Терминологиясы



жүктеу 7,33 Kb.
Pdf просмотр
бет71/125
Дата28.11.2017
өлшемі7,33 Kb.
#2119
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   125

218
Бұл  шығармалардың  тілінде  де  медицина,  биологияға 
байланысты орыс тілінің əсер-ықпалы бірқыдыру бар екенін 
байқаймыз. Осы əдебиеттер, негізінен, орыс тілінен аударма 
болғандықтан,  сөйлем  құрылысында  стильдік  кемшіліктер, 
əсіресе,  сөздердің  орнын  орыс  тілі  ыңғайында  ауыстырып 
қолдану  жиі  кездесіп  отырады.  Бір-ақ  мысал  келтірейік: 
«Анықтай есебтейік шотқа салыб, сүт машинасы бар үйдің 
файдасы: бір үйдің 10 сиыры бар, һəр сиыры береді күніне 
15  қадақ  сүт» («Қолменен  майалатын  машинаны  файдаға 
енгізудің жөні», 1-б.). 
Сонымен  бірге  машиналардың  кейбір  тетіктеріне  бай-
ланысты,  оқу-өнер  істеріне,  жалпы  халық  шаруашылығы, 
экономика  салаларына  қатысты  жаңа  сөздер,  терминдер 
қолданылып  отырған.  Олардың  көбі-ақ  орыс  тілінен  сол 
күйінде  қабылданған  лексемалар.  Мысалы, «Публичнай, 
яғни  һəркімдерге  болуға  жарайтұғұн  жилысдар  советдін 
постановлениесі  бойынша  құрылады,  сол  жилысдарға  іске 
кірісмесден тек кіруб отыруға рұқсат беру председательдің 
қарамағында  болады» («Торгайский  сельско  хозяйствен-
ный  обществоның  уставы», 23-б.). «Члендікке  язылған 
кандидатдар  хақында  сайлаудан  бұрұн  болған  жилысқа 
айту  тиіс  яғни  бір  жилысда  айтыб,  екінші  жилысқа  сайлау 
тиіс» (Сонда. 11-б.). «Школдарда  дін  сабақтарын  оқытуға 
һəм халыкдың өздерінің молдаларын жəдін сабағын білетін 
учительдерін  қосуга  тиіс» («Инородистер  школдары  үшін 
шыққан  жаңа  правилелер», 10-б.). «Ең  əуелі  айналушы 
дөңгелекті  бөлу  керек  машина  үстінен  өзіне  қараб  тарту 
бірлан  болатұғын  финті  аяқ  қойуб  машиненің  табанының 
ортасына» («Нұсқа  кітаб.  Зеңгір  компаниесінің  істіге 
тұғын  машинелеріне», 7-б.).  Мысалдарда  көрсетілген  орыс 
тілінен  енген  сөздердің  кейбіреулері  (школ,  учитель  т.б.) 
бұрын  да  жазылған  мəтіндерде  кездесуі  мүмкін.  Бірақ  ол 
сөздердің  жүйелі  қолданылуы  немесе  ептеген  мағыналық 
өзгерістерге ұшырауы осы XX ғасырдың бас кезінде жарық 
көрген  əдебиеттер  тілінен  анық  байқалады.  Мысалы,  кан-


219
дидат  сол  ертеректе  көбіне-көп  болыс,  ауылнай,  стар-
шын  т.б.  сайлауына  ғана  байланысты  қолданылса,  бұл 
жерде  шаруашылық  қоғамның  кеңесін  сайлау,  жалпы 
ауылшаруашылық  қоғамға  мүше  сайлау  ісінен,  яғни  жал-
пы  сайлау  жұмыстарымен  байланысты  жағдайда  қолданыс 
тапқан. Демек, кандидат сөзі бұл əдебиеттер тілінде мағына 
кеңейтуіне  ұшыраған,  кең  көлемде  қолданылған,  сонымен 
бірге  оның  басқа  сөздермен  тіркестілігі  артып  отырады. 
Сол  сияқты  іс  тігетін,  май  алатын  машина  туралы  нұсқа 
кітаптарда  сол  машиналардың  тетіктері  толық  берілген. 
Əсіресе,  машиналардың  суреті  салынып,  олардың  жеке-
жеке тетіктері көбіне қазақша аталған. 
Осымен  қабат  көзге  түсетін  ерекшелік  биология,  меди-
цинаға  байланысты  шығармалар  тілімен  салыстырғанда 
соңғы  айтылған  еңбектерде  орыс  тілінен  енген  сөздер-
де,  тіпті  орыс  тіліндегі  конструкцияларда  аударылмай,  сол 
күйінде  қолданылған.  Оған  публичный,  совет,  постановле-
ние, председатель, сельскохозяйственное общество, устав-
члендік,  кандидат,  школ,  учитель,  инородистер,  правило, 
машина, винт сияқты орыс тілі арқылы енген термин сөздер 
дəлел бола алады.
Кейбір  сөз  тіркестері  де  орыс  тілінен  сол  күйінде  ауда-
рылмай  алынған: «Русски  кластарда  первоначальни  школ-
дағы  секілді  сабақтар  оқылады» («Инородистер  школдары 
үшін шыққан жаңа правилелер», 10-б.). «Совет общества-
ның  істерін  басқарғанда  һəм  сомаларын  жұмсағанда  жи-
лыс түзген тəртіб бойынша іс қылады» («Торгайский сель-
скохозяйственный  обществоның  уставы», 16-б.).  Берілген 
мысалдағы  русски  клас,  первоначальни  школ  тəрізді  сөз 
орамдарын  қазақша  əбден  беруге  болатын  еді.  Тіпті  орыс 
тіліндегі  -ский, -ный, -ний  қосымшалары  да  сол  күйінде 
сақталған.
Ал  «Айқап»  журналы, «Қазақ»  газеті  жəне  одан  кейінгі 
жылдардағы  мерзімді  баспасөз  беттерінде  «начальный», 


220
«первоначальный»  дегендер  бас,  бастауыш,  бірінші  бас-
қыш  немесе  ыбтидаһи  сияқты  сөздермен  берілген.  Екінші 
сөйлемдегі  «советобщество»  конструкциясы  тіркес  құра-
мындағы  сөздердің  орын  тəртібі  жағынан  да  қазақ  тілі 
табиғатына мүлдем қайшы, ол «Общество советі» (дұрысы 
қоғам советі, не кеңесі) болу керек еді.
Ғылым  (мысалы,  биология,  медицина),  техника,  өнер-
білім, экономиканың əр салаларына байланысты əдебиеттер 
тілінде  жоғарыда  көрсетіліп  өткендей,  жаңа,  əсіресе  орыс 
тілі əсерінен пайда болған тілдік құбылыстар мен бірге көне 
дəстүр сүреңдері, ортағасырлық жазба əдеби тіл дəстүрінің 
элементтері  де  көптеп  кездесіп  отырады.  Бұлардың  ішінен 
жоғарыда  көрсетіп  өткеніміздей, «түрки»  дəстүрі  «Глаз-
ная  болезнь  трахома...  Трахома  деген  жаман  көз  ауру» 
атты  кітапшаның  тілі  бөлек  тұрады.  Онда  тек  бірлі-жарым 
қажет  жерде  қосымшалардың  қатаң  дыбыстан  басталатын 
нұсқаларының қолданылғанын есептемегенде, қазіргі қазақ 
тіліндегідей  дыбыс  үндесуі  толық  сақталған,  көне  тілдік 
тұлғалар  кездеспейді.  Ал  біз  талдап  өткен  басқа  шығарма-
лар  тілінде  ондай  тілдік  құбылыс  жиі  ұшырайды.  Бір 
қызығы,  олардың  бəрі  де  араб  алфавитімен  жазылғандар. 
Демек,  алфавит  таңдаумен  еңбектің  тілдік  ерекшеліктері 
арасында  да  сырттан  көзге  түсе  бермейтін  бір  байланыс 
жатқан сияқты. Бірнеше мысал келтіре кетейік. 
«Шамасы  келгенше  тырысуға  керек  үйде,сыртқы,  ішкі 
киімдерде,  төсекді  һəм  өте-мөте  тəндерін  таза  ұстарға» 
(«Обадан  қалай  сақтану», 8-бет). «Оба  һауа  арқылы  кісіге 
жұқбайды,  соның  үшүн  обасы  бар  үйде  болу  онша  хауіф 
емес» (Сонда. 9-б.), «Ман  соң  (мұнан  соң – А.Ө.)  аурудың 
һəм  қандай  жерлерде  болатұғынын  уаһəм  қадай  бөтен 
тарафқа  тарайтұғынын  баяндайын» («Афат  яки  холе-
ра  əңгі-месі», 3-б.). «Шешек  шыға  қалса,  оны  жазатын  ем 
жоқ,  өзі  айығуб  кетбесе  оның  келтіретүн  зияны  бұ  дур» 
(«Шешектің  һəм  шешек  егудің  жайларынан», 3-б.). «Бұ 
һəркімге де белгілі хұзыр, адамнан адамға жұғұб елге жай-


жүктеу 7,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   125




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау