Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауларын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарлардың орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ақпараты



жүктеу 128,68 Kb.
Pdf просмотр
Дата01.01.2018
өлшемі128,68 Kb.
#6839


Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауларын іске 

асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарлардың орындалу барысы 

туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму 

министрлігінің ақпараты 

 

Қазіргі  уақытта  Жалпыұлттық  жоспарлардың  шеңберінде  келесі  



іс-шаралар бойынша жұмыстар жүргізілуде: 

 

«Жұмыс  істеп  тұрған  арнайы  экономикалық  аймақтарды 



индустриялық  жобалармен  толықтыру  бойынша  шаралар  қабылдай 

отырып, олардың инфрақұрылымын қалыптастыруды аяқтау» 

«Астана – жаңа қала» АЭА (2002 – 2027 жылдар) 

«Астана  –  жаңа  қала»  АЭА  аумағының  құрамына  №  1  индустриялық 

парк, № 2 индустриялық парк және қалалық жеңіл рельсті жүйе кіреді. 

№ 1 индустриялық парк аумағында көлемі 240 млрд. теңгені құрайтын 

66 инвестициялық жоба іске асырылуда, оның ішінде 41 өндіріс пайдалануға 

енгізілді,  11  –  құрылысты  салу  сатысында,  8  –  жобалау  сатысында,  6  – 

құжатт ресімдеу сатысында. 

АЭА  өнеркәсіп  кәсіпорындарымен  143,7  млрд.теңге  сомаға 

инвестициялар  игерілді,  884,5  млрд.  теңгеге  тауар  шығарылып,  қызмет 

көрсетілді  (оның  ішінде  өнімнің  экспорты  20,9  млрд.теңгені  құрады),  3000 

жуық жұмыс орындары құрылды. 

№1 индустриялық парк шамамен 95%-ға толтырылды. 

№  2  индустриялық  парк  бойынша  әзірленген  мастер-жоспарды  ескере 

отырып  техникалық  экономикалық  негіздемесі  әзірленіп,  оған  мемлекеттік 

сараптаманың оң қорытындысы алынды. 

«Бурабай» АЭА (2008 – 2017 жылдар) 

«Бурабай» АЭА инфрақұрылымының құрылысы толығымен аяқталған. 

«Риксос  Боровое»  бір  жоба  іске  асырылды,  екі  жоба  іске  асырылу 

сатысында  («Borovoe  Country  Club»  ЖШС,  «Ғылыми  сауықтыру  кешені» 

ЖШС). 

15  млрд.  теңгеге  инвестиция  салынды.  30  млрд.теңге  өнім  көлемімен 



222 жұмыс орны құрылды. Салық төлемдері – 870 млрд. теңге. 

«Ақтау теңіз порты» АЭА (2003 – 2028 жылдар) 

«Ақтау теңіз порты» АЭА-ның инфрақұрылымы 6 субаймақтан тұрады. 

№ 1 және № 3 субаймақтарының инфрақұрылымы – 100%.  

«Ақтау  теңіз  порты»  АЭА-ның  аумағында  16  жоба  пайдалануға 

енгізілді.    2017  –  2021  жылдары  406  млрд.  теңге  сомасына  16  жобаны  іске 

асыру жоспарлануда.  

«Ақтау теңіз порты» АЭА жұмыс істеуінің барлық кезеңінде салынған 

инвестициялар көлемі 88,1 млрд. теңгені құрады. Салықтық түсімдер көлемі 

20,8  млрд.  теңгені  құрады.  Өндірілген  өнім  көлемі  241,2  млрд.  теңгені 

құрады. 1144 жұмыс орны құрылды.  



 «Ұлттық  индустриялық  мұнай-химия  технопаркі»  АЭА  (2007  –  2032 

жылдар) 


 «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА-ғы (бұдан әрі – 

«ҰИМТ» АЭА) инфрақұрылымының дайындығы 23%-ды құрайды. Мынадай 

инфрақұрылым  объектілері  салынды:  Зауыттық  теміржол  станциясы,  кірме 

теміржолы,  Карабатан    теміржол  станциясын  кеңейту,  айналма  автокөлік 

жолының  жол  көрсеткіші,  кірме  автокөлік  жолы,  электр  желілері. 

Инфрақұрылым объектілерінің салуын аяқтау 2022 жылға жоспарлануда. 

2016  жылғы  5  қазанда  түзетілген  техникалық-экономикалық 

негіздемесіне (ТЭН) «Мемсараптама» РМК (№ 01–0455/16) оң қорытындысы 

алынды.  Сараптамаға  сәйкес  полипропилен,  полиэтилен  және  бутадиен 

жобаларын  іске  асырылуына  байланысты  инфрақұрылым  объектілерін  салу 

екі кезекке бөлінді. 

ТЭН-ге  сәйкес  барлық  инфрақұрылым  объектілерінің  құны  келесіні 

құрайды: 

I кезек – 236,8 млрд. теңге, іске асыру мерзімі 2014 – 2019 жылдарға; 

II кезек – 108,4 млрд. теңге, іске асыру мерзімі 2019 – 2022 жылдар. 

ҚР Ұлттық қордан 2014 – 2016 жылдар аралығында «Самұрық-Қазына» 

ҰӘҚ»  АҚ-на  103  млрд.  теңге  көлемінде  қаражат  бөлінді,  оның  ішінде  2014 

жылы  24,5  млрд.  теңге  (29.08.14ж.  ҰҚБК  шешімі),  2015  жылы  68,5  млрд. 

теңге (12.11.14 ж. № 01–7.15 ҰҚБК шешімі) және 2016 жылы 10 млрд. теңге 

(20.02.16 ж. № 01-9.1 ҰҚБК шешімі). Бөлінген қаражаттың қуаттылығы 310 

МВт  газтурбиналық  электрстанциясының  (ГТЭС)  құрылысына  бағыттау 

жоспарланып отыр. 

Іске асыру мерзімі: 2014 – 2018 жылдар. 

ГТЭС  жобасының  жалпы  құны  (ұлттық  валютаның  таргеттелуінен 

кейін) 108 млрд. теңгені құрайды (бұрын 74,7 млрд. теңге). 

Бюджеттік  бағдарламаның  әкімшісі  –  ҚР  Ұлттық  экономика 

министрлігі. Жоба операторы – «Karabatan Utility Solutions» ЖШС (акционері 

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»  АҚ).  

ГТЭС  жобасы  бойынша  ұзақ  мерзімде  жасалатын  қондырғылар 

тапсырысына байланысты 40,8 млрд. теңге игерілді.  

«ҰИМТ»  АЭА  аумағында  полимерлік  өнім  өндіру  бойынша  1  жоба 

(БНПП  Қабығы  –  жылына  14  738  мың  тонна,  полипропилендік  қаптар  – 

жылына 48 млн. дана, полиэтилен қабығы  – жылына 4 125 мың тонна) іске 

асырылған  «Polymer  Production»  ЖШС.  Оның  іске  қосылған  сәтінен  бастап 

(2015 жылғы қазан) 2,2 млрд. теңге сомаға өнім өндірісін іске асырды. 3 жоба 

іске асыру кезегінде.  

 «ҰИМТ»  АЭА-да  жұмыс  орындарының  саны  505  адамды  құрады. 

Инвестициялардың  жалпы  көлемі  227,7  млрд.  теңгені  құрады.  Салықтық 

түсімдер көлемі шамамен 15,9 млрд. теңгені құрады. 

«Оңтүстік» АЭА (2005 – 2030 жылдар) 

«Оңтүстік» АЭА инфрақұрылымының құрылысы аяқталған. 

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ақпараты бойынша «Оңтүстік» 

АЭА аумағында жалпы құны 27,8 млрд. теңгеге 10 жоба іске қосылған. 150,7 

млрд. теңге сомасына 12 жобаны іске асыру жоспарлануда. 



«Оңтүстік» АЭА жұмыс істеуінің барлық кезеңінде инвестициялардың 

жалпы  көлемі  31  млрд.  теңгені  құрады.  Салықтық  түсімдер  көлемі  3  млрд. 

теңгені құрады. Өндірілген өнім көлемі 17,1 млрд. теңгені құрады (ҚҚС-ны 

қоспағанда).  2145  жұмыс  орны  құрылды,  2018  жылға  дейін  5800  жұмыс 

орнын құру жоспарлануда. 

«Павлодар» АЭА (2011 – 2036 жылдар) 

Қазіргі  уақытта  «Павлодар»  АЭА  инфрақұрылымының  дайындығы 

шамамен 15%-ды құрайды. 

«Павлодар»  АЭА  инфрақұрылымының  құрылысы  жобасы  бойынша 

ТЭН түзету қорытындысы бойынша «Павлодар» АЭА құрылысы 29,2 млрд. 

теңгеден 21 млрд. теңгеге дейін оңтайландырылды.  

«Павлодар»  АЭА  аумағында  26  қатысушы  тіркелген.  Қазіргі  уақытта 

44 млрд. теңге сомаға 

6  жоба  қолданысқа  енгізілген,  іске  асыру  кезеңінде  6  жоба. 

Инвестициялардың  жалпы  көлемі  47,8  млрд.теңгені  құрады.  Салықтық 

төлемдер  көлемі  1,7  млрд.  теңге.  Өндірілген  өнім  көлемі  28,9  млрд.  теңгені 

құрады.  1078  тұрақты  жұмыс  орындары  құрылды.  «Павлодар»  АЭА 

индустриялық  жобалармен  толтыру  инфрақұрылым  құрылысын  аяқтауға 

қарай іске асырылатын болады. 



«Инновациялық технологиялар паркі» АЭА (2003 – 2028 жылдар) 

«Инновациялық  технологиялар  паркі»  АЭА-ы  (бұдан  әрі  –  «ИТП» 

АЭА) инфрақұрылымының бірінші кезегі 100 % аяқталды.  

2016  жылғы  28  желтоқсандағы  (2017  жылғы  1  наурыздағы  №5-

44/49СК,75 хаты) Алматы қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша «ИТП» АЭА 

екінші  кезекті  инфрақұрылымының  құрылысын  объектісін  пайдалануға 

қабылдау актісі тіркелген.  

Қазіргі 


уақытта 

Алматы 


қаласы 

коммуналдық 

меншігінен 

Министрлікке  «ИТП»  АЭА  екінші  кезекті  инфрақұрылымының  құрылысын 

республикалық балансына беру мәселесі қарастырылуда.  

Суқұбырғылары  алаңнан  тыс    құрылысы  және  «ИТП»  АЭА 

ғимаратының каналдық жүргізу инфрақұрылымының жалпы құны 13,8 млрд. 

теңгені құрайды (РБ - 12,7 млрд.теңге, ЖБ - 1,1 млрд.теңге). 

Бүгінгі  таңда,  «ИТП»  АЭА-ның  қатысушыларының  саны  156 

компанияны құрайды, оның ішінде «эксаумақтық» қағидаты бойынша жұмыс 

жасайтын компаниялар бар. 

 «ИТП»  АЭА  жұмыс  істеуінің  барлық  кезеңінде  қатысушылармен 

салған  инвестицияларының  көлемі  23,4  млрд.  теңгені  құрады.  Салықтық 

түсімдердің жалпы көлемі 12,8 млрд. теңгені құрады. Өндірілген өнім көлемі 

122  млрд.  теңгені  құрады.  «ИТП»  АЭА-ның  құрылған  сәтінен  бастап 

ашылған  жұмыс  орындарының  саны  3730  бірлікті  құрады,  оның  ішінде 

«эксаумақтық»  қағидаты  бойынша  ашылған  жұмыс  орындарының  саны  

2218 бірліктен асты.  



«Сарыарқа» АЭА (2011 – 2036 жылдар) 

595,01  гектарды  («Металлургия-металлообработка»  индустриялық 

паркі  –  535  га  және  №1  «Кремний  жазығы»  қосалқы  аймағы  –  60  га) 



құрайтын  «Сарыарқа»  АЭА  аумағы  толығықтай  инфрақұрылыммен 

қамтылған, 25 млрд.теңге бөлінді. 

 «Сарыарқа»  АЭА  аумағында  6  жоба  пайдалануға  берілген  –  «Бёмер 

Арматура»  ЖШС,  «Изоплюс  Центральная  Азия»  ЖШС,  «Tau-Ken  Temir» 

ЖШС және «Hyunwoo Central Asia» ЖШС, «Seven Refractories Asia» ЖШС, 

«Recycling  Company»  ЖШС.  Жүзеге  асырылу  сатысында  3  жоба  -  «Steel 

manufactoring» ЖШС, «Завод ЭкоЛампа» ЖШС, «Өтеміс LTD» ЖШС. 

 «Сарыарқа»  АЭА  жұмыс істеуінің  барлық  кезеңінде  қатысушылармен 

салынған  инвестиция  көлемі  22,8  млрд.  теңгені  құрады.  Салықтық 

түсімдердің жалпы көлемі 1,9 млрд. теңгені құрады. Өндірілген өнім көлемі 

32,1 млрд. теңгені құрады. 608 жұмыс орны құрылды.  

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА (2011 – 2035 жылдар) 

 «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА инфрақұрылымы 100 %-ға аяқталды.  

АЭА көлік аймағының түйінді элементі тар және кең табанды теміржол 

жолдары  арасындағы  вагондардың  шамадан  артық  тиеу,  автожол  көлігін 

және  терминалдық-қоймалық  шаруашылықты  қабылдауға  арналған 

объектілер мен құрылғыларды қамтитын Құрлықтағы порт болып табылады. 

Құрлықтағы  порттың  операторы  «KTZ  Express»  АҚ  еншілес 

компаниясы  –  «KTZE  –  Khorgos  Gateway»  ЖШС  «DP  World» 

компаниясының ірі порттық операторымен бірлесіп шығады.  

Бүгінгі күні «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-да 76 қатысушы тіркелген, 

оның ішінде: 

-  құны  40,4  млрд.  теңге  болатын  коммерциялық  режимде  бір  жоба 

жұмыс  істейді  («KTZE-Khorgos  Gateway»  ЖШС,  Құрғақ  порт).  245  жаңа 

жұмыс  орындары  құрылды.  Пайдалануға  енгізілген    кезеңнен  бастап 

өндірілген өнім көлемі 1,34 млрд.теңгені құрады. Салық төлемдері шамамен 

150 млн.теңге; 

-  жалпы  сомасы  5,5  млрд.теңгені  құрайтын,  іске  қосылғаннан  кейін 

110 тұрақты жұмыс орнын құрумен 3 жоба жүзеге асырылу сатысында («Заря 

ltd»  ЖШС  –  бидай  және  бұршақ  дақылдарын  сақтау  және  тасымалдау; 

«Феникс Фид Миллс» ЖШС – бидай дақылдарын сақтау, қоспа жем өндіру; 

«East Gate Partners» ЖШС – тұтыну өнімдерін өндіру) 

«Тараз химия паркі» АЭА (2012 – 2037 жылдар) 

«Тараз химия паркі» АЭА-ның инфрақұрылымы 73 %-ға орындалды. 

«Тараз  химия  паркі»  АЭА-ғы  инфрақұрылымының  құны  34,2  млрд. 

теңгені  құрайды.  Оның  ішінде  «Біріккен  химиялық  компания»  ЖШС-ның 

жарғылық капиталын капиталдандыруға 25,2 млрд. теңге бөлінді. 

Инфрақұрылым  құрылысының  бірінші  кезегін  2017  жылдың  2-

тоқсанында аяқтау жоспарлануда. Екінші кезекті 2018 жылдың 4-тоқсанында 

аяқтау көзделуде. Жобалық қуатқа шығу АЭА аумағында басым жобаларды 

пайдалануға бергеннен кейін 2023 жылға белгіленген. 

Бүгінгі  күні,  «Тараз  химия  паркі»  АЭА-ның  аумағында  6  қатысушы 

тіркелген. Тартылған инвестициялар көлемі 12,8 млрд. астам теңгені құрады, 

салықтық түсімдердің көлемі 0,55 млрд. теңгені құрады. 131 тұрақты жұмыс 

орны құрылды. 



 

 

«Астана  қаласы  әуежайының  жаңа  терминалының  құрылысын 



және ұшу-қону жолағын реконструкциялауды қамтамасыз ету»   

«Астана 


халықаралық 

әуежайының 

жолаушылар 

терминалын 

реконструкциялау» жобасы бойынша бас мердігер - Mabco Construction 2 іске 

қосу кешені бойынша жұмыстарды аяқтады. 

Ағымдағы  жылғы  31  мамырда  Астана  қаласындағы  әуежай  бірінші 

кезектегі объектілерді пайдалануға беру актісіне қол қойды.  

-  жолаушылар  терминалының  ғимараты,  вокзал  маңындағы  алаңды 

реконструкциялау; 

перронды 



және 

орталық 


май 

құю 


станциясын 

(ОҚС) 


реконструкциялау. 

Бұл  объектілер  әуе  кемелерін  қауіпсіз  қабылдаудың  және  ЭКСПО-17 

көрмесін  өткізу  кезінде  Астана  қаласына  келетін  жолаушылар  мен 

қонақтардың  ұшуларын  қамтамасыз  ету  бойынша  қызметтерді  көрсетудің 

негізі болып табылады. 

Маусым  айынан  бастап  17  шетел  авиакомпаниялараының  рейстеріне 

қызмет  көрсетіледі    («LOT  Polish  Airlines»,  «WizzAir»,  «FinnAir»,  «Air 

China», «Lufthansa», «Air Arabia» және басқалар).  

Дели,  Варшава,  Хельсинки,  Будапешт,  Пекин,  Ереван,  Киев,  Батуми, 

Минеральные Воды қалаларына жаңа рейстер  ашылды.  

Ағымдағы  жылы  Астана  қаласы  әуежайындағы  жолаушылар  ағыны  

(7  ай)    2016  жылғы  ұқсас  кезеңмен  салыстырғанда  16%    артты  немесе  2,2 

млн.жолаушы.  

 

«Батыс  Еуропа  –  Батыс  Қытай;  Астана  –  Алматы;  Астана  – 



Өскемен;  Астана  –  Ақтөбе  –  Атырау;  Алматы  –Өскемен;  Қарағанды  – 

Жезқазған 

– 

Қызылорда; 

Атырау 

– 

Астрахан 

автожол 

магистральдарының жол учаскелерін салуды қамтамасыз ету» 

  

2016  жылы  жоғарыда  көрсетілген  жобалардың  іске  асырылуына 

Республикалық  бюджеттен  және  Ұлттық  қордан  266,8  млрд.теңге  бөлінді, 

олар толығымен игерілді. 

Оның ішінде, жол учаскелері бөлінісінде: 

1) Батыс Еуропа – Батыс Қытай 

2016  жылдың  қорытындысы  бойынша  Ташкент-Шымкент-Жамбыл 

облысының  шекарасы  және  Алматы-Қорғас  соңғы  учаскелерінде  жұмыстар 

аяқталды және дәліздің барлық ұзақтығында қозғалыс ашылды. 



2) Астана-Алматы 

Жоба  шеңберінде  Астана-Теміртау  (171  км)  және  Алматы-Қапшағай 

(104  км)  учаскелері  аяқталды.  Теміртау-Қарағанды  (14  км)  учаскесінің 

реконструкциясы жүргізілуде. 

Ұзақтығы  228  км  Бұрылбайтал-Құрты  учаскесін  Халықаралық  және 

Еуропа  Қайта  жаңарту  және  Даму  банкілерінің  қарыздары  есебінен 

реконструкциялау жоспарлануда.  



2016  жылы  143  км  реконструкциялау  үшін  Еуропа  Қайта  құру  және 

Даму банкісімен 173 млн. АҚШ долл. сомасына қарыз туралы келісімге қол 

қойылды. 85 км реконструкциялау үшін Халықаралық Қайта құру және Даму 

банкісімен  103  млн.  АҚШ  долл.  сомасына  қарыз  туралы  келісімге  қол  қою 

2017  жылғы  шілде  айында  жоспарлануда.  Реконструкцияны  2017  жылдың 

екінші жартыжылдығында бастау жоспарлануда. 

2016  жылғы  30  қыркүйектегі  №  3706  Мемлекет  басшысының 

тапсырмасына сәйкес ұзақтығы 772 км Қарағанды-Бұрылбайтал және Құрты-

Қапшағай  учаскелерінің  реконструкциясын  неғұрлым  кешірек  мерзімге 

ауыстырылды.  



3) Астана-Өскемен 

Жобаны  іске  асырудың  басынан  бастап  230  км  жұмыстар  аяқталды, 

оның  ішінде  Астана-Павлодар  учаскесінде  –  59  км  және  Павлодар-Семей-

Қалбатау – 171 км. 

Астана-Павлодар  учаскесінің  382  км  және  Павлодар-Семей-Қалбатау 

учаскесінің 293 км реконструкция жалғастырылды. 

Ұзақтығы  102  км  Қалбатау-Өскемен  учаскесін реконструкциялау  ҚХР 

Эксим  банкінің  қарызы  есебінен  Алматы-Өскемен  жобасы  шеңберінде 

жоспарлануда.  

4) Астана-Ақтөбе-Атырау-Астрахань 

Мемлекет  басшысының  тапсырмасына  сәйкес  ұзақтығы  1  273  км 

Астана-Арқалық-Торғай-Ырғыз-Шалқар-Қандыағаш 

учаскесінің 

реконструкциясы неғұрлым кешірек мерзімге ауыстырылды.  

Ақтөбе-Қандыағаш  (159  км),  Атырау-Астрахань  (274  км)  учаскелерін 

Ислам  Даму  банкі,  Қандыағаш-Мақат  (299  км)  учаскесін  Азия  Даму  банкі 

қарыздары  есебінен  реконструкциялау  жоспарлануда.  Азия  Даму  банкімен 

2016  жылы  келісімге  қол  қойылды,  Ислам  Даму  банкі 2017  жылғы  шілдеде 

қол қою жоспарлануда. 

Сонымен қатар Ұлттық қордың қаражаты есебінен Ақтөбе мен Атырау 

аралығында  26  км  реконструкциясы  жүргізілуде,  2017  жылы  аяқталу 

жоспарлануда. 

 5) Алматы–Өскемен 

Жоба  шеңберінде  Қапшағай-Талдықорған  учаскесінің  117  км 

реконструкцияланды.  

2017  жылы  қалған  24  км  аяқтау  жоспарлануда.  Талдыөорған-Өскемен 

учаскесін  реконструкциялау  ұзақтығы  763  км  ҚХР  ЭксИмБанкінің 

қарыздары есебінен 2017 жылы бастау жоспарлануда. 



6) Қарағанды-Жезқазған-Қызылорда 

Мемлекет  басшысының  2016  жылғы  тапсырмасына  сәйкес  ұзақтығы 

925  км  автожолдың  реконструкциясын  бастау  реконструкциясын  неғұрлым 

кешірек мерзімге ауыстырылды. 

 

«Құрық  портында  паромдық  өткелді  және  Боржақты  –  Ерсай 

теміржол желісін салуды аяқтау» 

Боржақты – Ерсай теміржол желісінің құрылысы 



- желінің ұзақтығы – 14 км; 

- құрылыс кезеңі – 2014-2016 жылдар; 

2016 жылғы 15 тамызда объект қабылдау комиссиясымен пайдалануға 

тапсырылды. 

 «Боржақты – Ерсай» теміржол желісінде 30 жұмыс орны құрылды. 

 

Құрық портындағы паром өткелін салу 

Іске асыру кезеңі – 2015-2016 жылдар. 

2016 жылғы 6 желтоқсанда 1-ші іске қосу кешені пайдалануға берілді. 

Паром  терминалының  операциялық  қызметі  ағымдағы  жылғы  

24  наурызда  басталды.  Ағымдағы  жылғы  1  қыркүйектегі  жай-күй  бойынша 

756  мың  тонна  жүгі  (11  045  вагон)  ауыстырып  тиелді,  оның  ішінде:  мұнай 

өнімдері - 241 мың тонна, машина және жабдықтар – 291 мың тонна, халық 

тұтынатын тауарлар – 182 мың тонна, басқа жүктер – 42 мың тонна. 

 

«Ғылыми және инновациялық әлеуеттерді: «ИТП» ДКҚ базасында 



дамыту бойынша шаралар қабылдау» 

Бүгінгі  күні  Инновациялық  кластер  шеңберінде  47  ғылым  және  білім 

беру мекемелері шоғырланған (21 ЖОО, 24 ҒЗИ, 2 технопарк). Оның ішінде, 

2017 жылдың 1-ші жартыжылдығында «ИТП» ИК-не С.Сейфуллин атындағы 

Қазақстандық  Агротехникалық  университеті  мен  Л.Н.Гумилев  атындағы 

Еуразиялық Ұлттық Университеті қосылған болатын.  

Бүгінгі  күні  «ИТП»  ДКҚ  келесі  ЖОО  мен  ҒЗИ-мен  локальдық 

акселерацияға қатысу туралы Келісімге қол қойылды:  

- 15.02.2017 ж.  ШМҚ «Жану мәселелері институты» РМК 

-  15.02.2017  ж.  «Сапа»  «Ресурсты  үнемдеу  технологияларының 

ғылыми-өндірістік орталығы»  ЖШС  

- 15.02.2017 ж Қазақстан-Неміс Университеті.  

2017  жылғы  қол  жеткізген  келісімдер  шеңберінде  «ИТП»  ДКҚ  мен 

«Ақпараттық  технологиялардың  халықаралық  университеті  (бұдан  әрі  – 

АТХУ)»  алаңында  АҚ  кварталын  құру  жөнінен  бірлескен  жұмыстар 

жүргізілуде. 2017 жылғы 2 мамыр аталмыш бағыт бойынша «ИТП» ДКҚ мен 

АТХУ арасында әріптестік пен өзара қарым-қатынас туралы меморандумына 

қол қойылды.  

Сондай-ақ,  қазіргі  уақытта  Жаңа  материалдар  саласындағы 

Пенсильвания  Университетінің  (АҚШ),  ТКК/МГС,  «ИТП»  АЭА,  Аддитивті 

машина  құрылысы,    Қ.И.  Сәтпаев  атындағы  ҚазНИТУ-мен  бірлесе  отырып 

аспирантураға бағдарлама тарту бойынша мүмкіншілігі қарастырылуда. 

Осылайша,  2017  жылдың  1  жартыжылдығында  ғылыми-оқу 

мекемелерімен  ынтымақтас  жоғарыда  көрсетілген  жүзеге  асырылған 

құрастырылған  өзекті  бағдарламасына  сәйкес,  ынтымақтастық  дамыту 

қызметі  бойынша,  бірінші  қатарда  «ИТП»  ДКҚ  инновациялық  кластерін 

қалыптастыру бөлігінде: 

-  инновациялық кластерін қалыптастыру; 




-  жоғары  оқу  орындарымен  және  ҒЗИ  ғылыми-зерттеу  әлеуетін 

топтастыру және өзектендіру; 

-  жоғары  оқу  орындарымен  және  ҒЗИ  перспективалы  инновациялық 

жобаларды  іріктеу  және  қолдау  көрсету  бойынша  бірлескен  іс-шаралар 

жүргізу; 

жоғары 



оқу 

орындарымен 

және 

ҒЗИ 


жер 

қойнауын 

пайдаланушылардың,  ұлттық  компаниялардың  және  басқа  да  бизнес 

субъектілерінің  технологиялық  міндеттері  шешімін  іздестіру  бағытында 

жұмыстарды күшейту; 

-  «5  институционалды  реформаларды  іске  асыру  бойынша  100  нақты 

қадам»  Ұлт  жоспарының  63-қадамын  іске  асыру  шеңберінде  жоғары  оқу 

орындарымен ҒЗИ базасында технологиялық орталықтар құру. 



 

«Төртінші  өнеркәсіптік  революцияның  элементтерін  қамтитын 

өнеркәсіптің  базалық  салаларын  технологиялық  қайта  жарақтандыру 

бойынша 2025 жылға дейінгі шаралар кешенін әзірлеу және қабылдау»   

Қазіргі  уақытта  «Төртінші  өнеркәсіптік  революцияның  элементтерін 

қамтитын 

өнеркәсіптің 

базалық 

салаларын 

технологиялық 

қайта 


жарақтандыру бойынша 2025 жылға дейінгі шаралар кешенін бекіту туралы»  

ҚРҮҚ  жобасы ішкі келісу рәсімінен өтуде. 

 

«Үкіметтік  бағдарламаны  (Ұлттық  инвестициялық  стратегия) 

әзірлеу және қабылдау» 

 

Министрлік  Дүниежүзілік  банктің  сарапшыларымен  бірлесіп  «Ұлттық 

инвестициялық  стратегия»  үкіметтік  бағдарламасы  Қазақстан  Республикасы 

Үкіметінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 498 қаулысымен бекітілді. 



 

«Жаңа нарықтарға шығу және тау-кен металлургиясы мен мұнай-

газ  салаларының  өнімдерін  жеткізу  географиясын  кеңейту  бойынша 

шаралар қабылдау»   

«ҚазЭкспортГарант»  Экспорттық-кредиттік  сақтандыру  компаниясы» 

АҚ-ның атауын «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ға 

өзгерту  бойынша  жұмыс  жүргізілді  («Бәйтерек»  ҰӘҚ»  АҚ  басқармасының 

2017 жылғы 24 ақпандағы шешімі, № 09/17 хаттама). 

Бұдан  басқа,  «ҚР  Үкіметінің  кейбір  шешімдеріне  өзгерістер  мен 

толықтырулар  енгізу  туралы»  ҚРҮ  2017  жылғы  10  наурыздағы  №  112 

қаулысымен  «KazakhExport»  Экспорттық  сақтандыру  компаниясы»  АҚ 

ұлттық компаниялар тізбесіне қосылды.  

Қазақстан  Республикасы  Премьер-Министрінің  2017  жылғы  31 

наурыздағы  №  40-р  өкіміне  сәйкес  бизнес-қоғамдастықтардың  қатысуымен 

Экспорттық саясат жөніндегі кеңес құрылды. 

Сонымен бірге, Министрлік пен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер 

министрлігінің  арасында  қазақстандық  өнімнің  экспортын  ілгерілету 

бойынша  өзара  іс-қимыл  жоспары  әзірленді.  Жоспарды  іске  асыру  әлеуетті 

өткізу  нарықтарын  талдауда  және  әрбір  тауарлық  ұстанымның  қажеттілігі 




дәрежесіне негізделетін болады. Бұл ретте тау-кен-металлургия және мұнай-

газ  салаларының  өнімдерін  жеткізу  географиясын  кеңейту  және  жаңа 

рыноктарға  шығару    бойынша  құны  жоғары  өнімге  басымдылық  беріледі. 

Бұл  жұмысқа  қазақстандық  шет  елдердегі  мекемелер  сондай-ақ  «Kazakh 

Export»  экспортты  жылжыту  бойынша  ұлттық  операторы  белсенді  түрде 

тартылатын болады.     

Бұл  құжат  өнеркәсіп  салаларының  дамуында  инвестициялық  және 

экспорттық  бағыттарда  ведомстволардың  біріктіру  және  күш-жігерді 

үйлестіру,  сондай-ақ  тау-кен-металлургия  және  мұнай-газ  салалары 

өнімдерін жеткізу географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді. 



Анықтама ретінде: 

Сондай-ақ,  шикізаттық  емес  экспортты  қолдау  бағдарламасы  сәтті  жүзеге 

асырылуда,.  Экспортты  қолдау  жүйесі  «бір  терезе»  қағидаты  бойынша  құрылды. 

Кәсіпорындар  кемендік  қызмет  алады  –  талдамалық  сүйемелдеуден  бастап  шетелден 

сатып  алушыларды  /әріптестерлі  нысаналы  іздеуге  дейін.  Жыл  сайын  300-ден  астам 

қазақстандық  экспортқа  бағдарланған  кәсіпорындар  Бағдарламасына  қатысады,  оның 

ішінде тау-металлургиялық және мұнай-газ өнеркәсіп салаларында,. 

Қаржылық  емес  (сервистік)  қызметтік  қолдаулар  бизнес  –  қолданыстағы 

экспорттаушыларда дәстүрлі түрде жоғары қызығушылығы бар. Бұл сауда миссиялары, 

бейіндік  көрмелер,  оның  ішінде  бірыңғай  ұлттық  стендтер,  шетелдегі  жарнамалық-

таныстыру  іс-шаралар шеңберінде. 

Әсіресе  қазақстандық  экспорттаушылардың  арасында  экспортқа  шыққан 

кәсіпорындарға олардың шығындарының 50%-ы өтелетін өтеу бағдарламасы сұранысқа 

ие.  2016  жылдың  қорытындысы  бойынша  189  экспорттаушы  жалпы  сомасы  1,3  млрд. 

теңгені  құрайтын  өздерінің  шығындарын  өтеді.  Барлық  қолдау  экспорттаушылар 

арналған export.gov.kz терезесы арқылы тегін көрсетіледі. 

 

«Құрық  портын  салудың  екінші  кезеңін  –  автомобиль  өткелінің 



құрылысын іске асыру» 

 

Құрық  портын  салудың  екінші  кезеңін  іске  асыру  аясында  Құрық 

портында  гидротехникалық  құрылыстар  (жағалаудағы  толқын  тоқсы  және 

толқын  тосқы),  автокөлікті  ауыстырып  тиеуге  арналған  өтпелі  көпірі  бар 

пирс,  порт  флотының  айлағы  және  айлақтық  қабырғасы  бар  жүк  алаңы 

салынуда. 

 

«ТКШ  объектілерін  жаңғырту  үшін  одан  әрі  жекешелендіру 

мүмкіндігімен оларды басқаруға және концессияға беру» 

 

Қазіргі  уақытта,  республикада  әкімдіктердің  ақпараттары  бойынша  

жылумен,  сумен  жабдықтау  және  су  бұру  саласында  қызмет  көрсететін  336 

коммуналдық  кәсіпорын  қызмет  көрсетуін  жүзеге  асырады.  Оның  40  жеке 

меншікте, 49 сенімді басқаруда, 14 мемлекеттің қатысуымен жеке, қалған 233 

кәсіпорын коммуналдық меншікте қалды. 

Халықты  сумен  жабдықтау  және  су  бұрумен  қамту  88  және  84% 

қалаларда  және  52,3  пен  11,2%  ауылдық  елді  мекендерде.  Жылумен,  сумен 

жабдықтау және су бұру желілерінің тозу деңгейі 63%.    

Халықты  одан  әрі  коммуналдық  қызметпен  қамтуды  кеңейту  және 

оның  сапасын  арттыру  үшін  осы  салаға  ауқымды  инвестиция  қажет. 



Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін тұрақты пайдалануды, 

күтіп  ұстау  мен  қаржыландыруды  қамтамасыз  ету  үшін  басқаруды, 

техникалық және қаржылық әлеуетті дамытуды талап етеді. 

Бюджеттік  инвестициялардың  қысқаруы  «Нұрлы  Жол»  бағдарламасы 

(жүйелердің  тозуының  57%-ға  дейін  төмендеуі)  және  Өңірлерді  дамыту 

бағдарламасында  (сумен  қамтамасыз  етуді  97%-ға  дейін)  қаралған 

индикаторларға  тікелей  әсер  ететін  болады.  Мемлекеттік–жекешелік- 

әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) тетігі арқылы жекеменшік капиталды тартудың 

мемлекеттік міндеттерді орындау үшін шешуші маңызы бар.  

Қазіргі уақытта ТҮКШ секторына МЖӘ-ні енгізу үшін барлық қажетті 

заңдар  мен  заңға  тәуелді  актілер  қабылданды.  МЖӘ-нің  жобаларын 

жоспарлау,  әзірлеу,  дайындау  және  сараптау  жергілікті  деңгейде  жүзеге 

асырылады  және  жергілікті  атқарушы  органдардың  (бұдан  әрі  -  ЖАО) 

құзыретіне  кіреді.  Алайда,  әкімдіктердің  ТҮКШ  секторына  МЖӘ-ні  енгізу 

жөніндегі белсенділігі төмен болып қалуда.  

Елбасының  тапсырмасын  орындау  шеңберінде  Ұлттық  экономика 

министрлігі  МЖӘ  –  «Бағдарламалық  МЖӘ»  жаңа  нысанын  енгізуді 

пысықтауда, оған сәйкес жеке әріптесті таңдау және МЖӘ жобаларын жүзеге 

асыру  бойынша  барлық  рәсімдер  әрбір  сала  үшін,  оның  ішінде  ТҮКШ 

саласында  қарапайым  нысанда  жеке  жазылатын  болады.  Бұл  шара  бизнес-

бірлестіктері мен ЖАО өкілдерін МЖӘ жобалары бойынша үлкен құжаттама 

пакеттерін  әзірлеуден  және  көптеген  сараптама  мен  келісімдерден  өтуден 

босатады. 

Тиісті  түзетулерді  бюджеттік  заңнамаларды  жетілдіру  бойынша  заң 

жобасы шеңберінде енгізу жоспарлануда. 

Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) облыс 

әкімдіктерінің, 

мүдделі 


мемлекеттік 

органдардың, 

коммуналдық 

кәсіпорындардың,  халықаралық  қаржы  ұйымдарының  (ЕРДБ,  АДБ) 

қатысуларымен МЖӘ мәселелері бойынша бірнеше селекторлық мәжілістер, 

дөңгелек үстелдер, оқу семинарлар өткізді. 

«Тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылығын  жаңғырту  мен  дамытудың 

қазақстандық  орталығы»  АҚ-да  МЖӘ-нің  мәселелері  бойынша  call-

орталығының  жұмысы  ұйымдастырылған,  сайтта  ТҮКШ-дегі  МЖӘ-нің 

өзекті  мәселелері  бойынша  ақпарат  орналастырылып,  онлайн  режимінде 

сұрақтар  қою  мүмкіндігі  жасалған.  Өңірлерде  көшпелі  мәжілістер  өткізіліп, 

МЖӘ-ні  енгізу  және  әрі  қарай  жобаларды  бірлесіп  дайындап  жүзеге  асыру 

мәселелері талқыланды.   

 ТҮКШ  объектілерін  басқаруға  немесе  жаңғырту  үшін  әрі  қарай 

жекешелендіру мүмкіндігімен концессияға беру мәселелері бойынша жұмыс 

тобы ТҮКШ саласындағы жергілікті МЖӘ жобаларының тізімін бекіткен.  

Министрлік  және  облыстардың,  Астана  және  Алматы  қалаларының 

әкімдіктері арасында ЖҰЖ 35-тармағын орындау және ТҮКШ саласындағы 

жергілікті МЖӘ жобаларын іске асыру бойынша өзара түсіністік және өзара 

іс-қимылы туралы Меморандумдарға қол қойылды.  




Жүргізілген  жұмыс  нәтижесінде  7  сенімді  басқару,  17  концессиялық 

және  МЖӘ-нің  басқа  түрлері  бойынша  15  МЖӘ  жобаларының  тізімі 

қалыптастырылды.  

Сенімді  басқаруға  берілген  Қызылорда  қаласының  сумен  жабдықтау 

жүйелері,  Ақтөбе  қаласының  жылумен  және  сумен  жабдықтау  жүйелері  ең 

ірі  жобалар  болып  табылады.  Бұл  жобалар  ЕРДБ-мен  бірлесіп  іске 

асырылатын болады.  

Халықаралық  тәжірибе  коммуналдық  секторды  дамытып,  басқаруда 

жеке  бизнестің  қатысуының  әртүрлі  нәтижелері  болатынын  көрсетіп  отыр. 

Егер  бір  елдерде  оң  тәжірибе  болса,  басқаларда  коммуналдық 

кәсіпорындардың  пайдасына  МЖӘ-ні  қысқарту  байқалуда.  ТҮКШ  саласын 

жоғары  деңгейде  коммерцияландыру  тарифтер  мен  тұрғындардың  төлем 

қабілеттілігіне  тікелей  байланысты  және  оған  ықпал  етеді,  осыған 

байланысты, тіпті дамыған еуропалық елдерде коммуналдық қызмет көрсету 

саласында мемлекеттің үлесі айтарлықтай. 

ТҮКШ 


объектілерінің 

аса 


әлеуметтік 

және 


стратегиялық 

маңыздылығын,  басқа  елдердің  тәжірибелерін  және  ХҚҰ  ұсынымдарын 

ескере  отырып,  МЖӘ-ні  барлық  ықтимал  тәуекелдерді  және  коммуналдық 

инфрақұрылымның даму тәжірибесін ескере отырып, кезең-кезеңмен енгізуді 

ұсынамыз. 

Тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық  объектілері  бірінші  кезеңде 

сенімді  басқаруға  (басқаруға  шарт)  3-5  жыл  мерзімге  беріледі.  Кезеңнің 

мақсаты  кәсіпорынды  сауықтыру,  менеджментті  жақсарту,  субъектінің 

инвестициялық  бағдарламасын  оңтайландыру,  тікелей  міндеттерді  орындау 

және  тиімділік  индикаторларына  қолжеткізуді  қамтамасыз  ету  болып 

табылады.  Сонымен  қатар,  осы  кезеңде  объектінің  инвестициялық 

тартымдылығын алдын ала бағалау жүргізіледі. 

Сенімді басқарудың негізі нақты белгіленген тиімділік индикаторларын 

орындаумен  бағаланатын  жеке  әріптестің  міндеттемелерін  анықтау  болып 

табылады. 

Осы  кезеңде  мемлекеттік  әріптес  жеке  әріптеске  басқару  үшін  ақы 

төлейді,  тиімділік  индикаторларын  орындауға  тәуелді  болатын  ауыспалы 

құрамды және тұрақты бөлікпен құрылымдалады. 

Екінші кезеңде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектісі мерзімі 

10-30  жылға  концессияға  беріледі,  оның  мақсаты  тұрғын  үй-коммуналдық 

шаруашылық  объектілерін  реконструкциялау  мен  жаңғыртуды  іске  асыру, 

энергия  тиімді  технологияларды  тарту  үшін  жеке  инвестицияларды  тарту 

болып табылады. 

Мемлекеттік  әріптес  жеке  әріптестің  инвестициялық  шығындарын 

тариф  арқылы  және/немесе  тікелей  өтейді  (инвестициялық  шығындарды 

өтеу). 


МЖӘ-нің  даму  процесі,  бірінші  кезекте  деңгейі  инфляцияға  тікелей 

ықпал  ететін  коммуналдық  қызметтер  тарифтеріне  байланысты  ТҮКШ 

саласының бүгінгі күнге коммерциялық тартымды болмағандықтан алғашқы 

жобаларды  жүзеге  асыру  барысында  алынған  тәжірибе  мен  нәтижелерді 




ескере  отырып  кезегімен  өтуі  қажет  деп  тұжырымдаймыз.  Жекеменшік 

инвестициялардың  қайтарымдылығын  қамтамасыз  ету  тарифтердің  едәуір 

көтерілуін  және  оларды  субсидиялауға  немесе  инвестициялық  шығындарды 

өтеу  үшін  мемлекеттік  қаржы  бөлінуін  қажет  етеді.  Ағымдағы  жағдайды 

талдау  МЖӘ  жобалаары  үшін  Қазақстан  Республикасында  құқықтық  және 

экономикалық  негіздің  барлығын  көрсетіп  отыр,  тиісті  дайындық  және 

ұйымдастыру шаралары өткізілді.Өңірлерде нақты жобаларды тікелей жүзеге 

асыру келесі кезең болып табылады.   

Қаржылай тұрақты және тиісті тәжірибесі бар потенциалды жекешілік 

әріптестерді тарту қажеттігін ескере отырып, МЖӘ жобаларын жүзеге асыру 

ұзақтығын,  аталған  тапсырманың  орындалуын  ұзақ  мерзімге  ауыстыруды 

сұраймыз.  

МЖӘ  жобаларын  іске  асыру  мерзімдерінің  ұзақтығына  байланысты 

осы  тармақ  ҚР  ПӘ Басшысының  2017 жылғы  22  тамыздағы  № 4194-4  ПАБ 

тапсырмасымен ұзақ мерзімді бақылауға ауыстырылды. 

 

_____________________ 



жүктеу 128,68 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау