Терминологиясы



жүктеу 7,33 Kb.
Pdf просмотр
бет6/125
Дата28.11.2017
өлшемі7,33 Kb.
#2119
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125

19
Көптеген  пікірлер  ағынына  қарағанда,  терминология 
ғылымы  шеңберінде  мынадай  мəселелер  қарастырылып, 
шешім табуға тиісті:
1)  ғылыми-техникалық  ұғымдардың  классификациясы, 
ұғымдар  мен  ұғымдар  жүйесінің  арасындағы  байланысты 
анықтау;
2) ұғымдар анықтамасын құру;
3) терминдерді талдап, іріктеп түзу;
4) терминдер жүйесін жасау.
Термин, ең алдымен, белгілі ғылым саласының ұғымдар 
жүйесінен туындайды. Ол – осы құбылысты таңбалау үшін 
құрастырылған  немесе  сол  жағдай  үшін  арнайы  ойлап 
табылған  шартты  белгілер  емес.  Олар  тілде  бұрыннан  бар 
белгілі бір мағынаға ие сөздер мен түбірлер негізінде пайда 
болады.  Ал  «номенклатураға»  келетін  болсақ,  ол  үшін  ды-
быстар немесе мағыналылық шектеуден тыс сөздер алына-
ды,  яғни  номенклатуралық  белгі  ретінде  алынатын  сөздер-
дің мағыналық өрісін қумалап, оны сақтап жатудың қажеті 
шамалы.  Номенклатуралық  белгілер  ғылыми  ұғымдармен 
сəйкес келе бермейді, одан туындап жатпайды.
Терминология  қисындық  ұғынудың  жоғары  саты-
сы – адамдардың  танымдық  қызметін,  соның  нəтижесін 
тұрақтандыру,  таңбалау  құралы  есебінде  қолданылады.  Ал 
номенклатурада  абстракция  шамалы.  Номенклатура  ар-
наулы  объектілердің  тізбесін  ғана  береді.  Олардың  өзара 
мағыналық байланыстарын іздеп жатпайды. Ал терминоло-
гия,  керісінше,  мұндай  байланыстарға  мəн  беріп  отырады. 
Сөйтіп,  бір  сөзбен  айтқанда,  терминология  мағыналы  сөз-
дер негізінде жасалатын арнайы лексика жиынтығы жəне 
соны зерттейтін ғылым саласы болса, номенклатура дыбы-
стар  мен  мағынасыз  сөздер  арқылы  таңбаланған  белгілер 
дегенге  саяды.  Алайда  бұдан  бұлардың  арасында  болып 
жатқан  реальды  байланысты  жоққа  шығаруға  болмас  еді. 
Өйткені,  түптеп  келгенде,  номенклатура  дегеніңіз – ұғым 
атаулыдан мүлде алшақ жатқан нəрсе емес.


20
Егер  сөз,  термин  жəне  номенклатураны  қатар  қойып, 
салыстыра  қарайтын  болсақ,  бұлардың  өзді-өзіне  тəн 
ерекшелігі,  тілдегі  қызметі  жəне  жасалу  жолдары  мен 
мағыналық  өрісі  айқын  аңғарылады.  Əсіресе,  бұларды 
қашықтық  туралы  хабар  беретін  есту  жəне  көру  сигналда-
рымен салыстырсаңыз, бір жағында сигналдар тұрса, екінші 
жағында  сөздер  тұрады.  Жол  жүру  тəртібін  сақтау  үшін 
жасалған  сигналдар – қатынас  құралының  қарапайым  ғана 
түрі. Мұндай сигналдар белгілі бір ойды, оның мағыналық 
өрісін,  неше  алуан  құбылысын  бере  алмайды,  олар  өзімен-
өзі  шектеулі  шартты  белгілер  болып  табылады.  Ал  сөздер 
грамматикалық  құрылысы  жағынан  ғана  емес,  мағыналық 
өрісі  жағынан  да  өзара  тіркесіп,  байланысып,  біріне-бірі 
əсер ете, дамып жатады. Міне, сол  себепті де ол ойдың бүкіл 
динамикалық  қуатын  бере  алады.  Егер  осылардың  бəрін 
бір  қатарға  жайғастырсақ,  мұның  екі  шетінде  сигналдар 
мен  сөздер  тұрады.  Мысалы,  сигналдар,  номенклатуралық 
белгілер, терминдер, сөздер. Осы қарапайым салғастырудан 
басталады, бұлардың ішінде іргелес тұрған номенклатуралық 
белгі  мен  термин  сигналдар  мен  сөздерден  əлдеқайда 
жақын.  Ал,  екінші  жағынан,  сигналдарға  ең  таяу  тұрған 
номенклатуралық  белгілер  де  сөздерге  таяу  терминдер. 
Осының өзінен-ақ біраз жайды аңғаруға болады.
Сөзқолданыс  тəжірибесінде  номенклатуралық  белгі-
лердің  терминге  ауысып  жататын  кезі  де  болған.  Мысалы, 
ғылыми  əдебиеттерден  мынадай  деректерді  көреміз.  Бір 
кезде «каучук» саласы бойынша терминдерді реттеуде 1909 
жылы пайда болған «бутодиеновые каучуки» деген сөз тіркесі 
номенклатуралық  атау  қатарына  жатқызылған.  Мұның 
1932  жылы  «бутодиеновые  каучуки  стеорорегулярные» 
дейтін  нұсқасы  пайда  болғаны  (Т.Л.  Канделаки)  туралы
13
 
13
 
Канделаки  Т.Л.  Работа  по  упорядочению  научно-технической  термино-
логии  и  некоторые  лингвистические  проблемы,  возникающие  при  этом 
(лингвистические проблемы научно-технической терминологии). М., 1970.


21
фактілер  бар.  Нəтижеде  каучуктың  белгілі  сортын  білдіре-
тін  бұл  номенклатуралық  атау  сол  каучуктың  бір  топ  түрін 
танытатын терминге айналды.
Номенклатуралық белгілер жүре келе қалыптаса бастайды, 
өйткені ғылым мен техниканың дамуына орай олар білдіретін 
заттар тіл қолданушылар дағдысына еніп, күнделікті тұрмыс 
қажетін өтеуге араласады. Мəселен, витамин «А», витамин 
«В», витамин «С» тəрізді неше алуан медициналық препарат 
пен дəрі-дəрмектер атаулары күнделікті тұрмысқа еніп отыр. 
Сол  сияқты  мысалдарды  басқа  да  ғылым  салаларының  кез 
келгенінен келтіруге болады.
Осыған қарағанда, номенклатуралық атаулар, терминдер 
жəне сөздер қоғам дамуы, соған орай тіл дамуына байланы-
сты бірінен-біріне көшіп, ауысып отырмақ. Олардың арасын 
əлдебір  тас  қорғанмен  шектеуге  болмайды.  Ғылым  салала-
рын саралап қарасақ, бұлардың қайсыбірінде терминдер ба-
сым да, екіншісінде номенклатуралық атаулар көп. Мəселен, 
гуманитарлық  ғылым  салаларында  номенклатуралық  атау-
лар  азырақ  та,  негізгі  теориялық  терминдер  басымырақ,  ал 
ботаника,  зоология,  география,  медицина  т.б.  салалардың 
терминологиялық  жүйесінің  көбі  дерлік  номенклатуралық 
терминдерден тұрады. Мұның мəнісі мынада. Гуманитарлық 
ғылымдар  көбінесе  абстракт  ұғымдарды,  жиынтық 
қорытынды  жасайтын  категорияларды  пайдаланады  да, 
екінші топтағылар неше алуан заттық нысандарға сүйенеді.
Ғылыми  терминдерді  тексергенде  олардың  қай  сөз  тап-
тарынан  жасалатынын  қатты  қадағалау  қажет.  Термин 
жасауға  тек  зат  есімді  қатыстыру  қажет  пе,  жоқ,  əлде  өзге 
де  сөз  таптарынан  термин  жасауға  бола  ма  деген  мəселеге 
назар аударған жөн. Бұл жайында неше алуан пікірлер бар. 
Мысалы, Г.О. Винокур
14
 терминдер тек зат есім болуға тиіс 
деп  түйеді.  Яғни  термин  болу  үшін  сол  сөз  заттануы  тиіс. 
14
 
Винокур  Г.О.  О  некоторых  явлениях  словообразования  в  русской  техни-
ческой терминологии // Труды ИФЛИ. Т. 5. С. 13.


жүктеу 7,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау