. Гипотеза, гипотезаның таным процесіндегі ролі мен орны. 
№7 сабақ. Таным процесінде модельдер құру. 
№10-14 сабақтар. Физикадан практикум. 
Зертханалық  жұмыс.  «Көлбеу  тегістік  бойынша  дене  қозғалысының 
орташа жылдамдығының оның еңіс бұрышына тәуелділігін зерттеу». 
Зертханалық жұмыс. «Молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығын 
айқындау». 
Зертханалық жұмыс. «Ерітіндіден кристалдардың өсу процесін бақылау». 
Шығармашылық тапсырмасы бар зертханалық эксперимент. 
Зертханалық  жұмыс.  «Мектеп  реостаты  материалының  салыстырмалы 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау