Терминологиясы



жүктеу 7,33 Kb.
Pdf просмотр
бет114/125
Дата28.11.2017
өлшемі7,33 Kb.
#2119
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   125

жүйелене түсті. Термин жасау көздері мен арналарын абай 
көзбен қарай бастады. 
Осыдан  шығатын  қорытынды,  тілдердің  өзара  байланы-
сы,  сөз  алмасу,  яғни  ауыс-түйіс  жасауы  табиғи  құбылыс. 
Тіл  қашанда  өзінің  құрамына  керектіні  алып,  керексізді 
қабылдамайды.  Əрине  бұл  процеске,  өмірдің  даму 
заңдылығына  қоғамның  талап-тілегіне  орай,  саналы  түрде 
араласып,  оны  белгілі  бір  жүйеге  түсіріп,  қалыптастырып 
отыратын  кез  болады.  Қазақ  терминологиясының  даму, 
қалыптасу тарихынан біз осынын байқаймыз. 
Ендеше,  табиғи  тіліміздің  бүгінгі  болмысында  табиғи 
өріс  жəне  жақсы  жарасымдылық  бар.  Қазір  ана  тіліміздің 
мүмкіншілігінің  бұрынғыдан  да  молайғаны  соншалық, 
əлемде  болып  жатқан  оқиғалардың  қандайын  болсын, 
кемеңгер  мұраттар  мен  ғылыми  ой-пікірлердің  қандайын 
болсын  қалағаныңызша  баяндап  бере  алатын,  тіпті  сурет-
теп  бере  алатын  қуаты  мол,  дамыған  тілдер  қатарында. 
10  миллионға  таяу  халықтың  əжетіне  мүлтіксіз  жа-
рап  отырған  бұл  тілдің  болашағы  бүгінгіден  де  жарқын. 
Қазақстан тəуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында масатта-
нып айтуға болатын қазақ тілінің бүгінгі болмысындағы бір 
жетістігіміз осы. 


353
ТҮРКІ ДҮНИЕСІНІҢ ТҰТАСТЫҒЫН ТІЛ БЕКІТЕДІ 
(ортақ жазу жəне ортақ ғылыми атаулар хақында) 
1.  Алла  тағаланың  мейір-шапағатының  арқасы  болар, 
əсіресе  соңғы  он  бес  жылда  түркі  тілдес  халықтар  өзінің 
түпнегізіне  тереңдеп,  ортақ  дүниесін  ортаға  сала  бастады. 
Мұндай  ортақтастық  заттық  (материалдық)  жəне  рухани 
мəдениет  салаларында  анық  аңғарылады.  Соларды  зерт-
теп,  оның  əралуан  үлгілерін  саралап  көрсету  үшін  түркі 
жұртшылығы  ғалымдарының  жүйелі  түрдегі  бірлескен  іс-
қимылы  мен  сауатты  əрекеті  керек.  Ол  үшін  осыған  дейін 
əр елде əр алуан күй кешіп, өз халынша еңбек етіп жатқан 
əрқилы қоғам, ұйым, одақтардың басын бір арнаға біріктіріп, 
түркі халықтарының өз мүддесіне сай жоспарлы түрде еркін 
жұмыс істей алатын ғылыми, мəдени зерттеу орталығы жа-
йында түбегейлі əңгіме қозғайтын мезгіл жетті. 
2.  Түбі  бір  түркі  халықтарын  бірінен-бір  алшақтатқан 
тарихтың талай теперіші болды. Соның ішінде жазу алшақ-
тығының алар үлесі тым мол. Қараңыз, отыздан астам туыс 
тілдер  осы  жазу  түрлілігінің  кесірінен 70-80 жылдың  ба-
рысында  тіпті  бірін-бірі  түсінбейтін  күйге  жетті.  Араб,  ки-
риллица, латын т.б. жазуларының сан құбылған нұсқаларын 
мұра тұтқан түркі тілдері туыстық негізде дамудың орнына 
бірінен-бірі  оқшауланып,  дараланып,  тұмшалана  түскені 
мəлім.  Түркі  халықтары  негізінен  дербестікке  қолы  жетіп 
отырған бүгінгі таңда осы бір орасан олқылықтың орнын тол-
тыруды ойластырғаны абзал. Бұл тарихи шанс. Егер біз мұны 
дер кезінде пайдаланып қалмасақ, кейін кеш болуы мүмкін. 
Сондықтан  жазу,  сызуы  ертеден  жүйеленіп  қалыптасқан 
түркі тілдерінің негізгілері латын жазуын мирас етіп отырған 
қазіргі тұста бəріміздің осы үйірден табылғанымыз жөн. 


354
Əрине  түркі  жұртшылығының  мəдени  тарихын  қаузап 
қарасақ, ол сонау V ғасырдың өзінде-ақ орхон-енесай деп ата-
лып кеткен өз жазуын өркендеткен ел. Егер өз жазуымызды 
сол негізде өрбітер болсақ, бұл ата-баба тарихы алдындағы 
перзенттік парызды өтеген болар едік. Алайда өкінішке қарай, 
қоғам тарихы басқаша бетпен кетті, өз жазуымызды өзіміз жат 
санайтын өзгеше бір заманға жеттік. Əйтсе де бұл жазудың 
қайта түлейтін заманы алда екені даусыз. Келер ұрпақ бұған 
соқпай өтпейді. Өмірдің қазіргі даму заңдылығы бізге латын 
жазуын бұйыртып тұрғандай. Əзірге осы алфавит негізіндегі 
жазуымызды  жүйелеу  арқылы  түркі  жұртшылығын  түгел-
деп  алғанымыз  абзал.  Мұны  қалыптастырып  жүйелеуде 
де  шешім  күтіп  тұрған  мəселелер  жетерлік.  Бұларды  да 
ортақтаса,  бас  біріктіре  ғылыми  парасатқа  сала  отырып 
қарастыру  қажет.  Түркі  халықтарының  əлемдік  парасат 
биігінен  көрінер  тағы  бір  тұсы  осы.  Жазуды  ортақтастыру 
арқылы  біз  түркілік  тұтастығымызды  бекіте  түсетін  бола-
мыз.  Ортақ  мұраларымыз  бен  рухани  игілігіміздің  байы-
бына барып, иелік жасай алатын боламыз.
3.  Үнемі  назарда  тұрар  тағы  бір  іргелі  мəселенің  бірі – 
ғылыми  ізденістер  жүйесіндегі  ортақтастық.  Яғни  қалып-
тастырған  жазу  негізінде  жүргізілетін  ғылыми  зерт-
теу  жұмыстарының  негізгі  құрылыс  материалы – 
терминологиялық  лексиканы  жүйелеу  мəселесі.  Бұл  жерде 
əңгіме  ортақ  тіл  (кейбіреулер  əңгіме  етіп  жүргендей)  жа-
йында  емес,  ортақ  терминологиялық  жүйе  жайында  бо-
лып  отыр.  Егер,  түркі  тілдес  халықтардың  зиялы  қауымы 
келісім алаңына жиналып, парасаттылық танытар болса, бұл 
мəселені шешуге де толық мүмкіндік алар еді. 
Сондағы біздің көздеп отырғанымыз мынадай үш негіз: 
а) түркі тілдерінің көбіне ортақ неше алуан туынды сөздер 
жасауға  негіз  болатын  түбірлер.  Мұның  саны  едəуір  жəне 


355
бұлар кез келген түркі тілдерінен кездеседі. Соларды кез кел-
ген тілден тек саралап, жүйелей біл, талғай біл; 
ə)  түркі  тілдеріне  əр  дəуірде  еніп,  сіңісіп  кеткен  кірме 
сөздер.  Олар – араб,  парсы,  моңғол,  орыс  сөздері.  Мұның 
үстіне кейінгі бір ғасырға жуық мерзімде орыс тілі арқылы 
тілдерімізге көп күштеп ендірілген интернационалдық тер-
миндер.  Бұлай  деп  отырғанымыз,  əлгі  термин  сөздер  орыс 
тіліндегі  пошымын  бұзбай,  яғни  өзге  тілдің  заңдылығын 
сақтай  енгізілгендіктен.  Біз  емле  ережелеремізді  де  осы 
ыңғаймен,  яғни  орыс  тілінің  үлгісімен  түздік.  Сөйтіп 
тіліміздің  айтылу,  жазылу  заңдылықтарына  айтарлықтай 
нұқсан келтіріп алдық. Енді осыларды жаңаша игеріп, рет-
теуде де өзара ортақтаса шешілетін мəселе туындауда. Енде-
ше бұл жөнінде де кеңес қажет-ақ; 
б)  əрбір  тілдің  ғасырлар,  жылдар  бойы  қалыптасқан 
өзіндік  сөзжасам  үлгілері,  яғни  əрбір  тілдің  өз  байлығын 
сарқа  пайдалану  мүмкіндігінің  де  оңашалыққа  ғана  емес, 
ортақтыққа  қарай  жетелейтін  мысалдары  мол.  Міне,  бұл 
жерде  де  сауаттылық  пен  сарамандық  қажет.  Осы  айтыл-
ғандарды негізге ала отырып, түркі тілдерінің бəріне ортақ 
үлгіні жасауға əбден болады деп білеміз. 
4.  Қозғалып  отырған  мəселені  ғылымның  кез-келген  са-
ласы  бойынша  тарата  əңгімелеуге  болады.  Мəселен,  ме-
дицина  саласын  алалық.  Медицина  ғылымы  неше  алуан 
салалар  мен  тармақтардан  тұратыны  мəлім.  Соның  қай 
бөлігінде  де  жүйелеуді,  реттеуді  күтіп  тұрған  мəселесі 
қыруар.  Мемлекеттік  тілді  ғылым  тіліне  айналдырудың 
түбегейлі мəселелері қарастырылып жатқан қазіргі кезде бұл 
шаруаның көкейтестілігі тіпті анық. Тəуіп, емші, сынықшы, 
ұшықшы,  тамыршы  т.б.  тəрізді  толып  жатқан  ұғымдардың 
өзі-ақ  мемлекеттік  тіліміздің  өрісін  бұл  салада  да  кеңейте 
түсуге  болатынын  байқатпай  ма?  Тек  ізденімпаздық  ке-


жүктеу 7,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   125




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау