Терминологиясы



жүктеу 7,33 Kb.
Pdf просмотр
бет10/125
Дата28.11.2017
өлшемі7,33 Kb.
#2119
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   125

31
Осыдан  көп  ұзамай,  ол  енді  қазақ  тілін  мектепте  пəн 
ретінде оқытуды жоспарлап, оқулық жазуға кіріседі. «Тіл – 
құрал»деп  аталатын  бұл  оқулықтың  фонетикаға  (ды-
быс  жүйесі)  арналған  І  бөлімі 1915 жылы  тұңғыш  рет 
жарық  көреді.  Мұның 1927 жылы  Қызылордадан  шыққан 
нұсқасыңда «7-ші» деп көрсетілуіне қарағанда, бұл оқулық 
та осы екі аралықта осыншама рет жарық көргенге ұқсайды. 
«Тіл – құралдың»  морфологияға  (сөз  жүйесі)  арналған 
ІІ бөлімі бұдан бір жыл бұрын – 1914 жылы баспадан шық-
қан. Ол да 1927 жылға дейін 6 рет басылып үлгерген.
«Тіл – құралдың» синтаксиске (сөйлем жүйесі) арналған 
ІІІ бөлімі де көп ұзамай жұртшылық қолына тиеді. Бұл еңбек 
те  бірнеше  рет  басылым  көрген.  Мысалы,  Қызылорда – 
Ташкенттегі «Казгосиздаттан» 1928 жылы басылып шыққан 
данасында «6-ншы басылым» деп көрсетілген.
Ғалым  тіл  үйретуде  бұл  еңбектермен  ғана  шектеліп 
қалмай, енді қолданбалы грамматиканы жазады. Оны ол «Тіл 
жұмсар» деген атпен 1928 жылы Қызылордадан шығарады. 
Сондай-ақ  тіл  үйретудің  таза  əдістемесі – «Баяншы»  деген 
кітабын жұртшылыққа ұсынады.
Байқап  отырсақ,  бұл  тұңғыш  қазақ  лингвисі  өзінің  ал-
дына  жүйелі  мақсат,  айқын  бағдарлама  түзіп,  сол  бой-
ынша  өз  бетімен  жұмыс  істеген  тəрізді.  Мəселен,  оның 
бірінші  мақсаты – қазақ  баласының  сауатын  ашу  болса, 
осыдан  барып  «Оқу  құралы»  пайда  болады,  содан  кейін 
қазақ  тілінің  грамматикалық  құрамын  ана  тілінде  талдап 
беруді мақсат етеді де, «Тіл – құралды» жазады. Тілді дұрыс 
жұмсай  білу  тəртібіне  байланысты  ойға  қалады  да, «Тіл 
жұмсарды»  ұсынады,  сауат  аштыру,  тіл  оқыту  əдістемесін 
жасау  мақсатында  «Баяншыны»  береді.  Кезінде  əлденеше 
қайталанып  басылуының  өзі  бұл  еңбектердің  зəрулігі  мен 
бағасының қаншалықты дəрежеде болғанын аңғартса керек.
Осы  еңбектерді  жазып,  жарыққа  шығармас  бұрын 
ғалымның  қазақ  жазуымен  түбегейлі  айналасуына  тура 
келеді. Неге десеңіз, ол сол кезде пайдаланып жүрген араб 


32
жазуының  көптеген  дыбыстық  жүйесіне  сəйкестендіріл-
меген  болатын.  Соның  салдарынан  арабша  хат  таныған 
адамның көбі сауаты шамалы боп шығатын. Міне, сондықтан 
А.Байтұрсынұлы  «Айқап»  журналы  мен  «Қазақ»  газеттері-
нің беттерінде араб жазуының қазақ тіліне лайықтап икем-
делген  жаңа  нұсқасы  туралы  жұртшылыққа  түсіндіріп, 
мақалалар жазады. Ол жасаған жаңа жазу үлгісі ел көңіліне 
бірден ұялайды да, қабылданады.
Міне,  осы  тұста  ғалым  əрбір  пəннің,  əрбір  ғылым  са-
ласының өз жүйесі, сол жүйесіне лайықты ұғым, түсініктері 
болуы  тиіс  екеніне  көзі  жетеді  де,  қазақ  тілінің  терминдік 
атауларын  тыңнан  жасауға  кіріседі.  Онсыз  елдің  сауатын 
ашарлық,  білімін  көтерерлік  оқу  құралдарының  қандайын 
болса  да  жасаудың  қиынға  түсерін  ұққан  жанның  тек  осы 
саладағы  еңбегінің  өзі-ақ  ол  туралы  мақтанышпен  əңгіме 
қозғауға негіз болар еді.
Жоғарыда  айтылған  «Айқап»  журналы  мен  «Қазақ» 
газетіндегі  қазақ  жазуы  жайындағы  мақалаларында 
А.  Байтұрсынұлы  қазақ  ұғымына  əлі  жат,  бірақ  тіліміздің 
ішкі  жүйесін  түсіндіруге  қажет  кейбір  сөздерді  жаңаша 
қолдана бастайды. Олар – дыбыс, əріп, емле, ноқат (нүкте), 
үтір, буын, əліппе, сөз аяғы, белгі, сөз басы, дауысты дыбы-
стар, сүйеніш, дəйекші деген т.б. сөздер. Бұлар қазақ тілінде 
бұрыннан бар болғанмен, белгілі бір ғылыми ұғым есебінде 
нақты атауға иелік жасап отыруы тұңғыш рет.
Қазақ тілі терминдерін жасауды осындай алғашқы мақала 
пікірлерінде  бастаған  А.  Байтұрсынұлы  өзінің  үш  бөліктен 
тұратын айтулы еңбегі «Тіл – құралда» мейлінше дамытып, 
ұластырып алып кетеді.
Оның  бұл  еңбектерде  пайдаланған  терминдері  жайында 
əңгіме  қозғамас  бұрын,  мына  бір  тұсқа  назар  аударғымыз 
келеді. «Тіл – құралдың» дыбыс жүйесін талдайтын бірінші 
бөліміне  ол  алдымен  алғы  сөз  (сөз  басы)  жазып,  кітаптың 
мəнін,  мақсатын  түсіндіреді.  Тұңғыш  рет  ауызша  сөйлеу 
мен жазып сөйлеудің маңызын ғылыми тілмен баяндай келе: 


33
«Əр жұрт баласын əуелі өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын 
танытып,  балалар  əбден  дағдыланғаннан  кейін  басқаша 
оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, 
өзгелерше  əуелі  өз  тілімізбен  оқытып,  сонан  соң  басқаша 
оқытуға тиіспіз», – деген болжауы қазіргі кезеңде де мəнін 
жоғалтпай тұрған жоқ емес пе?
Небары 38 беттен  тұратын  шағын  еңбектің  мағыналық 
салмағында  шек  жоқ.  Айқын  ой,  нақты  сөз  арқылы  сон-
шама  қарапайым  жазылған  бұл  еңбек  оқушының  ұғымына 
соншалықты  жеңіл.  Оның  себебі  қазақ  тілін  көзбен  көріп, 
қолмен  ұстап  анық  байқайтындай  етіп,  белгілі  бір  жүйеге 
салып саралап, əрқайсысына нақты ат беріп, түсіндіруінде. 
Мəселен, түсіндірілетін құбылысқа дөп түсіп жататын, оның 
ішінде пəн ретінде оқылатын тілдің түрлі категорияларына 
лайықты жаңа сөз тауып, жасап, оларды қалыптастырудың 
тіпті де оңай болмағанын тек ойша шамалауға болар.
Ол  қазақ  тілінің  бұдан  былайғы  жерде  негізгі  жұмыс 
құралына  айналуға  тиісті  сөз,  сөйлеу,  сөйлем,  буын,  ды-
быс, таңба, əріп, тұлға, түбір, жалғау, жұрнақ, қосымша 
тəрізді  толып  жатқан  сөздерді  тауып,  орын-орнына  қойып 
қалыптастырады, əрқайсысына нақты қызмет береді.
Дыбыстардың  не  екенін,  оның  құрамын,  түрлерін 
анықтай отырып, олардың, ең алдымен дауысты, дауыссыз 
делініп, одан əрі қарай жарты дауысты дыбыстар, қатаң 
дыбыстар, ұяң дыбыстар, ымыралы дыбыстар, ымырасыз 
дыбыстар  деп  түр-түрге  бөлінетінін  айтып,  əрі  қысқа,  əрі 
нұсқа  түсіндіреді.  Əрбір  дыбыстың  айтылу  ерекшелігіне, 
сөз  материалы  есебіндегі  ішкі,  тысқы  ажарына  соншама 
зергерлікпен үңіліп, əрқайсысының өзіне лайықты ат тауып, 
шатастырмай  саралап  шығуы  нағыз  білімдарлыққа,  тілдің 
небір нəзік тініне дейін үңгіп ене алуы, қабілет-дарыны зе-
рек лингвистің болмысына тəн еді. Қазақ тілінің дыбыстық 
жүйесін саралауға байланысты туған бұл терминдік ұғымның 
бəрі  дерлік  тұрақты  қалыптасты,  тек  ымыралы,  ымырасыз 
деген тəрізді сөздердің қолданысы ғана онша өрістей алма-


жүктеу 7,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   125




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау