13
ды, кейде тіпті оның əрқилы жергілікті (терминологиялық)
нұсқалары да қабаттаса жүреді. Арнаулы əдебиеттердің пай-
да болуы сөздік құрамның бұл саласының дамуына жаңа
бірлеп қосады, яғни дамудың басқаша арнасына түседі.
Термин жөнінде ғылыми жəне анықтағыш еңбектерде
түрлі мəліметтер беріледі.
Тиянақты түйін мен дəл анықтамалар беруге тырысатын
энциклопедиялық сөздіктерге үңілгенде, мынаны байқадық.
«Термин – рим мифологиясында шекара құдайы, Т. – тер-
миналдар құрметіне арналған мейрам» дегенді меңзейді
екен. Сонымен бірге термин – шекара, шек деген ұғымды
білдіретін латын сөзі. Бұл – 1980 жылы Мəскеуде жарық
көрген бір томдық «Советский энциклопедический словарь»
деген еңбекте берілген анықтама.
Терминология мəселесімен айналысқан ғалымдардың
қай-қайсысы да, ең алдымен, оның мазмұны мен мəнін ашып,
анықтамасын айқындап беруге тырысып отырған. Əсіресе
бұл проблеманы лингвистер тереңірек қарастырып келді.
Мысалы, бұл жайында О.С. Ахманова еңбегінен
3
мынадай
жолдарды оқуға болады: «Термин (ағыл.) дегеніміз – арнайы
ұғымдар мен арнайы заттарды дəл белгілеу үшін жасалған
(қабылданған, енген жəне т.б.), тілдегі арнайы (ғылыми,
техникалық т.т.) сөздер мен сөз тіркестері».
Сонда бұл келтіріліп отырған екі анықтаманың өзара
аздаған ғана айырмасы болғанмен, негізінен, біртектес екенін
көреміз. Термин болатын сөздің шегі, шеті, шекарасын
анықтау керек дегенді меңзейді. Яғни оның өзге сөздерден
айырмасы оның мағынасының шектеулі болатындығында
дегенді білдіретін тəрізді.
Бұл екі сөздікте «терминология» ұғымына да анықтама
4
берілген. Энциклопедияда берілген анықтамада терминоло-
3
Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. М., 1966.
4
Кеңесбаев І., Жанұзақов Т. Тіл білімі терминдерінің орысша-қазақша сөздігі.
Алматы, 1966.
14
гияның белгілі бір ғылым, техника салалары мен өнер түр-
лері терминдерінің жиынтығы екеніне мəн беріледі. Ал
О.С. Ахманованың сөздігінде осы айтылғандарға қоса мұның
реттеуге, жөндеуге мейлінше көнбіс лексиканың ерекше
қабаты екені баса айтылады. Шынында, лексиканың өзге
үйірлеріне қарағанда, мұның саналы əрекет арқылы реттеуге
мүмкіндігі мол екенін дəлелдейтін деректерді ғылымның кез
келген саласынан ойып алуға болады.
Ал Д.Э. Розенталь мен М.А. Теленкова терминнің жо-
ғарыда айтылған белгілеріне қоса, бір мағыналылығына
мəн береді. Яғни тілдегі сөздердің біразы көп машиналы
болып келсе, термин болатын сөздердің олардан негізгі
айырмашылығы – жалқы мағыналылығында деп түйеді.
Əрине, бұл да термин сөздің табиғатын нақтылай, анықтай
түсетін басты белгілердің бірі екені даусыз.
Тіл білімінің белгілі мамандарының бірі А. Реформатор-
ский де термин мен терминология ұғымының теориялық
мəнін ашып беруге тырысады. Ол термин, ұғым, сөз
түсініктерінің өзара байланысы жөніндегі түрлі пікірлерді
сүзіп шығып, екі түрлі бағытқа ден қояды: бірі – терминді
белгілі бір затпен байланысты қарайтындар да, екіншісі –
ұғыммен байланысты қарайтындар. А.А. Реформатский
терминді ұғыммен байланыстыра қарайтын бағыттың белең
алып келе жатқанына назар аударады. Ол мұның, яғни тер-
мин мен ұғымның өзара қатыстылығы, əсіресе ғылымда
айқынырақ көрінетінін байқайды. Сөйтіп, осы уақытқа дейін
термин мен терминологияға беріліп келген анықтамалардың
көп кемшілігі барын сынайды. Ол терминнің басты бел-
гілерін анықтап беруге тырысады. Оның дəлелдеуінше,
терминнің жоғарыда сөз болған ерекшеліктеріне қоса мына-
дай белгілері бар: термин емес сөздердің мағынасы көбінесе
контекст арқылы ашылып отырса, термин сөздер контекске
тəуелді емес. Сондай-ақ термин сөздерге көп мағыналық,
экспрессия жат екенін баса айтады.
15
Термин мəселесімен тікелей айналысқан қазақ ғалымы,
белгілі лингвист Қ. Жұбанов Мемтерминком бюллетенінің
2-санында бұған былай орысша-қазақша анықтама береді:
«Термином называется специфический видопределенных
словесных обозначений, передающих определенные понятия,
установленные на данном этапе развития науки и револю-
ционной практики, причем передаваемое термином терми-
нологическое понятие может не совпадать сословарным
значением, которое присущеданной словесной величине в
обыденной жизни»
5
.
Бюллетеньнің келесі санында (№ 3) дəл осы ойын ол бы-
лай деп қазақша түсіндіреді:
«Белгілі бір ұғымдарды білдіретін қарақшылы (qaraqcіlі)
сөздер болады, сөздерді əлгіндей ұғымдарға – ғылым мен
революция жағы қандай сатыда тұрса, міне, осы екеуі
теліп отырады; сонымен қатар термин сөзінің терминдік
ұғымы мен күнделік тіршілікте қолданылатын жай сөздік
мағынасы басқа болуы да мүмкін».
Проф. Қ. Жұбанов терминнің өзіндік өзгешелік сипатын
дұрыс түсінбеушіліктен кеткен қателерге назар аударады.
Мысалы, ол аударуға болмайтын терминдердің (психоло-
гия, коммунист, геометрия) аударылуын (жан жүйесі,
ортақшыл, пішіндеме) қате санайды. Мұның негізгі себебі
терминдердің терминдік мағынасы емес, лексикалық
мағынасына мəн беруден дейді. Яғни əңгіме бұл жерде бір
тілден екінші тілге аударуда немесе қабылдауда, ең алды-
мен, көңіл қойылуға тиісті шарт – оның терминдік мəні болу
керек екендігінде.
Академик І. Кеңесбаев пен профессор Т. Жанұзақов та
терминнің о баста латын тілінің «шек», «шекара» де-
ген сөздерінен пайда болғанын айта келіп: «Ғылым мен
5
Жубанов К. О специфике слов-терминов // Бюллетень государственной
терминологической комиссии. №2, Алма-Ата, 1935. Его же. Исследования по
казахскому языку. Алма-Ата, 1966. С.273.
Достарыңызбен бөлісу: |