82
келеді. Мысалы: қада (qada) – вбивать, моңғолша осы-
лай (хаdа); аң (ən) – зверь; бұқа (buqa), моңғ. виха –
бык; жүрек (jіrеk, zиrеk) тəрізді сөздер түркі-моңғол
тілдерінің көбіне ортақ. Түркі тілдерінің кез келгенін осы-
лайша салғастырып қарар болсақ, ортақ түбірлерді мо-
лынан кездестіреміз. Ендеше, мұндай ортақ түбірлер
ортақ терминологиялық қор жасауға итермелейтінін көре-
міз. Көптеген тілдердің терминологиялық лексикасын
қарастырғанда, осындай мүмкіндіктің бар екенін жəне
олардың күнделікті өмірде осылайша пайдаланылып келе
жатқанын да байқауға болады.
Түркі тілдерінің сөздік құрамында көне дəуірде енген
кірме сөздер бар екенін ғалымдар (Н. Баскаков) əңгімелеп
келеді. Мұны қазақ тілінің фактілері де растайды (Н. Сау-
ранбаев, С. Аманжолов). Санскрит, көне иран жəне қытай
тілдерінің байырғы замандарда тілімізге еніп, сіңіп кеткен
сөздерін қазір айырып алу, əрине, оңай емес. Өйткені олар
барлық жағынан өзгеріп, өзгеше өріс тапқан сөздер. Əсіресе
санскрит элементтерін қазақ тілінен табу өте қиын. Бұлар
түркі тілдеріне, негізінен, көне ұйғыр тілі арқылы ерте за-
манда енген тəрізді. Тек сегі – сеru, sеrі (воин, войско) тəрізді
сөздерді ғана атауға болады.
Ал көне иран кірме сөздерінің қатарына арна (аrnа) –
жер суландыру үшін жасалған үлкен канал, кент (kent) –
қала, бөз (bos) – мақтадан жасалған материал тəрізді т.б.
бірнеше сөз жатқызылып жүр.
Сондай-ақ, қазіргі қазақ тілінің құрамындағы заң, шай,
шанақ сөздерінің бір кезде қытай тілінен ауысқанын бұл
күнде ескере де бермейміз. Бұлар, яғни санскрит, ескі иран
жəне қытай тілінің элементтері, өте көне дəуірлер жемісі
болып есептеледі, бір сөзбен айтқанда, бұлар – көне дəуірде
пайда болған кірме сөздер.
Сөз алмасу процесі мұнымен шектелмеген. XІ–XV ға-
сырлар арасында түркі тілдері төртінші бір арна – араб,
парсы сөздері ислам дінінің таралуымен бірге алдымен
83
өзбек, татар тілдеріне тарайды да, содан кейін сол тілдер
арқылы сатылап қазақ тіліне жетеді.Олардың басым көп-
шілігі діни, ғылыми, қоғамдық-саяси жəне түрлі шаруа-
шылыққа, ұсақ өндіріске, қолөнеріне қатысты термин сөздер
болып келеді. Сонымен қатар дерексіз ұғымдарды білдіре-
тін сөздер де баршылық.
Араб-парсы термин сөздері
Қазақ тіліндегі араб-парсы элементтері дегенде, алды-
мен, мынадай жағдайды ескеру керек. Кейбір зерттеушілер
28
пікіріне қарасақ, қазақ тілінің сөздік құрамындағы қайсыбір
сөздер төркіні араб-парсы элементтері деген ұғымды ай-
ырып түсінуді қалайды. Осының жөні бар деп ойлаймыз.
Өйткені араб тілінен гөрі парсы тілі элементтерінің тіліміз-
ге бұрынырақ енгенін дəлелдейтін тарихи, экономикалық,
мəдени деректер мұны айқын аңғартады. Осындай дерек-
терді, ғылыми топшылауларды сарапқа сала отырып, араб
тілі зерттеушісі Л. Рүстемов мынадай қорытынды жасаған:
«Түп төркіні иран тілдес болып келетін сөздердің түркі
халықтарының тіліне ауысуы, парсы жəне түркі тілдерінің
өзара инфильтрация жасау процесі ертеректе, арабтар
мұнда келмей тұрған кезде – араб мəдениетінің гүлденуінен
əлдеқайда бұрын басталған»
29
. Дəл осы пікірді біз С. Иса-
ев еңбегінен
30
де кездестіреміз. Ол осы туралы өз ойын тү-
йіндей келіп: «...араб, иран тілдерінің əсері дегенде, иран
тілдерінің əсері араб тілдерінен гөрі ертерек басталатынын
да жоққа шығармаймыз», – деп жазады. Араб, иран тілінен
енген кірме сөздердің қазақ тіліне ену мерзімін Л. Рүстемов
аталған еңбегінде екі кезеңге бөліп қарайды: бірінші кезең –
28
Рүстемов Л.З. Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері. Алматы,
1982. 44-45-бб.
29
Сонда. 45-б.
30
Исаев С. Қазақтың мерзімді баспасөз тілінің дамуы. Алматы, 1983. 112-б.
84
XV ғасырға дейінгі шақ, екінші кезең – XV ғасырдан Қазан
төңкерісіне дейінгі уақытты қамтиды. Жалпы, бұрынғы-
соңғы ғылыми əдебиеттер мен қазақ тілі сөздік құрамын-
дағы араб, парсы сөздері 17 процент (Л. Рүстемов) шамасы
болады екен. Өзге түркі тілдеріне, оның ішінде, өзбек, та-
тар тілдеріне қарағанда, қазақ тілі құрамында араб, парсы
сөздері аз дегеннің өзінде осыншама. Мұның өзін де жүйе-
леп қараған дұрыс. Қайсыбір зерттеушілер айтқандай,
бұлардың біразы ертеректе қазақ халқын құраған тайпа-
лар тіліне еніп, түбірлі өзгеріске душар болған адам, ажал,
əдет, дəулет, құдірет, мезгіл, сабын, уақыт, халық тəрізді
сөздер. Аталған сөздердің дыбыстық тұлғасы қазақ тілінің
заңдылығына бағынып, тілімізге төл сөздер қатарында
баяғыда қосылып, əбден кірігіп кеткен. Ал енді ғибрат,
ғайбат, мехнат, махрұм, еждиһат тəрізді сөздер бір кезде
діни ұғымдар арқылы немесе кітаби лексикада қолданылған.
Бір қарағанда, бұлар да фонетикалық өзгеріске ұшыраған
сияқты. Содан да болар, кейде осы тектес сөздердің негізінен
алыс кете алмай, қазақ тілі лексикасының заңды түрде
қатарына жете алмай, екі арада жүрген əрі-сəрі сөздерді
қайсы біреулер қолдануға əуес. Бірақ ескілікті көксегіш
адамдардың аузында əлі күнге жүргенмен, бұлар тілімізге
сіңе алмай, сөздік құрамға ене алмай келеді.
Зерттеушілердің қай-қайсысы да араб, парсы элемент-
терінің қазақ тіліне тікелей қоян-қолтық араласу нəтижесін-
де емес, көршілес туыс халықтар арқылы сатылап жеткенін
баса айтады. Сонда байқалатын бір жəйт, араб халифатының
діни шабуылы қазақ еліне екі жақтан, яғни бірі оңтүстіктен,
екіншісі батыс жақтан болғанға ұқсайды. Оңтүстікте өз-
бектер арқылы, батыста татарлар арқылы сөздер ауысып
отырған. Кірме сөздер құрамы жағынан əр алуан. Біразы
үй тұрмысына, басқа да шаруашылыққа байланысты болса
(айна, атырап, бадам, базар, байрақ, батпан, орамал, перне,
таба, таға, торап), енді бір алуаны мəдени жəне ғылыми
ұғымдарды білдіреді (дəуіт, дəптер, дəреже, дүние, қалам,
Достарыңызбен бөлісу: |