Терминологиясы



жүктеу 7,33 Kb.
Pdf просмотр
бет67/125
Дата28.11.2017
өлшемі7,33 Kb.
#2119
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   125

206
Міне,  осындай  жайларды  ескере  отырып,  қазақ  тілінде 
термин  жасаудың  алғашқы  үлгілерін  танытатын  аудар-
ма  тарихын  таратыңқырап  талдауды  қажет  санап  отыр-
мыз.  Орта  ғасырдағы  шығыс  классиктерінің  шығармалары 
қазақ  халқына  көбіне-көп  аударма  арқылы  жетіп  отырды. 
Сол  дəстүр  жалғаса  келе  Абай,  Ыбырай  заманына  ұласты. 
Өйткені  Ыбырай  заманында  да  шығыс  жəне  орыс  əдебиеті 
қазақ  тіліне  аударылды.  Сол  сияқты  «Түркістан  уəлаяты 
газеті»  мен  «Дала  уəлаятының  газеті»  жəне  «Айқап»  жур-
налы  беттерінен  де  аударма  мəселесі  аздап  болса  да  орын 
алғанын  көреміз.  Керек  десеңіз  Ыбырай  Алтынсариннің 
«Шариғатул-ислам» («Ислам шариғаттары») деген кітабы да 
аударма еңбек есепті.
XІX ғасырдың соңғы жылдарында «Библияның» əр жері 
қазақ  тілінде  жеке  кітап  болып  Православияның  миссио-
нерлік  қоғамы  тарапынан  бастырылып  шығарылды.  Бұдан 
кейін  «Інжіл» («Евангелие»)  де  қазақ  тіліне  аударылып, 
кітап болып шықты. Бұл аударма туралы С. Талжанов: «1900 
жылы «Інжіл» аударылыпты»
90 
десе, Ə. Сатыбалдиев: «Пра-
вославие  шіркеуінің  қазақ  жерін  жайлаған  миссионерлік 
қоғамы 1900 жылы  емес, 1899 жылы  «Евангелиені»  қазақ 
тіліне  аудартып  шығарған»
91
, – дейді.  Əбен  Сатыбалдиев 
аударма  орыс  əрпімен  басылғандығын,  оның  өзінде  дыбыс 
ерекшеліктерін  таңбалауға  мұқият  көңіл  аударылғандығын 
айта  келіп, «бұл  аударманы  көлемі  жағынан  сол  тұстағы 
қазақ  тілінде  басылған  кітаптардың  ең  ірісі  деп  айтуға 
болады»
92
, – деп көрсетеді.
XІX  ғасырдың  аяғы  мен XX ғасырдың  басында  аудар-
ма  ісі,  əсіресе  орыс  жазушыларының  шығармаларын  қазақ 
оқырмандарына  қазақ  тілінде  жеткізу  ісі  кең  өріс  ала  бас-
90
 Талжанов С. Көркем аударма туралы. Алматы, 1962.
91
 Сатыбалдиев Ə. Рухани қазына. Алматы, 1965, 36-37-бб.
92
 Сонда.


207
тайды. 1903 жылы  Қазанда  Молданияз  Бекимов  аударған 
А.С.  Пушкиннің  «Капитан  қызы»  қазақ  тілінде  басылып 
шықты. «Капитан  қызының»  тұңғыш  аудармасы  барынша 
еркін  жасалған.  Мұны  аударма  деуден  гөрі  шығарманың 
желісін  қуалай  отырып,  жалпы  мазмұнын  баяндап  шығу 
десе  де  болар  еді.  Аудармашы  түпнұсқаның  мазмұны  мен 
суреттемелерін  толық  келтірмей,  тек  жалпы  оқиғасының 
желісін ғана қуып, жалпы мазмұнын беріп отырған. Мұнда, 
əсіресе,  кейіпкерлердің  мінез-құлқын,  психологиялық 
сипаттарын,  өздеріне  тəн  даралықтарын  бейнелейтін  сөз 
бояулары  қалып  кетіп  жатқан»
93
.  Бұл  аударманың  тілінде 
орыс  тілінің  əсері  айқын  сезіліп  тұрады.  Орынсыз  көп 
қолданылған учитель, крепость, простой, господин сияқты 
орыс  сөздерін  былай  қойғанда,  аудармадағы  сөйлем  құры-
лысында  да  орыс  тілінің  ықпалы  көптеп  кездеседі.  Ол 
ықпал,  əсіресе,  сөйлемдегі  сөздердің  орын  тəртібінен  бай-
қалады,  яғни  түпнұсқада  сөйлемдегі  сөздер  қалай  орна-
ласса, аударғанда да ол сөздердің орналасу тəртібін сақтап 
отырған. Соның салдарынан қажетсіз инверсиялар қазақ тілі 
синтаксисіне тəн емес сөйлемдер пайда болған.
Əсіресе, бұл кезде шығып тұрған газет-журналда көркем 
аудармаға үлкен мəн беріп отырғанын байқаймыз. «Айқап» 
журналы  мен  «Қазақ»  газеті  беттерінде  И.А.  Крыловтың, 
Л.Н.  Толстойдың,  А.С.  Пушкиннің,  М.Ю.  Лермонтовтың, 
А.П.  Чеховтың,  А.  Сорокиннің,  И.С.  Никитиннің,  А.  Коль-
цовтың  т.б.  белгілі  ақын-жазушылардың  жеке  шығарма-
лары  қазақ  тіліне  аударылып,  басылып  отырған.  Олардың 
кейбірінің тілі туралы сол кезде мақала, рецензияларда ба-
сылып  жүрді.  Бұл  аудармаларда  қажетсіз  инверсиялардың, 
қазақ  тілі  синтаксисіне  тəн  емес  сөйлем  құрылыстарының 
өте аз екенін, тіпті кейбір аудармаларда мүлдем кездеспей-
тінін байқаймыз.
93
 Сатыбалдиев Ə. Рухани қазына. Алматы, 1965, 41-42-бб.


208
Орыс ақын-жазушыларының көлемі шағын жеке шығар-
малары бұл кезде шыққан хрестоматия, қираат кітаптарына 
да  еніп  отырған.  Спандияр  Көбеевтің  «Үлгілі  тəржіма», 
Бекет  Өтетілеуовтың  «Дүние  ісі  ақыретке  кетпес»  сияқты 
кітаптары – осындай жинақтар.
XІX ғасырдың соңғы жылдарында, əсіресе, XX ғасырдың 
бас  кезінде  ғылымның  медицина,  биология  салаларынан 
қазақ тілінде жеке кітапшалар жарық көре бастайды. Ол, бір 
жағынан,  заңды  да.  Өйткені  бұл  ғылымдар  осы  кезеңдерде 
дами  түсті,  сөйтіп  адам,  мал  ауруларының  түр-түрлері 
белгілі  бола  бастады.  Көптеген  ауруларды  емдеу  қазақ 
тіліндегі бақсы-балгерлердің, емші-тəуіптердің қолдарынан 
келе бермеді. Міне, осыны жіті байқаған көзі ашық оқыған 
азаматтар  ауруларды  медицина  жолымен  емдеу  қажет  деп 
түсінді.
Қазақ  ішінде  медицина,  биологиядан  арнаулы  маман-
дар  жоқтың  қасы  болғандықтан,  халық  қамын  ойлаған 
оқығандар орыс тіліндегі арнаулы əдебиеттерді қазақ тіліне 
аударып, бастырып, таратып отырды. Сондай əдебиеттердің 
бірқатары  мыналар: «Афат  яки  холера  əңгімесі,  перевод 
қазақшадан  орысшаға  етуші  студент  Казахский  ветери-
нарный  институтының  Файзолла  Иманбаев»,  Қазан, 1905; 
«Қышыманың  турасында  (очесотке)»  русшадан  тəржіме. 
Жаманмұрынов»,  Орынбор, 1906; «Шешектің  һəм  ше-
шек  егудің  жайларынан»  орысшадан  тəржіме.  Уалишев», 
Орынбор, 1906; «Адамның  чумасы  турасында».  Қазақ 
тілінде. Орысшадан перевод етуші Садық Бисалиев, Орын-
бор, 1911; «Обадан  қалай  сақтану?».  Орысшадан  пере-
вод  етуші  Садық  Бисалиев.  Орынбор, 1911; «Малда  бола-
тын  жұқпалы  аурулардың  һəм  оларға  қарсы  қалай  ғамал 
қолдану  хақында».  Орысшадан  тəржіме  қылған  Сейдғали 
Меңдешоғлы,  Уральск, 1911; «Арақ  у  яки  арақның  зара-
ры»,  Қазан, 1907; Самрұғ  «Оба  жайында  қазақча  əңгіме», 
Қазан, 1905; Шаһмардан ұлы Кашафуддин «Мақұлат» (оба 
ауруы),  Қазан, 1897; «Біздің  үйлеріміздің  хақында»  орыс-


жүктеу 7,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   125




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау