59
қасиеттері, биологиялық маңызы. Нуклеин қышқылдары: құрылысы, Уотсон
мен Крик бойынша ДНҚ моделі, комплементарлық қағидаты, РНҚ түрлері,
жасушадағы нуклеин қышқылдарының қасиеттері. Жасушаның өмір
тіршілігіндегі энергия аккумуляторлары, құрылысы және АТФ үлгісіндегі
функциялары. Биологиялық аккумуляторлар түрлері: АТФ, ГТФ, НАДФ Н,
НАД Н, ФАД.
1.3
Жасушаның құрылымдық компоненттері, олардың функциялары.
Жасушалардың үстіңгі аппараты: плазмалемма (жасуша жарғақшасының
теңбілдік моделі), жасушаның субжарғақша жүйесі, жарғақшаүсті құрылымы.
Үстіңгі аппараттың негізгі функциялары: бөлу, көліктік (трансжарғақшалық
көлік, жарғақша орамасындағы көлік – экзоцитоз және эндоцитоз), электрлік
(трансжарғақшалық әлеует), рецепторлық, сөл бөлу, дәнекерлік (тіндерге және
органдарға). Цитоплазматикалық матрикс, оның құрамы және негізгі
қасиеттері. Жасушаның жарғақша органоидтары: эндоплазма желісі, Гольджи
жиынтығы,
лизосомалар,
митохондриялар.
Құрылысы,
жасушадағы
функциялары. Жасушаның бейжарғақша органоидтары: рибосомалар, жасуша
қаңқасы, жасуша орталығы, түктер мен жалған аяқтар. Құрылысы, жасушадағы
функциясы. Қосылулар, жіктелуі. Ядролық аппарат: ядролыққабық, ядролық
матрикс, ядрошықтар. Хроматин туралы ұғым. Хроматинның құрылымдық
ұйымдастырылуы, ДНҚ жиынтығының деңгейлері. Өсімдік жасушасы
құрылысының ерекшеліктері. Пластидтер, түрлері, құрылысы, жасушадағы
функциясы.
1.4 Жасуша – ағзалар тіршілігінің бірлігі. Метаболизм.
Автотрофты қоректену. Пластикалық зат алмасу үлгісі ретіндегі
фотосинтез. Фотосинтездің жарықтық және қараңғылық фазалары,су фотолизі,
Кальвин циклі. Хемосинтез.Хемосинтез түрлері, гетеротрофты қоректену.
Жасушадағы энергетикалық алмасу. Энергетикалық алмасудың дайындық
кезеңі. Гликолиз үлгісіндегі оттегісіз кезең. АТФ синтезі. Спирттік, сүт-
қышқылды, пропион-қышқылды ашу. Энергетикалық алмасудың оттегілік
кезеңі. Кребс циклінің талдамасы. Қышқылдандыру фосфорленуі,
электрондарды ауыстыру тізбегі.
1.5 Матрикалық синтез реакциялары.
ДНҚрепликациясы. Ақуыз синтезінің негізгі кезеңдері: транскрипция,
трансляция. Оның қасиетінің генетикалық коды. Ген және оның биосинтез
процестеріндегі ролі. Ақуыз синтезінің регуляциясы.
ІІ-ші
МОДУЛЬ.
Ағзалардың көбеюі және дамуы
(16 сағат)
2.1 Жасушаның қалпына келуі. Жасушалық цикл.
Митоз.Жасушаның бөлінуі – ағзалардың өсу, даму және көбею негізі.
Хромосомалардың құрылысы мен функциялары. Хромосомалардың кариотипі,
гаплоидті және диплоидті саны. ДНҚ – мұрагерлік ақпаратты тасымалдаушы.
Жасушадағы
ДНҚ
молекулаларының
қосарлануы.
Жасушалардағы
хромосомалар саны мен нысандарының тұрақтылық мәні. Митоз. Митоздың
биологиялық маңызы.
60
2.2 Жыныссыз өрбіту, оның нысандары.
Жыныссыз көбеюдің сипаттамасы мен маңызы. Жыныссыз көбеюдің
негізгі тәсілдері: бинарлық бөліну, көптеп бөліну (шизогония), споруляция,
бүршік жару, стробиляция, полиэмбриония, фрагменттермен өрбу
(фрагментация). Жоғарғы өсімдіктер мен жануарларды клондау. Вирустардың
көбеюі. Прокариоттың көбеюі.
2.3 Жыныстық көбею. Мейоз.
Жыныстық көбею: генетикалоық және эволюциялық маңызы. Мейоз.
Мейоздық
редукциялық
бөліну
ерекшеліктері.
Хромосомалардың
конъюгациясы. Кроссинговер. Мейоздық эквациялық бөліну ерекшеліктері
Мейоздың биологиялық маңызы. Жыныстық көбеюдің тұрақты емес түрлері:
апомиксис (партеногенез), гермафродитизм.
2.4 Жыныстық жасушалар. Гаметогенез.Ұрықтану.
Аталық ұрық пен аналық жасуша құрылысының ерекшеліктері.
Жануарлардағы сперматогенез бен оогенез. Жануарлардың ұрықтану
ерекшеліктері. Гүлді өсімдіктер гаметогенезінің ерекшеліктері. Тозаңдандыру.
Қосарлы ұрықтану мәні.
2.5 Онтогенез. Жануарлардың эмбриондық дамуы.
Жануарлар мен адамның онтогенез кезеңдері. Зигота. Эмбриогенез.
Бөлшектенудің бастапқы сатысы. Бласт өлшегіштер. Бөлшектену сайларының
жіктелуі. Бөлшектену түрлері. Бөлшектену және бласттану. Бөлшектену
типтері. Морула және нейрула. Гаструляция, гаструляция түрлері. Ұрықтық
жапырақшалардың қалыптасуы. Тін дамуыжәнеағза дамуы.
2.6 Эмбригенезден кейінгі даму (тура және жанама).
Әртүрлі жануарлардың жеке даму кезеңдері. Жануарлардың
метаморфозсыз даму сатылары. Жануарлардың жанама дамуы – метаморфоз.
Метаморфоздың адаптивтік маңызы. Жаныарлардың жеке метморфоздық
дамуының әртүрлі типтері. Өсімдіктердің метаморфозы.
ІІІ-ші МОДУЛЬ. ГЕНЕТИКА және СЕЛЕКЦИЯ негіздері
3.1
Мендельдің тұқым қуалаушылық заңдары.
Генетикалық номенклатура (символика). Белгілері мен қасиеттері, ген,
аллельдік ген, локустар. Генотип, фенотип, геном, тектік қор.
Гибридтерде белгілердің еркін араласуының негізгі заңдылықтары.
Классикалық генетикалық талдаманың қағидаттары. Гаметалар тазылығының
қағидасы. Дискретті тұқым қуалаушылық қағидаттары. Талдау жүргізетін
будандастыру. Кодоминирование. АВО жүйесінде адам қаны топтарының
мұрагерлігі.
Моногибридті, дигибридті, полигибридтібудандастыру, қайтармалы
(талдамалы) будандастыру, толық басымсыздық. Классикалық генетикалық
талдаманың қағидаттары. Қалыпты міндеттерді шешу.
3.2
Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы. Тізбектелген
иелік.
Хромосомалық теория. Т. Морганның жұмыстары. Мейозда және
ұрықтандыру кезіндегі хромосомалардың әрекеті – тәуелсіз иелену негізі.
Тізбектелу топтары мен хромосомалар. Белгілерді тізбектеп иеленудің негізгі
Достарыңызбен бөлісу: |