Т.ғ.қ, доцент Федоренко И. А


Машиналар мен механизмдердің қауіпті аймақтары



жүктеу 1,46 Mb.
Pdf просмотр
бет23/28
Дата29.03.2023
өлшемі1,46 Mb.
#41918
түріДиплом
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
AUES Sabyrova

Машиналар мен механизмдердің қауіпті аймақтары
Энергияны, материалды және ақпараттарды механикалық қозғалыс 
арқылы өзгертуге арналған құрылғыларды машина дейді. 
Машиналар мен механизмдер теориясы – машиналар менмеханизмдерді 
жобалау және зерттеу әдістері жөніндегі ғылым. 
Машиналар энергетикалық, жұмыс 
машиналары және ақпараттық болып үш түрге бөлінеді: 


56 
1. Энергияның кез келген түрін механикалық энергияға айналдыратын 
машинаны энергетикалық 
машина 
деп 
атайды. 
Оларға 
негізінен қозғалтқыштар жатады. Бұл машиналарға электр қозғалтқыштар, 
іштен жанатын қозғалтқыштар, турбиналар, бу машиналары, электр 
генераторлары т.б. жатады. 
2. Жұмыс машиналары материалдарды өзгерту, өңдеу және тасымалдау 
үшін технологиялық машиналар және көлік машиналары деп екіге бөлінеді. 
Технологиялық машиналар материалдардың пішінін, қасиетін, күйін 
өзгерту, өңдеу үшін қолданылады. Өңделетін материалдар қатты денелер, 
сұйықтықтар және газ күйінде болуы мүмкін. Технологиялық машиналарға 
металл өңдейтін станоктар, прокат станогы, тоқыма станогы, құйма 
араластырғыш, үсақтағыш машиналар және т.б. жатады. 
Көлік машиналарына автомобильдер, ұшақтар, темір жол көліктері - 
поездар, су кемелері жатады. Көлік машиналары материалдарды, заттарды, 
адамдарды және т.б. бір жерден екінші жерге тасымалдау үшін қолданылады. 
3. Ақпараттық машиналар алынған ақпараттарды немесе хабарларды 
өңдеуге арналған. Егер ақпарат сан түрінде алынса ондай машинаны есеп 
машинасы дейді оларға электронды есептеу машиналары (ЭЕМ) жатады. 
Ақпаратты өңдеу процесіне адам қатыспаса мұндай машиналарды автоматтық 
машиналар дейді. Бірге істейтін бірнеше автоматтық машиналардың тізбегін 
автоматтық желі деп атайды. 
Машиналарды мынадай белгілері бойынша жіктеуге болады: 
1. Орындайтын жұмыс түрі бойынша мынадай кластарға бөлінеді: 
– ұнтақтаушы машиналар; 
– сұрыптаушы машиналар; 
– тасымалдайтын машиналар; 
– құйма төсеуші машиналар т.б. 
Әр кластағы машиналар өз ара әртүрлі топқа бөлінеді. Мысалы, 
ұнтақтаушы машиналарды жармалау, езу тобы және майдалау тобы деп 
бөлуге болады. 
Бұл топтағы машиналардың өздері де машиналардың конструкциясына 
байланысты түр-түрге бөлінеді. Мысалы, жармалау машиналары 
кострукторларына қарай конусты, білікті, роторлы болып келеді және бұл 
машиналар мөлшеріне қарай, массасына қарай, өнімділігіне қарай бөлінеді. 
2. Жұмыс режимі бойынша машиналарды былай жіктеуге болады: 
– үздіксіз әрекетті режимді (елек, конвейер); 
– мерзімді немесе циклдік режимді (крандар, құйма араластырғыш). 
3. Жетек түрі бойынша:
– электр жетекті; 
– гидравликалық жетекті; 
– пневматикалық жетекті; 
– құрастырылған дизель-электр жетекті; 
– құрастырылған электрогидравликалық жетекті; 
– іштен жанатын қозғалтқышты жетекті. 


57 
4. Жылжымалығы бойынша: 
– жылжымайтын, түрақты (стационарлық); 
– жылжымалы (жыланбауырлы жүрісті, дөңгелекті жүрісті, адымдай 
жүрісті). 
5. Универсальдығы бойынша: 
– универсал машиналар. Бұл машиналардың тек бір негізгі агрегаты ғана 
болады да қалған агрегаттарын (күш агрегатын, жұмыс агрегатын, жылжу 
агрегатын, т.б.) жұмыс түріне қарай ауыстырып отырады; 
– мамандандырылған машиналар. Бұл машиналар жұмыстың тек бір 
түріне ғана арналған. 
6. Басқару түрі бойынша: 
– қолмен басқару; 
– механизм көмегімен басқару; 
– автоматтандырылған жүйесімен басқару. 
7. Басқару әдісі бойынша: 
– механикалық әдісті; 
– электрлік әдісті; 
– гидравликалық әдісті; 
– пневматикалық әдісті; 
– электропневматикалық әдісті. 

жүктеу 1,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау