176
Термин жасауда -лық, -лік жалғауының қызметі де ерек-
ше. Ол да терминдік мəнге икемделіп тұрған таза қазақы
сөздерге қоса, кірме сөздерге де еркін жалғанып, термин
жасаудың өнімді бір түріне айналды. Алайда бұл жұрнақтың
термин жасауға қатысы үнемі біркелкі болған емес.
30-жылдары бұл жұрнақтың жалғануы арқылы жасалған
сөздердің біразы қазір уақыт сынына жауап бере алмай,
термин ретіндегі мəнінен айырылып, қолданыстан шығып
қалды. Затшылдық (материализм), төтелік (последователь-
ность), тегістік, жеңістік (победа), құралық (календарь),
кеңсешілдік (бюрократизм), екпінділік (ударничество) т.т.
сөздер сол алғашқы əрекеттер белгісі болып қалды.
Терминжасам процесінің үнемі сұрыпталып, жетілдіріліп
отыруының нəтижесінде, бұл сияқты термин сөздер не сол
халықаралық мəнін сақтап, сол қалпы, не дəл терминдік
мəнін айқындайтын қазақ сөздерімен алмастырылып (ма-
териализм, коллективизм, бюрократизм, календарь, жеңіс,
бірізділік, кеңістік т.т.) беріліп отырды.
Ол жылдары осы жұрнақ арқылы қатыстық сын есімнен
де термин көп жасалған, əскерлік қызмет (воинская служба),
техникалық оқымысты (технический кадр), саясаттық сек-
тор (политический сектор), социалдық қоғам (социалисти-
ческое общество). Осыдан кейін бұл қосымшаға құмарлық
сəл саябырлай бастайды да 50–70-жылдары бұған шамадан
тыс əуестік қайта қозғаны көрінеді. Дəндік жүгері – кукуруз-
ное зерно, ақындық есім – имя поэта, шопандық тіршілік –
жизнь чабана, паспорттық бланкі – паспортный бланк т.т.
мысалдар осындай құмарлық сарынның салқыны. Алайда
бұл жалғаудың сөзжасамдық сипатын, оның ішінде, əсіресе
терминжасам процесінде (əрине ретімен пайдалана білсе) сөз
түрлендіргіш өнімді көмекші бола алатынын көптеген мы-
салдар нақты дəлелдейді. Мысалы, заңдылық (законность),
заңсыздық (беззаконие), оқулық (учебник), мамандық (спе-
циальность), бесжылдық (пятилетка), сенбілік (суббот-
177
ник), орталық (центр), республикалық (республиканский),
философиялық (философический), адамгершілік (гуманизм)
т.т. қазіргі қазақ əдеби тілінің сөздік құрамынан мықтап орын
тепкен, бұларсыз ғылыми ой-пікірді өрбітуге болмайтын тер-
миндер жүйесін атап айтуға болады. Сөйтіп, бұл жұрнақтың
да сөзжасамдық, оның ішінде, əсіресе термин жасамдық
мүмкіншілігі сарқылып біткен жоқ, қайта, қаншама ұғым,
түсініктің айқындала, нақтылана түсуіне сеп болды, оның
нəтижесінде тамаша терминдер келді өмірге. Тек əңгіме
мұның көзін тауып, сауаттылықпен қолдана білуде.
Қазақ тілінің сөз тудырғыш қосымшаларын зерттеу-
шілердің біразы
71
өнімді қосымша деп осы сөз болған -шы
-ші, -лық, -лік жалғауларын ауызға алады.
Біз өнімділігі жоғары қосымшалар қатарына кейінгі
кезеңдерде терминжасам процесінде актив мінез таныта бас-
таған -ма -ме, -ым -ім -м, -ыс -іс -с, -қы -кі -к жалғауларын
да қосар едік. Соңғы екі он жылдық деңгейінде Мемтермин-
ком тарапынан жолдама алып, қолданысқа енген термин
сөздерді еске алсақ жəне мерзімді баспасөз материалдарын
қарап отырсақ, осы аталып отырған қосымшалардың, əсіресе,
терминжасамдық қабілеті ашыла, айқындала түскен тəрізді.
Мысалы, бастырма, қондырма, үйірме, құрама, мінбе,
мінездеме, балама, жазба, баспа, қолтаңба, қырқым, ашы-
лым (открытие), басылым (издание), жазылым (подписка),
қойылым (постановка), сұраныс, көрініс, үғыныс, тексеріс,
отырыс, ұсыныс, табыс; басытқы (закуска), құрылғы
(устройство), жылытқы (грелка), қондырғы (установ-
ка) т.т. тіліміздің терминдену мүмкіншілігінің шексіз
екенін байқатады.
71
Ысқақов А. Қазақ тілінде кейбір жұрнақтардың қолданылу аясы мен
қызметінің кеңеюі жайында // Тіл мəдениеті жəне баспасөз. Алматы, 1972;
Бейсембаева З. Нормализация словообразующих аффиксов имен существи-
тельных в современном казахском литературном языке: Автореф. дисс. канд.
филол.наук. Алма-Ата, 1982.
178
Мұның түбір не туынды немесе біріккен сөз түріндегі
модельдерін көрсетуге болады, яғни бұл қосымша төл сөзі-
міздің түр-түріне жалғана беретіні сияқты кірме сөздерді де
таңдап, талғап жатпайды. Таңдау тек терминденуге бейім
сөздер жайында, яки заттануға ыңғай білдіретін сөздер жай-
ында болуы мүмкін.
-Шыл, -шіл. Бұл жұрнақ арқылы əу баста адамдардың
ерекше əрекетімен ерсі қылықтарын, бір нəрсеге тым
əуестігін, бейімдігін білдіретін өзім-шіл, ұйқы-шыл, сəлем-
шіл, уайым-шыл тəрізді сөздер жасалатын. Ал ленин-шіл,
қоғам-шыл, көп- шіл, өлең-шіл дегендер аталмыш жұрнақтың
сөз тудырғыш қызметіндегі аздаған мағыналық өзгерісті
байқатады. Бұл терминдер мұратшылдық мəн арқалап,
қоғамдық сипатталды.
Бір кезде сөзжасамдық қабілеті шектеулі қосымшалар
қатарына ығыстырылған -дама -деме, -нама -неме, -лас
-лес, -дас -дес, -ман, -мен тəрізді морфемалардың қосылуы
арқылы жасалған аялдама (остановка), бейімдеме (приспо-
собление), ғарышнама (космология), дəйектеме (обоснова-
ние), дəуірнама (эпопея), есімнама (персоналий), жарияла-
ма (объявление), жолдама (путевка), жоспарлама (планер-
ка), жүктеме (нагрузка), жылнама (летопись), кепілдеме
(рекомендация), кескіндеме (живопись), лездеме (летучка),
мағлұматнама, анықтама (справочник), мадақнама (гра-
мота), өмірнама (биография), сапарнама (путевыезапи-
ски), топтама (серия, цикл), түсініктеме (комментарий),
оқырман (читатель), көрермен (зритель) сияқты сөздердің
де көзін тауып, қаузап қолдана білсе, терминжасам мүмкін-
шілігі мол екені байқалады.
Бірақ өнімділігі орташа делінетін алдыңғылардың да,
өнімділігі тіпті төмен аталатын бұлардың да мүмкіндігін
пайдаланып жүрген терминологтар, кейде қалыптасқан тер-
минжасау принципін ескере бермейтін сияқты. Ол прин-
цип бойынша барлық халықтарда ортақ интернационалдық
терминдерді, негізінен, сол күйінде қабылдау дəстүрі
Достарыңызбен бөлісу: |