Терминологиясы



жүктеу 7,33 Kb.
Pdf просмотр
бет48/125
Дата28.11.2017
өлшемі7,33 Kb.
#2119
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   125

149
Терминжасам сипаттамасы
Жалпы,  əдеби  тіліміздің  əдебилігінің  бір  шарты  оның 
ғылым  тілі  ретіндегі  қызметіне  де  тікелей  байланысты. 
Ал  ғылым  тілінің  терминологиялық  жүйесіз  қалыптасуы 
неғайбіл. 
Ендеше  бұл  бірінен-бірі  туындап,  бірін-бірі  дамытып 
жатқан  тілдік  құбылыстың  біздің  зерттеуіміз  үшін  бірінші 
кезектегі қажеттісі – термин сөздер жайы болып отыр. 
Тіл-тілде жаңа термин жасау, оның терминологиялық қо-
рын  байытып,  терминологиялық  жүйесін  реттеудің  негізгі 
көзі, ең алдымен сол тілдің өз сөздік құрамы, жалпы əдеби 
тілі,  ұлттық  лексикасы  болып  саналады.  Яғни  термин-
дер  де  байырғы  сөздер  секілді  тілде  бұрыннан  бар  сөздер 
мен  түбірлер  негізінде  жасалады.  Олай  болса,  бұлардың 
қатарында  ұлт  тіліне  тəн  неше  алуан  құрылымдық  типтері 
(түбір,  туынды  түбір,  күрделі  сөз,  сөз  тіркесі)  молынан 
кездеседі.
Терминжасам  процесінде  ұлт  тілі  өз  сөзжасам  амалда-
рының  дайын  үлгілерін  (модельдерін)  алға  тартса,  басқа 
тілдерден  кірме  сөздерді  қабылдау  сəтінде  де  осы  тəсіл-
дерге  сүйене  отырып,  ол  өзіндік  модельдерін  құрайды. 
Мұның  əрқайсысының  өзіндік  сипаты  бар.  Тілдегі  болып 
жататын мұндай өзгерістерді дер кезінде есепке алып, еске-
ріп отыру қажет. 
Тіліміздің  терминологиялық  сапасын  саралап  отырған-
да, біз оның сол қоғам дамуына сəйкес əр кезеңде əр алуан 
күйде  болғанын  байқадық.  Жылдар  бойы  қалыптасып  келе 
жатқан  сөзжасам  амалдары  терминжасамға  тікелей  қаты-
сып,  олардың  қайсыбірі  белгілі  бір  кезеңде  белсенді 
қызмет көрсетіп активтеніп, қайсыбірі солғын тартып, үнемі 
үздіксіз  өзгеріске  түсіп  отырғаны  көрінеді.  Төңкерістен 
бұрынғы дəуірлерге тəн терминжасам үлгілері мен модель-
дерін таба қою əрине қиын. Тек XІX ғасырдың екінші жар-
тысында  жарық  көрген  баспасөз  материалдары  ғана  бұл 


150
жайында  аздаған  мəлімет  беретінін  бұдан  бұрын  айтқан 
болатынбыз. 
Ал  Қазан  төңкерісінен  бергі  жердегі  ұлттық  тіліміздің 
терминологиялық  жүйесінің  жасалуы  мен  қалыптасуында 
мəн  бермеуге  болмайтын  кезеңдік  белгілер  бар.  Мəселен, 
конфискелеу,  колхоздастыру,  индустрияландыру,  механи-
каландыру,  интенсивтендіру,  ғарышқа  қанат  қағу,  тың 
игеру,  қайта  құру,  жеделдету  т.б.  қоғамдық  іс-əрекет 
кезеңдерін еске түсіріп көрелікші. Бұлардың əрқайсысының 
тұсында терминологиялық лексикамыз өзгеше екпінмен да-
мып,  терминдік  жүйе  қатары  мейлінше  толығып  отырған. 
Яғни əрбір кезең өзіне тəн терминдік жүйе арқылы тілде өз 
мөрін қалдырып отырған. Пуризм деп айдар тағылған ағым 
тұсындағы  ортақшыл,  қара  айғыр,  отарба,  шайтан  арба, 
бей  бауырмалдық  сияқты  аудармалар,  сондай-ақ  -лы  мен 
-лық  қосымшасына  ретсіз,  жүйесіз  құмарлық (50-жылдар), 
араб, парсы сөздеріне емексу (20 не 60-70-жылдар) т.т. осы 
ойымызға  дəлел.  Мұның  əр  алуан  мысалы  алдыңғы  тарау-
ларда  əңгіме  болды.  Біздің  ендігі  сөз  етпегіміз,  қазақ  тілі 
терминологиясының құрылымдық сипаты мен олардың жа-
салу жолдары, амалдары жайлы болмақ.
Қазақ  тілінде  термин  жасау  күрделі  де  қызық  проб-
леманың  қатарына  жатады.  Ол  негізінен  тіліміздегі  сөз-
жасам  процесінің  аумағына  енетін  мəселе.  Осы  сөзжасам 
процесінде, оның ішінде терминжасам ісінде мамандардың 
тірек ететін негізгі материалы, ең алдымен, ана тілдің өз сөз 
байлығы,  оның  негізгі  сөздік  құрамы  дедік.  Қазақ  тілінің 
сөздік  құрамы  термин  жасауға  көптеген  дайын  материал 
беріп  келеді.  Бұл – сарқылмайтын  байлық  көзі.  Оның  тер-
мин  жасау  мүмкіншілігін  біз  əлі  түгел  пайдаланып  біте 
алғанымыз жоқ. Ол мүмкін де бола бермейді. Термин сөзге 
деген сұраныс молайған сайын, жаңа қолданыстар легі пайда 
болады. Бұл үздіксіз жүріп жататын құбылыс. Қазақ тілінің 
осындай  өз  ішкі  мүмкіндігі  терминжасам  процесіне  пайда-
сы  тиер  бір  арнаның  көзін  ашып,  көмектесер  болса,  кірме 


151
сөздерді  игеру  мен  қабылдауда  назар  аудармауға  болмай-
тын  біраз  қиындықтар  кезігеді.  Ол  қиындықтар,  əсіресе, 
кірме сөздерді термин есебінде қабылдау кезеңінде, олардың 
мағыналық  өрісін  ашу  барысында  жиірек  байқалады.  Баз 
біреулер терминжасамды бір тілдің термин сөздерін екінші 
тілге аудару немесе тілдегі кез келген сөзді пайдалану деп, 
оп-оңай  түсіндіргісі  келуі  де  мүмкін.  Бұл – жаңсақ  пікір. 
Шындығында,  бұл  шығармашылық  ізденісті  талап  ететін 
мейлінше  күрделі  мəселе.  Терминжасам  сəтінде  түпнұсқа 
терминдердің  мағыналық  мазмұнын  терең  түсініп,  оған 
қазақ  тілінен  əр  алуан  балама  нұсқалар  іздеп,  соның  ең 
дөп  түсетін  терминдік  өзегін  аршып  танып,  таңдап,  талғап 
пайдалануға  тура  келеді.  Жаңа  ұғым,  жаңа  түсінік  арқа-
лаған  терминнің  дəлдік,  нақтылық,  біртектілік,  қысқалық 
сипатын  түгелдеп  беру,  соны  басқа  сөзбен  ауыстыруға 
келмейтіндей  күйде  қолданысқа  ендіру – нағыз  маман 
ретіндегі біліктілікті қажет ететін қасиет.
Қазіргі  қазақ  тілінің  сөздік  құрамында  терминдік  мəнге 
көшкен  байырғы  сөздердің  алуан-алуан  түрі  молынан 
кездеседі. Мысалы, тап, күрес, еңбек, жарыс, жалау, боп-
са,  екпін  (ударение),  сұраным  (спрос),  ұсыным  (предложе-
ние), сөре (старт), мəре (финиш), ізашар (предшественник), 
ізбасар (наследователь), аударма (перевод), демалыс (отпу-
ска),  Отан  (отечество),  шеберлік  (мастерство),  сайлау  (вы-
бор), шарт (договор), тəртіп (дисциплина), бөген (водохра-
нилище),  болмыс  (бытие),  əкім  (администратор),  əкімшілік 
(администрация) т.б. Бұлар – кеңестік дəуірде ғылыми ойды 
білдірер  терминдік  мəнде  жұмсалып  қалыптасқан  байырғы 
сөздер.  Бұлардың  жаңа  мағыналары,  қолданыстағы  жаңа 
қызметі  қоғам  дамуының  нəтижесінде,  адамдардың  сана-
лы  əрекетінің  барысында  туындаған,  келе-келе  дағдылы 
қалыпқа түскен лексикалық қабаттар. 
Осыдан  байқалатындай,  тіл  дегеніңіз  өзгеріс-өріссіз 
қатып-семіп қалған нəрсе емес. Ол үнемі жаңарып, толығып 
отырмақ.  Оның  құрамында  жаңа  сөздер,  терминдер  пайда 


жүктеу 7,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   125




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау