Терминологиясы



жүктеу 7,33 Kb.
Pdf просмотр
бет15/125
Дата28.11.2017
өлшемі7,33 Kb.
#2119
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   125

48
тілде  болып  жататын  əлгіндей  құбылыстар,  бір  қарағанда, 
еріктен тыс өз бетінше өрбіп жататын сияқты. Шындығында, 
тілде  ішкі  табиғи  жүйеден  тыс  ешнəрсе  жасалмайды.  Бəрі 
тіл  дамуының  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  заңдылығына 
орай болады. Осы процеске бір уақ зер сала қарасақ, тілдің 
лексикалық қабаты алуан-алуан кезеңді бастан өткізген екен. 
Əр  кез  өзінің  талап-тілегіне  орай  байырғы  сөздерін  қайта 
екшеп,  қайсыбіріне  қосымша  мағыналық  жүк  артып,  сөз 
жасаудың түрлі амалдарын қарастырып, көрші елден де сөз 
алып т.т. əрекет еткен. Сонда тілдің лексикалық қабатының 
бір  алуаны  жанданып,  екіншілері  көмескіленіп,  неше  алу-
ан  құбылып,  сұрыпталып,  уақыт  тезінен  өтіп  отырғанын 
байқаймыз.
Солардың  ішінен  терминологиялық  лексиканы  ерекше 
атауға  болады.  Терминдік  даралық  сипат  алған  сөздер  мен 
сөз тіркестері, бейнелеп айтқанда, тарихи кезеңдер мөріндей 
боп  таңбаланған  тілдік  фактілер.  Бұл  да  қоғам  дамуының 
заңдылығына  сəйкес  туған  лексика.  Тілдің  бұл  қабатының 
дамуында  өзіндік  ерекшелік  бар.  Осыған  жататын  сөздік 
құрамға  енген  қолданыста  активтілік  танытып  жүрген  тер-
мин  сөздердің  бəрі  дерлік  саналы  əрекет  нəтижесі  деп 
айтуға  болады.  Белгілі  дауылды  кезеңнің  алғашқы  сəтінен 
бастап-ақ, барлық аймақта (əсіресе Қазақстан сияқты елде) 
сауаттылық  ұраны  көтеріліп,  оқу-өнер,  ғылым-білімге  та-
лап  күшейді.  Нəтижесінде  қазақтың  көптеген  байырғы 
сөздерінің мағынасы кеңейіп, жаңаша өріс алды. Тіпті, керек 
десеңіз, өнімділік нышанын таныта бермейтін кейбір жалғау, 
жұрнақтардың  өзі  жанданып,  жаңаша  қызметке  көшіп,  сөз 
жасаудың  актив  түріне  айналып  кеткені  бар  (Бұл  жөнінде 
еңбектің кейінгі бөлімінде толығырақ əңгіме болады).
Байырғы  лексикамыздың  жаңа  өмірге  лайықты  жаңаша 
сипат  алуына  қоса,  тіліміздің  кірме  сөздер  қорының  жа-
салғанын да байқаймыз. Яғни бұрын тіршілік ету дағдымыз-
да болмаған, ғылым мен техникаға байланысты ұғымдарды 
білдіруде жалпыға ортақ халықаралық терминдер мен атау-


49
лық  мəндегі  орыс  сөздерін  пайдалану  қазақ  əдеби  тілінің 
арналы бұлақтарының бірі болып табылған. Ал тіл қоғамға, 
қоғам мүшелерінің бəріне бірдей қызмет ететін болғандық-
тан, сол қоғам мүшелерінің өзі бұл процесті үнемі қадағалап, 
тілді  бөгде  сөздерден  қызғана  қорғаштап,  жаңаларын  сұ-
рыптап,  қолданыс  мұқтаждығына  орай  икемдеп  отыра-
тыны  да  бар.  Сөз  болып  отырған  лексикалық  қабаттың 
уақытында əдеби нормаға сай қалыптаса қоюы оңай болған 
жоқ. Неше алуан талас-тартыс нысанына айналып, сан алуан 
сарапқа түскені мəлім. Мұның бəрі – тіл дамуының белгілі 
кезеңдеріне тəн заңды құбылыстар.
Сол  бір  тарихи  кезеңдер  шеңберінде  тіл  дамуына  əсер 
еткен  мəселелерді  саралап,  ғылыми  тұрғыдан  талдап  ал-
май  тұрып,  терминология  жайлы  жүйелі  сөз  қозғау  қиын. 
Сондықтан  термин  жасау  мен  оны  қалыптастыру  ісінде 
айтарлықтай із қалдырған сəттерді, кейбір деректерді сөз ете 
кетуге тура келеді.
Бұл  ретте,  қазақ  терминологиясы  түгілі,  бүкіл  ұлттық 
мəдениетіміздің  қаулап  қанат  жаюына  ықпал  жасаған 
шаралардың 20–30-жылдарда  тіпті  белең  алғанын  айту  ла-
зым.  Неге  десеңіз,  сауат  ашудың  жарқын  бір  беттері  осы 
кезеңге  орайлас  келеді.  Жер-жерде  сауат  ашу  мектептері, 
театр, газет, журналдар ашылып, баспаханалар жұмыс істей 
бастады. Соның нəтижесінде бұрын қағазға түскен өз сөзін 
сирек  көретін  қазақ  қауымы  енді  жазу-сызуға  өзі  тікелей 
араласып, белсенді іске көше бастады. Байырғы қазақ сөзі-
нің  қоғамдағы  қызметі  кеңейіп,  ол  баспасөздің,  радионың, 
көркем əдебиет пен түрлі шаруашылық, саяси кітаптар тіліне 
айналды.  Оның  осылайша  қызмет  аясы  кеңеюмен  бірге, 
лексикалық  байлығымыздың  қолданыстағы  пішіні  өзгере 
бастады. Қайсыбір сөздер арнайы қолданыстағы болмысына 
орай нақтыланып, терминдік сапаға көшті. Сөйтіп, тіліміздің 
əдебилену  дəрежесі  айқындала  түсті.  Бірақ  мұның  бəрі, 
жоғарыда  сөз  болғанындай,  адамдардың  саналы  əрекетінің 
нəтижесі.  Сонымен  отандық  ғылымның  содан  бергі  өткен 


50
жолын  бір  сəтке  көзге  елестетсек,  терминологияға  бай-
ланысты  қыруар  жұмыс  істелген  екен.  Екі  тілді  қаншама 
сөздіктер жарық көріп, қалың жұртшылықтың игілігіне ай-
налды.  Қаншама  сөздер  терминдік  мəнде  қайта  жаңғырып, 
əдеби тіл қорына келіп қосылды.
Бұл тұста, ең алдымен, есте тұтатын жайт мынау: əдеби 
тіл  дегенімізді  тек  көркем  əдебиетке  теліп,  соған  ғана 
қатысты  деп  қарау  аз.  Қоғам  өмірінде  атқарып  отырған 
қызметіне  қарап,  біз  оны  кең  мағынада  түсінуіміз  керек. 
Оның  жалпы  сипатын  айқындайтын  бірнеше  белгілері 
бар.  Біздің  түсінігімізше,  əдеби  тіл,  ең  алдымен,  қоғамға, 
қоғам  мүшелеріне  қызмет  ететін  қарым-қатынас  құралы, 
жалпы  жұртшылыққа  өмірдің  алуан-алуан  сырларынан, 
оқиғаларынан,  құбылыстарынан  кең  мағлұмат  беретін  ха-
бар тілі, халқымыздың ғасырдан-ғасырға ұласып, сақталып 
келе жатқан сөз байлығының қоймасы, мəдени мұрамызды 
жинақтаушы  қазына,  тыңдаушы  мен  оқушысын  өлшеусіз 
əсерлендіріп, нəр беретін сан-салалы қызметі бар, стильдік 
тармақтары қанат жайған теңдесі жоқ əлеуметтік құрал.
Стиль  дегенде,  солардың  ішінде  бүгінгі  дəуірде  ерек-
ше  бой  түзеп,  қатпарлана  дамып  келе  жатқан  саласының 
бірі – ғылыми  стиль,  яғни  ғылым  тілін  айрықша  қарау  ке-
рек. Ғылыми-техникалық прогреске орай туып, өміріміздің 
алға  бастар  өзекті  проблемасына  айналған  ғылымның  бұл 
саласында анықталғанынан гөрі анықталуға, зерттелгенінен 
гөрі  зерттелуге  тиісті  жайлары  көбірек.  Өйткені  қазіргі 
қазақ  тілінің  бай  лексикалық  қорының,  шамалап  айтқанда, 
үштен  екісін  термин  сөздер  жүйесі  құрайды  екен.  Бұл – 
ана  тіліміздің  даму  тарихында  бүгінгі  заман  болмысына 
лайықты,  соның  небір  ірілі-уақты  белгі-нышандарын  біл-
діре аларлық сөз жасампаздық құбылыс жүріп жатыр деген 
сөз.  Ендеше,  үздіксіз  жүріп  жатқан  бұл  процестің  ғылым 
үшін маңызын ашып, зерттеудің қажет екені даусыз. Ал əрбір 
ұлт  тіліне  еніп,  ғылыми  стиль  тармақтарының  өрістеуіне, 
қоғамдық-саяси  лексикасының  қалыптасуына  тікелей  жол 


жүктеу 7,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   125




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау