Терминологиясы



жүктеу 7,33 Kb.
Pdf просмотр
бет7/125
Дата28.11.2017
өлшемі7,33 Kb.
#2119
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   125

22
Ол  əсіресе  қимыл  атауларына  назар  аударады.  Сөйтіп,  тех-
никалық  терминдердің  көбі  осы  қимыл  мен  процесс  атау-
лары болып келеді деген қорытынды жасайды.
Осы  тектес  пікірді,  біз  Н.А.  Щеглованың
15
  еңбектерінен 
де  кездестіреміз.  Ол  терминологиялық  жүйедегі  қимыл 
процесі  етістік  түрінде  емес,  дерексіз  зат  есім  арқылы  біл-
діріледі дегенді айтады.
Ал  А.А.  Оруджев  (əзірбайжан  тілшісі)  дербес  мағынасы 
бар кез келген сөз, мейлі ол зат есім болсын, мейлі ол сын 
есім болсын, тіпті етістік пен үстеуде термин бола алады
16
, – 
дейді.
Жалпы,  қоғамдық  жəне  гуманитарлық  ғылымдар  сала-
сы  бойынша  шыққан  сөздіктерді  сүзіп  шыққанда,  зат  есім 
терминдермен  қатар  сын  есім,  етістік,  үстеу  терминдерді 
де  кездестірдік.  Бұл  жөнінде  Тіл  білімі  институты  Терми-
нология мен аударма теориясы бөлімінің электронды-есеп-
теу  машинасының  сарабынан  (Қ.  Бектаев)  өткен  қоғамдық 
ғылымдар  терминдерінің  төрт  томдық  сөздігін
17
  қарап 
шығуға болады.
Терминдердің  қай  сөз  табынан  жасалатынын  анықтауда 
жекелеген фактілерге ғана сүйеніп, қорытынды жасау дұрыс 
емес. Мұны теориялық тұрғыдан қарастырған лазым.
Терминді екі түрлі құрылымдық типтерге, яғни олардың 
құрылымдық болмысын екі ыңғайда бөліп қарауға болады: 
тілдік  жəне  тілдік  емес  деп.  Бұлар  белгілі  бір  терминоло-
гиялық жүйенің құрамына ене отырып, бір-бірінен ерекше-
ленетін де жері бар (əсіресе сапалық ерекшелігі жағынан).
15
 
Щеглова  Н.А.  К  вопросу  о  грамматических  средствах  терминологизации 
русских  глаголов  и  профессиональной  речи 17-18 вв. // Уч.  зап.  МОПИ., 
1963. Т. 38, Вып. 8, С. 89.
16
 
Оруджев  А.Г.  О  создании  научной  терминологии  и  об  упорядочении 
существующих терминов на азербайджанском языке // Изв. АН АзССР. 1951. 
№12. С.12.
17
 
Қоғамдық  жəне  Гуманитарлық  ғылымдар  саласының  қазақша-орысша 
терминологиялық сөздігін (4 томдық) қараңыз. Алматы, 1985.


23
Тілдік терминдер былайша жіктеледі.
І.  Термин  сөздер  (терминдік  мəндегі  сөздер).  Бұлардың 
өзін бірнеше топқа бөліп қарау керек:
а)  түбір  тұлғалы  терминдер:  бал,  бас,  газ,  йод,  бор,  лак, 
өт, алтын т.б.;
ə) туынды түбір терминдер: жазушы, бастауыш, баянда-
уыш, тракторшы, көрермен, қондырғы, есірткі, көрме т.б.;
б)  күрделі  термин  (сложные  термины):  үшбұрыш,  екі-
тілділік, темір-бетон, радиоактивтілік т.б.;
в)  қысқарған  күрделі  терминдер.  Мұның  өзін  бірнеше 
топқа бөлуге болады:
1) буын қысқарту арқылы біріктіріп жасалған терминдер. 
Мұнда  көбінесе  екі  сөздің  басқы  буындары  біріктіріледі: 
колхоз, совхоз, обком т.б.;
2)  аралас  типті  күрделі  терминдер.  Бұлар,  əдетте,  бір 
сөздің басқы буынын не сол сөзді тұтас басқа бір сөздердің 
басқы  дыбыстарымен  біріктіру  арқылы  жасалады:  райпо – 
районное потребительское общество, сельпо – сельское по-
требительское  общество,  райфо – районный  финансовый 
отдел т.б.;
3)  қысқартылған  сөздерден  жасалған  аббревиатуралар: 
ГЭС, ВЦСПС, СОКП, БЛКЖО, МТС т.б.
ІІ. Сөз тіркесі түріндегі терминдер.
а)  еркін  тіркесті  терминдер.  Мұның  құрамындағы  əрбір 
компонент жеке тұрып термин бола алады. Ол басқа терми-
нологиялық  сөз  тіркесінің  қатарына  енуі  де  ықтимал.  Мы-
салы,  күкіртті  азот,  азотты  алюминий.  Кеңес  Одағы, 
Коммунистік партия, еңбекші бұқара, Жазушылар одағы т.б.;
ə) еркін емес тіркесті терминдер, яғни бұлайша тіркескен 
терминдер  құрамындағы  сөздердің  бəрі  бірдей  жеке  тұрып 
термин  бола  бермейді.  Олар  дəл  осы  тіркесім  түрінде  ғана 
терминдік қызмет атқарады. Мысалы, қызыл бұрыш, ақ отау, 
қара топырақ, қызыл əскер, азат ел, сұрапыл соғыс т.б.;
б)  фразеологиялық  терминдер:  ежелгі  заман,  көне  тіл, 
абсолют  шама,  абсолюттік  ақиқат,  үлкен  жол,  сырт  пі-


24
шін, азамат соғысы, қызу жұмыс, азаматтық құқық, бала-
лар  бақшасы,  рухани  тəрбие,  замана  тынысы,  ерте  дүние 
тарихы,  рухани  мəдениет,  хайуанаттар  дүниесі,  табиғат 
заңы, даңғыл жол, алтын ғасыр, алтын қор, тарихи кезең, 
тарихи уақиға, құрмет тақтасы, ақыр заман, ірі басылым, 
қайта  құру,  қоғамдық  құрылыс,  қоғамдық  даму,  ортақ  іс, 
ашық  хат,  бірінші  орын,  саяси  күрес,  саяси  қайраткер, 
соңғы хабар, жұмыс күші, жұмыс столы, бақыт құсы, сот 
ісі, салтанатты мəжіліс, оқу жылы, ғалым хатшы, арнайы 
тапсырма, жомарт табиғат, айқын мысал.
ІІІ.  Тілдік  емес  терминдерге  неше  түрлі  таңба  белгілер, 
графикалық символдар, математикалық, физикалық, химия-
лық формулалар мен цифрлар жатады.
Əдетте,  адамзат  ойы  табиғи  тілдерсіз  көрініс  беруі 
мүмкін  емес.  Барлық  саяси,  идеологиялық,  экономикалық, 
эстетикалық,  мəдени  жəне  ғылыми  мұқтаждықтың  бəрін 
өтейтін – осы табиғи тіл. Бұл – дамудың өзгеше сипатымен 
өлшенетін құбылыс. Тіл де дамуға тəуелді. Тіл дамуы лек-
сика саласында айқынырақ аңғарылады. Ол тілдерде мəдени 
жəне  ғылыми  байлықтар  жасалып,  қорлана  түскен  сайын, 
тілдердің  лексика-фразеологиялық  құрамының  ішінде  тер-
минология қоры молая, байи түспек.
Соңғы  жылдардағы  ғылыми-техникалық  революцияның 
жедел  қарқынмен  дамуы,  ғылым  мен  техниканың,  шар-
уашылық,  өндірістің  барлық  саласындағы  қыруар  ин-
формациялық  мағлұматтың  келіп  құйылуы  терминология 
құрамының  қорлана  түсуіне  сеп  болып  отыр.  Сондай-ақ 
белгілі  бір  тіл  шеңберінде  шектеліп  қалмайтын  номенкла-
тураның əр алуан түрі көбейді. Бұлар ұлттық шектелу шека-
расын  бұзып,  ұлтаралық,  тіпті  халықаралық  сипат  ала  бас-
тады. Дамыған тілдің қай-қайсысында да бұлар лексиканың 
басқа салаларынан əлдеқайда көп, сондықтан олардың бəрін 
ешқандай сөздік қамти алмақ емес. Химия терминдерінің өзі 
шамамен қазір 2 миллионнан асады екен. Басқа қай ғылым 
саласын  алып  қарасақ  та,  осыған  ұқсас  жайды  көреміз. 


жүктеу 7,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   125




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау