37
сол байырғы сөздердің екінші терминологиялық мəнінің
екіұдайлық танытып, мағынаны алып қашпай, құрылымдық
жағынан табиғиланып, орфографиялық жазылымы тұрғы-
сынан да бірыңғайлық пішінде тұрақтануы.
Өзінің қолданыс қызметі жағынан дамудың өзгеше
сапалы да жаңа жолына түскен қазіргі қазақ тілінің
А. Байтұрсынұлының терминжасам тəсілдері жəне сол тер-
миндердің өзі тəуелсіз мемлекеттер қауымдастығы жəне
бүкіл түрік жұртшылығы үшін таптырмайтын үлгі болары
сөзсіз. Біздің байқауымызша, А. Байтұрсынұлы еңбектерін-
де терминжасамның лексика-морфологиялық жəне морфо-
логиялық-синтаксистік тəсілдері басымдау тəрізді. Жаңа
терминдердің бүкіл болмыс-бітімі түгел көрінетіндей мы-
сал іріктеледі де, ол контекстуалдық жағдайда, яғни мəтін
(текс) ішінде беріледі. Сөйтіп, оның бар мəністік табиғаты
өте айқын, анық көрінеді.
Терминжасамның лексика-морфологиялық тəсілі жеке
сөздерді мəністік-морфемдік жағынан түрлендіруді қам-
тыса, ал морфологиялық-синтаксистік тəсіл сөздерді бірік-
тіру жағына бейім. А. Байтұрсынұлы бұл екі тəсілді де қазақ
тілінің ерекшелігіне лайықты шебер қолданады. Əсіресе,
оның сөзжасам элементтері – қосымшаларды іске қосуы
айрықша. Шынында, терминжасамда А. Байтұрсынұлы пай-
даланған тəсілдердің ішінен қазақ тілінің жалғамалы құ-
рылымы – негізгілердің бірінен саналса керек. Мұны ол
арнайы кесте түрінде анық көрсетіп отырады.
Термин жасаудағы өнімді тəсілдің бірі сөз тіркестіру бо-
лып саналады. Ол мұны да өте тиімді пайдаланады. Құрамы
бір компонентті терминдер ойдан шықпай жатқан тұста, екі
не үш компоненттен тұратын сөз тіркесіне көз тігеді. Осы
тəсілмен жасалған терминдер саны едəуір. Міне, сондықтан
А. Байтұрсынұлы еңбектерінде кездесетін осындай көп ком-
понентті терминдер табиғатын тексере отырып, біраз жайт-
ты анықтауға болады. Əсіресе, бұлардың лексика-семантика-
лық (мəністік) құрылымын жан-жақты қарастыру қажет-ақ.
38
Ғалымның ғылыми мұраларын алдын ала қарастыру ба-
рысында дəл осы тектес терминдердің лингвистика саласын-
да молырақ кездесетінін байқадық.
Егер қазіргі тіл білімі саласындағы термин жасам
тəсілдерінде көбінесе калькалау мен интернационалдық
терминдер қабатын құрайтын кірмелер көбейіңкіреп
тұрғандығын ескерсек, жалпы халықтық тіл лексика-
сын терминдендіру үлгісін емін-еркін қолданған А. Бай-
тұрсынұлы тəжірибесін зерттеудің маңызы зор. Мəселен,
түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қосымша, зат есім, сан есім,
есімдік, етістік, үстеу, демеу, жалғау, одағай дегендердің
терминдендірілуі бұл саладағы тамаша үлгі болып саналады.
А. Байтұрсынұлы жасаған терминдер жүйесі, бір
қарағанда, оп-оңай болып көрінгенмен, ол – өте күрделі де
терең ізденістер нəтижесінде пайда болған ғылыми туын-
ды. Өйткені бұл іс оның күнделікті нақты педагогикалық-
ұйымдастырушылық, оқытушылық жұмыс жəне ғылыми
қызметімен тығыз байланысты жүргізіліп отыруынан ту-
ындайды. А. Байтұрсынұлы үшін ең маңыздысы – жасалған
терминдердің құрылымы мен семантикасы жағынан
қазақ тілінің қарапайым лексикасына жақын болуы. Міне,
сондықтан да бұларды игеру тіл қолданушылар үшін онша
қиындық тудырмайды.
Қазақ тілінің дыбыстық құрылымын сипаттауда А. Бай-
тұрсынұлының фонологияға дейінгі түсінікті ұстануы
бүкіл терминология жүйесін жасауға сеп болған сияқты. Ол
тірек етерлік не дайын теория, не нақты лингвистикалық
тəжірибе болған емес. Оның исламдық шығыстың кітаби
дəстүріне сүйене отырып жасаған кейбір терминологиялық
əрекеттері болғаны рас. Ондай үлгіде жасалған əрбір
лингвистикалық терминдер тірек сөздердің əу бастағы
лексикалық мағынасынан алшақтамайды. Нəтижеде лин-
гвистиканың жаңа терминдері жəне оның мағынасы көңілге
тез жатталып, көкейге қонып жатады. Əлгі тірек сөздің
тұрмыстық мағынасы мен терминологиялық мəні тіл ие-
39
леріне өте жақын əрі түсінікті болып отырады. Мұндай
лингво-психологиялық параллельдер оған қазақ оқырманы
жаңа терминдерді өзінің сөйлеу дағдысына ешқандай
қиналыссыз енгізуі үшін қажет болады. Мұның үстіне, бұған
қазақ оқырманының оқу дəстүрінің əлі жоқтығы жəне соған
лайықты арнайы лексика жүйесінің қалыптаспай жатқаны да
себеп болған сияқты. Жасалған əрбір термин өзінің бастапқы
лексикалық мағынасына жақын болған сайын, ол соғұрлым
жеңіл игеріліп, тез қабылданып жатты. Сөйтіп, осындай са-
уатты əрекет нəтижесінде оқушылар сөздің əдепкі мəні мен
оның ғылыми мағынасы арасында болатын психологиялық
кедергіні жеңе бастады. Сол себепті де А. Байтұрсынұлы
терминдерін жеке-жеке тиянақты түрде талдау қажет бола-
ды. Бұл қазақ тіліндегі əрбір лингвистикалық терминдердің
құрылымдық, мағыналық ерекшеліктерінің дəйектілігін,
олардың жасалу көздерін анықтау үшін керек. Енді нақты
мысалдарды тілге тиек етіп көрелік.
І. Жалпы, лингвистика терминологиясында А. Байтұрсын-
ұлы «тіл мүшелері» дегенді сөз, сөйлеу құрамы есебінде
пайдаланады, яғни олардың бір-біріне өзара байланысты
жиынтығы. Бұлар қазақ тұрмысындағы «мал (дене) мүше-
лері» деген ұғымға сəйкес келеді. «Мал мүшелері»деген
алғашқы үлгі компоненттерінің құрылымдық бірлігі то-
лығымен екінші туынды жүйеге ауысады, осының нəти-
жесінде жаңа пайда болған лингвистикалық терминнің
ешқандай өзгелігі сезілмей қалады.
«Текст» мəтін ұғымының «лингвистикалық единица»
(жазылған бөлік емес) екені А. Байтұрсынұлына сол жиыр-
масыншы жылдардың басында-ақ белгілі болған. Ал қазіргі
тіл білімінде «лингвистикалық единица» ретінде бертінде
ғана қолданыла бастағанын ескерсек, А. Байтұрсынұлының
зерттеушілік зердесі мен түйсігіне сүйсінбеу мүмкін емес. Ол
қазіргі «лингвистикалық единица» ретінде алынып жүрген
«текске» тепе-тең «сөйлеу» ұғымын енгізеді. Ахаң қазақ тілі
жөніндегі талдамаларын, əуелі «сөйлеуден» тартып, содан
Достарыңызбен бөлісу: |