Терминологиясы



жүктеу 7,33 Kb.
Pdf просмотр
бет52/125
Дата28.11.2017
өлшемі7,33 Kb.
#2119
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   125

161
Ойымызды  жинақтап  келгенде  айтарымыз,  жалпы  түркі 
тілдерінде,  оның  ішінде  қазақ  тілінде  жаңа  термин  жасау-
дың  белгілі  бір  модельдері  тұрақтанған  тəрізді.  Сөйтіп 
жаңа  термин  нендей  материалдан,  қалай,  қашан  жасалса 
да, ең алдымен мынадай негізге сүйенеді: қосымшалау, сөз 
біріктіру  жəне  сөз  қысқарту  (аббревиациялау).  Қайсыбір 
тілдерде  сөз  жасаудың  тағы  бір  жолы  көрсетіледі.  Ол  сөз 
алдынан  қосылатын  жұрнақтар  (-ре, -анти, -контр  т.т.) 
арқылы  жасалатын  терминдер.  Алайда  сөз  жасаудың  бұл 
амалы  бірен-саран  кездеспесе,  жалғамалы  тілдерге,  əсіресе 
түркі тілдеріне тəн емес. Ал көрсетілген модельдердің бұдан 
басқа  түрлерінің  бəрі  бірдей  бір  мезгілде  пайда  болмағаны 
түсінікті.  Мəселен,  аббревиациялау  (əріп  қысқарту,  буын 
қысқарту)  қазақ  тілінде  тек  төңкерістен  кейін  өріс  алған. 
Алғашында  номенклатуралық  атауларды  белгілеуге  қатыс-
тырылған  бұл  модель,  кейін  терминжасамның  негізгі  бір 
бөлшегіне айналды.
Сонымен,  жоғарыда  аталып  өткеніндей,  қазақ  тілінің 
даму  жолы  терминжасамның  мынадай  төрт  тəсілі  қалып-
таса бастағанын байқатады.
Біріншіден,  ұлттық  тіліміздегі  қайсыбір  сөздердің  тер-
миндік  мəнге  көшуі  (бұдан  былай – терминденуі),  яғни 
мұны мəністік (семантикалық) тəсіл дейміз. Мұны үш түрлі 
ыңғайда түсіну қажет: 1) əдеби, не жалпы əдеби тіл байырғы 
сөздерінің  терминденуі; 2) диалектілердің  терминденуі; 
3) бір сала терминдерінің екінші салаға көшуі.
Екіншіден,  сөзжасам  амалдары.  Мұның  өзі  іштей  бір-
неше  жікке  бөліп  қарауды  тілейді.  Атап  айтқанда:  а)  мор-
фологиялық  немесе  синтетикалық  (қосымшалар  арқылы) 
тəсілі;  б)  синтаксистік  немесе  аналитикалық  (сөздерді 
біріктіру, қосу) тəсілі; в) аббревиациялау (қысқарту) тəсілі
66
.
66
  Ескерту:  аналитикалық  тəсіл  мен  аббревиациялау  тəсілі  арқылы  ұлттық 
тіл элементтеріне қоса, кейде кірме сөздердің қатыстырылуымен де термин 
жасалады.


162
Үшіншіден,  калькалау  тəсілі.  Бұл  тəсіл  бір  қарағанда 
алдыңғы  екі  тəсілдің  екі  арасында  аралық  қызмет 
атқаратын тəрізді. Яғни кірме сөздер мен алдыңғы екі тəсіл 
мүмкіндіктері пайдаланылады. Басқаша айтар болсақ, ұғым 
идея  негізге  алынады  да,  олардың  жарақталуы  ұлттық  тіл 
құралдары  арқылы  іске  асып  жатады.  Қысқасы,  алдыңғы 
екі  тəсіл  мүмкіндігі  сарқа  пайдаланыла  отырып,  кірме  тер-
миндер дайын күйінде қабылданады. Сонда бұл жерде өзге 
тілден  келген  нəрсе  терминнің  мазмұндық  сапасы  ғана  бо-
лып шығады.
Төртіншіден,  өзге  тілдерден  дайын  термин  алу  тəсілі. 
Кірме терминдер делініп жүрген бұл сөздер жүйесі көбіне-
көп  орыс  тілі  арқылы  келген  орыс  жəне  халықаралық 
интернационалдық лексика қатарына жатады.
Дайын  термин  ретінде,  ең  алдымен,  диалектілік  ерек-
шеліктер  мен  қолданыстағы  сөздердің  басқа  бір  түрінен 
ұлттық тіл қатарына көшкен лексика іске жаратылуы мүмкін. 
Сондай-ақ, екіншіден, өзге тілдерден енген кірме сөздер бо-
луы ықтимал. Басқаның бəрі тілде ежелден қалыптасқан де-
риваттар болып табылады.
Қазақ  терминологиясын  жасап,  қалыптастыруда  тікелей 
рөлі  болған  осы  жолдар  мен  амалдарды  саралап  келгенде 
көзіміз  жеткен  бір  ақиқат  мынау:  терминжасау  амалдары 
мейлі үшеу, мейлі бесеу болсын бəрібір, мұның бəрі де, ең 
алдымен аударма арқылы, аударма жұмысының өркендеуіне 
орай  пайда  болған.  Тіпті  керек  десеңіз,  аудармаға  ешбір 
қатысы жоқ боп көрінетін мəністік (семантикалық) тəсілдің 
алғашқы тармағы арқылы жасалатын, яғни байырғы сөздер 
мен диалектілердің терминденуінің өзі де аударманың əсері 
арқылы, орыс тіліндегі үлгінің нəтижесінде туған деп түйін 
жасауымызға  əбден  болады.  Олай  болса,  бұл  қазақ  тілінде 
термин жасаудың ең басты жолы болуға тиіс. Өйткені тіпті 
аударылмай,  сол  күйінде  алынған  терминдердің  өзі  де,  ке-
рек  десеңіз,  тəржіма  талқысынан  өтіп  барып,  аудармашы-
лар сарабына түсіп келіп қана кірме сөзге айналады. Сөйтіп 


163
қазақ  тілінде  термин  жасаудың  барлық  тəсілдері  негізінен 
аудармаға, əсіресе орыс тілінен аударуға байланысты туған. 
Осыған  орай  есте  тұтар  бір  жайт  мынау:  арнайы  лекси-
каны  зерттеушілердің  көпшілігі  термин  мəселесін  қарас-
тырғанда оның түрлі жасалу жолдары мен тəсілдерін дұрыс 
көрсете  отырып,  соны  қалыптастырудағы,  аударманың 
рөліне тереңдей бермейтіні өкінішті. Біздіңше, мұның өзіне 
тəн сыры, қыры əлі арнайы зерттелген жоқ. Сондықтан тер-
мин  туралы  сөз  қозғағанда,  оны  ең  алдымен  аудармамен 
байланыстыра  əңгімелеу  керек.  Біздің  зерттеуіміздің  бір 
мақсаты  осы.  Біз  əлгі  тəсілдердің  бəрін  аудармамен  байла-
ныстыра қарастырамыз.
Енді  бұларды  жинақтап,  сұрыптаған  тілдік  материал-
дарды  сөйлету  арқылы  баяндап,  өз  алдына  жеке-жеке 
қарастырып көрелік.
Семантикалық  тəсіл  немесе  мəністік  тəсіл.  Бұл  қазақ 
тілінің  байырғы  сөздері  мен  ертеден  енген  араб,  парсы 
сөздерінің арнайы жаңа терминологиялық мəнде жұмсалуы 
болып  табылады.  Əлгі  жаңа  қызмет  сол  байырғы  сөздер 
мағыналарының бірінің негізінде өріс алады.
Семантикалық  тəсіл  дегенде,  біз  жоғарыда  көрсетілген-
дей,  ең  алдымен  ұлттық  тіліміздің  өз  мүмкіндігін  толы-
ғырақ  пайдалануды  түсінеміз.  Сонда  термин  жасауға 
қатыстырылатын ішкі мүмкіндіктер дегеніміз не? Ол – жал-
пы  халықтық  немесе  жалпы  əдеби  тіл  құрамында  ежел-
ден  қолданылып,  тіл  мұқтажын  өтеп  келе  жатқан  байырғы 
сөздердің  арнайы  қызметке  көшуі.  Немесе  олардың  бір 
мағынасының  терминдік  қызметке  бейімденуі.  Сөйтіп, 
мұндай  сөздердің  əлгіндей  нақты  атаулық  сипаты  күшейе 
келе белгілі бір ғылым саласының өркендеп, дамуына қызмет 
етеді де, сол саланың арнайы лексикалық қабатын құрайды. 
Бұл кейде сөз мағынасының тарылу немесе кеңеюі арқылы 
да бола беруі ықтимал. Жəне бұл процесс қоғам дамуының 
кез  келген  кезеңінде  емес,  қарқынды  даму  кезеңінде  ғана 
болатынын ескеру керек.


жүктеу 7,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   125




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау