295
əлгі ұғым осыған орай туған. Бұл тұста əрбір қаламгердің
сөз жарату қабілет-қарымына қарай бірінде бар, бірінде аз,
бірінді көп кездесе береді. Жалпы жаңалық дейтіннің бəрі
көктен түсетін нəрсе емес. Оның бəрі бұрыннан тілде бар
сөздер негізінде жасалады. Ғалымдардың (Ə. Қайдар) айту-
ынша, бұлар бұрын бар сөздер негізінде жасалатын лексика-
семантикалық жəне аналитикалық комбинациялар, «жаңа
қолданыстар». Солардың кейбір үлгілерін, яғни модельдерін
көрсетелік. Мысалы, қазақ тілінде ежелден қолданып келе
жатқан қаһарман, атарман, шабарман, өлермен деген
сөздер бар. Міне, осылардың негізінде көрермен, оқырман,
тыңдарман (слушатель) пайда болды. Сонда бұл жерде бір
кезде өнімсіздеу қосымшалардың қатарында аталатын ман,
мен сөзжасам процесінде қайта жандана бастағанын көреміз.
Сондай-ақ,
-ым, -ім: басылым, қойылым, айналым, сұранымдар,
жайылым, кешірім, келісім, шешім, тұжырым;
-дама, -деме: бағдарлама, тұжырымдама негізінде
мақсатнама, мұратнама, баяндама, мазмұндама, мінездеме,
кепілдеме, хабарлама негізінде;
-ыс, -іс: айналыс, көрініс, беріліс, сұраныс, тапсырыс,
байланыс, жеңіс, жиналыс, жарылыс негізінде жасалып
отыр.
Сөзжасамның тағы бір түрі – қолданыстағы сөздерге
қосымша, үстеме қызмет беруден байқалды. Мұны
семантикалық жүктеме деуге де болады. Мəселен, кейінгі
кезде жиі қолданыла бастаған «зейнеткер», «зейнетақы»
деген сөздер қайдан шықты. Бұл пенсионер, пенсия деген
терминдердің баламасы ретінде алынған, өзімізге ерте-
ден етене таныс, тіпті «бейнет, бейнет түбі – зейнет» де-
ген мақалға да сіңген байырғы сөздер. Мұның түп-төркінін
іздейтін болсақ, əріге араб, парсы тілдеріне тереңдейміз.
Н. Оңдасынов, Е. Бекмаханбетов, Л. Рүстемов сөздіктеріне
үңілсек зейнет сөзінің мағынасы рахат (наслаждение,
блаженство) дегенді білдіреді екен. Ал «қаріп-қасерлерге
296
берілетін жəрдем, төлем» деген мағынаны беретін латын
сөзі – пенсия əрине рахаттан алшақтау. Алайда еңбек етіп
бейнеттенген адамның зейнетін көруі ақиқат екені жұртқа
аян. Пенсияға дөп келетін балама іздеу барысында зейнеттің
осы бір мағынасын қатты ұстанып, зейнетақы (жəрдемақы
ғой бір қарағанда) деген нақты термин жасалған. Осын-
дай ізденістер мен əрекеттер нəтижесінде талай сөздеріміз
терминдік мəнге көшкені мəлім.
Терминжасам мəселесінде қазақ тілінің мүмкіндігін
пайдаланудың тағы бір жолы – калькалау тəсілінен көрінеді.
Мұның ғылыми əлемде төрт түрі белгілі. Біздің материалы-
мызда да сол қалыптасқан қағидаға итермелейді. Соны еске
алсақ:
1) Лексикалық калька немесе мұны кейде балама-калька-
лар деп жүрміз: екпінді – ударник, кеңес – совет, жарыс – со-
ревнование, шарт – договор;
2) Мағыналық калька, яғни түп сөздің негізгі мағынасын
беру: қызыл бұрыш – красный уголок, еңбеккүн – трудодень,
қайта құру – перестройка, маскүнем елесі – белая горячка,
денеқызуы – температура.
3) Морфологиялық калька: таптастыру – классифика-
ция, келісім – соглашение, қарынша – желудочек.
4) Аналиткалық калька: бейнежазба – видеозапись,
агроөнеркəсіп – агропромышленность, радиоқабылдағыш –
радиоприемник, бейнетаспа – видеолента, шағынаудан –
микрорайон. Мұның бəрі терминденуге бейім тұрған өз
байлығымызды сарқа пайдалану принципіне жатады.
Əңгіме терминжасам принципіне ойысқан соң, мына
мəселелерді де қаузай кетуге тура келеді.
Мəселен, туыс түркі тілдерінен сөз алу принципі жөнінде.
Бұл – күні бүгінге дейін еленбей, ескерілмей келе жатқан
туыс тілдер үшін аса қажет принциптердің бірі. Ойлап
қарасақ, өзара туыс отыз шақты түркі тілі, егер бір-бірімен
қатынасын үзбей, бірінің сөздік қорына екіншісі үңіліп
отырған болса, əсіресе терминологиялық жүйені түзер тұста,
297
өзінде жоқтың көбін өзді-өзінен тапқан болар еді. Біздің
білетініміз, осылайша жақындаса түсудің орнына, алшақтай
берген, аластай берген. Бұл ненің салдары екені зиялы
қауымға аян.
Түркі тілдері үшін мұндай жатбауырлық тарихи қасіретке
айналып кете жаздағаны мəлім. Бірінде жоқты бірінен алып
өзара байи, сөйтіп біртіндеп жақындаса, жанаса түсудің орны-
на туыстығы əлдеқайда алшақ тілдерден интернационалдық
терминдерді еншілеумен өзінің табиғи болмысынан айыры-
лып қала жаздады емес пе?!
Егер, əу бастан-ақ терминологиялық жүйе осы ыңғайда
қалыптасқанда, туыс тілдер үшін ортақ принциптерді
айқындауға болатын еді деп ойлаймыз. Сонда да терми-
нологияда ортақтық сипат бар деп есептеледі. Бірақ бұл
ортақтықтың бұл тілдердің ішкі табиғатынан емес, сырттан
келтірілген ортақтық. Яғни терминологиялық принциптер
тек орыс жəне интернационалдық терминдерден байқалады.
Сөйтіп орыс тілі арқылы таралған термин сөздерді əр тіл
өзінше алып жатты. Ал ұлттық, туыстық негіздегі ортақ
принцип жөнінде ешкімнің жұмысы болған жоқ.
Əйтсе де ғылым тілін қалыптастыру мəселесінде туыс
тілдер ғалымдарының аракідік бас қосып, ой-пікірін ортаға
салып отыруына болар еді. Мұндай əрекеттер болды да.
Бірақ, бір өкініштісі, мұндай жиындар болуын болғанмен,
пікір шындығы ылғи да белең ала қоймаған. Көбінің батылы
бармаған, барғандарының басы кеткен, қалғандары бұғып
қалған. Құдайға шүкір, енді бұрынғымыздың бəрін дерлік
əділеттің көзімен биік саналылық, біліктілік тұрғысынан
қарастырар, қайта қарар күн туды.
Өзара тəжірибе алмасу, тіл байлығымызға үңілудің пай-
дадан басқа зияны жоқ. Əсіресе терминология саласында
ортақтасар ойлар жеткілікті.
Түркі тілдері қаншама жеке-дара дамып келді десек
те, байырғы ортақ түбірлер (Ə. Қайдар) сақталып қалған.
Бұлар бəріне бірдей ортақ байлық. Міне, осы негіздің өзі-
Достарыңызбен бөлісу: |