63
Қорытынды
Мұнайды сепарациялау өндірісінің автоматты басқару жүйесін жасауда
жүйе синтезінің маңызды кезеңіне басқару объектісі ретінде процесс талдауы
жатады. Яғни, кіріс және шығыс айнымалыларын анықтау, реттеу объектісінің
әрекетін сипаттайтын кіріс және шығыс
айнымалыларының арасындағы
математикалық тәуелділікті табу.
Бақылау объектісі ретінде шикі мұнайды бөлу процесі инерциялық,
стационарлық емес, сондай-ақ шикі мұнайдың
құрамы және колоннаның
технологиялық үрдісі туралы толық емес ақпаратқа ие объект болып
табылады.
Басқарудың негізгі міндеті мұнайдың минималды энергетикалық және
материалдық шығындармен бөліну дәрежесін қамтамасыз ету және процестің
технологиялық параметрлері бойынша шектеулерді сақтау болып табылады.
Дипломдық жобаның нәтижесі «Ембімұнайгаз» кен орны үшін
жасалған
автоматтандырылған жүйе болып табылады.
Автоматтандырылған үдерісті бақылау және басқару жүйесінің екі
деңгейлі құрылымы таңдалды. Автоматтандыру көлемі анықталды.
Техникалық құралдардың кешені - дәлдіктің,
қауіпсіздік пен климаттық
жағдайлардың талаптарын қанағаттандыратын заманауи және сенімді
жабдықтар.
Автоматтандыру
жүйесі
ET-200M
процессорлық
модулімен
жабдықталған Honeywell заманауи бағдарламалалық контроллеріне
негізделген. ЗВП технологиялық процесін бақылау және басқару үшін
алгоритмі жасалды және бағдарламалық қамтамасыз ету іске асырылды.
Honeywell бағдарламалық пакетін пайдалану
арқылы операторға ыңғайлы
интерфейс әзірленді.
Горизонтальді тұндырғыдағы «су-мұнай» фазасын бөліп шығару
деңгейін автоматты реттеу жүйесінің оңтайлы
параметрлерін есептеу
жүргізілді.
Өндірілген жобаның қауіпсіздігі мен экологиялық жағынан тиімділігін
талдау қазіргі заманғы жоғары дәлдіктегі және жоғары жылдамдықты
автоматтандыру құралдарын пайдалану арқылы адамдар үшін де, қоршаған
ортаны қорғау үшін де ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін
апаттардың
ықтималдығын азайғандығын көрсетті.
Жобаға автоматтандырылған жүйені енгізуден бастап экономикалық
тиімділігін есептесек, күрделі салымдарды қайтару мерзімі 0,7 жыл болады.