Терминологиясы



жүктеу 7,33 Kb.
Pdf просмотр
бет122/125
Дата28.11.2017
өлшемі7,33 Kb.
#2119
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125

Мемлекеттік  тіліміздің  мəртебесін  көтерудің  тура  жолы 
осы екен деп, мұны оңай олжаға айналдырып бар жатқанымыз 
жоқ па? Əлденеше жылдар бойы көз майын тауысып барып 
сауаттана келе салауатты жұмыс жасалатын қазіргі бұл іс кез 
келгеннің қанжығасына байланған сияқты.
Əңгіме  базбір  терминдерді  аудару,  аудармау,  қабылдау, 
қабылдамауда ғана емес, жан-жақты өріс алып, бұтақтанып 
тамырланып бара жатқан алақұлалықта. Егер егеменді елдің 
мемлекеттік  тілін,  оның  ішінде  ғылым  тілін  шұбарламай 
əдебилендіреміз, өзінің таза да пəк табиғи қалпын сақтаймыз 
десек,  күні  бүгінге  дейін  етек  алып,  осы  ала-құлалыққа 
мүмкіндік  жасап  келген  терминжасам  принциптерімізді 
түгелімен  қайта  қарап,  сұрыптап,  саралап  тілдің  өз 
заңдылығына  сəйкестендіруіміз  керек.  Осыған  орай  қазақ 
тілінің  ережелерін  қайта  түзіп,  жұртшылыққа  ұсынар  кез 
келді.  Сөйтіп  əр  кезде  терминжасам,  термин  қабылдау, 
термин  түзу  ісімізде  құбыланамалық  қағидатқа  айналған 
интертерминдерді  сол  қалпында  ендіруде  өз  тіліміздің 
заңдылығын барынша сақтай отырып қайта саралау қажет.


380
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ, 
ҒЫЛЫМДАҒЫ КҮЙІҢ ҚАЛАЙ?
Мемлекеттік  тіліміздің  өрісін  танытатын  бір  сала  сөз 
жоқ – ғылым  тіліне  барып  тіреледі.  Ал  ғылым  тілінің  да-
муы  мен  қалыптасуын  терминдік  жүйесіз  сөз  ету  мүмкін 
емес.  Қазіргі  кезеңдегі  ғылым  тілінің  сан  түрлі  саласы 
ізденістерге  сұранып  тұр.  Өйткені  бұлардың  сараланбаған, 
қарастырылмаған мəселелері жетерлік.
Бұл жерде назар аударғымыз келіп отырғаны – мемлекет-
тік  тіліміз  толық  мəнінде  ғылым  тіліне  айнала  алды  ма? 
Немесе  қазақ  ғылымы  қазақ  тілін  қажет  етіп  отыр  ма? 
Басқаша  айтсақ,  мемлекеттік  тіл  ғылымның  барлық  сала-
сына бірдей қызмет ете алып отыр ма деген мəселелер күн 
тəртібінен  түспей  келеді.  Міне,  сондықтан  қолына  қалам 
ұстаған кез келген адам кейінгі кезде терминді əңгіме етеді. 
Мұны  бір  жағынан  дұрыс  десек  те,  кəсіптік  мамандығы 
қанағаттандырғанмен,  лингвистикалық  түйсігі  жетіспей 
жататындықтан  өрбітілетін  пікірлердің  қисынды  бола  бер-
мейтіні рас.
Бұл  мəселе  турасында  талас  пікірлердің  əлі  біразға 
созылуы  мүмкін.  Өйткені  мемлекеттік  тілдің  ғылыми 
ізденістердегі  рөлін  тереңірек  зерделейтін  тұста  Ұлттық 
Ғылым академиясының өзінің тағдыры қандай күйге түскені 
жұртшылыққа мəлім.
Бірді  айтып  екіншіге  кеткендей  болсақ  та,  мұны  аттап 
өте  алмаймыз.  Ғылымға  деген  ықыласты  солғындатқан 
бұл  соққыдан  соң,  əсіресе  жастарымыздың  ғылымға  зауқы 
болыңқырамай  қалғанын  несін  жасырамыз.  Көбі  күнкөріс 
қамын жасап, базар аралап саудаға кетті. Қалғандары өздері 
қалаған өмірлік кəсібін қиналса да қия алмай, ерлікке саяр 
тірлікпен күн кешуде. Əрбір сала бойынша ғылым кадрлары 
жүйелі түрде тəрбиелене бастаған кешегі кез келмеске кетіп 
барады.


381
Мүйіз  сұрап  жүріп,  құлағынан  айрыла  жаздаған  тоқал 
ешкінің  күйін  кешкен  мемлекеттік  тілдің  қазіргі  сиқы 
сын  көтере  бермейді.  Неге  десеңіз  мұнымен  түбегейлі 
шұғылданып отырған жан шамалы. Үкімет тарапынан мем-
лекеттік  тілдің  мүддесін  ойлап,  оның  қазақ  ғылымындағы 
өрісін кеңейтерлік күш берер жоспар-жоба түзілмей отыр.
Міне, осындай жағдайда ғылым тілі, мемлекеттік тіл атты 
салалардың қазіргі жағдайы туралы пəлендей бір салиқалы 
пікір  айта  қою  қиын.  Дегенмен,  біздің  А.  Байтұрсынұлы 
атындағы  Тіл  білімі  институты  мемлекеттік  тілдің  өрісін 
ғылыми тұрғыда негіздеп, байыпты зерттеулер жасап отыр-
ған бірден-бір ғылым ордасы екенін ашық айту керек. Жыл-
дар  бойғы  ізденістер  жайын  барлай  қарасақ,  қазақ  тілінің 
ғылым  тіліне  айналуына  жолбасшылық  жасап  отырған, 
тіліміздің  мемлекеттік  мəртебесін  толық  сезіндіретін  де 
осы ғылым ордасы. Мемлекеттік тіліміз ғылым тіліне айна-
луы дегенді қысылмай айтатын жеріміз сосын М.О. Əуезов 
атындағы Əдебиет пен өнер институты.
Ал басқа ғылым салаларындағы мемлекеттік тілдің жағ-
дайы  күннен-күнге  күрделеніп  барады.  Білім  ордаларын-
дағы жағдай бұдан да бетер. Жаппай ағылшын тілі насихат-
тала  бастаған  тұста  мемлекеттік  тіліміздің  алдағы  уақытта 
нендей күй кешерін бір Құдайдан басқаға əзір беймілім.
Мемлекеттік  тіл  мен  ғылым  тілінің  қалыптаса  түсуіне 
тікелей  қатысты  қазақ  терминологиясының  мына  бір  тұс-
тарын қозғай кеткенді мақұл көріп отырмын.
Бұл өзі ғылымның сан саласымен өзектесіп, байланысып 
жататын  өте  күрделі  тарау.  Терминге  мұқтаж  емес  бірде-
бірі  жоқ.  Бəлкім  осыдан  да  болар,  кез  келген  зерттеушінің 
термин  туралы  пікір  қозғап,  таласа  кететіні.  Мұнысы  бір 
есептен  дұрыс  та.  Өйткені  термин  табиғатын,  олардың 
мəн-мағынасы  мен  жасалу  жолдарын  мамандардан  артық 
ешкім біле бермейді. Сондықтан көбінесе олардың пікірімен 
санасып  отыруға  тура  келеді.  Дегенмен  терминжасам 
мəселесіне  келгенде  өзімдікі  дұрыс  деп  омырау  жетегіне 


еріп  кете  беретіндер  жоқ  емес.  Жылдар  бойғы  тəжірибеде 
қалыптасқан  тəсілдерді  шығармашылық  ыңғайда  қолдана 
алмайтын  мұндай  көзқарастардың  өмірі  ұзаққа  бармайты-
ны  анық.  Яғни  бұл  тұста  термин  жасаудың  жолдары  мен 
принциптері  ескеріле  бермейтіндіктен  көптеген  қисынсыз 
сөздер зорлықпен терминдендіріліп жатады.
Ескермеуге  болмайтын  екінші  бір  жағдайға  да  назар 
аударған жөн деп білемін.
Ол – терминолог  мамандар  мен  тілші  терминологтар 
арасында  өзара  байланыстың  аздығы.  Мұндай  байланыс 
əлі  күнге  өріс  ала  алмай  келеді.  Қазақ  тілінде  барлық  сала 
бойынша  жасалып  жатқан  терминдерді  жүйелеп,  тіліміздің 
заңдылығына  орай  қалыптастырамыз  десек,  тіл  маманы 
мен  басқа  ғылым  мамандарының  арасындағы  байланыс-
ты  күшейту  керек.  Көптеген  кемшілік  осындай  тығыз 
творчестволық  байланыстың  жоқтығынан.  Əрбір  ғылым 
саласы  бойынша  жасалған  термин  сөздер  тіліміздің  табиғи 
заңдылығына сай келмесе сəтті бола бермейді.
Ендеше  əрбір  термин  тілші  мамандар  сарабынан  өтіп 
отыруы керек.
Осыған  орай  тағы  бір  мəселе  туындайды.  Термин  қа-
лыптастыруда  Мемлекеттік  терминология  комитетінің  рөлі 
айрықша  екені  мəлім.  Осы  жұмыстың  құрылымдық  жүйе-
сіне  аздап  өзгерістер  енгізу  қажет-ау  деймін.  Қазіргі  кезде 
ғылым  салалары  салаланып,  тарам-тарауларға  ұласып,  кең 
қанат  жайып  барады.  Олардың  терминологиялық  жүйесін 
жинастырып, реттеп отыру мүлде қиынға соға бастады.
Мұның  үстіне  Астанаға  қоныс  аударған  Мемтерминком 
бұл салаға септігі тиер тиісті мамандарды қамти алмай отыр. 
Олардың  көбі,  яғни  ғылыми  мекемелер  мен  мамандардың 
70-80  пайызы  Алматыда.  Ендеше  Алматы  қаласында  Мем-
терминкомның  заңдастырылған  бөлімін  (филиалын)  ашқан 
дұрыс  бола  ма  деймін.  Ол  ғылым  салаларындағы  қажетті 
мамандарды  секция-секцияға  бөліп,  онда  терминдер  мен 
терминологиялық  сөздіктерді  талқылап,  саралап,  сұрып-


жүктеу 7,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау