The National Academy of Education named after I. Altynsarin Астана



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет27/113
Дата30.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#18505
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   113

76 
 
«География» пәні 
 
Географияны  оқу  жоспары  мен  мектеп  бағдарламасы  талаптарының 
шеңберінен  тыс  зерделеу,  ең  алдымен,  географияны  оқыту  процесін 
ұйымдастырудың  негізгі  нысаны  және  сыныптық-сабақ  жүйесінің  басты 
элементі  ретінде  сабақтан  ерекшеленеді.  Сыныптан  тыс  жұмыс  өзге 
географиялық материалдағы сабақтармен салыстырғанда өзгеше ұйымдастыру 
нысанында өткізіледі және  көбінесе оқушылардың өз  бетінше  жұмыс істеуіне 
негізделеді және сыныптан тыс уақытта өткізіледі. 
Географиядан  сыныптан  тыс  жұмыстың  мақсаты  –  оқушылардың  жан-
жақты  және  үйлесімді  дамуын  қамтамасыз  ету.  Бұл  талап  тәрбиенің  негізгі 
идеясы  –  бойындағы  рухани  байлығы,  моральдық  тазалығы  мен  физикалық 
жетілгендігі үйлесімді біріккен адамды тәрбиелеу талабына жауап береді. 
 
1. Түсіндірме жазба 
 
«Әлемнің  жалпы  экономикалық-географиялық  сипаттамасы»  курсы  10-11 
сынып оқушылары үшін ұсынылған 
Курс  мақсаты:  Қазақстанның  әлемдік  шаруашылықта  орны  мен  рөлі 
тұрғысынан  табиғи  және  әлеуметтік-экономикалық  жағдайын  тереңірек 
зерделеу 
углубленное  изучение  природных  и социально-экономических условий 
Казахстана с точки зрения его места и роли в Мировом хозяйстве 
Пәнаралық байланыс: биология, химия, тарих, экология, экономика 
Сабақты  ұйымдастыру  формасы: дәріс,  семинар,  практика,  интернет-
ресурстармен жұмыс 
Курсты аяқтау формасы: жобаны жеке қорғау 
 
2. 
Курс мазмұны 
 
Географиядан  сыныптан  тыс  жұмыстың  мазмұнында  екі  негізгі  бағытты 
бөліп көрсетуге болады: 
1) үлкен білім беру-тәрбиелік маңызы бар, оқушыларда зор қызығушылық 
тудыратын мектеп курсының негізгі сұрақтарын тереңдету; 
2)  жергілікті  жерлерде  практикалық  жұмыстар  жүргізу,  сыныпта  әртүрлі 
ақпарат  көздерімен  жұмыс  істеу,  шетел  әдебиетінде  аспаптарды  пайдалану 
кезінде зерттеу сипатындағы білімдері мен біліктерін қалыптастыру  
Бірінші  және  екінші  бағытта  да  өлкетану  материалы  кеңінен 
пайдаланылатынын,  оқушылардың  өз  бетінше  білім  алу,  оларды  практикада 
қолдану  білігі  дамитынын  атап  өту  керек.  Сыныптан  тыс  жұмысты 
ұйымдастыруға  және  өткізуге  арналған  барлық  жоғарыда  көрсетілген 
талаптарды  сақтау  сыныптан  тыс  жұмыс  жүйесін  құруға  ықпал  етеді,  ол 
мынадай деңгейлермен сипатталады: 
I  деңгей:  географиядан  білімдері  мен  біліктеріндегі  олқылықтарды  жою 
үшін  сыныптан  тыс  жұмысты  пайдалану.  Бұл  деңгейде  жұмыстың  сыныптан 


77 
 
тыс  нысандары  негізінен  мұғалімнің  бастамасы  бойынша  құрылады  және 
өткізіледі.  Оқушылардың  өз  бетінше  жұмыс  істеу  қызметін  ұйымдастыру 
репродуктивті деңгейде жүзеге асырылады. Бұл кезеңде сыныптан тыс жұмыс 
жүйесіз, эпизодтармен жүргізіледі. 
II  деңгей:  бағдарламамен  салыстырғанда  материалды  кеңірек  және 
тереңірек  таңдау.  Бұл  деңгейде  бастысы  –  оқушылардың  пәнге 
қызығушылығын  дамыту  және  қолдау.  Іс-шараларды  ұйымдастыру  кезінде 
оқушылардың  жеке  ерекшіліктері  ескеріледі,  көпшілік  іс-шаралардың  жеке 
тапсырмалармен үйлесуі қамтамасыз етіледі, оқушылардың өз бетінше жұмыс 
істеу  үлесі  көбейеді.  Оқушылар  үшін  проблемаларға  тұрақты  қызығушылық 
тән. Сыныптан тыс іс-шаралар жүйелі түрде өткізіледі, қатысушылардың саны 
біршама тұрақты. 
III деңгей: әртүрлі проблемаларды шешу кезінде оқушылардың өз бетінше 
жұмыс  істеуі.  Оқушылар  ғылыми  танымның  қолжетімді  әдістерін  меңгереді, 
мұғалім  бағыттаушы  ролін  жүзеге  асырады,  танымдық  қызметтің  ұтымды 
тәсілдерін меңгертуге назар аударады. Бұл деңгейде оқушылар эксперименттер 
жүргізіп,  ҒЗИ  қызметкерлерімен,  геологтар  жасақтарымен  ынтымақтасып 
жұмыс  істей  алады.  Оқушылардың  қызығушылығы  әлеуметтік-маңызды 
мотивацияға айналады.  
Аталған  деңгейлердің  біреуі  де  таза  түрінде  кездеспейді,  оларды  бөліп 
қарастыру жеткілікті түрде шартты, бірақ нақты жағдайды көру, оқушылардың 
қызығушылықтарын  дамытуға  тырысу,  сыныптан  тыс  жұмысқа  олардың  көп 
санын тарту, эпизодтық нысандардан жүйелілерге көшу қажет болатын сәттерді 
жіберіп алмау үшін қажет. 
 
3. Тақырыптық жоспар 
 
Кіріспе - 1 сағат 
Қазақстан  әлемнің  саяси  картасында.  Аумағы,  шекаралары,  сағатты  белдеулері, 
мемелекеттік құрылысы, геосаясаты. 
Қазақстанның шаруашылығы көнеден егемендік алғанға дейін - 2 сағат 
Мал шаруашылығы-көшпелі экономика, шаруашылықтың кеңес кезінде, Ұлы Отан 
соғысы жылдары қалыптасуы мен дамуы, тың игеру, нарықтық экономикаға қайту. 
Қазақстан табиғатының ерекшеліктері - 3 сағат 
Қазақстан  рельефі,  геологиялық  құрылысы,  климаты,  ішкі  сулары,  өсімдік  және 
жануарлар әлемі. Табиғатты қорғау аумақтары.  
Табиғи-ресурстық әлеует - 4 сағат 
Табиғи жағдайлар мен ресурстар - Қазақстан экономикасының іргетасы. Қазақстан 
ресурстарының минералды, жер, агроклиматтық,  топырақ,  су,  орман  және  т.б. түрлері. 
Әлемнің  басқа  елдерімен  салыстырғанда  оларды  шаруашылықта  пайдалану 
мүмкіндіктері. 
Практикалық  жұмыс  1.  Өз  жергілікті  жеріңнің  табиғат  ресурстары.  Оларды 
пайдалану және болашақта пайдалану мүмкіндіктері. 
Қазақстан халқы - 6 сағат 
Әлемнің  басқа  елдерімен  салыстырғанда  халық  саны,  табиғи  өсуі,  халықың 


78 
 
шоғырлану деңгейі, демографиялық жағдайы. Халықтың құрамы мен құрылымы. Жас-
жыныстық құрылымы. Еңбек ресурстары. Жұмыссыздық. Көші-қон. Халықтың ұлт және 
діни  құрамы.  Халықтың  орналасуы.  Елді  мекендердің  түрлері.  Тығыздығы.  Қазақстан 
халқы Ассамблеясы. Әлемдегі қазақ диаспорасы. 
Практикалық жұмыс 2 Басқа елдердің көрсеткіштерімен салыстырғанда Қазақстан 
халқының тығыздық көрсеткіштерін, шоғырлану деңгейін, табиғи өсуін (таңдау бойынша) 
анықтау 
Экономика - 18 сағат 
Экономика  түрлері:  жоспарлы,  нарықтық.  Аралас,  көлеңкелі.  Өнеркәсіп 
географиясы. ТЭК, металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдары 
және  ағаш  өңдеу  өнеркәсібі,  АПК,  әлеуметтік  инфрақұрылым  салалары.  Елдің 
шаруашылығы  және  қоршаған  орта.  Экологиялық  проблемалар.  Ұлттық  туризм 
ерекшеліктері  мен  перспективалары.  Салаларды  дамыту  проблемалары.  Экспорт  және 
импорт салалары. Салыстырмалы түрде барлық салалар бойынша Қазақстанның әлемдік 
экономикадағы  орны.  Қазақстанның  халықаралық  ұйымдарға  және  Экономикалық 
одақтарға кіруі. Интеграция және бәсекелестік. 
Практикалық  жұмыс  3.  Қазақстанның  және  басқа  да  елдердің  (таңдау  бойынша) 
өнеркәсіп өнімінің негізгі түрлерін өндірудегі салыстырмалы сипаттамасы  
Практикалық жұмыс 4. Қазақстанның экономикалық аудандары аумақтарында ауыл 
шарушылығы дақылдарын өсіру жағдайлары және ықтимал аудандар 
 
4. Әдістемелік қамтамасыз ету 
 
Пайдаланылатын  техникалық  құралдарың  тізбесі:  интерактивті  тақта, 
слайдтар, мультимедиялық проектор.  
Пайдаланылатын оқу құралдарының тізбесі: 
атластар, экономикалық, физикалық география, топографиялық карталар.  
Бағдарламалық қамтамасыз етудің бейне- және аудиоматериалдары тізбесі: 
1) Қазақстанның географиялық объектілері туралы бейнефильмдер. 
 
5. Ұсынылған әдебиеттер тізімі 
 
1. 
Омирбекова К.К., Кунапина К.К. Родиноведение. – А.: Кітап, 2003. 
2. 
Омирбекова  К.К.,  Кунапина  К.К.  Родиноведение:  Раб.  тетрадь.  –  А.: 
Кітап, 2003. 
3. 
Омирбекова К.К., Кунапина К.К. Родиноведение. 8 кл.– А.: Кітап, 2004. 
4. 
Ананьев Б. Г. Человек как предмет воспитания / Избр. пед. труды. Т. 2. 
– 
М.: Просвещение, 1980. – 196 с. 
5. 
Крылова  О.В.  Интересный  урок  география:  Книга  для  учителя.  –  М.: 
Просвещение, 1989. – 94 с. 
6. 
Максимов Н.А. За страницами учебника географии – М.: Просвещение, 
1988. – 
179 с. 
7. 
Никонова  М.Н.  Практикум  по  географическому  краеведению.  –  М.: 
Просвещение, 1985. – 75 с. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау