363
терминдерді өзіндік етіп алудың жолдары қатты қарас-
тырылып отыруы керек.
5. Академик Ə. Қайдаров көрсетіп отырған шарттылық
принципі. Сөз жоқ бұл терминжасам ісінде өзіндік орны
бар принцип. Термин негізінде белгілі бір қалыпқа түсіп,
соны қатып ұстайтын арнайы лексикалық қабатты құрайтын
болғандықтан да шарттылық болмай тұрмайды.
6. Терминдер, сондай-ақ жазу принципіне қарай бе-
йімделетін болғандық, олардың тағдыры емле ережелеріне
де байланысты. Яғни бұдан терминдерді жазу принципі
шығады. Бұл салада да шалағайлықтарымыз жетіп жатыр.
7. Бұл шаруаның бəріне де мемлекет тарапынан үздіксіз
қамқорлық қажет-ақ.
Мұны Əбдуали Туғанбайұлы көрсеткендей, негізгі прин-
циптер қатарына қосса да, қосылса да болады деп есептейміз.
Міне, қазақ терминологиясын тіліміздің ішкі болмысына
орай жасап қалыптастырамыз десек, осы айтылған прин-
циптер негізінде қыруар жұмыс істеуге тура келеді. Өйткені
тіліміз əлі қалыптасу, даму кезеңін бастан өткеріп біткен
жоқ. Мүмкіндігі сарқылар да түрі жоқ.
Осылардың бəрін баяндай келгенде терминология
«шаруашылығымызды» жөнге келтіру үшін не істеу керек
деген сұрақ туындайды. Біздің ойымызша мынадай шара-
ларды жедел түрде қолға алу керек.
1. Терминология – ғылым мен техника тілін дамытатын
лексиканың бірден-бір күрделі қабаты. Бұған иелік жасай-
тын бір мекеме болса, ол – Ұлттық Ғылым академиясы
болу керек. Түзілген, түзіліп жатқан, енді түзілетін терми-
нологиялық сөздіктер материалының ғылыми негіздерін
қарастыратын ғалымдар болмағанда кімдер болу керек.
Ендеше осы игі шаруаны қолға алып, қадағалап отыра-
тын Ұлттық Ғылым академиясы төралқасының жанынан,
тікелей президенттің өзі басқаратын барлық терминолог-
ғалымдардың күшін бір жерге түйістіретін Ғылыми
орталық құрған жөн.
364
Бұл орталық Мемлекеттік терминология комиссиясы-
мен тығыз байланыс жасай отырып, ең əуелі терминжасам
принциптерін айқындауы тиіс. Сол негізде бүкіл бұрынғы
жарияланған сөздіктер мен олқылықтарды қайта түзіп, лек-
легімен түр-түрін баспадан шығаруды реттеуі керек. Сондай-
ақ дау туғызып келе жатқан терминдерді топ-тобымен
іріктеп алып, оларды алдымен газет арқылы көпшілік талқы-
сына ұсынып, сосын Мемтерминком мəжілісінде үздіксіз
бекітіп отыруды дағдыға айналдыру қажет.
2. Мемтерминком жұмысына айрықша мəн берілуі тиіс.
Ғылыми орталықты да, Мемтерминкомды да қаржылан-
дыру, мамандарды ынталандыру жайын ойластырған жөн.
Жарты ғасырдан астам уақыт бойы жақсылы-жаманды
жұмыс істеп, жүздеген терминдердің қолданысқа еніп,
тұрақтауына себепші боп келген Мемлекеттік термино-
логия комиссиясының жұмысын мүлде қайтадан қарап,
түбірлі өзгерістер енгізу қажет. «Күштілері сөз айтса, бас
изеймін шыбындап» деген принцип негізінде жұмыс істеп
келген бұл комиссия жұмысын жандандыру жолдарын
қарастыру керек-ақ. Ол үшін, бəлкім, арнайы конференция
шақырып, өз алдына бөлек ақылға салған жөн болар. Жəне
ол комиссияның мемлекет атынан сөйлейтін құқы болуы
тиіс. Ең бастысы, бұл мемлекеттік мəні бір істі мемлекет
қамқорлығына алмаса болмайды.
3. Қазақ тілі терминологиясы жазу сауаттылығын арт-
тыратын емле ережелеріне тікелей тəуелді, яғни термин
сөздер үшін бөлек емле жасалмайды, ол ортақ ережеге
бағынады. Ендеше емле ережемізде термин сөздерді жасау,
қабылдау жөнінде жіберілген өрескел қатені түзеу қажет.
4. Əу бастан-ақ қазақ тілінде термин жасаудың ғылыми
принциптері жасалған.
Бірақ, əсіресе, орыс жəне интернационалдық терминдер
жөнінде тіліміздің табиғатына мүлде жат бағыт ұстанып
келгеніміз өкінішті-ақ. Бұл жөніндегі үш түрлі құжатты еске
салып өттік. Оларды үлгі ретінде қолдануды тоқтату керек.
365
5. Терминжасамның жаңа үлгілерін баспасөзде жария-
лай отырып, оның негізінде жыл сайын пікірсайысын
өткізіп отыралық.
6. Терминолог кадр дайындау мəселесі мүлде жолға қо-
йылмаған. Соның түрлі жолдары қарастырылып, мамандар-
ды шетелге тəжірибе алмасуға дейін жіберуді ойластыру
қажет.
7. Қазақ терминологиясының өзекті мəселелері жөнінде
үздіксіз радиотелехабарларын жүргізіп, екі жылда бір ғы-
лыми-практикалық конференция өткізіп отыруды рəсімге
айналдыру қажет.
8. Бүкіл түркі тілдеріне ортақ терминологиялық қор жа-
сау ісімен шұғылдану керек. Ол үшін ең алдымен біз жазу-
ымызды жөнге қоюымыз қажет. Яғни түркі тілдерінің көбі
көше бастаған латын əліпбесі жөніндегі Ə. Қайдаровтың
ұсынысын қарайтын уақыт жетті.
Болашағы зор тілдің қай-қайсысы да үнемі қалыптасу,
даму үстінде болады екен. Бір шүкіршілігі сол, қазақ тілі де
өзінің осындай өміршеңдігін жоғалтқан емес. Соңғы жеті-
он жылда оның қолданыс өрісі үнемі тұмшаланумен келеді
десек те, жанды организм есебінде ол тыныс-тіршілігін,
қозғалысын тоқтатпады.
Яғни ол əлі қалыптасу жолы ұзара түскен екен. Себебі,
«орыс тілінің қалыптасу жолы неғұрлым ұзақ болса,
соғұрлым келісіп, кемелдене түседі» деп В.Т. Белинский
айтқандай, қазақ тілінің де осы күнді басынан кешіріп
отырғаны мəлім.
Мұны біз əсіресе соңғы кездегі қоғам дамуына орай
туындап жатқан сансыз жаңа ұғымдар мен атаулар тасқы-
нын беруге жегілген терминологиялық жүйеден айқын
аңғарамыз. Мұны ғылым тілінде терминологиялық тасқын
немесе жаңа қолданыстар мен жаңа ұғымдардың нақтыла-
нуы дер едік. Мына мысалдарға зер салыңыз: бағдарлама,
жарғы, құжат, айқындама, тұжырымдама, ұшақ, əуежай,
жекешелендіру, қауымдастық, егемендік, бірлестіктер,
Достарыңызбен бөлісу: |