285
үлгіні қайдан алды, кімге, неге сүйенді? Жоғарыда
аңдатқанымыздай, ол əуелі əлемдік тəжірибеге сүйенді, жан-
жақты ізденді, ана тілінің болмыс-бітімін түбегейлі тексерді.
Қазақ ғұламалары мен жазушыларының еңбектерін шарла-
ды. Бір таңқаларлығы, Ахаңды (Ахмет Байтұрсынұлы) оқу,
білу түгіл, есімін ауызға ала алмайтын кезеңнің өзінде
Іслəм оның бүкіл еңбегін түбегейлі зерттегені байқалады.
Жоғарыдағы айтылған үлгілер түгелімен Байтұрсынұлының
ұстанымдары. Жарылғапов терминдері деп аталып жүрген
атау сөздердің бəрі дерлік осы негізде жасалған.
Жалпы жаңа сөз жасау деген ұғым негізінде шартты нəрсе.
Тірек етер негіз бар жерде ғана жаңа сөздер қатарын тізуге
болады. Ахаң да, Іслəм да осыны қатты ұстанған. Яғни жаңа
сөз, жаңа қолданыс тілде бұрыннан бар түпнегізге сүйенеді.
Іслəм аға қазақ тілінің сөзжасам заңдылығын терең білген.
Ахаңа көп сүйенген. Жаңа жасалған термин сөздердің
қайсыбірін саралап көрелік. Мысалы, қазақ тілінде зейнет
деген сөз бар, тіпті «Бейнет, бейнет түбі – зейнет» деп жа-
тамыз. Сондай-ақ біреудің ақысын жеуге болмайды деген
ұғымды əйгілеп тұрған «ақы» сөзін алыңыз. Міне, осы «зей-
нет» пен «ақы» сөзін біріктіру арқылы «зейнетақы» деген
керемет термин сөз жасалды. «Қаламақы» да дəл осы прин-
циппен жасалған. Саябақ, тұсқағаз, орынтақ, жағажай,
қырыққабат, қолөнер, еңлікгүл, баспана, сарышұнақ,
төраға тəрізді аталымдар да осы принциппен түзілген.
Сөздерді біріктіру арқылы жаңа сөз жасау Ахаң көрсеткен
тəсіл.
Сонымен бірге Ахаң қазақ тіліндегі сөзжасау дағдысында
жалғау жұрнақтың атқарар рөлі айрықша екенін түйсініп,
осы негізде де талай сөз туындатқан. Осыны Іслəм да дамы-
та түскен, əдемі жалғастырған. Баспа + гер, дерек + теуіш,
қаза + нама, жазыл + ым, ұйғар + ым, келіс + ім, тыңдар +
ман, оқыр + ман, туын + ды, жүгін + гі, ғарыш + кер, дəріс +
хана, сарап + шы, күнде + лік, мəлімде + ме, мазмұнда +
ма, басқар + ма, анықта + ма, қайрат + кер, шебер + ха-
286
на т.т. тəрізді сөз үйірлері біздің қазіргі сөз байлығымызға
қосылған асқан үлгілер.
Сондай-ақ ол қазақ тілінің басқа да мүмкіндіктерін ба-
рынша пайдалануға тырысқан. Тіпті байырғы қарабайыр
қазақ сөзінің терминдік мəн тілеп тұрған табиғатын дөп
басып қолданысқа салып отырады. Сөздерді біріне-бірін
жаңаша тіркестіру арқылы да жасалған термин сөздердің
қатары да жетерлік. І. Жарылғаповтың аударма ісімен
түбегейлі айналысуы қазақ тілінің қадір-қасиетін, қуатын
терең сезінуге жетелеген. Ана тілінің əлі іске жаратылмай
жатқан түпсіз байлығының көзін аша түсуге итермелеген.
Аударма арқылы туған тілден балама іздеуде, тіпті калька-
лау тəсілінен де ол ешқандай қиналмайды. Еркін көсіледі.
Ешқандай балама таппай қиналған тұстың өзінде ол түпнұсқа
терминдерін қазақыландырудың түрлі жолын табуға тыры-
сып отырады.
Міне, сондықтан да Іслəмтану ілімінің əлі талай жаңа-
лықтарға жол ашары даусыз. Ол жасаған сөз үйірлерін зер-
делей келе біз тіліміздің мүмкіндігінің қаншалықты екеніне
қанығамыз. Ана тіліміздің, ғылымның сан саласында қыз-
мет етерлік қабілет-қарымы ұшан-теңіз екен дəлелдеуде
Іслəмнің алдына түсер ағайын көп емес.
Осындай ізденістерге риза болған суреткер Ғабит
Мүсіреповтің мына сөздеріне қайта бір жүгінген артық
болмас деп білеміз: «Тіліміздің қорында бар сөздерге
жаңа мағына беру жолындағы табыстарымызға мен
Іслəм Жарылғаповтың көрермен, оқырман, аялдама деп
қосқандарын орынды да орнықты көремін. Мен бұдан жеті-
сегіз жыл бұрын «Қазақ əдебиеті» газетінде «Асқындырып
алмайық, достар!» деген мақаламды жариялап едім, ол
мақаламда жоғары төменнен, аға жазушылар мен жас жазу-
шылардан ана тіліне жасалып жүрген жəбірлер жайында бо-
латын. Егер ана тіліміз үлкен талаптарды көтере алмайтын,
өспеген олақ тіл болса, бұл мақаланы жазбаған болар едім.
Жоқ, бұл бай тіл! Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді,
287
өгей ұлдары ғана аяққа басады!» Ал «балмұздақ» сөзін
алғаш естігенде, маңғаз да сабырлы Ғабең сүйсінісін жасыра
алмай, «бұл аударма ғана емес, ерлік!» деп таңданған екен.
Шебер аудармашы Іслəм Жарылғапов терминжасам
тəжірибесімен шұғылданумен бірге осы игі істі ұйымдастыру
шаруасының да басы-қасында болған. Бұл тұста ол профес-
сор Құдайберген Жұбановтың ізбасарларының бірі сияқты
көрінеді. Қазақ топырағында қазақ терминологиясының
ғылыми мəселелерімен тұңғыш айналысқан Құдекең бола-
тын. Ол 1933 жылы алғаш ұйымдастырған терминологиялық
комиссияның тұңғыш төрағасы еді. Ал 1937 жылдан былай
қарай жұмысын тоқтатқан осы комиссия ісіне Іслəм 50-жыл-
дардан бастап араласады. Оның ережесін жасап, жұмыстың
нəтижелі жүргізілуіне қолқабысын тигізеді.
Өткен ғасырдың 30-жылдарының аяғы мен 40-жылдар-
дың алғашқы жартысында бүкіл кеңес елімен бірге қазақ
халқының да қандай қасірет шеккені тарихтан белгілі. «Бай-
тал түгілі бас қайғы» болған сол бір кезеңде тоқтап қалған бұл
шаруаның басы-қасында, ескі араб жазуы негізіндегі білімі
мен жаңа дəуір ілімін де жеткілікті игерген Іслəм Жарылғапов
сынды білікті азаматтың болуы қазақ терминологиясының
дұрыс бағытта қалыптасуына игі əсерін тигізбей қойған жоқ.
І.Жарылғапов термин шаруашылығында барлық ғылым сала-
сы мамандарымен бірге жазушының да, аудармашының да,
жорналшының да, тіл мамандарының да бірлесе тірлік ету
керек екендігін бүкіл жан дүниесімен түсінді. Өмір бойы осы
бағытынан таймады. Ең бастысы, жасалған терминдердің
ана тілінің ішкі заңдылықтарына сəйкес болуын қадағалады.
Осыны ұстана отырып, термин жасау ісінде, ең алдымен, Ах-
мет Байтұрсынұлының ана тілі қазынасын сарқа пайдалану
принципіне берік болды. Сондықтан да Іслəм Жарылғапов
терминдері байырға қазынамыздай қабылданып, мəдени
өмірімізге қызмет етіп келеді.
Сонымен бірге, əсіресе термин мəселесімен айналы-
сып жүрген жандардың есіне сала кеткім келіп отырған бір
Достарыңызбен бөлісу: |