- –техника ғылымдарының кандидаты,
- «Ашық кен жұмыстары» кафедрасының аға оқытушысы,
- педагогикалық өтілі 6 жыл
- “Құрылыс тау жыныстары карьерлерін жобалау" пәні 050707–«Тау кен ісі» мамандығының студеттеріне арналған
- Курс көлемі: 3 кредит
Курстың аңдатпасы - Курстың аңдатпасы
- "Құрылыс тау жыныстары карьерлерін жобалау" пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені 050707– Тау-кен ісі мамандығының типтік және жұмыс оқу жоспарлары негізінде құрастырылған, мазмұны және көлемі бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты талаптарына, берілген мамандық бойынша мамандар дайындаудың кәсіби сипаттамасына және деңгейіне толық сай келеді. Оқу жүйесінде студенттердің білімге қажеттігін қамтамасыз ету, пайдалы қазбалар кенорындарын ашық игеруде тау-кен инженері-технологтарын даярлауды оқу-әдістемелік қамтамасыз ету сапасын арттыру қарастырылған.
- Пәнді оқу мақсаты – студенттің карьерлерді жобалау бойынша тереңдетілген теориялық білім алуын, қатты пайдалы қазбалар кенорындарын қазу жағдайларының ерекшеліктеріне байланысты технологиялық шешімдер қабылдаудың есептік әдістерін игеруін қамтамасыз ету, жобалау принциптері мен әдістерін, Қазақстан Республикасының заңдары мен үкімдерін, кен кәсіпорындарын жобалау жөніндегі өкімет шешімдерін, жобалаудың, карьерлерді салу мен қайта жаңғыртудың ұйымдастырушылдық принциптерін оқып үйрену және осы бағыттағы зерттеу және жобалау жұмыстарының ғылыми негіздерін игеру.
- Пәнді оқу міндеттері:
- әртүрлі тау-кен геологиялық және табиғи жағдайларда орналасқан кенорындарын игеру кезінде ашық кен жұмыстарының теориялық негіздерін және оларды жобалау әдістерін;
- жобалардың мазмұны мен құрылымын білу үшін алғашқы мәліметтерді даярлау және жобаға тапсырысты құру;
- тау-кен кәсіпорындарын кезеңдеп динамикалық жобалау негіздерін;
- карьердің басты параметрлерін, ашу қазбаларының және қазбу жүйесінің элементтерінің есебін жаңа заманға сай шешу әдістерін;
- кен және транспорттық кұрал-жабдықтардың түрін негіздеу;
- карьерді салу, қайта жаңарту және пайдалану кезінде инженерлік шешімдерді қабылдау;
- уақыт факторын ескере отырып, жобалық шешімдерді экономикалық бағалаудың алдыңғы қатарлы әдістерін.
Мамандық бағдарламасындағы курстың рөлі. - Мамандық бағдарламасындағы курстың рөлі.
- Инженерлік мамандар қызметіндегі жобалаудың мәні мен орны, бұл творчестволық процестің күрделілігі және жаңа объектілерді жобалаудан басталатын аумақтардағы, өндіріс салаларындағы және қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік өзгерістер бұл бағытта мамандар дайындаудың қажеттігін айқындап отыр. Жобалау процесі ғылыми-инженерлік қызметтің біртұтас бөлігі ғана емес, сонымен қатар студенттердің жүйелі ойлау қабілетін қалыптастырудің тиімді құралы болып табылады.
- Курстың жаңалығы.
- Карьерлерді жобалау - өзіндік ішкі логикасы, өзіндік заңдары мен әдістері бар ғылыми-техникалық пән. Жобалау – творчестволық процесс, болашаққа ұмтылу. Жобалаудың тиімділігі ең алдымен нақты мәселені шешу әдістемесімен, сонымен қатар негізгі әдістемелік принциптерді, компьютерлік бағдарламаларды және бастапқы сандың мәліметтерді дұрыс таңдауға байланысты. Жобалау жаңа объектіні салудың бастапқы кезеңдерінің бірі болғандықтан, жобаны іске асырудың соңғы нәтижелерін және оған жетуге қажетті шараларды болжау керек. Мұндай мәселелерді шешу негізі - өнертапқыштық, жағдайды бағалай білу, мақсатқа жетудің альтернативті нұсқаларын табу, нұсқаларды салыстыру критерилері мен принциптері жасау, олардың ең тиімдісін таңдау.
Материалды таңдау мен құрылымын қалыптастырудың негізгі принциптері - Материалды таңдау мен құрылымын қалыптастырудың негізгі принциптері
- Білім беру технологиялары оқу үрдісімен тікелей байланысты: оқытушы мен студенттің қызметімен, оның құрылымымен, оқу құралдары, әдістері және формаларымен.
- «Құрылыс тау жыныстары карьерлерін жобалау» пәнін оқу процесі келесі принциптерге негізделген:
- оқытудың мазмұнды бөлігі:
- оқыту мақсаттары – жалпы және нақты;
- оқу материалының мазмұны;
- оқу процесін ұйымдастыру;
- студенттердің оқу қызметінің әдістері мен формалары;
- оқытушы жұмысының әдістері мен формалары;
- материалды игеру процесін басқару бойынша оқытушы қызметі;
- оқу процесін талдау.
-
Курс бағдарламасы студенттердің жаңа техникалық шешімдерді қабылдауда әдістемесін жетілдіруге, жобаланатын өндірістік объектілерді қоршаған техникалық, экономикалық және табиғи ортаға үйлестіре білу қабілетін арттыруға бағытталған. Жобалау сияқты күрделі творчестволық процестің мазмұны мен әдістемесі жобалау, жобалық шешімдерді негіздеу әдістері мен процестерін терең зерттеуді талап етеді. Мұның барлығы кен жұмыстары режимінің, қазу жүйесінің, кенорнын ашудың, кен жұмыстары технологиясының, кешенді механикаландыру сұлбасы мен жабдықтарының типтерін тиімді таңдауға мүмкіндік береді. - Курс бағдарламасы студенттердің жаңа техникалық шешімдерді қабылдауда әдістемесін жетілдіруге, жобаланатын өндірістік объектілерді қоршаған техникалық, экономикалық және табиғи ортаға үйлестіре білу қабілетін арттыруға бағытталған. Жобалау сияқты күрделі творчестволық процестің мазмұны мен әдістемесі жобалау, жобалық шешімдерді негіздеу әдістері мен процестерін терең зерттеуді талап етеді. Мұның барлығы кен жұмыстары режимінің, қазу жүйесінің, кенорнын ашудың, кен жұмыстары технологиясының, кешенді механикаландыру сұлбасы мен жабдықтарының типтерін тиімді таңдауға мүмкіндік береді.
- Пәнді оқып үйренудің негізгі түрлері мен әдістері: дәрістер, тәжірибелік сабақтар, семинарлар, өзіндік жұмыстар, рефераттарды қорғау, баяндамалар, тестілеу, ғылыми-зерттеу жұмыстары, т.б. Мұның барлығы білім беру сапасы мәселелерін шешуге ықпал етеді.
- Жүргізілетін сабақтардың түрлері – лекциялар мен практикалық сабақтар.
- Пән бойынша дәрістерді жүргізу барысында заманауй ақпараттық технологиялар қолданылады. Дәрістер мен тәжірибелік материалдар бойынша университет ішілік теледидарлар, мультимедиялық проекторлар және интерактивті тақталар, дербес компьютер немесе ноутбук арқылы презентациялар жасалады.
Дәрістердің тақырыптық жоспары - Дәрістердің тақырыптық жоспары
- Карьердің басты параметрлерін жобалау теориясы
- 1.Карьерлерді жобалау процесін ұйымдастыру
- 2. Жобалауға қажетті бастапқы мәліметтер
- 3. Карьерлерді жобалау әдістері
- 4.Жобаның экономикалық негіздері
- 5. Жобалық шешімдерді бағалаудың алдыңғы қатарлы әдістері
- 6. Карьердің негізгі параметрлері, оның нұсқасын жобалау
- 7. Карьер алаңдарын тау-кен геометриялық талдау. Жазық және жайпақ сілемді кенорындарын талдау
- 8. Көлбеу және күртқұлама сілемді кенорындарын тау-кен геометриялық талдау
- Кенорнын тиімді және қауіпсіз игеруді қамтамасыз етудің жобалық шешімдерін негіздеу
- 9. Тау-кен геометриялық талдау графиктері аршу және өндіру жұмыстарының күнтізбелік графиктеріне түрлендіру. Карьер өнімділігін жобалау.
- 10. Кен жұмыстары режимін реттеу және кен жұмыстары көлемдерін күнтізбелік бөлу тәсілдері
- 11. Карьердегі кен жұмыстарын кешенді механикаландыруды жобалау
- 12. Карьер алаңын ашуды жобалау
- 13. Кенорнын қазу жүйесін жобалау
- 14. Тау-кен кәсіпорнының негізгі жоспарын жобалауға қойылатын талаптар
- 15. Қоршаған ортаны қорғау жобасына қойылатын талаптар
- Күтілетін нәтижелер (студенттің игеретін біліктіліктері)
- «Құрылыс тау жыныстары карьерлерін жобалау» курсы бойынша студенттердің алған теориялық білімдері нақты жағдайларда тау-кен техникалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
- Бұл курс бойынша алған білімінің нәтижесінде студент:
- карьер жобасының құрылымы мен мазмұнын, жобалауға тапсырма жасап, бастапқы мәлметтерді дайындай алады;
- карьерлерді салу және қайта жаңғырту кезінде тау-кен құрылысының және тау-кен күрделі жұмыстарды жүргізу теориясы мен практикасын игереді;
- карьердің ашу қазбаларының және қазу жүйесі элементтерінің негізгі параметрлерін есептеудің алдыңғы қатарлы әдістерін қолдана біледі, тау-кен және көліктік жабдықты таңдауды негіздей алады;
- инженерлік шешімдер қабылдап, оларды карьерді салу, қайта жаңғырту және пайдалану кезінде іске асыра біледі.
Нәтижелерді бағалау құралы мен технологиясы Кредиттік технология бойынша «Құрылыс тау жыныстары карьерлерін жобалау» пәнін оқыту үшін „Ашық кен жұмыстары” кафедрасында студенттер білімін рейтингтік бақылау қолданылады. Пән үшін бақылаудың келесі түрлер белгіленеді: 1) Ағымды бақылау: тәжірибелік сабақ, өзіндік жұмыстар; 2) Аралық бақылау; 3) Қорытынды бақылау: 7 семестрде курстық жоба және емтихан. - Студент суммарлық рейтигтік баллы 30 болғанда ғана қорытынды бақылауды тапсыруға жіберіледі. Қорытынды бақылау баллы 20 болғанда ғана ол тапсырылды деп есептеледі. Пән бойынша қорытынды бағасы студенттердің білімін бағалау шкаласы бойынша анықталады.
Дәуренбекова Ақмарал Нармаханбетқызы - техника ғылымдарының кандидаты, «Ашық кен жұмыстары» кафедрасының аға оқытушысы, жалпы ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 10 жыл. - Дәуренбекова Ақмарал Нармаханбетқызы - техника ғылымдарының кандидаты, «Ашық кен жұмыстары» кафедрасының аға оқытушысы, жалпы ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 10 жыл.
- Дәуренбекова Ақмарал Нармаханбетқызы ғылыми зерттеу жұмыстарының жоспарына сәйкес ҚазҰТУ ҒЗЖ қатысады. Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша 11 ғылыми мақала, 1 монография, 10 әдістемелік нұсқау, 10 оқу-әдістемелік кешендері мен силлабустары жарияланды.
- 1) «Оқу процесінде интеравктивті тақтаны пайдалану» курсын бітірген (сертификат №347 28.06.2006ж. Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ)
- 2) «Ұжымдық мәдениет және ұстаз әдептілігі» семинар-тренингіне қатысты ( сертификат №35 05.03.2009г. Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ).
- 3) «Ашық кен жұмыстарының технологиясы және кешенді механикаландыру» курсы бойынша біліктілігін жоғарылатты (сертификат №76, 08.07.2009ж. Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ РЦПК).
- А.Н.Дәуренбекованың жетекшілігімен орындалған дипломдық жобалардың тақырыптары:
- Көксу кенорнында аттыру жұмыстарын кешенді механикаландыру (Тулеуов А)
- Екібастұз көмір кенорнында Үйінділеу және ашық тау-кен жұмыстарымен бұзылған жерлерді қалпына келтіру (Акишев А)
- Үшқатын карьерінде аршу жұмыстарында тиегіштерді қолдану тиімділігін негіздеу (Тұрлыбеков Е)
- Итауыз карьерінде бұрғылау-аттыру жұмыстарының параметрлерін анықтау және тиімді технологиясын таңдау (Оспанова Ж)
- Васильков кенорнында карьер алаңын ашу тәсілін таңдау және негіздеу (Қожатілеуова А)
- Үшқатын карьерінде үйіндісалудың тиімді технологиясын және жабдықтарын таңдау (Дайырханов Е)
- Казхром кенорнында көліксіз қазу жүйесі элементтерінің параметрлерін негіздеу (Нургазина Р)
- Казхром кенорнында карьер жағдауын кеңейту негізіндегі бұрғылып-аттыру жұмыстарын ұйымдастыру (Махимова А)
Оқытушының курстары бойынша студенттердің үлгерімінің - Оқытушының курстары бойынша студенттердің үлгерімінің
- орташа балы жөніндегі ақпарат
- Студентке қойылатын талаптар:
- 1. Сабаққа кешікпеу және сабақтан қалмау;
- 2. Оқытушы ұсынған материалдарды мұқият тыңдау және белсенді қатысу;
- 3. Аудиторияда ұялы телефордарды сөндіріп жұмыс жасау;
- 4. Кітапханада және үйде өздігінен жұмыс жасау.
- Академиялық этика нормалары:
- тәртіп;
- мейірімділік;
- шыншылдық;
- жауапкершілік;
- мәдениеттілік.
- Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |